"Атырау облысының 2003-2010 жылдардағы "Ауыз сулар" Аймақтық бағдарламасын бекіту туралы

Күшін жойған

Екінші сайланған Атырау облыстық Мәслихаты ХХІ сессиясының 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 265-II шешімі. Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 25 желтоқсанда N 1244 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 132-ІХ шешімімен

      Ескерту: ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 18 қазан N 3-3333/06 хаты негізінде мемлекеттік тіркелуге жатпайды.
      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 12.11.2008 № 132-ІХ шешімімен.
     Облыстық әкiмияттың 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 304 "Атырау облысының 2003-2010 жылдардағы "Ауыз сулар" аймақтық бағдарламасы туралы" қаулысын талқылап, II сайланған облыстық Мәслихаттың ХХI сессиясы шешiм еттi:
      1. Облыстық әкiмият ұсынған Атырау облысының 2003-2010 жылдарға "Ауыз сулар" Аймақтық бағдарламасы бекiтiлсiн, бұдан әрi аймақтық бағдарлама (жалғанды).
      2. Атырау қаласы және аудан әкiмдерiне, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшылары осы Бағдарламаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн.

       Облыстық Мәслихаты ХХI
      сессиясының төрағасы

      Облыстық Мәслихаттың хатшысы

Атырау облыстық әкімиятының қаулысы
2002 жылғы 4 желтоқсан N 304

"Атырау облысының 2003-2010 жылдардағы
"Ауыз сулар" аймақтық бағдарламасы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының 27 бабының 1 тармағы 2 тармақшасы негiзiнде облыс әкiмияты қаулы етедi:
      1. "Атырау облысының 2003-2010 жылдарға арналған "Ауыз сулар" аймақтық бағдарламасы облыстық мәслихаттың кезектiк сессиясында бекiтуге енгiзiлсiн /тiркеледi/.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С. Нокинге жүктелсiн.

      Облыс әкiмi

Облыс әкiмиятының       
2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 304
қаулысына қосымша      

Атырау облысы бойынша 2003-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" аймақтық бағдарламасы
Бағдарламаның паспорты

Атауы   Атырау облысы бойынша 2003-2010 жылдарға арналған "Ауыз су"
        аймақтық бағдарламасы.

Қысқаша Осы бағдарламада облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз мазмұны етудің қазіргі жәй-күйіне талдау берілген, аудан
        бөлісіндегі іс-шаралар кешені және оларды іске асыру
        жоспарлары белгіленген.
        1) сумен жабдықтаудың қазіргі жүйелерін пайдалану жағдайында
        ұстап тұру үшін оларды қалпына келтіру және жетілдіру;
        2) сумен жабдықтаудың жаңа көздерін игеру және баламалы
        көздері мен нұсқаларын дамыту;
        3) тұтынылатын судың сапасын жақсарту;
        4) ауыз суды ұтымды пайдалану;
        5) су объектілерінің экологиялық және санитарлық-гигиеналық
        жәй-күйін жақсарту.

Бағдар.
ламаны
іске
асыру
мерзімі 2003-2010 жылдар

1. Кіріспе

      "Ауыз су" облыстық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 Жарлығына сәйкес әзірленді.
      Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету су көздерінің ластануына, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлануына, сумен жабдықтау жүйелерінің қанағаттанғысыз техникалық жәй-күйіне байланысты өзекті міндеттердің бірі болып табылады.
      Бағдарлама іске асыру мерзімі бойынша ұзақ мерзімдіге жатады.

Атырау облысындағы ауыз су ресурстарын пайдаланудың
қазіргі жәй-күйін талдау

      Атырау облысының елді мекендері ауыз сумен ашық су көздері мен жер асты су артезиан ұңғыларымен қамсыздандырылады. Жер асты суларының жоғары басымдылығы, су құбырларының 20 жылдан аса жөндеусіз пайдаланылуы және жеткіліксіз қаржыландыру ауылдың елді мекендерді ауыз сумен қамту мәселесінде қиын жағдайға әкеліп соқтырды.
      Біздің аймақты ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті әрі маңызды мәселе болып қалуда. Бұл, ең біріншіден, елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау жағдайы. Облыстағы елді мекеннің 34 пайызы су құбыры желісімен қамтылмаған, бұл 95 мың адам тазаланбаған суды пайдаланады. Атырау облысының 79 елді мекенінің 406 мың адамы жер үсті суларын пайдаланса, қалған 31 елді мекен жалпы саны 34 мың адам ауыз суға жер асты су көздерін пайдаланады. Көптеген ауылдық елді мекендер жер үсті секілді, жер асты су көздерінен де едәуір қашықтықта орналасқан.
      Жекелеген аудандарда жер асты сулары ауыз су ретінде пайдалануға жарамсыз, бұл бұрынғы Азғыр және Тайсойған әскери полигондарының аймағы. Облыс көлеміндегі қолданыстағы су құбырлары ұзақ уақыт жөндеусіз пайдаланылғандықтан, су тазарту технологиясы ескіргендіктен санитарлық талапқа сай емес және су беруді нормативтік сапада қамтамасыз ете алмайды.
      Атырау қаласының су құбыры желісі 208,3 шақырым қашықтықты құрайды, оның ішінде магистральді - 53,7 шақырым, көшелік - 96,3 шақырым, кварталішілік желілер - 58,3 шақырым. Су құбырларының басым көпшілігі 1961-1986 жылдар аралығында салынған. Агрессиялық, суға шылыққан біздің жерімізде темір су құбырлары қалыпты кезеңде апат тәртібінде пайдалануда.
      Бүгінгі күні су құбыры желісін күрделі және ағымдағы жөндеу өзекті мәселенің бірі. Соңғы 3 жылда басым көпшілігі темірден жасалған 70 шақырым су құбыры жөндеуден өтті. Атырау қаласын "Сумен жабдықтау және санитария" Пилоттық жобасының 1 кезеңі аяқталды. Бұл жоба бойынша 19,655 шақырым су құбыры желісі, 7,26 шақырым канализация, қондырғылар (резервті сорғыш, сорғыш стансасы, 2 резервті сорғыш, 2 өрт сорғышы, 2 жұтушы фильтр, шнек көтермеде 3 шнек бұрама сорғыш) орнатылған,  Вокзал маңы мөлтек ауданындағы 65 көпқабатты тұрғын үйдің жылу, ыссы су, салқын су және канализация құбырлары түгелдей қалпына келтірілді. Бұдан басқа Атырау қаласында канализация және су құбырын күрделі жөндеу және құрылысын салу үшін республикалық бюджеттен тікелей трансферт 1 млрд.теңге, сондай-ақ облыстық бюджеттен 202,0 млн.теңге бөлінген.
      Жылыой ауданының халқы ауыз суды топтық су құбырымен қамтамасыз етіліп отыр. Ұзындығы 114 шақырым "Майкөмген-Аққұдық-Бөгелі-Шұбыртпалы" топтық су құбыры 1973 жылы салынған. Халқының жалпы саны 1844 адам 4 елді мекенді қамтитын "Қиғаш-Маңғыстау" бас сағаның көзі. ұзақ уақыт пайдаланылғанынан және құбырлардың мүжілгенінен әсіресе төмен учаскелерден (сорлы) өтетін, су құбырының едәуір бөлігі жарамсыз. 2002 жылы республикалық бюджеттен "Майкөмген-Аққұдық-Бүгелі-Шұбыртпалы" топтық су құбырларын қалпына келтіруге 45,0 млн.теңге бөлініп, 5,5 шақырым су құбыры жөнделді.
      Құлсары қаласындағы 67,7 шақырым су құбырының 39 шақырымы апаттың жағдайда, осы себептен қала халқын ауыз сумен қамтамасыз ету қиындыққа соқтырып отыр. Құлсары қаласында тәулігіне 18,0 мың кубометр қуатты су тазарту қондырғысы жұмыс істейді. Су "Қиғаш-Маңғыстау су тартқышынан жіберіледі.
      Индер ауданы жалпы ұзындығы 79,5 шақырым сумен жабдықтау жүйесімен жарақтандырылған. Оның ішінде техникалық сумен жабдықтау - 68,1 шақырым, шаруашылық сумен жабдықтау - 11,4 шақырым, канализация жүйесі - 13,9 шақырым. Соңғы екі жылда 14 шақырым су құбырына күрделі өңдеу жұмыстары жүргізілді. Ауданның су құбырларын пайдалану мерзімі 30-40 жыл, тозымдылығы 75%; Индер поселкесінде 1 су тазартқыш қондырғысы бар. Қазіргі кезде халықтық 50 пайызы Жайық өзенінің тазартылмаған суын қолданып отыр. 2003 жылға дейін іске асыруға көзделген аудан аймақтарын сумен қамтамасыз ету Бағдарламада толықтай қамтылған.
      Исатай ауданының Аққыстау поселкесінде, Жанбай, Х.Ергалиев ауылдарында, Нарын, Исатай стансасы мен 17 бекетте 20-40 жыл болған суды тазарту қондырғылары жұмыс істейді. Чапаев ауылының тұрғындарын ауыз су Аққыстау поселкесінен, Забурын ауылының халқына Исатай стансасындағы су тазартқыш қондырғысынан су таситын көлікпен жеткізіледі.
      Құрманғазы ауданы. Қоянды топтық су құбырымен жіберілетін Құрманғазы ауданының солтүстік-батыс бөлігінің елді мекені 2 шереттен құралған жер асты сулармен қамсыздандырылған.
      1-ші шеретті ұзындығы 36,3 шақырым d-160мм. 1998 жылы іске қосылған су құбырының құрылысы Жалғызапан, Сүйіндік елді мекендерін сумен қамтамасыз етеді. Қоянды, Қоңыртерек, Балқұдық, Азғыр елді мекендерін қамтитын 62,4 шақырымға созылатын, d-160мм, 2-ші шереттегі су құбырының құрылысы қаржының жоқтығынан жүзеге асырылмады.
      Елді мекеннің бір бөлігі (Котяевка, Өтер, Шортанбай, Қиғаш, Көптоғай, Жыланды, Кудряшово, ММС, Дашино, Нұржау, Өрлі (бұрынғы Калинин) Волга суымен қамсыздандырылады.
      Мақат ауданы ашық су көздерімен жабдықталмағандықтан, ауданның елді мекендері "Водоканал" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының балансындағы Атырау-Мақат су тартқышымен қамтамасыздандырылады. Су құбырлары мен канализация желісінің жалпы ұзындығы 155,3 шақырым.
      Сумен жабдықтау сызбанұсқасы төмендегідей: "Водоканал" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынан су хлораторлы қондырғылар арқылы резервуарларға сорғышпен жіберіледі, одан өздігінен таратушы желілер арқылы тұтынушыларға жетеді:
      Аудан бойынша жалпы ұзындығы 60,3 т.м.з болатын 22 резервуар бар. Оның ішінде:
      Мақат поселкесінде сыйымдылығы 21,5 т.м 3 10 резервуар;
      Доссор поселкесінде сыйымдылығы 21,0 т.м 3 1 резервуар;
      Қошқар поселкесінде сыйымдылығы 5,0 т.м 3 1 резервуар;
      Комсомольск поселкесінде сыйымдылығы 2,0 т.м 3 1 резервуар;
      Байшұнас поселкесінде сыйымдылығы 10,0 т.м з. 2 резервуар;
      Ескене поселкесінде сыйымдылығы 0,8 т.м. 3 1 резервуар бар.
      Махамбет ауданының Махамбет поселкесінде 2002 жылы бір су тазартқыш қондырғысы салынып, іске қосылды, бұл саны 6702 адамды құрайтын поселкенің сумен қамсыздандыру проблемасын шешті. 30 жыл бұрын салынған ұзындығы 30 шақырым су құбыры желісі күрделі жөндеуді талап етеді. Ауданның басқа елді мекендері ауыз су ретінде тазартылмаған суды пайдалануда.
      Қызылқоға ауданындағы халқының саны 6900 адам болатын 4 елді мекен (Тайсойған-Қоныстану-Қаракөл-Тасшағыл) 1985 жылы салынған, ұзындығы 90 шақырым Индер-Миялы топты су құбырынан ауыз сумен қамтамасыз етілген. "Тайсойған" шатқалының жер асты сулары бас тоғанның көзі болып табылады. Жоғарыда көрсетілген су құбыры "Атырау су шаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансында. Қазіргі кезде аталған су құбырының жағдайы өте нашар, ұзындығы 15 шақырым учаскелері істен шықты. Бұл елді мекендерді сумен жабдықтауды жақсарту үшін 2001 жылдан бастап 115 млн.теңге Республикалық бюджеттен 14 шақырым құбыр мен 5 ұңғыманы жөндеуге бөлінді, оның ішінде 2001 жылы - 90 млн.теңге, 2002 жылы - 25 млн.теңге. Бөлінген қаражаттар толықтай игерілді.
      Ұзындығы 14 шақырым d-225мм. құбыр салынды, ДЭС-60 жарық стансасы сатып алынды, 5 ұңғыма, оның ішінде Тайсойған мен Миялы поселкесінде 2 ұңғыма бұрғыланды.
      Қазіргі кезде халықтың төлеу қабілетсіздігінен Индер, Миялы су құбырлары толық қуатта жұмыс жасамайды, осыған байланысты тек ғана Тасшағыл, Қаракөл мен Қоныстану елді мекендері ауыз сумен қамтамасыздандырылған. Сағыз бен Мұқыр стансасының халқы ауыз суды темір жол арқылы цистернамен алып отыр.
      Облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтып, сондай-ақ берілетін судың сапасын жақсарту үшін халықты ауыз сумен жабдықтау жағдайын тұрақтандыратын бірнеше шаралар белгіленген, облыс әкімінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N№303 шешімі бойынша "Атырау облысының елді мекендерін 2000-2002 жылдарға арналған сумен жабдықтау" бағдарламасы бекітілген. Бұл бағдарлама бойынша 37 елді мекенде шағын су тазартқыш қондырғылары мен поселкеішілік су құбырлары желісінің құрылысы қадағаланған.
      Облыстық бюджеттен 838,86 млн.теңге бөлініп, 14 елді мекенде су тазартқыш қондырғыларының құрылысы 2001 жылы басталып, биылғы жылы аяқталды. Оның ішінде:
      - біреуі Индер ауданының Кулагино ауылында;
      - екеуі Махамбет ауданының Чкалов пен Ақтоғай ауылдарында;
      - біреуі Атырау қаласының ауыл аймақтары мен Дамбы ауылын қамтитын Амангелді поселкесінде;
      - үшеуі Шортанбай, Ганюшкино және Құрманғазы ауданының Алға мен Кобяково ауылын қамтитын Жұмекен поселкесінде;
      - біреуі Индер ауданының Өрлік ауылында;
      - екеуі Құрманғазы ауданының РТС пен Өтері ауылдарында;
      - төртеуі Махамбет ауданының Сарайшық, Есбол, Жалғансай, Алмалы ауылдарында.
      Бұл объектілер іске қосылса, жоғарыда аталған елді мекендегі 44023 адам сенімді және қауіпсіз ауыз суымен қамтамасыздандырылады.
      Облыстық бюджеттің 272,9 млн.теңге сомасына Индер, Махамбет, Құрманғазы аудандары мен Амангелді поселкесінің (қала маңы) 10 елді мекенінде поселкеішілік су құбырының жобасы мен құрылысы 2001 жылдың аяғында басталып, биылғы жылы аяқталуда.
      Сонымен қатар, 2002 жылы республикалық трансферт есебінен 1 млрд.теңгеге 8 елді мекенде су тазартқыш қондырғылары мен поселкеішілік 47,5 шақырым су құбырлар желілерінің құрылысы басталды:
      - төртеуі Индер ауданының Жарсуат, Бөдене, Елтай мен Көктоғай ауылдарында;
      - үшеуі Махамбет ауданының Алға, Ақжайық, Редут ауылдарында;
      - біреуі Құрманғазы ауданының Кудряшово ауылында.
      Жалпы саны 12753 тұрғыны бар 10 елді мекенде ұзындығы 58,5 шақырым поселкеішілік су құбырларының құрылысы жылдың аяғына дейін аяқталуы қажет.
      Жоғарыда аталған трансферттердің есебінен қаржыландырылған жұмыстар биылғы жылы аяқталып, облыс пен қала халқын таза сумен қамтуда өз нәтижесін көрсетеді.

2. Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты - халықты қажетті мөлшерде және кепілді сапалы ауыз сумен ұдайы қамтамасыз ету.
      Бағдарламаның негізгі міндеттері:
      - халықты қажетті мөлшерде және кепілді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін белгілеу және әзірлеу, сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі басымдықтарды анықтау;
      - бағдарламаны іске асыру үшін инвестициялардың қажетті көлемі мен қаржыландыру көздерін анықтау.
      Халықты ауыз сумен ұдайы қамтамасыз ету мынадай негізгі қағидалар негізінде жүзеге асырылуы тиіс:
      - мемлекет бүкіл халықты суға тең қол жеткізу негізінде сумен жабдықтау саласындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жауапты болуы тиіс;
      - су шығару және жеткізу құралдары шаруашылық жүргізуші түрлі субъектілердің меншігі болуы мүмкін;
      - суды тұтыну коммерциялық қағидаттарға негізделуі тиіс, суды пайдаланудың ақылығы суды ұтымды пайдалануға қол жеткізуге, сақтауға және кәсіпкерлік қызметке ынталандырылуы тиіс;
      - барлық су тұтынушының су заңнамасы талаптарын сақтау.

3. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі

      Облыс халқын сумен қамтамасыз етудің жай-күйін талдау бірқатар елеулі проблеманы анықтады, оларды шешуге мынадай негізгі бағыттар септігін тигізуі тиіс:
      - қолда бар сумен жабдықтау жүйелерін, оларды пайдалану жай-күйін қолдау үшін қалпына келтіру және жетілдіру;
      - сумен жабдықтаудың жаңа көздерін игеру және балама нұсқаларын дамыту;
      - тұтынатын су сапасын ұтымды пайдалану.
      Атырау қаласы маңындағы елді мекендерде 2004-2007 жылдар аралығында Бесікті, Еркінқала мен Ракуша поселкелерінде 6 елді мекенде 24,2 шақырым су құбырлар желісін, су тазарту құрылғыларын салу және 56,7 шақырым су құбырлары желісін күрделі жөндеу жоспарлануда.
      Атырау қаласында:
      - 252,7 шақырым су құбыры желісінің құрылысы және жөндеу;
      - қолда бар су тазартқыш қондырғыларын қалпына келтіру қажет.
      Индер ауданында 2004-2009 жылдары Индер, Аққала, Гребенщик, Құрылыс 4 елді мекендерінде су тазартқыш қондырғылары мен ұзындығы 21,5 шақырым поселкеішілік су құбырын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, Индер поселкесінде ұзындығы 17,95 шақырым су құбырының құрылысы жоспарлануда.
      Қызылқоға ауданында ауыз су мәселесін шешу үшін Жангелдин; Қызыл ту (Жасқайрат), Миялы елді мекендерінде 42,2 шақырым поселкеішілік су құбыры мен су тазартқыш қондырғыларын салу қажет. Миялы поселкесінде 3,1 шақырым су құбырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұдан басқа, ауданның елді мекендерін ауыз сумен жабдықтау проблемасын тұрақты шешу үшін қолда бар Қоныстану-Қаракөл, Тасшағыл және Индер-Миялы топтық су құбырларына баламалы нұсқау болатын бұдан Қосқұлақ елді мекенінен Тасшағыл ауылына дейін ұзындығы 21 шақырымды су құбыры желісінің құрылысы қажет. Ал Жасқайрат ауылын сумен жабдықтау, 2005 жылы Қоныстанудан Жасқайрат ауылына дейін 35 шақырым су құбырын салуды керек етеді. Сағыз бен Мұқыр стансасының халқын сумен қамсыздандыру үшін ұзындығы 41 шақырым Ноғайты-Сағыз су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді. Бұл іс-шаралардың барлығы 2004-2008 жылдарға жоспарланған.
      Құрманғазы ауданында 2004-2008 жылдары Өрлі (Калинин), Нұржау, Дашино, Сафоновка, Қызылоба, Жыланды, Көптоғай, Ақкөл 8 елді мекенде су тазартқыш қондырғыларының және 78,5 шақырым су құбыры желісінің құрылысын салу жоспарланып отыр. Приморье стансасында 3 көтерме сорғыш пен Өрлі ст. сутартқышымен су қысымы мұнарасын тұрғызу көзделді. Балқұдық, Азғыр, Қоңыртерек пен Батырбек елді мекендерін сумен жабдықтау үшін ұзындығы 63 шақырым d-160 мм. 2-ші шеретті Қоянды су құбырын жүргізу қажет, бұған 2003 жылға жобалы-сметалық құжаттамаларды құруға республикалық бюджеттен 21 млн.теңге бөлінді.
      Махамбет ауданының Сартоғай ауылында ұзындығы 5,2 шақырым поселкеішілік су құбыры желісі мен су тазартқыш қондырғысының құрылысы жоспарлануда. Сондай-ақ, ұзындығы 17,2 шақырымды Береке, Еңбекшіл және Махамбет елді мекендерінде поселкеішілік су құбыры желісі мен Береке, Еңбекшіл ауылдарында су тазартқыш қондырғысын тұрғызу ескерілген. Чкалов пен Махамбет ауылдарындағы жалпы ұзындығы 35,3 шақырым болатын қолда бар су құбыры желісін күрделі жөндеу жоспарлануда, жұмыстар 2004-2008 жылдарға жоспарланған.
      Исатай ауданының Аққыстау, Х.Ерғалиев, Жанбай, Нарын, Исатай, Заборын, 17 бекет, Чапаев елді мекендерінде су тазарту қондырғысының және ұзындығы 28 шақырым су құбыры желісінің құрылысы қарастырылды. Сондай-ақ, 2003 жылы Аққыстау поселкесіндегі ұзындығы 9 шақырым су құбыры желісін жөндеу жоспарлануда.
      Жылыой ауданында 2003 жылы ұзындығы 11 шақырымды су құбыры желісінің құрылысы және 2004-2006 жылдар аралығында 39 шақырым су құбырын күрделі жөндеу жоспарлануда. Ұзындығы 45 шақырым болатын d-160мм. Құлсары-Тұрғызба-Шоқпартоғай-Аққызтоғай топтық су құбырларын қайта қалпына келтіру қажет. Қазіргі кезде топтық су құбырын қалпына келтірудің жұмысшы жобасы дайындалуда.
      Мақат ауданы бойынша ұзындығы 60 шақырым Атырау-Мақат су құбырына күрделі жөндеу жоспарлануда.

4. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

      "Ауыз су" аймақтық бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға инвестициялардың жалпы көлемі 9753,1 млн.теңге мөлшерінде анықталды. Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру үшін қажетті қаражаттың көлемі қоса беріліп отыр.
      Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің, сыртқы заемдар мен гранттардың қаражатынан басқа су құбырларын пайдаланатын ұйымдардың қаражатын қоса алғанда, әр түрлі бюджеттен тыс көздер тартылатын болады.
      Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру үшін қажетті бюджет қаражатының көлемі тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

5. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

      Бағдарлама сумен жабдықтау жағдайының, ауыз сумен жабдықтау көздері-су сапасының одан әрі төмендеуін тоқтату, судың қол жетімділігін қамтамасыз ету мен халықтың денсаулығын сақтау және жақсарту мақсатында сауықтыру саласының жоспарлы міндеттемелерін бастауды көздейді. Бағдарламаның іс-шараларымен 245 мыңға жуық адам тұратын 65 ауылдық елді мекен және саны 255,5 мың адамнан астам қала тұрғындары қамтылған.
      Сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін құру, жұмыс істеп тұрғандарды қайта жаңарту және қайта ұйымдастыру, саланы ресурстық және нормативтік құқықтық қамтамасыз ету. Бағдарламада көзделген бірқатар басқа да шаралар:
      - халықтық сапалы ауыз суға қол жетімділігін ұлғайтуға;
      - орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінің суларын пайдаланатын халықтық үлесін арттыруға;
      - ауыз су сапасының санитарлық ережелері мен стандарт нормаларының талаптарын толық сақтауды қамтамасыз ету жолымен су көздері мен сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыруға;
      - жергілікті ішуге жарамды жер асты суларын мейлінше тартуға;
      - сапасы негізінен бактериалды ластануымен сипатталатын жер бетіндегі көздердің суларын ішу мақсаттары үшін орталықсыздандырылған пайдалануды жоюға;
      - өткір ішек-қарын жұқпалар тобы бойынша берілетін су факторына байланысты халықтың ауруын төмендетуге бұл санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етеді;
      - қосымша 80 жуық жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
      Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудегі оң өзгерістер, өмір сүрудің қанағаттанарлық әлеуметтік-тұрмыстық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларын туғызады және сайып келгенде, ол халықтық тәни және рухани саулығына оң ықпал етеді.

6. Атырау облысы бойынша 2003-2010 жылдарға арналған "Ауыз су"
аймақтық бағдарламасын іске асыру шараларының жоспары


---------------------------------------------------------------------
N        Шаралар      Бітіру  Орындауға Орындалу  Шығындар  Қаржыландыру
                      үлгісі  жауапты   мерзімі   шамасы    көздері
                                                  (млн.теңге) 
--------------------------------------------------------------------------  
1 Қолда бар су құбырлар  Тексеру Қала және  Жыл
желісін үнемі тексеру    акті    аудан      сайын
                                 әкімдері
2 Жобалы-сметалық                Қала және  2003-
құжаттамаларды жасау             аудан      2008
                                 әкімдері   жылдар
3 Су тазартқыш          Құрылыс  Қала және  2004-  2575,0   Барлық
қондырғыларының                  аудан      2009            қаржыландыру
құрылысы                         әкімдері   жылдар          көздері
4 Су құбыры             Құрылыс  Қала және  2004-  3391,7   Барлық
желілерінің                      аудан      2009            қаржыландыру
құрылысы                         әкімдері   жылдар          көздері
5 Су құбыры             Күрделі  Қала және  2003-  2699,4   Барлық
желілерін күрделі       жөндеу   аудан      2010            қаржыландыру
жөндеу                           әкімдері   жылдар          көздері
6 Топтық су             Құрылыс  Қала және  2004-  1492,0   Барлық
құбырларының                     аудан      2010            қаржыландыру
құрылысы                         әкімдері   жылдар          көздері
 
                   2003-2010 жылдарға арналған Атырау облысының елді 
                   мекендерін ауыз сумен жабдықтау бағдарламасы
---------------------------------------------------------------------
N      Елді      Халық       Су тазартқыш      Су құбырлары   
     мекеннің    саны        қондырғылары       желілері      
      атауы                 болуы  жағдайы    болуы  жағдайы                                      (м з/т)            (ш)
---------------------------------------------------------------------
1        2         3           4               5         6
---------------------------------------------------------------------
  Атырау қаласы   291275        1               284,8 
1 қала            255500        1 қанағ-қ       208,3  қанағ-қ
2 қала    
3 Тасқала ауылы     1890                          6    жақсы
4 Томарлы ауылы     3046                         11    5 ш.өңделмеген
5 Бесікті ауылы      779      
6 Атырау ауыл өңірі
(Зарослый,Жаңа Талап,
Атырау, Құрманғазы) 5021                         28    қанағат-сыз 
7 Балықшы пос.     12979                         23    қанағат-сыз
8 Курилкино пос.    1026                         2,4   қанағат-сыз
9 Ширина пос.        314                         2,3   қанағат-сыз
10 Водниково пос.    606                         1,6   қанағат-сыз
11 Еркінқала ау.    2363 
12 Ракуша           1450
13 Геолог ауылы     4261                         6     қанағат-сыз
14 Бірлік ауылы     1640                         3,2
15 Дамба ауылы       400
   Индер ауданы    19611                        52,8
16 Индербор пос.
17 Индербор пос.   12000           қанағатсыз   37,7   қанағат-сыз     
18 Аққала ауылы      743    
19 Гребенщик ау.     497
20 Құрылыс           595
21 Жарсуат ауылы    1842                         8,3   қан-лық
22 Зеленый ауылы    2450
23 Бөдене ауылы     1484                         6,8   қанағат-сыз
   Исатай ауданы   19685     448                20,4
24 Аққыстау         6735     220  қанағат-сыз   10,4   қанағат-сыз
25 Аққыстау
26 Х.Ерғалиев       3362      50  қанағат-сыз    3     қанағат-сыз
27 Жанбай           2580      52  қанағат-сыз    1,5   қанағат-сыз
28 Исатай стансасы  1439      41  қанағат-сыз    3,5   қанағат-сыз 
29 Нарын            522       16  қанағат-сыз    2,5   қанағат-сыз
30 17 бекет         334       16  қанағат-сыз    1,5   қанағат-сыз
31 Заборын          863
32 Чапаев          3853       58  қанағат-сыз    5     қанағат-сыз 
Құрманғазы ауданы 38278
33 Ганюшкино      11919
34 Өрлі ауылы
   (Калинин)       2684
35 Нұржау ауылы    3208
36 Дашино          3981
37 Сафоновка ауылы 1839
38 Көптоғай        1400
39 Приморье ауылы  1259
40 Қызылоба ауылы  1135
41 Ақкөл ауылы     5700
42 Жыланды ауылы   1440
43 2-ші шеретті
Қоянды су құбыры   3713
  Махамбет ауданы 11797                         41,1
44 Сартоғай ауылы  1685    250   қанағат-сыз     7,4  қанағат-сыз          
45 Береке           477
46 Еңбекшіл         360
47 Махамбет а.     6706    500   қанағат        30    қанағат-сыз
48 Махамбет а. 
49 Чкалов          2569                          3,7  қанағат-сыз
Қызылқоға ауданы  27859
50 Миялы           6600
51 Миялы
52 Қызылту
(Жасқайрат)        2715
53 Жангелдин       1876
54 Сағыз-Мұқыр 
топтық су құбыры   4068
55 Қосқұлақ-Тасшағыл
топтық су құбыры   6900
56 Жылыой ауданы  69111                         67,7    
57 Құлсары қ.     60540                         67,7  қанағат.
58 Құлсары қ.
59 Құлсары-Тұрғызба-
Шоқпартоғай-Ақкиізтоғай 
топтық су құбыры   8571 
   Мақат ауданы   12507 

60 Мақат АУЫЛЫ    12507
61 Атырау-Мақат 
су құбыры
   Жиынтығы      490123                        466,8
--------------------------------------------------------------------- графаның жалғасы
---------------------------------------------------------------------
Елді мекендерді сумен жабдықтауды    Орындау  Нысанның  Қаржы-
              жақсарту жөніндегі ұсыныстары      мерзімі  шамамен   лан
               Су тазартқыш     Су құбырлар               бағасы    дыру
               қондырғылар       желілері                           көзі
        Қал- Құры- Шама-  Күр- Бағасы Құры- Бағасы
        пына  лыс  мен    делі        лыс
        келтіру    бағасы жөндеу
---------------------------------------------------------------------
       8    9    10     11     12   13    14    15      16      17
---------------------------------------------------------------------
Атырау қ.  1  3  1069  109,4  1303,4  224,2 1547,8        3920,2  
1 қала                  52,7  1076,6              2003    1076,6 обл.бюд.
2 қала            900                 200   1330  2004-2006 2230 обл.бюд.
3 Тасқала ауылы                         5     45  2005        45 обл.бюд.

4 Томарлы ауылы          5      20                2005        20 обл.бюд.
5 Бесікті ау  1    53                 3,2   28,8  2007      81,8 обл.бюд.
6Атырау ауыл өңірі
(Зарослый,Жаңа Талап,
Атырау, Құрманғазы)     28     112                2004       112 обл.бюд.
7 Балықшы пос.         10,5     42                2004        42 обл.бюд.
8 Курилкино ауылы       2,1    8,4                2005       8,4 обл.бюд.
9 Ширина пос.           1,4    5,6                2004       5,6 обл.бюд.
10 Водниково пос.       1,1    4,4                2004       4,4 обл.бюд.
11 Еркінқала а.1   63                  8    72    2005       135 обл.бюд.
12 Ракуша      1   53                  6    54    2005       107 обл.бюд.
13 Геолог ауылы         6     24                  2004        24 обл.бюд.
14 Бірлік ауылы         2,6   10,4                2004      10,4 обл.бюд.
15 Дамба ауылы                         2    18    2006       18 обл.бюд.
Индер ауданы   4  210  17,95  71,5    21,5 193,5     0      475 
16 Индербор пос.        4,2   16,5                2003      16,5 обл.бюд.
17 Индербор пос.1  75  13,75  55      10,1  90,9  2004     220,9 обл.бюд.
18 Аққала ауылы 1  45                  1,2  10,8  2006       5,8 обл.бюд.
19 Гребенщик ау.1  45                  1,1   9,9  2007      54,9 обл.бюд.
20 Құрылыс      1  45                  1,2  10,8  2007      55,8 обл.бюд.
21 Жерсуат ауылы                       1,8  16,2  2008      16,2 обл.бюд.
22 Зеленый ауылы                       4    36    2005      36   обл.бюд.
23 Бөдене ауылы                        2,1  18,9  2009      18,9 обл.бюд.
   Исатай ауданы 8 450   9    14      28   252             716 
24 Аққыстау      1  63                 7    63    2006     126  респ.бюд.
25 Аққыстау              9    14                  2003      14   обл.бюд.
26 Х.Ерғалиев    1  63                 7    63    2005     126  респ.бюд.
27 Жанбай        1  63                 7    63    2005     126   обл.бюд.
28 Исатай станс. 1  63                 4    36    2007      99   обл.бюд.
29 Нарын         1  45                 2    18    2008      63   обл.бюд.
30 17 бекет      1  45                 1     9    2008      54   обл.бюд.
31 Заборын       1  45                            2005      45   обл.бюд.
32 Чапаев        1  63                            2006      63   обл.бюд.
  Құрманғазы ау. 8 504   15   25    141,5  1203,5         1732,5 
33 Ганюшкино             15   25                  2003      25   обл.бюд.
34 Өрлі ауылы 
   (Калинин)     1  63                5      45   2004     108   обл.бюд.
35 Нұржау ауылы  1  63                6      54   2004     117   обл.бюд.
36 Дашино        1  63               10      90   2004     153   обл.бюд.
37 Сафоновка ау. 1  63                9      81   2004     144   обл.бюд.  
38 Көптоғай ау.  1  63                5      45   2004     108   обл.бюд.
39 Приморье ау.                      7,5    67,5  2004      67,5 обл.бюд.
40 Қызылоба ау.  1  63                8     72    2007     135  респ.бюд.  
41 Ақкөл ауылы   1  63               13     117   2004     180   обл.бюд.
42 Жыланды ауылы 1  63               15     135   2007     198  респ.бюд.
43 2-ші шеретті 
Қоянды су құбыры                     63     497 2004-2005  497  респ.бюд.
Махамбет ауданы  3 153  35,3  138,5  22,4   201,6          493,1
44 Сартоғай ау.  1  63                5,2    46,8 2004     109,8 обл.бюд.
45 Береке        1  45                4,2    37,8 2007      82,8 обл.бюд.
46 Еңбекшіл      1  45                3      27   2007      72  респ.бюд.
47 Махамбет а.          30    120    10      90   2007     210   обл.бюд.
48 Махамбет а.           1,6    3,7               2003       3,7 обл.бюд.
49 Чкалов                3,7   14,8               2004      14,8 обл.бюд.
Қызылқоға ауд.  3 189   3,1    7,03 104,2  974,8         1170,83 
50 Миялы         1  63                 13,2 118,8 2004    181,8 респ.бюд.
51 Миялы                 3,1    7,03              2003       7,3 обл.бюд.
52 Қызылту 
(Жасқайрат)      1  63                 19   171   2004      234 респ.бюд.
53 Жангелдин     1  63                 10    90   2004      153 респ.бюд.
54 Сағыз-Мұқыр 
топтық су құбыры                       41   405  2005-2006  405 респ.бюд.
55 Қосқұлақ-Тасшағыл
топтық су құбыры          21    190     21   190  2004-2005  190 респ.бюд.
56 Жылыой ауданы          39    156     56   510,5           666,5
57 Құлсары қ.                           11   110,5 2003      110,5 ТШО
58 Құлсары қ.             39    156                2004      156 обл.бюд.
59 Құлсары-Тұрғызба-
Шоқпартоғай-Ақкиізтоғай 
топтық су құбыры                        45   400   2005      400 респ.бюд.
   Мақат ауданы           64,1  579                          579 обл.бюд.
60 Мақат ауылы             4,1    9                2003        9 обл.бюд.
61 Атырау-Мақат           60    570                2005      570 обл.бюд.
   су құбыры
   Жиынтығы    29  2575  292,8  2294,4 597,8 4883,7        9753,13

"2003-2010 жылдарға арналған ауыз су" аймақтық
бағдарламасы іске асыруға қажетті қаражаттар

--------------------------------------------------------------------- Ұстанымның | 003 жыл  |    2004 жыл  |   2005 жыл  |    2006 жыл
атауы  |бар- обл.респ.|бар- обл.респ.|бар- обл.респ.|бар- обл.респ.
       |лығы          |лығы          |лығы          |лығы
---------------------------------------------------------------------
Су тазартқыш 
қондырғыларының
құрылысы                    705  516   189    287  224  63   171  108   63
Су тазартқыш
қондырғыларын 
күрделі жөндеу              400  400          500  500 
Су құбыры 
желілерінің 
құрылысы      110,5  111   1017  637,2 379,8  998  935  63  756,8 693,8 63
Су құбыры 
желілерін 
күрделі жөндеу1151,8 1152  432,6  432,6       590  590 
Топтық су
құбырларының 
құрылысы                    290         290   997       997  205
Барлығы     1262,3  1262  2844,6 1986  858,8 3372 2249 1123 1133 801,8 331
--------------------------------------------------------------------- графаның жалғасы
---------------------------------------------------------------------
  Ұстанымның       |      2007 ж.     |2008 ж.|2009ж.|   Жиынтығы |     |
    атауы          |бар- обл. респ.   | обл.  |обл.  |бар- обл.   |респ.|
                   |лығы              |       |      |лығы        |   ---------------------------------------------------------------------Су тазартқыш
қондырғыларының
құрылысы       422  251    171  90               1675   1189    486
Су тазартқыш
қондырғыларын 
күрделі жөндеу                                     900    900 
Су құбыры 
желілерінің 
құрылысы      47,3 213,3  234  43,2      18,9  3391,7  2651,9   739,8 
Су құбыры 
желілерін 
күрделі жөндеу      120                         2294,4  2294,4     0
Топтық су
құбырларының 
құрылысы                                       1492       0    1492
Барлығы     869,3 584,3  405  133,2     18,9  9753,1  7035,3  2717,8

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады