Облыстық мәслихаттың және облыс әкімінің "Тауарлы (ауыл шаруашылығы) өндiрiсiн жүргiзу үшiн азаматтардың меншiгiнде бола алатын және ұзақ мерзiмде пайдалана алатын жер учаскелерiнiң шектеулi (ең үлкен) мөлшерiн бекіту туралы" N 17/6-3 бірлескен шешімінiң 2-тармағы күшiн жойды деп тану туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен облыс әкімінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 6/16-2 бірлескен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2004 жылғы 19 мамырда N 1259 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2010 жылғы 18 маусымда N 26/15 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2010.06.18 N 26/15 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер
Кодексiн, осы мәселе бойынша Үкiметтiң 2003 жылғы 22 қазандағы N 1071 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-1 Заңның 28-бабы 1-тармағына сәйкес облыстық мәслихат және облыс әкімі ШЕШТІ:
      Облыстық мәслихаттың және облыс әкімінің 2002 жылғы 19 сәуiрдегі «Тауарлы (ауыл шаруашылығы) өндiрiсiн жүргiзу үшiн азаматтардың меншiгiнде бола алатын және ұзақ мерзiмде пайдалана алатын жер учаскелерiнiң шектеулi (ең үлкен) мөлшерiн бекіту туралы» 17/6-3 бiрлескен шешімінiң 2-тармағы алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады