Азаматтардың меншігіне берілетін және ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін ұзақ мерзімді жер пайдалануда болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең үлкен) мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен облыс әкімінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі N 17/6-3 Бірлескен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 24 мамырда N 648 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 23 шілдедегі N 196 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі N 27/11 біріккен шешімдерімен

      Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 23 шілдедегі N 196 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі N 27/11 біріккен шешімдерімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-ІІ ҚРЗ Заңының 6-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы "Жер туралы" N 152-ІІ ҚРЗ Заңының 13-бабының 10-тармақшасына және 35-бабының 3-тармағына сәйкес облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешім ҚАБЫЛДАЙДЫ
      1. Азаматтардың меншігіне берілетін жер учаскелерінің шекті (ең үлкен) мөлшері бекітілсін: 
      ауылдық жерлерде өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суарылатын жерде - 0,15 гектар; 
      жеке тұрған үй құрылысы (қалалардың бас жоспарларына сәйкес), бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін - 0,25 га.
      2.  <*>
      Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен облыс әкімінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 6/16-2 бірлескен шешімімен.
      3. Осы шешімнің бүкіл облыс аумағында күші бар және тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Облыстық мәслихат                Облыс әкімі
      сессиясының төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады