Облыстық Мәслихаты ХХI сессиясының төрағасы
Облыстық Мәслихаттың хатшысы
Атырау облыстық әкімиятының
2002 жылғы 4 желтоқсандағы
N 297 қаулысымен бекітілген
Атырау облысында 2003-2005 жылдарға арналған шағын және орта
кәсiпкерлiктi дамыту және қолдаудың аймақтық бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы N 131-II "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы"
Заңына
, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы"
қаулысына
сәйкес, облыстық әкiмият қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Атырау облысында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы облыстық Мәслихаттың сессиясында мақұлдансын және бекiтуге ұсынылсын.
2. Облыстық басқармалар, департаменттер, Атырау қаласының және аудандардың әкiмдерi Бағдарламада белгiленген iс-шараларды сөзсiз iске асыруды қамтамасыз етсiн және есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 1-күннен кешiктiрмей, тоқсан сайын экономика және кәсiпкерлiктi қолдау бас басқармасына негiзгi iс-шаралар тармақтарының орындалуы туралы ақпарат берсiн.
3. Атырау қаласының және аудандардың әкiмдерi бiр ай мерзiм iшiнде 2003-2005 жылдарға арналған шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту және қолдаудың аудандық және қалалық Бағдарламасын әзiрлеп, тиiстi Мәслихаттарға бекiтуге енгiзсiн.
4. Бағдарлама iс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету бойынша үйлестiру Атырау облысының экономика және кәсiпкерлiктi қолдау бас басқармасына жүктелсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары В.Супрунға жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Атырау облыстық әкімиятының
2002 жылғы 4 желтоқсандағы
N 297 қаулысымен бекітілген
Атырау облысының 2003-2005 жылдарға арналған шағын және орта
кәсiпкерлiктi дамыту және қолдаудың аймақтық бағдарламасы
Атырау облысында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту және
қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Атауы Атырау облысында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту
және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы туралы
Әзiрлеу Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымындағы
негiздемесi N№131-1 "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
туралы" заңы
Негiзгi Экономика және кәсiпкерлiктi қолдау бас басқармасы,
әзiрлеушi "Кәсiпкерлер және жұмыс берушiлер одағы" қоғамдық
бiрлестiгi
Мақсаты Шағын және орта бизнестiң тұрақты дамуын қамтамасыз
ету, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының факторы
ретiнде жұмыс орындары санын көбейту, қоғамның орта
тобының негiзi ретiнде жаппай меншiк иелерi топтарын
қалыптастыру
Мiндеттерi Көлеңкелi бизнестi заңдастыру және өнеркәсiптi дамытуға
мүмкiндiк беретiн шағын және орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне салық салу жүйесiн әзiрлеу және енгiзу.
Шағын және орта кәсiпкерлiктiң несие ресурстарына қол
жеткiзуiн жеңiлдету. Тiркеудi, рәсiмдеу iс-жосығын және
лицензия және басқа рұқсат беретiн құжаттарды алу
жүйесiн жеңiлдету, кәсiпкерлердiң бақылау-қадағалау
органдарымен өзара iс-әрекетiн, кәсiпкерлердiң заңды
құқығын және мүддесiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде
шаралар әзiрлеу.
Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдауда мемлекеттiк және
мемлекеттiк емес институттардың тиiмдiлiгiн арттыру.
Кәсiпкерлiк қызметiн реттейтiн қолданыстағы заңнамаларды және
нормаларды жетiлдiру.
Даярлау және қайта даярлау, көтеру жүйелерiн ұйымдастыру.
Бағдарламаны Шағын және орта кәсiпкерлiк үшiн салық салу жүйесiн жетiлдiру.
жүзеге Шағын және орта бизнестi несиелiк және инвестициялық қолдау
асырудың жүйелерiн дамыту.
негiзгi Шағын және орта кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамыту,
бағыттары ақпараттық қамтамасыздандыру және насихаттау.
және Кәсiпкерлiктi реттеудiң нормативтi-құқықтық базасын
тетiктерi жүйелеу және түгендеу.
Қаржыландыру Көрсетiлген мақсаттарға қаралған қаржы бөлу негiзiнде
көздерi жергiлiктi бюджет қаражаты, халықаралық және отандық
қаржы ұйымдарының және донор елдердiң гранттары, екiншi
деңгейдегi банктердiң несие қаржысы, кәсiпкерлердiң өздерiнiң
және олардың қоғамдық ұйымдарының қаржылары.
Күтiлетiн Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi санының өсуi.
нәтиже Жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуi, халықты жұмыспен қамту,
қосымша және жаңа жұмыс орындарын ашу.
Облыста өндiрiлетiн жалпы өнiм көлемiндегi шағын және орта
кәсiпкерлiктiң үлесiн арттыру.
Бағдарламаның 2003-2005 жылдары.
орындалу мерзiмi
2003-2005 жылдарға арналған шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау аймақтық бағдарламасы Қазақстан кәсiпкерлерiнiң Х Форумында Президенттiң Қазақстан халқына "2003 жылға арналған сыртқы және iшкi саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Жолдауында және 2002-2004 жылдарға арналған Үкiметтiң бағдарламасындағы мiндеттердi орындау мақсатында әзiрлендi.
Халықаралық тәжiрибе шағын және орта бизнес қазiргi қоғам құрылымының формациясы екенiн көрсетедi. Атап айтқанда, осы секторда ұлттық ресурстардың негiзгi жиыны шоғырланған. Және бiр ерекше маңызы, шағын және орта бизнес қызметi өнертапқыштық және жаңалық енгiзу қызметтерiнiң бастамашысы болып отыр: зерттеулер, яғни негiзгi идеялар мен өнертабыстар iрi кәсiпорындардан емес, үнемi орта кәсiпкерлерден түсетiнiн көрсетiп отыр.
Алайда, бұл маңызды сектор әзiрге қоғамның әлеуметтiк және экономикалық дамуына елеулi әсерiн тигiзiп отырған жоқ.
Сондықтан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасында негiзгi күш шағын және орта бизнестi дамыту үшiн әлеуметтiк-экономикалық жағдай жасау есебiнен, әсiресе жаңа технологиялық өндiрiске бейiмделген, қоғамның орта тобын қалыптастыруға бағытталған.
Шағын және орта бизнестi нығайту мақсатында Қазақстан кәсiпкерлерiнiң Х форумында мемлекет Басшысымен шағын және орта бизнестi қолдаудың жаңа бағыттарының қойылуы - бұл салық ауыртпалығын азайту, меншiктердi және активтердi заңдастыру, несие ресурстарына қол жеткiзудi жеңiлдету, әкiмшiлiк iс-жосықтар мен рұқсаттарды жеңiлдету, төрешiлдiк озбырлықтан және бақылау-тексерушi органдардан қорғау.
3. Атырау облысындағы шағын кәсiпкерлiктiң дамуының
қазiргi уақыттағы жай-күйiн талдау
Соңғы жылдары шағын және орта бизнестiң маңызды рөлiн, оның қоғамның және елiмiздiң экономикасын дамытудағы мол үлесiн ұғыну күшейе түстi.
Шағын және орта бизнес кәсiпорындарындағы еңбек өнiмдiлiгi аса жоғары екенi байқалады.
Олар аз шығынмен әр түрлi тауарларға және қызметтерге деген қажеттiлiктердi қанағаттандырып, осы бойынша көптеген жұмыстармен қамтамасыз етуде, жергiлiктi бюджетке түсiмдер мөлшерiн арттыруда және ғылыми-техникалық прогрестi ынталандыруда. Қазiргi уақытта мемлекет экономикасындағы шағын және орта кәсiпорындардың рөлiн көтеру кездейсоқтық емес, бұл, яғни өндiрiс күштерi мен технологияны дамыту процесiнде туындайтын және туындаған өмiрдiң өзi талап ететiн заңды қажеттiлiктер.
Шағын кәсiпкерлiк үрдiсiн талдау осы сектордың дамуы үдемелi-қозғалыс сипатында екенiн көрсетедi.
Облыста шағын және орта бизнестiң экономикалық көрсеткiштерiнiң тұрақты өсу үрдiсiне қол жеткiзiлдi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны, өнiм өндiрiсiнiң қарқыны және көрсетiлетiн қызметтер көлемi өсуде.
Өткiзiлген өнiм және көрсетiлген қызметтердiң жалпы көлемi жыл басынан 20 710,2 млн.теңге, яғни өткен жылғы кезеңнен 108,5 пайызға артық және 1997 жылғы деңгейден 8,8 есе артық.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлер саны өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 122,7 пайызға және 1997 жылғы деңгейден 120,1%-ге өскен.
Шағын бизнес саласында жұмыс iстейтiндер саны 26 000 адамға жеттi, яғни облыстың еңбекке қабілеттi халқының 12,5 пайызын құрайды.
Шағын бизнес субъектiлерiнен түсетiн салық төлемдерi (өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда) 2,8 есе өсiп 2162,9 млн. теңге (1997 жылғы деңгейден 8,6 есе жоғары) құрады.
Ағымдағы жыл басынан кәсiпкерлiк секторымен 1415 жұмыс орны құрылды. Шағын және орта бизнес саласында жұмыс iстейтiндердiң орташа айлық жалақысы 24 мың теңге құрайды, яғни өткен жылғы деңгейден 4,9 пайыз жоғары.
Жыл басынан екiншi деңгейдегi банктермен шағын бизнес саласындағы жобалар жалпы сомасы 4153 млн.теңгеге қаржыландырылды.
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде жыл сайын облыстық бюджеттен шағын кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қаржы бөлу қарастырылады.
Несие алуда қойылатын талаптардың бiрi - жұмыс iстемейтiн халықтың iшiнен жұмысқа орналастыру үшiн жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады.
Ағымдағы жылы облыс бюджетiнде шағын кәсiпкерлiктi несиелеуге 155,820 млн. теңге қаралды, жыл басынан конкурстық негiзде таңдап алынған "Нұрбанк" ашық" акционерлiк қоғамы жалпы сомасы 132,9 млн. теңгеге 21 бизнес-жоба қаржыландырылды. Содан басқа 2001 жылы несиеге берiлген қайтарым қаржысынан 2 бизнес-жоба 2,3 млн. теңге сомаға қаржыландырылды.
Қазақстандағы шағын бизнестi дамыту бағдарламасы бойынша Еуропалық Жаңғырту және Даму банкi желiсiнен ағымдағы жыл басынан облыс бойынша 21530,0 мың теңге сомасында 32 жоба қаржыландырылды.
"Бiрiккен ұлттар ұйымының Даму Бағдарламасы" Пилоттық шағын несиелеу орталығы құрылған мезгiлден бастап 1999 жылғы маусым айынан берi 7568 кәсiпкерлер шағын несие алды.
Бұл жобаның оң тұстары ауыл халқына шағын несиелер беру болып табылады.
2002 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Жылыой ауданының 159 кәсiпкерi жалпы сомасы 145800 Америка Құрама Штаттарының доллары шағын несие алды, Исатай ауданында 180 кәсiпкер жалпы сомасы 192450 Америка Құрама Штаттарының доллары, Атырау қаласынан 800 кәсiпкер жалпы сомасы 1438550 Америка Құрама Штаттарының доллары шағын несие алды.
Ағымдағы жыл басынан "Теңiзшевройл" компаниясымен 955,0 мың АҚШ доллары сомасында 15 бизнес-жобаны қаржыландырды.
2002 жылы "Атырау облысының кәсiпкерлерi мен жұмыс берушiлер одағы" қоғамдық бiрлестiгi құрылды, оның құрамына барлық қоғамдық ұйымдар кiредi.
Бүгiнде облыстың шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымында "Атырау облысының кәсiпкерлерi және жұмыс берушiлер одағы", Кәсiпкерлер қауымдастығы, өнеркәсiпшiлер және кәсiпкерлер одағының Атырау филиалы, Iскер әйелдер қауымдастығының Атырау филиалы, "Атырау Бизнес-Контакт" облыстық орталығы, "Тұмар" қол өнершiлер қауымдастығы, Әйелдер кәсiпкерлiгi қауымдастығы, Шағын несиелеу Пилоттық орталығы, "Прагма" корпорациясының жобасы, "МАШАВ" кеңестiк орталығы бар, олардың басты мақсаты кәсiпкерлердiң мүддесiн ұсыну мен кәсiпкерлердiң құқығын және мүддесiн қорғау жөнiндегi қызметтi үйлестiру, жаңадан бастаушы кәсiпкерлерге кеңестiк және консалтингтiк қызмет көрсету.
Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 2 қазанында N 239 "Атырау желек құрылыс коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның мүлiктiк кешенi бөлiгiн алу туралы" және оны "Атырау Бизнес Контакт" облыстық орталығына сенiмгерлiкпен басқаруға беру туралы" қаулысы қабылданды, онда жалпы көлемi 8436 шаршы метр ғимаратты беру бизнес-инкубатор ұйымдастыру үшiн қарастырылды.
Қазiргi уақытта Бизнес-инкубатордың Қазақстан қауымдастығы және инновациялық орталығымен бiрлесiп бизнес-инкубатор ұйымдастыру жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде.
Күнi бүгiнге мына жұмыстар орындалды: жөндеу жұмыстарын жүргiзуге ақаулық ведомосты жасалды; конкурстық негiзде жөндеу жұмыстарын жүргiзуге Мердiгер белгiлендi; коммуникацияға қосу үшiн техникалық талаптарын, инженерлiк коммуникацияның дайындалған сызба жобасын алу жөнiнде жұмыстар қосарлас жүргiзiлуде; iске қосылатын 24 өндiрiс және қызметтердi бизнес-инкубаторға орналастыру үшiн жобалардың тiзбесi алдын-ала жасалды; жобаны жедел жүзеге асыру үшiн жаңа донорларды тарту жұмысы жүргiзiлуде.
Облыс, қала және аудандар әкiмияттары тарапынан кәсiпкерлiк қызметтiң құқығын және еркiндiк кепiлiнiң сақталуын кешендi бақылау жүзеге асырылуда.
Осы мақсатта облыс, қала және аудандар әкiмдерiмен кәсiпкерлердiң кездесулерi үнемi өткiзiлуде.
Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 2 қазанда N 238 қаулысымен "Облыс әкiмi жанынан шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiнде комиссия" құрылды, бұл комиссияның негiзгi қызметi заңнамада белгiленген тәртiп бойынша кәсiпкердiң заңды құқығын қорғау және мүддесiн ұсыну, уәкiлеттi мемлекеттiк органымен, сондай-ақ шағын және орта бизнестi қолдайтын басқа мемлекеттiк органдармен тұрақты iс-қимылын жасау болып табылады.
"Прагма" корпорациясымен және "Атырау Бизнес-Контакт" облыстық орталығы бiрлесiп қалада және облыстың аудандарында шағын кәсiпкерлiкке қатысты әртүрлi тақырыпта оқыту семинарлары өткiзiлдi.
2001 жылы қазанда құрылған "Мирас" оқу орталығы Кәсiби-техникалық мектеп-3 - пен келiсiм шарт жасап, жыл басынан "1С-бухгалтерия", "Ағылшын тiлi", "Компьютерлiк сауаттылық", "Бухгалтерлiк есеп", "Бизнес және қаржы негiздерi", "AUTOCAD" тақырыптарында 6 курс өткiздi.
"Мирас" оқу орталығымен жоғарыда аталған курстарға жұмыссыздарды оқыту туралы қала және аудан орталықтарымен жұмыс жүргiзуге және келiсiм шарт жасасуға келiсiмге қол жеттi.
Экономика және кәсiпкерлiктi қолдау бас басқармасының мамандарымен кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi жөнiнде, мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi аймақтық орталығымен өткiзiлген семинарлар шеңберiнде индикативтiк жоспарлау туралы лекциялар оқылды.
Бақылау және тексеру органдары тарапынан кәсiпкерлiк қызметiне заңсыз араласуларды анықтау үшiн Әдiлет және прокуратура органдарымен бiрлесiп жүйелi түрде "Шенеунiк және кәсiпкер" акциясы өткiзiледi.
Акция шеңберiнде кәсiпкерлердiң қатысуымен, оларды қорғауға бағытталған конференциялар, семинар-кеңестер өткiзiледi.
Бұқаралық ақпарат құралдарында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландырумен айналысатын құрылымдар тiзiмi, сондай-ақ жаңа несиелеу желiлерi, олардың несиелеу шарттары, пайыздық көрсеткiштерi үнемi жарияланады.
Атырау облысының кәсiпкерлерi мен жұмыс берушiлер одағында екiншi деңгейдегi банктер өкiлдерiмен, кеден басқармасы, қалалық Санитарлық-Эпидемиялық Станса, облыстық статистикалық басқармасы, облыстық телекоммуникация дерекциясы, салық комитетi, қаланың сәулет және қала аумағының қосымша құрылысы қалалық бөлiмi басқа кәсiпкерлердiң өз қызметi барысында кездесетiн органдармен Кәсiпкерлер күнiн (айдың бiрiншi сәрсенбiсiнде) өткiзудi дәстүрге айналдырды.
Облыста шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне аяқталмаған құрылыс нысандарын және коммуналдық меншiктегi, пайдаланылмай тұрған нысандарды беру жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы кәсiпкерлердiң күшiмен алынған шаралардың нәтижесiнде салынып, iске қосылғандары: өнiм шығаратын 2 кәсiпорын, 45 дүкен, 18 кафе, 6 кеңсе, 6 шаштараз, 1 дәрiгерлiк бөлме, 4 тiгiн цехы және т.б.
Сонымен қатар Атырау облысы экономикасының жетекшi рөлi бүгiнде де, болашақта да мұнай газ кешенiнiң үлесiне тиiп отыр.
Атырау облысының сыртқы сауда айналымы (кеден статистикалық деректерi негiзiнде) 2002 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 311,0 миллиард теңге* құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 3,1%-ге кемiгенiн, соның iшiнде экспорт - 249,7 миллиард теңге (3,4% кемiгенiн), импорт - 62,2 миллиард теңге (1,7% кемiген).
Импорт құрылымында: 43,2% - машина, құрал-жабдықтар, көлiк құралдары, аспаптар; 24,1% - металлургия өнеркәсiбiнiң өнiмдерi; 8,1% - химия өнеркәсiбiнiң және соған қатысты өнеркәсiп салаларының өнiмдерi; 2,7% - ағаш, ағаш материалдары және целлюлоз бұйымдары. *Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiнiң 2002 жылғы 27 қарашадағы бағамы бойынша теңгемен қайта есептегендегi деректер.
Шағын және орта бизнес субъектiлерiмен өндiрiлген жалпы өнiм көлемiнiң бiр бөлiгi тiкелей келiсiм бойынша импорт алмастыру бағдарламасы шеңберiнде шығарылған ("АИНА" ЛТД жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, "ЭРТРИ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, шағын кәсiпкер "Рахатов", "Бiрiншi мамыр" акционерлiк қоғамы, шағын кәсiпкер "Маңқыстауов", "Рауан" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, "Рыспай" ЛТД жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, "Заман-тағам" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, "Атырау-мұнаймаш" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, "Жәңгiр" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, "Карт-Бланш" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, "Өнерпаз" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, шағын кәсiпкер "Зналиев", "Ботагөз" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, "Профтехмонтаж" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, "Каспийстройконтакт" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, "Феникс-Иса" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi).
"Атыраунефтемаш" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Ақтөбемұнайгаз" акционерлiк қоғамы, "Маңқыстаумұнайгаз" акционерлiк қоғамы, "Қазақтүрiкмұнай" бiрлескен кәсiпорын, "ТЕХСАКО", "Текрет" және т.б. компаниялары үшiн тарту белдiгiн, мұнай кәсiпшiлiгiнiң құрал-жабдықтарын дайындап шығарды.
"Рауан" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi "Мұнайгаз" акционерлiк қоғамы үшiн деэмульгатор реагенттерiн, көбiктендiргiш жеткiздi.
"Финикс-Иса" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi "АБКА" Иншаат Тааххют Ве Тиджарет Лимитед компаниясымен 100 пәтерлiк тұрғын үйдiң құрылысына кеуекбетон жеткiзу келiсiм шартына қол қойды.
"Промтомтехмонтаж" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi ВК-2 ұңғымасының аузын қорғайтын болат құрылымын даярлауға АККО-мен келiсiм шарт жасады.
Импорт алмастыру бағдарламасын үйлестiру мақсатында облыс әкiмiмен импорт алмастыру жөнiндегi үйлестiру кеңесiн және Атырау облысындағы импорт алмастыратын өндiрiс Бағдарламасын әзiрлеу жөнiндегi жұмысшы тобын құру туралы шешiм қабылданды.
Қазiргi уақытта отандық кәсiпорындармен өндiрiлетiн өнiмдер және осы өнiмдердiң iрi әлеуеттi тұтынушылары туралы деректер базасы құрылды.
Үйлестiру Кеңесiнiң мәжiлiсiнде iрi шетел және отандық мұнай компаниялары тыңдалады. Облыс әкiмi және 12 шет ел компанияларының бастамасымен ағымдағы жылдың қыркүйегiнде қазақстандық жұмыс күшiнiң халықаралық стандарт деңгейiнде кәсiби даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру үшiн аумақтық оқу орталығы ашылды.
Атырау облысының 2003-2005 жылдарға арналған импорт алмастыратын өндiрiстi дамыту аймақтық бағдарламасы әзiрленiп, қазiргi уақытта импорт алмастыру жөнiндегi Үйлестiру Кеңесiнiң мәжiлiсiнде және облыстық Мәслихаттың кезектi сессия мәжiлiсiнде қарауға енгiзiлуде.
Осы бағдарламаны жүзеге асыру мыналарға мүмкiндiк бередi:
импортқа қатысты отандық тауарлардың және қызмет көрсетулер мен жұмыстардың бәсекелестiк қабiлетi деңгейiн арттыруға;
жергiлiктi тұрғындар үшiн жаңа жұмыс орындарын көбейтудiң, сондай-ақ олардың бiлiктiлiгiн арттырудың алғы шарттарын жасауға;
мұнай-газ өндiрушi салалардың жобасында қазақстандық және жергiлiктi жеткiзушiлердiң қатысуын және қол жеткiзуiн ұлғайтуға;
облыс кәсiпорындарында халықаралық стандартты енгiзу процесiн жеделдетуге.
4. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қаржылай-несиелiк
және инвестициялық қолдау жүйесiн дамыту
Шағын және орта кәсiпкерлiктi қаржылай-несиелiк және инвестициялық қолдау қажеттiлiгi шағын бизнестiң инвестицияға тұтынушылықтың өсуi және қаржы ресурстарына шектелуi қол жеткiзулер себеп болып отыр. Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қаржы-несие ресурстарына қол жеткiзу проблемасы соңғы жылдары облыста шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуына бөгет болатын проблемалар тiзiмi iшiнде өзгерместен жетекшi орын алып келедi.
Бұрынғы мемлекеттiк емес қаржыландыру жүйесi әзiрге шағын және орта кәсiпкерлiктiң өсiп келе жатқан талабын қанағаттандырмай отыр.
Банк секторының жоғарғы даму деңгейiне, рыноктың несие ресурстарына толықтығына қарамастан коммерциялық банктер iрi клиенттердi несиелеуге, ипотекалық, белгiленген табыс деңгейi бар клиенттерге бағытталған тұтыну несиелерi сияқты жаңа банк қызметтерiн игеруге шын көңiлiмен барады және жоғары тәуекел санатына жататын стартты бизнестi несиелеуге мүдделi емес.
Шағын және орта кәсiпкерлiктi айтарлықтай қаржылай қолдау көмегiн отандық коммерциялық банктер арқылы несиелеу бағдарламасын жүзеге асырушы халықаралық қаржы институттары көрсетуде (Қазақстанның Еуропалық Жаңғырту және Даму банкiсiнiң шағын және орта бизнес бағдарламасы, Азиялық Даму банкiсiнiң бағдарламалық қарыз беру). Алайда, бұл қаржыға бәрiнiң қолы жете бермейдi, себебi осы бағдарлама бойынша банктер нарықтық пайыз көрсеткiшiн белгiлейдi және кепiлмен қамсыздандырудың қатаң талаптарын ұсынады.
Шетел қаржы институттарының бағдарламалары мен несие желiлерi аяқталу үрдiсiнде, соған байланысты шетел донорларының қаржы есебiнен шағын бизнестi қаржыландыруды бiртiндеп экономиканың iшкi қаржы секторының ресурстары есебiнен қаржыландыруға көшiруге акцент қажет.
Шағын және орта кәсiпкерлiктi қаржылай-несиелiк және инвестициялық қолдау саясаты қаржы несие ресурстар көлемiнiң шексiз өсуiн, ұзақ мерзiмдi несиелеу үлгiсiнiң көбеюiн қамтамасыз етуге бағытталуы қажет.
Осыған байланысты негiзгi шаралар бюджет ресурстары мен тартылған қаржыларды тиiмдi пайдалануға ықпал етуi қажет.
Облыстың шағын кәсiпкерлiктi қаржы-несиелiк және инвестициялық қолдау мына тетiктердi пайдалану арқылы жүзеге асырылады:
екiншi деңгейдегi банктермен несиелеу;
облыстық және жергiлiктi бюджет қаржысынан басым жобаларды несиелеу;
iрi бiрлескен кәсiпорындар несие ресурстары;
Еуропалық жаңғырту және даму банкiсiнiң несие ресурстары;
шағын несиелеу пилоттық орталығының шағын несиелерi;
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы несие қаржысы;
аймақта кепiлдiк қорын қалыптастыру негiзiнде шағын бизнес өндiрiстiк секторы субъектiлерiне екiншi деңгейдегi банктермен берiлетiн кепiлдiк несие жүйесiн дамыту және енгiзу;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау үшiн шетел инвестициясын және техникалық көмегiн тарту жөнiнде халықаралық ұйымдарымен институттармен жұмыстарын ұйымдастыруды дамыту және құру;
шағын бизнестiң инвестициялық мүмкiндiктерi туралы ақпараттық-түсiндiрме жұмыстары.
5. Инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта кәсiпкерлiктi
ақпараттық қамтамасыздандыру және насихаттау
Шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың өндiрiстiк және инновациялық инфрақұрылымының, нарық нысандарының жеткiлiксiз дамуы облыстың шағын және орта бизнесi дамуына бөгет болып отырған проблемалардың бiрi болып табылады. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау кең тармақталған желiлерiнiң желiлердiң жоқтығы нарыққа өтерде кәсiпкерлердi тауар өндiру және қызмет көрсетуге байланысты шығындардан басқа, сыртқы және iшкi ортадағы барлық контрагенттермен қатынастарды үйлестiру және қолдау қажеттiлiгiмен қосымша шығындарды көтеруге әкелiп тiредi.
Сыртқы кәсiпкерлiк ортада - бұл мемлекеттiк және жергiлiктi үкiмет органдарымен, жеткiзушiлермен және тұтынушылармен, нарықтық инфрақұрылым субъектiлерiмен, бәсекелестермен қарым-қатынас, несиелеу ұйымдарымен өзара қатынас, табиғи монополия кәсiпорындарының өнiм (қызмет) бағасына (тариф) салық жүктемелiк деңгейi.
Iшкi кәсiпкерлiк орта - бұл қажеттi мөлшердегi меншiктi капиталдың болуы;
кәсiпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысанын және қызмет түрiн таңдау;
серiктестiк командасын iрiктеу;
нарықты бiлуi және бiлiктi маркетингтiк зерттеулер жүргiзу;
кадрларды iрiктеу және жеке құрамды, оны дәлелдейтiн материалдық ынталандырумен басқару.
Одан басқа, талдау барысы көрсеткендей, көптеген кәсiпкерлердiң шағын кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты мүлде бiлмейтiнiн, маркетинг негiздерiн бiлмейтiндiктен, сонымен бiрге көбiнiң нұсқаулықтардың үнемi өзгерiп, сондай-ақ несие ресурстарына жол жоқтығын айтады. Сонымен қатар екiншi деңгейдегi банктер кәсiпкерлердiң дайындықсыз екенiн және бизнес-жобалардың сапасыз жасалатынын айтады.
Сол себептi Үкiмет басшысы таяу жылдарда басымдылықтардың бiрi шағын және орта бизнестi қолдау аймақтық орталығын құруды, маркетингтiк зерттеулер өткiзуге көмек көрсетудi, бiлiктiлiктi көтерудi белгiледi.
Осы орталықтардың қызметi әртүрлi топтардағы кәсiпкерлердi жүйелi сүйемелдеуге, шығындарды қысқарту, нарыққа кiрер тұстағы тосқауылдарды жою және кешендi қызмет ұсыну есебiнен тәуекелдi азайтуға (кәсiпкерлiк қызметтерiне оқыту, насихаттау, ақпараттық қамтамасыз ету, маркетинг, орталықтандырылған бухгалтерияның, консалтингтiк, қаржылық, технологиялық, инновациялық қызметтер және т.б.) бағытталуы тиiс.
Шағын және орта бизнестi кадрлық және ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз ету шағын және орта бизнес кәсiпкерлiгiне мақсатты бағдарлайтын оқытушылар даярлау, ұйымдастыру желiлерiн құру, кәсiпкерлiктi дамыту саласында отандық және шетел үздiк тәжiрибелерiн насихаттау, арақашықтық бизнес бiлiмiн дамыту, оқыту және консалтингтiк орталықтардың бейiмдi және тармақты желiлерiн қалыптастыруды жобалайды.
Осы iс-шараларды iске асыру мақсатында шағын кәсiпкерлiктiң Республикалық ақпараттық-көрме орталығының тiкелей әдiстемелiк кеңестер әзiрлейтiнi, зерттеулер жүргiзетiн филиалын Атырау қаласында құру туралы мәселенi талқылау қажет, ол өз кезегiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау жөнiндегi шаралардың тиiмдiлiгiн көтеруге мүмкiндiк бередi.
Кәсiпкерлердi оқыту процесiн 2 деңгейге бөлу қажет:
1 деңгей - алғаш бастаушы жеке кәсiпкерлермен шағын бизнес субъектiлерi үшiн жергiлiктi деңгейде - бизнес жүргiзудiң негiздерiнен бастап егжей-тегжейiне шейiн оқыту. Оқуды табысты аяқтағандар үшiн өз бетiмен бизнестi құру және дамыту жөнiнде одан әрi қолдау бизнес-инкубатор шеңберiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
2 деңгей - кәсiпкерлер-жаңашылдар, оқу облыстық және республикалық деңгейде жүргiзедi, инновациялық және корпоративтiк бизнеске оқыту. Кәсiпкерлiк қызметтi насихаттау кәсiпкерлiк қызметтiң жағымды жақтарын қалыптастыру, шағын бизнестi дамыту жөнiндегi мемлекет қызметiн халық арасында насихаттау және бизнес дамуын жан-жақты түсiндiруден тұрады. Бұл мақсатта ақпараттық тұсау-кесер материалдарын шығаруды жандандыру қажет (бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау, өткiзiлген семинарлар, дөңгелек үстелдер қорытындысы бойынша дайындаған тұсау кесер кiтапшаларды басып шығару, шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiнде апта сайын телехабарлама ұйымдастыру. Телехабарламалар ақпараттық-дайындалған сипатта және кәсiпкерлiк қызметтi реттейтiн қолданыстағы заңнамаларды түсiндiруге бағытталуы, шағын және орта бизнес және мемлекеттiк құрылымдар өкiлдерi арасында пiкiр алысулар ұйымдастыру керек.
5.2. Кәсiпкерлiктi қолдау бiрыңғай ақпараттық
желiлер қызметiн қамтамасыз ету
Ақпарат тапшылығын iс жүзiнде барлық жаңадан бастаушы, ал кейде тiптi тәжiрибелi кәсiпкерде сезiнедi.
Кәсiпкерлiктi табысты дамыту үшiн қазiргi кезеңде бiрыңғай ақпараттық базаны құру қажет: шағын және орта бизнес кәсiпорындары туралы деректер базасын, олардың шығаратын өнiмдерiн, жекешелендiруге жататын нысандарын, жүргiзiлетiн зерттеулер қорытындысын, кейiннен электрондық коммерцияны дамытумен жаңа сертификатты технологиялар тiзбесiн.
Маркетингтiк зерттеулер жүргiзу ғылыми-негiзделген ұсыныстарды және кәсiпкерлiк қызметтi реттеушi шараларды әзiрлеуге қажеттi талдау материалдар, сондай-ақ оқыту бағдарламаларды әзiрлеудi, әдiстемелiк кеңестердi, нұсқаулықтарды көздейдi.
Таяу жылдарда кәсiпкерлiктiң әрбiр топтарында мына салаларды дамытуда бос мүмкiндiктерiн белгiлеу мақсатында маркетингтiк зерттеулер жүргiзiлетiн болады: ауыл шаруашылығы; жеңiл өнеркәсiп; химия өнеркәсiбi; машина жасау; жиhаз өнеркәсiбi; құрылыс және құрылыс материалдары өндiрiсi.
5.3. Қоғамдық ұйымдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру
Соңғы жылдарда облыста кәсiпкерлердiң қоғамдық ұйымдарын құру кең құлашын жайды. Қазiргi уақытта шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын "Кәсiпкерлер мен жұмыс берушiлер одағы" қоғамдық бiрлестiгi, Кәсiпкерлер қауымдастығы, Қазақстан Республикасының "Өнеркәсiпшiлерi және кәсiпкерлер одағы" Атырау филиалы, "Iскер әйелдер қауымдастығы" Атырау филиалы, "Сауда-өнеркәсiп палатасы" Атырау филиалы, Кәсiпкерлiктi қолдау орталығы, "Бизнес-Контакт" облыстық орталығы, "Шағын несиелеу Пилоттық орталығы", "Тұмар" қолөнершiлер қауымдастығы, Әйелдер кәсiпкерлiк орталығы, Жылыой аудандық кәсiпкерлер қауымдастығы, "Прагма" корпорациясы ұсынады.
Алайда, қоғамдық ұйымдардың жұмыс тәжiрибесi 1 жылдан кем жұмыс iстейтiн шағын кәсiпорындардың iшiндегi ақпараттық қолдауға мұқтаж кәсiпорындардың тек қана 20% қоғамдық ұйымдардың ақпаратын пайдаланатынын көрсетедi.
Сондықтан кәсiпкерлердiң қоғамдық ұйымдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға зор көңiл бөлiну қажет, ол облыстың шағын және орта бизнес секторын дамытуға сөзсiз оң ықпалын тигiзедi.
Бұл мақсатта мыналар қажет:
кәсiпкерлердiң мүддесiн қорғауда және ұсынуда, сондай-ақ оқыту жоспарында, кеңестiк қызмет көрсету және кәсiпкерлермен түсiндiрме жұмыстарын жүргiзуде, кәсiпкерлердiң қоғамдық ұйымдарының кәсiбилiгiн көтеру;
кәсiпкерлердiң қоғамдық ұйымдармен өзара байланыс мәселелерi жөнiнде әрбiр мемлекеттiк органда сарапшылар кеңесiн құру;
кәсiпкерлердiң кәсiби салалық қауымдастығын құруға жағдай жасау;
қоғамдық ұйымдардың бiрлестiгi және олардың консолидацияларының бiрiгуi;
шағын және орта бизнестiң дамуына белсене араласатын қоғамдық ұйымдар үшiн конкурстық негiзде жыл сайын грант бөлу мәселесiн әзiрлеу;
несие ауыл серiктестiгiн, өзара сақтандыру қоғамын, коммерциялық емес шағын несиелеу ұйымдарын құруды ынталандыру.
6. Нормативтi-құқықтық базаны жетiлдiру
Республикадағы кәсiпкерлiктi нормативтi-құқықтық реттеу негiзi көптеген жылдар бойы қалыптасты. Бүгiнгi күнi кәсiпкерлiктi реттеудiң нормативтi-құқықтық негiзi құрылды. Алайда кәсiпкерлiк ортаның дамуында болып жатқан өзгерiстер кәсiпкерлiктi реттеудiң нормативтi-құқықтық негiздерiн жетiлдiрудi бiрiншi жоспарға қойып отыр.
Соған байланысты мемлекеттiк органмен, қоғамдық ұйымдармен, кәсiпкерлiк секторына кәсiпкерлiктi жүйелеу мәселесiн реттейтiн қолданыстағы нормативтi-құқықтық актiлердi түгендеу қажет.
Заңнамаларды одан әрi жетiлдiру кәсiпкерлiктiң дамуына бөгет болатын тосқауылдарды әкiмшiлiк жоюға бағытталатын болады.
Реформалауда мыналар талқылануы тиiс:
заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу жүйесi;
бiр жолғы талон, арнайы салық тәртiбi негiзiндегi кәсiпкерлiк қызмет бөлiгiн жүзеге асырудағы салықтық заңнамалар;
кейбiр қызмет түрлерiн лицензиялау;
сертификаттау;
мемлекеттiк органдардың шешушi функциялары.
Көптеген алғаш бастаушы кәсiпкерлер меншiктi капиталдың жеткiлiксiздiгi, өнiмдердi өткiзу нарығына бағыныштылығы проблемаларына кездеседi, осыған байланысты бизнес-факторинг, лизинг, өзара несиелеу және өзара сақтандырудың жаңа құралдарын дамытуға бағытталған нормативтi-құқықтық актiлердi қабылдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу қажет.
Факторингтiк қызметтi дамыту-жеткiлiксiз айналым қаржысы проблемасын шешуге, ал өзара несиелеу жеке қаржы қорын қаржы айналымына тартуға және сенiмдiлiк принциптерiн нығайтуға мүмкiндiк бередi.
Кәсiпкерлiктi қолдау үшiн жаңа жоғарғы технологиялық құруларды мамандандыруда "Венчурлi бизнес туралы", "Инновациялық бизнес туралы" Заңдар қабылдау қажет.
Кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқықтық кепiлдiгiн iске асыру мемлекеттiк органдарға ғана байланысты емес, ол кәсiпкерлердiң өзiне және олардың қоғамдық бiрлестiктерiне байланысты.
Сондықтан осы мәселенi талдаудың тиiмдiлiгi кәсiпкерлердiң қоғамдық ұйымдарының белсендiлiк дәрежесiне байланысты.
Қоғамдық ұйымдар аймақтық бағдарламаларды әзiрлеу, одан әрi дамыту процесiнде, сондай-ақ өзара шығармашылық қызметте белсендi араласуын жандандыру қажет.
Кәсiпкерлiктiң мемлекеттiк саясатын iске асыруда қоғамдық ұйымдардың рөлiн көтеру, мемлекеттiк органдардың мiндетiн қарастыратын норманы белгiлеу қажеттiлiгi кәсiпкерлiк мәселелерiне қатысты нормативтi-құқықтық актiлер жобасын енгiзу облыс әкiмi жанындағы шағын және орта бизнестi дамыту жөнiндегi комиссияда қаралғаннан кейiн ғана мүмкiн болады.
Бұл мемлекеттiк органдар функциясын, олардың бiр бiрiн қайталамауына, сөйтiп бақылау-қадағалау органдарының санын азайту мақсатында нақты шектеу жөнiндегi жұмыстар жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Бағдарламаның iс-шаралары негiзiнен аймақтық, қалалық және аудандық деңгейде жүзеге асырылады.
Бағдарламалар Мәслихат сессияларында бекiтiледi және жұмыстың негiзi мына бағыттарын қамтуы керек:
* қалалық және аудандық деңгейде шағын және орта кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын құру жөнiндегi шаралар;
* кәсiпкерлiк қызмет саласына халықтың кең тобын тарту;
* шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне аяқталмаған құрылыстарды және пайдаланылмайтын нысандарды беру мәселесi;
* кәсiпкерлiк секторын оқыту жөнiндегi шаралар;
* кәсiпкерлiк қызметiн насихаттау жөнiндегi шаралар.
8. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi және ресурстары
Облыста шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау қаржысымен қамтамасыз ету осы мақсаттарда жыл сайын қаралатын қаржы бөлу шегiнде жергiлiктi бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны орындау үшiн тағы да "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорының", банктердiң, халықаралық қаржы ұйымдарының, iрi компаниялардың қаржылары, техникалық және кеңестiк көмек желiлерi бойынша қаржы ресурстары тартылатын болады.
9. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламамен қаралған шаралардың iс жүзiнде жүзеге асырылуы нәтижесiнде шағын және орта кәсiпкерлiк саласындағы 3,5 мыңға дейiн жұмыс орнын көбейтуге мүмкiндiк беретiн жұмыс iстейтiн шағын және орта бизнес субъектiлерiн кеңейтудiң, сақтаудың және жаңаларын ашудың шараларын қамтамасыз ету.
10. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың
негізгі басым бағыттары
Мұнай-газ секторы кәсіпорындары үшін қосалқы бөлшектер мен стандартқа сай емес техникалар шығару.
Тұрмыстық бағыттағы синтетикалық смола және пластмасс өндіру.
Жергілікті шикізат базасында құрылыс материалдары өндіру.
Жылылық өткізбейтін және жабын материалдар өндіру.
Электродтар өндіру.
Кабель өнімдер өндіру.
Гипстік тұтқырғыш материалдары өндіру.
Бұрамалы сорғылар өндірісі.
Шұжық тағамдарының және ет деликатестері өнімдерін шығару.
Тұз өндіру және оны өлшеп орау.
Түтік кеспе тағамдарын өндіру.
Тәтті тағамдарды өндіру.
Гигиена құралдары өндірісі.
Балаларға, әйелдерге, ерлерге арналған жоғары сапалы киім шығару.
Жоғары сапалы жиhаз және фурнитура өндіру.
Орағыш өнімдері жаңа түрлерінің өндірісі.
Ішімдіксіз сусындар, шырындар, сыралар өндіру.
Өндірістің дәстүрлі емес түрлерін дамыту.
Қатты қалдықтарды өңдеу.
Тәтті мақта дайындау.
Жеміс-жидек, көкөніс-бақша дақылдар түрлерін өсіру.
Мал мен құстың жоғары өнімді тұқымдарын өсіру.
Жүн дайындау және өңдеу, тоқыма бұйымдарын дайындау.
Теріні өңдеп және тері бұйымдарын дайындау.
Жаңа өлшеп, орау технологиясын қолданып, ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу.
Балық өнімдерін қайта өңдеу.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау (терең қатыру).
Қызмет көрсету компаниялары:
кен орындарын жабдықтау;
құрал-жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
арнаулы техникамен қызмет көрсету;
көлікпен қызмет көрсету;
ілеспелі материалдар дайындау компаниялары;
ауыл шаруашылығы техникаларын жалға беру бойынша қызмет көрсету;
қоғамдық тамақтандыру қызмет көрсетулер;
телекоммуникациялық қызмет көрсетулер;
жөндеу-құрылыс қызмет көрсетулері;
бос уақытты ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетулер;
қонақ үйлік қызмет көрсетулер;
автокөліктік қызмет көрсетулер;
туристік қызмет көрсетулер;
консалтингтік қызмет көрсетулер;
заңгерлік қызмет көрсетулер.
11. Атырау облысы бойынша 2003-2005 жылдарға арналған шағын және
орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың аймақтық Бағдарламасын
жүзеге асырудың негізгі іс шараларының жоспары
--------------------------------------------------------------------------
1 бөлім. Шағын кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік
1. Шағын бизнестің инвестициялық Ақпарат Мұнай-газ кешені, Тоқсан
2 бөлім. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық
9. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Ұсыныстар "Кәсіпкерлер мен жұмыс Жыл
11. Кәсіпкерлер үшін кәсіпкерлікті Ақпарат "Кәсіпкерлер мен жұмыс Тоқсан
3 бөлім. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың
15. Атырау қаласындағы үйренуші Облыс Экономика және кәсіпкерлікті 2003
4 бөлім. Шағын кәсіпорындарды, салалық бағдарламаларды
24. Шағын және орта кәсіпкерлік Ақпарат Экономика және кәсіпкерлікті
5 бөлім. Шағын кәсіпкерлікті ақпаратпен және
33. Салық кодексінің 15 бөлімін Ақпарат Атырау облысы Қажетті-
6 бөлім. Аймақтық даму
43. Шағын және орта кәсіпкерлікті Есеп Экономика және Тоқсан
|