Алматы қалалық Әкімшілігінің 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулысының N 2 қосымшасына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 13 қарашадағы N 5/724 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 28 қарашада N 489 тіркелді

      Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 5/870  қаулысымен .
__________________________________________

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және 2001 жылғы 17 шілдедегі " Мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңдарына сәйкес Алматы қалалық Әкімшілігі қаулы етеді:
      1. 2002 жылғы 29 қаңтардағы "Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы"  қаулымен бекітілген халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссиялардың құрамына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:    

      1) Алмалы аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
      Рабиға Ізімқызы Талпақова - комиссия хатшысы, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығы тұрмыс деңгейін талдау бөлімінің бастығы;
      осы құрамнан шығарылсын:
      Б.А.Керімқұлова;
      

      2) Бостандық аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
      Әуезхан Сұлтанұлы Беғымбетов - аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің меңгерушісі;
      осы құрамнан шығарылсын:
      Р.А.Майкенова
      

      3) Жетісу аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
      Сәлима Өтегенқызы Шәмпиева - комиссия хатшысы, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік орта бөлімінің бастығы;
      Сұлушаш Төлеуханқызы Қуатжанова - Ішкі саясат және әлеуметтік орта бөлімінің меңгерушісі
      осы құрамнан шығарылсын:
      Г.А.Оспанова,Т.К.Қыдырғалиев, Г.Н.Мырзағалиева, С.А.Алмабеков, А.К.Чалагизов, Ю.Н.Стариков
      

      4) Медеу аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
      Бахытжан Маратұлы Жексембаев - комиссия хатшысы, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығы тұрмыс деңгейін талдау бөлімінің бастығы;
      Берік Құрмашұлы Сүлейменов - аудандық жұмыспен қамту кеңесшісі,
      осы құрамнан шығарылсын:
      Ж.А. Нұғманова, О.И.Хоменко, А.А.Таубалдиева.

      
      Алматы қаласының
      Әкімі

      Әкімшілік хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады