Туберкулезбен ауыратын науқастарға бiр жолғы әлеуметтiк көмек көрсету туралы

Жаңа

Екінші сайланған Атырау облыстық Мәслихаты кезектен тыс ХVI сессиясының шешімі 2002 жылғы 6 ақпандағы N№192-II. Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 21 наурызда N 839 тіркелді.

      Облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 168-II санды ХV сессиясының "2002 жылға арналған облыстық бюджетi туралы" шешiмiне сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 30 желтоқсандағы N 751 "2002 жылғы Денсаулық жылы деп жариялау туралы" U010751_ Жарлығын орындау және туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында II сайланған облыстық Мәслихаттың кезектен тыс ХVI сессиясы шешiм еттi:

      1. Туберкулезбен ауыратын науқастарға "Бурабай" туберкулезге қарсы


      емдеу санаторийiне бару үшiн жолына бiр жолғы әлеуметтiк көмек көрсету

      белгiленсiн.

      2. Облыс әкiмiнiң 2002 жылғы 21 қаңтардағы N 371-а шешiмiмен

      енгiзiлген туберкулезбен ауыратын науқастарға "Бурабай" туберкулезге қарсы

      емдеу санаторийiне бару үшiн жол ақысын төлеуге бiр жолғы әлеуметтiк көмек

      көрсету тәртiбi бекiтiлсiн.

      Облыстық Мәслихат

      ХVI сессиясының төрағасы

      Облыстық

      Мәслихаттың хатшысы

      Атырау облысы әкiмiнiң

      2002 жылғы 1 ақпан N№87 шешiмi

      Туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік

      көмек көрсету тәртібі туралы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылдың 30 желтоқсандағы N 751 U010751_ "2002 жылдың Денсаулық Жылы болып жариялануы туралы" жарлығының орындалуы, туберкулезбен ауыратын науқастарға бір жолдық әлеуметтік көмек көрсету мақсатында шешім етемін:

      1. Ұсынылып отырған туберкулезбен ауыратын науқастарға Ақмола облысы


      "Бурабай" туберкулезге қарсы санаториясына бару үшін бір жолдық әлеуметтік

      көмек көрсету тәртібі облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітілуге

      ұсынылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары

      Т.Қ. Мұрсалиеваға жүктелсін.

      Облыс әкімі

  Атырау облыстық Мәслихатының
2002 жылғы 6 ақпандағы
N 192-II шешiмiне қосымша
  Туберкулезбен ауыратындарға Ақмола облысы "Бурабай"
  туберкулез ауруына қарсы санаториясына бару үшін бір
  жолғы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
  1. Жалпы ережелер

      1. Туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік көмек көрсету жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың азаматтардың денсаулығын жақсарту мақсатында берілетін әлеуметтік көмегінің бір түрі болып есептеледі.

      2. Туберкулезбен ауыратын науқастарға берілетін бір жолдық әлеуметтік көмекке заңсыз төленген сома кінәлі адамдар есебінен, қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіппен қалпына келтірілуге жатады.


      2. Тағайындау тәртібі


      3. Туберкулезбен ауыратын науқастарға бір жолдық әлеуметтік көмек денсаулық сақтау департаментімен жылына бір рет тағайындалады және төленеді.

      4. Әлеуметтік көмек алу үшін еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне келесі құжаттар ұсынылады:

      әлеуметтік көмек тағайындау жөнінде жеке арызы;

      салық төлеушінің тіркеу нөмірі және жеке әлеуметтік кодының көшірмесі;

      санаторияға аудандық немесе облыстық тубдиспансер бас дәрігерінің қолы мен мөрі қойылған жолдамасы;

      санаторияда емделген уақытындағы ауру жағдайының тұжырымы;

      жол құжаттары (екі бағыт үшін).

      5. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді, нәтижесі арыз иесіне жазбаша түрде хабарланады.


      3. Қаржыландыру және төлем тәртібі


      6. Туберкулезбен ауыратын науқастарға бір жолдық әлеуметтік көмек көрсетуді қаржыландыру осы мақсатқа қаралған жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      7. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті әр айдың 5 жұлдызына дейін өткен айда тағайындалған әлеуметтік көмек алушылар контингентін және бір жолдық әлеуметтік көмек тағайындалған сомасын анықтап отырады. Әлеуметтік көмек алатындардың тізімін қалыптастырып, екінші деңгейдегі банкке әр айдың 10-нан қалдырмай жібереді, сонымен қатар облыстық қаржы басқармасына өтінім түсіреді.

      8. Облыстық қаржы басқармасы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің өтінішіне сәйкес осы мақсатқа жергілікті бюджетте қаралған қаражат шегінде қаржыландыру ашады.

      9. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті есеп-шотына қаражат түскеннен кейін екі күн ішінде бір жолдық әлеуметтік көмек үшін, комиссиондық сый беруге екінші деңгейдегі банк есеп-шотына қажетті соманы аударады, сонымен қатар еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті мен екінші деңгейдегі банк арасында құрылған агенттік келісіміне сай қаржы аударады. Екінші деңгейдегі банк төлемі еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінен алған бір жолғы әлеуметтік көмек алушылардың тізімі негізінде жеке басын куәландыратын (төлқұжат, жеке куәлік) құжаттарын көрсету арқылы төленеді.


      4. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі


      10. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті бірінші айдың әр тоқсанының 5 жұлдызында екінші деңгейдегі банкпен өткен тоқсанда туберкулезбен ауыратын науқастарға бір жолғы әлеуметтік көмек бергені жөнінде тексеру актін жасап, облыстық қаржы басқармасына ұсынады. Одан басқа әр айдың 10 жұлдызына дейін белгіленген нысанмен есеп беріп отырады.

      11. Туберкулезбен ауыратын науқастарға бір жолғы әлеуметтік көмек


      беру жөнінде есеп жүргізу, бақылау және есеп беру еңбек, жұмыспен

      қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне және денсаулық

      сақтау департаментіне жүктеледі.

      12. "Бурабай" санаториясына баратын науқастарға мақсатты бөлінген

      қаражатты бақылау өкілетті органдармен жүзеге асырылады.

      13. Санаторлық-курортта емделуге заңсыз төленген сома белгіленген заң

      тәртібінде қайта қалпына келтіруге жатады.

      (Маман: Ержанова К.С.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады