Облыстық әкiмияттың 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 79 "Атырау облысының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы" қаулысын талқылап, екiншi сайланған облыстық Мәслихаттың ХVI сессиясы шешiм еттi:
1. Облыстық әкiмият ұсынған "Атырау облысының 2010 жылға дейiнгi
Стратегиялық даму жоспары" бекiтiлсiн (N№1 қосымша).
2. Қалалар және аудандар әкiмдерi, облыстық департаменттер,
басқармалар мен шаруашылық субъектiлерi "Атырау облысының 2010 жылға
дейiнгi Стратегиялық даму жоспарының" жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн.
Облыстық
Мәслихат ХУI сессиясының
төрағасы
Облыстық
Мәслихат хатшысы
Атырау облысының 2010 жылға дейiнгi
Стратегиялық даму жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 U010735_ "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму Стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығын орындау барысында облыс әкiмияты қаулы етедi:
1. Атырау облысының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары (N№1
қосымша) мақұлдансын және Мәслихаттың кезектi сессиясына бекiтуге
ұсынылсын.
2. Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыстық бөлiмдер, департаменттер
мен басқармалар жылына екi рет - 5 қаңтарға және 5 шiлдеге облыстық
экономика және кәсiпкерлiктi дамыту басқармасына Атырау облысының 2010
жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат
берiп отырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары
Е.М.Досмағамбетке жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Облыс әкiмиятының 2002 жылдың 17 қаңтарындағы N 79 қаулысына N 1 қосымша Атырау облысының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары Мазмұны |
|
I бөлiм. Атырау облысының 2010 жылға дейiнгi даму үлгiсi
II бөлiм. Әлеуметтiк саясат
1. Халық санының стратегиясы (демографиялық дамуы)
2. Бiлiм реформасының стратегиясы
3. Денсаулық реформасының стратегиясы
4. Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау стратегиясы
III бөлiм. Өнеркәсiптiк-технологиялық саясат
IV бөлiм. Агроиндустриялық саясат
V бөлiм. Көлiк инфрақұрылымы
VI бөлiм. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстары
VII бөлiм. Салық-бюджеттiк саясат
VIII бөлiм. Инвестициялық саясат
IX бөлiм. Күтiлетiн нәтижелер
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауымен белгiленген
Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi ұзақ мерзiмдi даму Стратегиясының алдын
ала кезеңiн iске асыру мақсатында Атырау облысы әкiмiнiң 1998 жылғы 26
сәуiрдегi N 156-шешiмiмен Атырау облысының 1998-2000 жылдарға арналған
әлеуметтiк-экономикалық дамуының Стратегиялық жоспары қабылданып, жүзеге
асырылды.
Облыстың 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары Атырау
облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдi перспективасының
мiндеттерiн шешуге бағытталған.
I бөлім
Даму үлгісі
1. Бастапқы жағдайлар
Мұнайгаз өндiру және өңдеу, ауылшаруашылығы және балық салалары облыс экономикасының басым бағыттары болып табылады, оның басым үлес салмағы отын-энергетикалық кешенiне тиедi.
2001 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 436,2 млрд. теңгеге жеттi, жалпы көлем индексi 2000 жылға қарағанда 116,8 % құрады. Өндiрiс көлемiнiң өсуiне жалпы облыс көрсеткiшi үлесiнiң 94 пайызынан артығын құрайтын мұнай өндiру саласы кәсiпорындарының және әлемдiк рыноктегi көмiрсутегi шикiзаты бағасының жоғарғы деңгейi есебiнен қол жеткiзiлдi.
2001 жылы тау-кен өнiмдерiн өндiру өнеркәсiбiнде 404,0 млрд.теңгенiң өнiмi өндiрiлдi, жалпы көлем индексi 2000 жылмен салыстырғанда 18,2% артты.
15,6 млн. тонна мұнай өндiрiлдi, ол 2000 жылғы деңгейден 15,9 % артық.
Өңдеу өнеркәсiбiнде 2001 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айына дейiнгi кезеңде 26.3 млрд.теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, 2000 жылмен салыстырғанда өндiрiс көлемi 4,1%-ға артқан.
Электр қуатын, газ және су өндiру және тарату көлемi 5,8 млрд.теңге құрады. Электр қуатын өндiру және тарату 7,7%, бумен және ыссы сумен қамту 7,4%, су жинау, тазалау және тарату 20,7% көбейген.
Кәсiпорындар мен мекемелердiң инвестициялық белсендiлiгi артты. 2001 жылы негiзгi капиталға инвестиция жұмсау көлемi 182,1 млрд.теңге құрады, 116,1 мың текше метр тұрғын үй тапсырылды.
Ауылшаруашылығы өндiрiсiнде шамалы төмендеу байқалады. Өткен жылы ауылшаруашылығы өнiмiнiң жалпы көлемi ағымдағы бағада 4,9 млрд.теңге құрады, яғни 2000 жылға қарағанда 3,2%-ға кем.
Сыртқы сауда айналымы құрылымында шикiзаттық бағыт басым болып отыр. 2001 жылы сыртқы сауда айналымы 2000 жылмен салыстырғанда 6,1 %-ға азайып, 2,7 млрд. Америка Құрама Штаттары долларын құрады. Экспорт көлемi 2,1 млрд. Америка Құрама Штаттары долларын, импорт - 0,6 млрд. Америка Құрама Штаттары долларын құрады. Экспорттың импорттан басымдығы 3,5 есе.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны, осы салада жұмыс iстейтiндер саны, өндiрiлетiн өнiм көлемi тұрақты өсуде. 2001 жылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 12745 бiрлiк болды, яғни 2000 жылғы көрсеткiштен 8,2% артық.
2001 жылы шағын кәсiпкерлiк саласында өндiрiлген өнiм көлемi 17,4 млрд.теңге, жұмыс iстейтiндер саны - 32,9 мың адам, 2000 жылға қарағанда өсiм 104,2% құрады.
Мұнай өндiрушi сала кәсiпорындарының тұрақты жұмысы, еркiн теңге бағамының енгiзiлуi, облыстың iрi салық төлеушiлерiнiң мониторингiсiн жүргiзу және қазыналық органдары тарапынан салықтарды әкiмшiлiк қадағалауы салық түсiмiнiң неғұрлым көбеюiне мүмкiндiк бердi.
Салық және бюджетке түсетiн басқа төлемдер сомасы 2002 жылдың 1 қаңтарына болжамдағы 94,9 млрд.теңге орнына 146,4 млрд.теңге құрап 154,0 %-ға орындалды.
2002 жылдың 1 қаңтарына облыс бюджетi, болжамдағы 46,8 млрд. теңгенiң орнына, нақты 48,5 млрд. теңге түстi, 104,0% орындалды.
Облыстың тұрақты халқының саны 2001 жылдың 1 қарашасына жүргiзiлген санақ қорытындысы бойынша 449,4 мың адам болды.
Облыс халқының үлесi Қазақстан Республикасы халқы жалпы көлемiнiң 3,0% құрайды.
Облыс халқының саны табиғи өсу есебiнен көбеюде. Атырау облысы халық саны бойынша Қазақстан Республикасының батыс аймағындағы облыстар iшiнде үшiншi орын алады.
Еңбек нарығын сипаттайтын талдау жұмыс сұрап келушiлер санының жыл сайын өсiп отырғанын көрсетедi.
Экономика саласында жұмыс iстейтiндер саны кемуiнiң негiзгi себебi
өткен жылдары жұмыс көлемiнiң азаюынан қызметкерлердi жұмыстан босату,
жұмыс көлемiнiң қысқаруы, өндiрiстi саралау және қайта құрылымдау, төлем
қабiлетi жоқтығынан кәсiпорындарды тарату, сондай-ақ жасырын жұмыссыздық
болып табылады.
2002 жылдың аяғына облыс бойынша жұмыссыздық деңгейi экономикалық
белсендi халықтың 4,6% құрады. 2001 жылдың аяғында бұл көрсеткiштi тоқтап
тұрған кәсiпорындарды сауықтыру, жаңа өндiрiстердi iске қосу, соның iшiнде
шағын кәсiпкерлiк желiсi бойынша, қосымша жұмыс орындарын ашу және
жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру есебiнен 4,3% дейiн кемiтуге қол жеттi.
2. Мақсаты
Ұзақ мерзiмдi бәсекелестiк қабiлеттегi - экономика негiздерiн құру.
2010 жылға қарай жан басына шаққандағы iшкi жалпы өнiм деңгейiн екi
есе арттыру.
3. Даму үлгiсi
Өнеркәсiп әлеуметiн арттыру.
Инфрақұрылымды дамыту.
Инвестициялық саясат.
Бюджет-салық саясаты.
Әлеуметтiк саясат.
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту.
Экология және қоршаған ортаны қорғау.
3.1. Өнеркәсiп әлеуметiн ұлғайту
3.1.1. Тау-кен өндiру өнеркәсiбi қуаттарын дамыту
Тау-кен өндiру өнеркәсiбi қуаттарын дамыту құрылықтағы сияқты Каспий теңiзi қайраңында да жаңа кен орындарын iске қосу есебiнен 2010 жылға дейiн мұнай өндiру көлемi 75,9 млн. тоннаға және газды 12 млрд. текше метрге көбеюiне байланысты болады.
3.1.2. Өңдеу өнеркәсiбi қуаттар дамуы
Өнеркәсiп өнiмi көлемiн орта есеппен 110-120% көбейту, соның iшiнде:
мұнай өңдеу бойынша "Атырау Мұнай өңдеу зауыты" ашық акционерлiк қоғамында
жаңғырту және өңдеу тереңдiгiн арттыру есебiнен;
Полипропилен химия өндiрiсi және одан шығатын өнiмдi қалпына келтiру
бойынша ("Полипропилен зауыты");
Мәшине жасау кешенi ("Заман-Нефтемаш") - "Шельф" акционерлiк қоғамы
бойынша;
Полиэтилен құбырын шығару бойынша, "Шеврон Мұнайгаз Инк" компаниясы;
қуаты 1 мың тонна/сағат күкiрттi түйiршiктеу қондырғысының құрылысын салу
оны жол құрылысында пайдалану.
3.1.3. Мұнай мәшине жасау өнеркәсiбi саласын дамыту
Тапсырыстарды көбейту ("Заман-Мұнаймаш"және "Шельф" акционерлiк
қоғамы):
"Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясынан.
"ҚазТрансОйл" жабық акционерлiк қоғамынан.
Әскери тапсырыстар алу:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнен.
Айырбастау бағдарламасын жүзеге асырудан.
3.1.4. Құрылыс индустриясының дамуы
Қызылқоға және Махамбет аудандарындағы балшық кен орындарын пайдаланып, кiрпiш зауытының құрылысын жобалау және салу. Аққыстау кентi кiрпiш зауытындағы қабырғалық материалдың Құрманғазы ауданының кен орнынан сапасы жоғары балшықты жеткiзу негiзiнде оның тұздылығын азайту есебi мен сапасын және бояғыштар есебiнен көркемдiлiгiн арттыру. "Индерқұрылысиндустрия" жабық акционерлiк қоғамында шығарылатын өнiмдердiң номенклатурасын кеңейту: қабырғалық панелдер, ғанышты картон, жаяу жол плиткасы, кiрпiш, керамзит-бетонды, арқақабырға және төбелiк блоктар, құм, қиыршықтас және басқа инерциялық материалдар.
Құрылыс және құрылыс индустриясы объектiлерi
Тұрғын үй: Муниципалдық облигацияларды шығару есебiнен екiншi деңгейдегi банкiлерден ипотекалық несиелеуге несие қаржы алу;
"Тұрғын үй жинағы" тетiгiн енгiзу, ипотекалық несиелеудi дамыту;
"Тенгизшевройл деревнясының" университет жақ жағалаудағы тұрғын
үйлер, "Финтрако" тұрғын үй қалашығының, басқа инвесторлар есебiнен 500
пәтердiң құрылысы "Бонита Инжиниринг" тұрғын үй кешенi;
600 пәтерлiк "Қазақойл-Ембi" ашық акционерлiк қоғамының тұрғын үй
кешенi, "Даир" жауапкершiлiгi шектелулi серiктестiгiнiң тұрғын үйi;
42 пәтерлiк "Алматыгорстрой" элиталық тұрғын үйлерi қонақ үйi және
мейрамханасы бар CRE тұрғын үйi, "Шамаев А" жеке кәсiпкерлiгiнiң 30
коттедждiк тұрғын үйлер кешенi;
Қонақ үйлер:
"Ақ жайық", "Атырау" қонақ үйлерiн жаңарту;
жеке кәсiпкер Жамалитденовтың мейрамханасы бар үш қабатты қонақ үйi;
"РСД" тобының 90 орындық қонақ үйi;
"Ренко-Кат" қонақ үйiн салу;
"Шағала" қонақ үйiне жапсырма құрылыс;
Бизнес-офистер:
Құрманғазы алаңындағы 2-3 бизнес-офис;
Теңiзшевройл" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң офисi;
"Казтрансойл" жабық акционерлiк қоғамының офисi;
"Атырау Плаза" Бизнес орталығы, "Алматыгорстрой" Бизнес орталығы,
"Каспий ЛТД" Бизнес орталығы;
"Capital Real Estate" бизнес-орталығы, "Свифт" компаниясының
офисi; "Каспий ЛТД" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң офисi;
Супермаркет:
500 орындық мейрамханасы бар "Абылайхан" сауда кешенi;
"Меркур ТАУН" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң автоорталық
кешенi;
Мейрамханалар:
"Заманмұнаймаш" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң мейрамханасы
мен боулинг орталығы;
Ойын-сауық объектiлерi:
"Атыраунефта" салтанат залы;
"Қазақойл" Атырау мұнай өңдеу зауытының дене шынықтыру кешенi;
"Каспийстройконтракт" мәдени көңiл көтеру кешенi;
"Сорочинка" демалыс аймағы;
Университеттiң спорттық кешенi;
Екi қабатты "Отау синема" кинотеатры;
Құрылыс индустриясы:
полиэтилен құбыры зауыты - 2002 жылдан бастап "Шеврон"
корпорациясының инвестициясы;
кiрпiш зауыттары (инвесторлар iздестiру);
асфальт зауыты ("Алматыинжстрой");
металл жабынды зауыты;
темiр-бетон бұйымдарының зауыты (инвесторлар iздестiру);
гипсокартон зауыты (2001 жылы iске қосылды).
3.1.5. Импорталмастыру
Республикадан тыс жерлерден әкелiнетiн тауарлардың номенклатурасы
бойынша электрондық мәлiметтер базасын құру және олардың отандық
зауыттарда және кәсiпорындарда шығару мүмкiндiгi, соның iшiнде топтар
бойынша:
Жабдықтар, қосалқы бөлшектер;
Құрылыс материалдары және қызмет көрсетулер;
Мұнай химиясы өнiмдерi;
Тамақ және өңдеу өнеркәсiбiнiң тауарлары;
Сервистiк қызмет көрсетулер.
Iшкi ресурстарды және жұмыс iстеп тұрған қуаттарды пайдалану жөнiнде
шетел және отандық компаниялармен жұмыс.
Үкiметпен және басқа орталық атқарушы органдармен тиiстi нормативтiк құжаттарды дайындау үшiн өзара қарым қатынас жасау, импорт алмастыру бағдарламасы бойынша iс-шараларды жүзеге асыру.
Ақпараттық кеңiстiк және өзара тиiмдi ынтымақтастық құру үшiн әр түрлi көрмелер, конференциялар, жәрмеңкелер өткiзу.
Компаниялардың халықаралық үлгiдегi "Сапа сертификаты және менеджментi" 9000-9005 сериясына сәйкес сапалы өнiм шығаруға көшуi.
3.1.6. Ауылшаруашылығы даму бағыттары
2001-2002 жылдарға арналған ауылшаруашылығы өндiрiсiн дамытудың аймақтық бағдарламасын iске асыру;
Экономикалық реформаны тереңдету, шағын және орта бизнес субъектiлерiн қаржылай қолдау, село халқының жұмыспен қамтылуын арттыру;
Мемлекеттiк ресурстардан Пилоттық жоба бойынша ауылшаруашылығы өндiрiсiн несиелендiру;
Асыл тұқымды шаруашылықтарды дамыту, мал басының, соның iшiнде мүйiздi iрi қара басының санын 5,1% көбейту, түйенi - 2,9% және мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн 2,5% және өсiмдiк шаруашылығын 5,6% арттыру;
Көтерме-дайындау құрылымы, мәшине-технологиялық стансалар жүйелерiн дамыту;
Өсiмдiк зиянкестерiмен және ауруларымен күрес;
Ирригациялық жүйенi дамыту.
3.1.7. Балық шаруашылығы
Балық шаруашылығы су айдындарына күрделi мелиорация жүргiзу (Жайық -
Каспий теңiзi арнасында, өзен, ерiктерде, табиғи уылдырық шашатын орындар
түбiн тереңдету жұмыстары);
Жаңа бекiре балығын өсiретiн зауыт салу;
Жаңа технологияны игеру және енгiзу (креветка өсiру, тауарлық бекiре
шаруашылығы);
Балық аулайтын шаруашылықтарды техникалық жағынан қайта жарақтандыру
("Өзен-Теңiз" үлгiсiндегi кемелер, балық аулайтын жабдықтар сатып алу),
балық өңдеудi жақсарту;
Құрманғазы ауданында "Атыраубалық" акционерлiк қоғамының балық өңдеу
зауытын салу.
3.2. Инфрақұрылымды дамыту
3.2.1. Теңiз мұнайгаз инфрақұрылымын дамыту
Теңiз мұнайгаз инфрақұрылымының дамуы Каспий қайраңындағы мұнай мен
газдың айтарлықтай қорының ашылуына байланысты.
Жолдары:
Облыс әкiмшiлiгiнiң Батыс Қазақстан инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi үйлестiру комитетiнiң жұмысына қатысуы, "Аджип Казахстан Каспион Оператинг", "Тенгизшевройл" басқару органдарындағы өкiлдiгi;
Теңiз терминалының дамуына әр түрлi қаржы көздерiнен қаражат, жабдықтау базасын және тағы басқалар тарту;
Теңiз мұнайгаз инфрақұрылымын дамытумен айналысатын компаниялар үшiн
салық төлеу және ынталандыру тетiктерiн дайындауға қатысу.
3.2.2. Тұрба құбыры тасымалының дамуы
Облыста айтарлықтай өндiрiстiк база құрылып қалыптасуда. 2001 жылдың
қарашасында жылдық өткiзу қабiлетi 28 млн. тонна, ұзындығы 1580 шақырым
Каспий тұрба құбыры консорциумының "Теңiз-Новороссийск" мұнай құбыры
пайдалануға берiлдi, екiншi кезеңiн iске қосу қуатын 67 млн. тоннаға
жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Үлкен Шаған-Атырау мұнай құбырының, баламалық экспорттық құбырларының
құрылысы.
3.2.3. Қала және кенттердi көрiктендiру
Жердi құрғату дренаждық жүйесiн құру;
Нөсерлiк канализацияның құрылысы;
Жолдар салу;
Кварталдарды көркейту;
Парктердi көгалдандыру және ұйымдастыру.
3.2.4. Көлiк инфрақұрылымының дамуы.
Өйғаш өзенi арқылы Ресей жақтың қатысуымен (50%) көпiр салу;
"Қазақстан Темiржолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның қаржысы
есебiнен Атырау қаласының темiр жол вокзалын жаңарту аяқталды;
Атырау қаласы өзен портын жаңарту-инвестор iздеу;
Жайық-Каспий теңiзi арнасының табанын тереңдету жұмыстарын үнемi
жүргiзу;
Атырау қаласында Жайық өзенi арқылы қосымша 1 жаяу жүргiншiлер
көпiрiн салу.
3.2.5. Мәдениет, спорт және денсаулық сақтау саласының дамуы:
Теледидарламаны жаңғырту және облыстың барлық аудандарын
Қазақстандық арналардың телехабарлар желiсiмен қамту;
Атырау мәдениет қайраткерлерi мен жас дарындардың ел iшiнде және
шетелдерге гастрольге шығуларын ұлғайту;
Атырауға отандық және шетелдiк шығармашылық ұжымдарды гастрольге
шақыру;
Көкшетауда Атырау облысының мәдениет күндерiн өткiзу;
Кiшi саз академиясында классикалық саз сыныптарын ашу;
Симфониялық оркестр құру;
Дарынды балалар үшiн спорт және ат-спорты бөлiмдерiн және
мектеп-интернатын кеңейту;
Ипподром салу;
"Буревестник" стадионын жаңғырту;
Футболдан жоғары лига командасын құру;
Компаниялар қаржысы есебiнен бiлiм қорын құру;
"Бизнес-инкубатор" құру - "Тенгизшевройл" мекемесiнiң қаржысы бөлiндi;
Мектептер салу;
Облыстық аурухана мен Махамбет поселкесiнде аудандық аурухананы
тапсыру;
Туберкулез мектеп-интернатын кеңейту;
Туберкулезбен күрестi күшейту;
"Геолог" санаториясын жаңарту және оны жыл бойы жұмыс iстеуге көшiру;
"Мұнайшы" денешынықтыру-сауықтыру кешенiн салу.
3.3. Инвестициялық саясат. Негiзгi бағыттары
Қарызға алу лимитi бойынша (млн теңге) 2001 жылы:
а) Әлемдiк Банктiң қарызы есебiнен жергiлiктi бюджетке несие:
Атырау қаласын сумен жабдықтау және санитариясы Пилоттық жобасы -
759,0
б) Атырау облысының 2001 жылға арналған аймақтық Инвестициялық
бағдарламасының жобасы:
Муниципалдық тұрғын үй құрылысы - 550,0
Облыстың 7 елдi мекендерiндегi су тазарту қондырғыларының құрылысы
- 431,0
Металл жабынды өндiретiн шағын зауыттың құрылысы - 193,3
Елдi мекендердi газдандыру - 930,0
Жол құрылысы - 519,6
Баспахана құрылысы - 127,4
в) Қайта құру және даму Еуропалық Банкiсiнiң қарызы есебiнен
жергiлiктi бюджетке несие
Атырау қаласының аумағын жерасты суларынан инженерлiк қорғау - 903,0
2001 жылға арналған Республикалық бағдарламалар бойынша:
Атырау мұнай өңдеу зауытын қалпына келтiру - 308,0 млн $;
Атырау аэропортының ұшу-қону алаңын қалпына келтiру - 20,0 млн $;
Атырау-Орал автожолын қалпына келтiру (Жапония қарызы) - 34,0 млн $;
Атырау-Астрахань автожолын жөндеу - 139,0 млн.теңге;
Доссор-Құлсары-Бейнеу автожолын жөндеу - 16,1 млн. теңге;
Атырау-Орал автожолын жөндеу - 17,3 млн. теңге.
2001 жылы тiкелей инвестициялар жұмсалу есебiнен:
"Тенгизшевройл" офисiнiң құрылысы;
"Тұрғын үйлер қалашығын" қалпына келтiру;
"ҚазТрансОйл" офисiнiң құрылысы;
"КазТрансОйл" тұрғын үйлерiнiң құрылысы;
"Ақ жайық" қонақ үйiн қалпына келтiру;
"Атырау" қонақ үйiн қалпына келтiру;
"Ренко Кат" офисiн салу.
3.4. Бюджет-салық саясаты
Қатаң қаржылық әкiмшiлiк ету (басқару);
Бюджеттiк бөлiну;
Бюджеттiк алулардың негiздемелiк тетiктерiн енгiзу;
Салық салу базасын кеңейту, бюджеттi толықтырудың қосымша көздерiн
қарастыру;
Нормадан тыс табиғатты пайдаланғаны үшiн айыппұлды көбейту, жылу
шығарындылары үшiн төлемдi енгiзу, соның iшiнде Тенгизшевройл мекемесi
үшiн.
3.5. Әлеуметтiк саясат
3.5.1. Кедейшiлiкпен күрес
Әлеуеттi жұмыспен қамтуларды айқындауға бағытталған шараларды әзiрлеу;
Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету;
Жұмыссыздарды кәсiби дайындауға және қайта оқытуға тарту.
3.5.2. Жоғары бiлiктi жергiлiктi кадрлар дайындау және жұмыспен қамту
Жаңа жұмыс орындарын құрудың мониторингiсiн өткiзу;
Жергiлiктi мамандарды бағдарлау және қайта даярлау жөнiнде шаралар
әзiрлеу;
Бiлiм үдерiсiнiң сапасын арттыру жағдайын қалыптастыру;
Кәсiби дайындау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру жөнiндегi
аймақтық оқу орталығын құру.
3.5.3. Аз қамтылғандарды және қарттарды қорғау;
Жылу төлемiн азайту;
соның iшiнде:
қызмет ұсынушылар есебiнен соғыс ардагерлерiне 50% жеңiлдiк;
Барлық аз қамтылғандарды кәсiпорындардың қарамағына бекiту;
Әрбiр отбасында бiр адамның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
3.6. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту
3.6.1. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту
Кәсiпкерлiк қызметтiң дамуына қолайлы жағдай жасау;
Шағын кәсiпкерлiк саласын кеңейтудiң кешендi жолын әзiрлеу;
Кәсiпкерлiкке кадр дайындаудың тиiмдi жүйесiн ұйымдастыру;
Каспий маңы аймағына тұрақты дамыту Орталығын құру;
Бизнес-инкубаторлар құру.
3.6.2. Облыстағы шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымдары
Мақсаты:
Кәсiпкерлердiң мүддесiн кеңiнен ұсыну және заң органдарымен
мүдделерiн қорғау жөнiндегi қызметтi үйлестiру, кеңес беру қызметiн
көрсету.
Бастапқы кезде кәсiпкерлерге бизнес-жобаларды жасауға көмектесу.
Инфрақұрылымдар:
Кәсiпкерлердiң облыстық қауымдастығы (сондай-ақ, облыс аудандарында
кәсiпкерлердiң аудандық қауымдастығы және шаруа қожалықтары);
Бiрiккен ұлттар ұйымдарының даму бағдарламасының Кәсiпкерлiктi қолдау
орталығы;
Мемлекеттiк емес ұйым "Атырау Бизнес Контакт";
Сауда-өнеркәсiптiк палата;
Өнеркәсiпшiлер мен кәсiпкерлердiң республикалық одағының Атырау
филиалы;
Пилоттық шағын несиелеу орталығы;
Iскер әйелдер қауымдастығы;
Жергiлiктi кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi "Шеврон Мұнайгаз Инк"
бөлiмi;
"Айрекс" Бағдарламасы (Жұртшылыққа Интернеттi және тренингтi тегiн
пайдалануды ұсыну).
3.7. Экология және қоршаған ортаны қорғау
3.7.1. Қоршаған ортаны қорғау
Каспий экологиялық бағдарламасы;
Био әртүрлiлiгi жөнiндегi орталық;
Теңiз деңгейiнiң тербелiсi жөнiндегi орталық;
2001 жылы Атырауда көшпелi мәжiлiс өткiзу;
"Экологиялық жағдайды сауықтыру және Каспий теңiзiнiң Солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аумағын дамыту" мемлекеттiк Кешендi бағдарламасын әзiрлеу;
"Азғыр" сынақ алаңын оңалту;
"Тайсойған" сынақ аумағын жабу немесе бiр бөлiгiн мұнай өндiру жұмыстарына қайта алу;
Экологиялық лабораторияны жарақтандыру - 185,0 млн. теңге бөлiндi;
"Тенгизшевройл" мекемесiнiң газ шығарындыларына, "Аджип Казахстан Каспион Оператинг" мекемесiнiң шығарындыларына қойылатын талапты қатаңсыту;
Браконьерлiкпен күрестi күшейту;
Денсаулық және экология мәселесi бойынша Атырауда сәуiр айында
Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң көшпелi сессиясын өткiзу;
Сарқамыс кентiн көшiру;
Қоқыс өңдеу зауытының құрылысы;
37 елдi мекендерiнде су тазарту қондырғыларын орнату.
3.7.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтiк-құқықтық
базаның жағдайын жақсарту.
Нормативтiк-құқықтық базаның нашарлығынан бюджеттiң жоғалтқаны:
Жылу шығарындылары бойынша 1998-2000 жылдар ("Тенгизшевройл")
кезеңiнде - 1,2 млрд.теңге, соның iшiнде жергiлiктi - 0,6 млрд.теңге.
Қалдықтарды орналастыру бойынша 1998-2000 жылдар кезеңiнде
("Тенгизшевройл", күкiрт) - 0,7 млрд. теңге, соның iшiнде жергiлiктi -
0,35 млрд.теңге.
Мақсаты:
Әкiмият жылу шығарындылары мен қалдықтарды сақтау үшiн төленетiн
төлем бойынша нормативтiк-құқықтық базаны жедел дамытуға белсендi
араласатын болады.
3.7.3. Қоршаған ортаның құрамдас бөлiктерi бойынша табиғат қорғау
шараларын iс-қимыл бағыттары
3.7.3.1. Мұнайгаз кешенi қызметiнiң нәтижесiнде Каспий теңiзi суының
ластануының алдын алу жөнiнде:
Инженерлiк-қорғау қондырғысының құрылысы;
Мұнай кен орындары мен барлау ұңғырларын түгендеу және жою;
Теңiзге мұнай төгiлуiнiң алдын-алу жүйесiнiң әсерiн зерттеу;
Солтүстiк Каспий биоресурстарының мұнаймен ластану әсерiн зерттеу;
3.7.3.2. Топырақ-өсiмдiк жамылғысының тозуы:
Өндiру, тасымалдау және мұнай өңдеу техникасы мен жаңа технологияны
енгiзу, бұрынғысын жетiлдiру;
Бұрыннан бар мұнай қоймаларын жою;
Ағынды қабат-қабат суларының төгiлуiн жою;
Беталды пайда болған қоқыс үйiндiлерiн жою;
Өздiгiнен мұнай шығаратын ұңғыларды жою;
Мұнай кәсiпшiлiгi аумақтарының радиоактивтi ластануын жою.
3.7.3.3. Атмосфералық ауаның ластануы
Облыстық мұнайгаз кен орындарындағы iлеспе газ алауын жою;
Мұнай кәсiпшiлiктерiнде және мұнай өңдейтiн өндiрiстердегi
технологияны жаңарту;
Барлау бұрғылаудағы шығарындыларды азайтатын технологияны енгiзу;
Өнеркәсiптiк кәсiпорындарда шаң-газ ұстайтын тазарту құралын қондыру;
Отынның сапасын жақсарту, этилсiз бензин шығару.
3.7.3.4. Био әртүрлiлiктi сақтау
Жайық өзенiнiң жайылма атырауындағы су және жер ресурстарын кешендi
пайдаланудың жаңа технологиясын енгiзу;
Жабайы жануарлар мен құстардың төлдейтiн, ұялайтын, қыстайтын,
көшiп-қонатын жолдарын қорғау;
Шаруашылық жүргiзудiң жаңа нысандары негiзiнде биоресурстарды
пайдалану және ұдайы өндiру;
Ерекше қорғалатын жаңа аумақ құру;
Каспий теңiзiн қоса аймақтық биоәртүрлiлiгiн түгендеу және
мониторингiсiн жүргiзу;
Ағаш отырғызу көлемiн ұлғайту.
II бөлім
Әлеуметтік саясат
1. Демографиялық даму стратегиясы
1. Мақсаты
Халықтың санын көбейту.
2. Ахуалды талдау
Атырау облысы халықтың көшi-қон жылжымалылығы демографиялық жағдайға айтарлықтай әсерiн тигiзетiн облыстардың бiрiне жатады.
Халықтың дамуы туралы статистикалық және қолда бар барлық мәлiметтердi талдау, әсiресе соңғы он жылдықта, өмiрдiң ел алдына бiрқатар күрделi демографиялық проблемалардың қойғанын көрсеттi.
2000 жылы халық саны облыс бойынша 447,1 мың адам құрады, оның iшiнде қалалық жерде - 260,6 мың адам, ауылдық жерде - 186,5 мың адам.
80-шi жылдардың ортасынан, әсiресе, 90-шы жылдары елдiң демографиялық дамуында жаңа беталыстар байқалды. Бұған халықтың табиғи өсiмiнiң азаюы, сонымен, бiрге бұрынғы Кеңестер Одағының тарауына байланысты оның республикадан көптеп кетуi себеп болды.
Табиғи өсiмнiң жоғары деңгейiне қарамастан, облыстың халық саны соңғы жылдары олардың облыстан тыс жерлерге қоныс аударуына байланысты жәй өсуде.
Соңғы алты жылдағы халықтың орта жылдық санына талдау жасау, 2000 жылдың қорытындысымен бұл көрсеткiш 15,6 мың адамға немесе 3,4% азайғанын көрсеттi. Сонымен қатар, соңғы жылы халықтың 1,0 мың адам шеңберiнде өскенi байқалады, яғни ол шетел компаниялардың көптеп келуiне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және басқа облыстар мен көршiлес мемлекеттерден жұмыс күштерiнiң құйылуына байланысты болуда.
Ең төменгi халық санының көрсеткiшi 1998 жылға келедi, себебi 1996 жылдан бастап экономикадағы дағдарыс облыстан халықтың кетуiне, содан оның санының үнемi қысқаруына байланысты болды.
Облыстағы демографиялық ахуал туылудың кемуiне, өлiм көрсеткiштерiнiң секiрмелi болуынан қолайсыз деп бағаланады.
Экологиялық аясының ластануы, әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайдың нашарлауы және басқа да бiрқатар керi факторлар соңғы жылдары облыс халқының денсаулығы мен орта өмiр сүру ұзақтығының төмендеуiне әкелiп соқтырды. Облыс бойынша ол 55-57 жыл. Ең төменгi көрсеткiш Мақат (52-53), Исатай (53-54), Жылыой (53-56), Қызылқоға (54-56) аудандарында және қалалық жерде (56-57) байқалады.
Нарықтық экономикасының әлеуметтiк-экономикалық қиындықтары жас мөлшерi құрылымының объективтiк өзгерiстерiмен бiрге бала туылуының тез азаюына себеп болды.
Демографиялық көрсеткiштер туу деңгейiнiң төмендеуiне, өлiмнiң жоғары деңгейiне және соған сәйкес халықтың табиғи өсiмiнiң төмендеуiне, яғни бiр-бiрiне байланысты процестермен негiзделедi. Туылған бала саны 1995 жылдан 2000 жылға дейiн 9620-дан 8235-ке дейiн азайған.
Халықтың көшi-қон ағымының жандану факторларының бiрi болып экологиялық факторлар, қаржы-тұрмыстық проблемалар табылады.
Халықтың көшi-қон аясындағы тиiмдi саясат саяси тұрақтылықпен облыстың дамуына көшi-қонның әсерiнiң тиiмдiлiгiн көздейдi.
Әлеуметтiк-экономикалық қиындықтар жас мөлшерi құрылымдардың объективтiк өзгерiстерiмен қатар бала туудың азаюына әкелiп соқтырды.
Қазақ әйелдерiнiң балалар санының орта есебi соңғы 10-14 жылда 4-тен 2-ге дейiн, ал орыс әйелдерiнiң - 3-тен 1.5-ке дейiн кемiген. Соңғы 10 жыл iшiнде қазақ жанұяларында дүниеге келген балалар саны 35 пайызға азайған.
Өткен жылы облыста өлiм көрсеткiшi төмендедi. Тiркелген өлiм саны 3631 адам құрады, бұл 1999 жылдың көрсеткiшiнен 2,1 пайызға кем. Бұл көрсеткiштiң төмендеуi Индер, Қызылқоға аудандары мен Атырау қаласынан басқа облыстың барлық аудандарында байқалды. Облыс бойынша жалпы өлiм коэффицентi 1000 адамға шаққанда 8,9 құрады. Қалалық елдi мекендерде бұл коэффициент 10,1, ал ауылдық жерде 7,9 құрады.
Өткен жылы 1999 жылмен салыстырғанда тiркелген некелер саны 424-ке
өскен. Осы кезеңде 644 ажырасу фактiсi тiркелген (1999 жылы 543 болған).
Халық санының көбеюiне, сонымен қатар, белсендi көшi-қон саясаты, шет
елдегi қазақ диаспорасының өзiнiң тарихи отанына қайтып келуге ниетiнiң
болуы ықпал етуде. 1999-2000 жылдарда облысқа Ауғанстан, Өзбекстан,
Түркменстан, Иран Ислам Республикасынан 26 оралмандар отбасы көшiп келдi.
2.1. Мықты жағы
Халықтың жыныс-жастық құрылымы мен медициналық жасы оның жастығын
көрсетедi.
Этникалық қазақтардың өз тарихи отанына қайта оралуы.
Тұрғын үй құрылысы дамуының басым бағыты, ипотекалық несиелендiрудiң,
муниципалдық тұрғын үйдiң, "Құрылыс жинақтары" бағдарламасының енгiзiлуi.
2.2. Осал жақтары
Халық өлiмiнiң өсуiне әсер ету факторларының күшеюi.
Кедейшiлiктiң деңгейi мен тереңдiгiнiң өсуi, халықтың төлем
қабiлетiнiң төмендiгi.
Ауру және өлiм деңгейлерiн төмендетуде медициналық шаралардың сай
еместiгi.
Тууды реттеуде аборттардың негiзгi құралы болып қалуы.
Халықтың кетуiн ұстау және келуiн жандандыру жөнiндегi шаралардың
тиiмсiздiгi.
Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда тұрғын үйдiң құны өте жоғары
болуы.
2.3. Мүмкiндiктер
Шет елдегi қазақ диаспорасының өзiнiң тарихи отанына қайтып келуге
ниеттерiнiң болуы.
Қазақстанның бұрынғы азаматтарының қайтып келуiнiң өсу беталысы.
Тұрғын үй проблемаларын шешу.
2.4. Қауiптер
Қоршаған ортаның жағдайының одан әрi нашарлауы.
Бiрқатар елдi мекендерде таза су көзiнiң жоқтығы.
Әлеуметтiк инфрақұрылымның артта қалуы.
3. Стратегиялық міндеттер
Халықтың санының көбеюiнде басты роль атқаратын халықтың табиғи
өсуiнде, сонымен қатар халықтың көшiп кетуiн азайту.
Келесi он жылдықтың басты мiндетiне сай халықтың қоныстану аясында
негiзгi мiндеттер:
Тууды көбейту (тууды ынталандыру) мақсатында халықтың 90-шы жылдардың
басындағыдай репродуктивтiк тәртiп стереотипiн сақтау және қайта қалпына
келтiру.
Халықтың денсаулығын жақсарту мен қорғау.
Өлiм деңгейiн азайту және күтiлiмдегi өмiр сүру ұзақтығын көбейту.
Көшiп кету процесстерiн тоқтату және көшiп келудi жандандыру.
4. Iс-қимыл стратегиясы
Бала туылғанда берiлетiн төлемдердi прогрессивтi өсiру жүйесi бойынша, төлемдердi үнемi тағайындау арқылы тууды ынталандыру (жүктiлiк, бала туу және күту бойынша мемлекеттiк жәрдемақы).
Жанұяларға, соның iшiнде жастарға тұрғын үй проблемасын шешуге ықпал ету, тұрғын үйi жоқ жас жұбайларға бала тууына байланысты тұрғын үй несиелерiне қол жетуiн қамтамасыз ету.
Жүктi әйелдерге көрсетiлетiн медициналық қызмет және тууына көмектесу ақысыз болуға тиiс.
Жұмыс жасайтын, соның iшiнде жүктi, кiшкентай бала тәрбиелеп отырған әйелдердi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарлама жасақтап енгiзу.
Көп және орташа балалары бар отбасылардың басымдылығын насихаттау (бiр-бiрiне сүйенiш болуын, қарт ата-аналарына қамқорлықты бөлiсу).
Жасөспiрiмдер мен жастардың назарларын тарту үшiн бiлiм беру мекемелерiнде демографиялық бiлiм енгiзу.
Кеңес беру, ағарту және отбасыларын жоспарлау жөнiндегi қызмет көрсетулерге қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, аборт деңгейiн азайту мақсатында белсендi контрацептивтiк саясатты енгiзу және дамыту.
Ерлер мен әйелдердiң бедеулiгiнiң алдын алу, бедеулiктi болдыратын экологиялық проблемаларды шешу.
Иммиграциялық саясатта иммигранттарға әлеуметтiк және тұрғын үй-тұрмыстық проблемаларды шешуде нақты қолдау көрсету, иммигранттардың аймақтың әлеуметтiк және экономикалық жүйесiне тез енiп кетуiне жағдай жасау жөнiндегi шаралар алу.
Бiлiм бюджетiнде оқытудың жаңа технологияларын енгiзуге қаржы
қарастыру.
Бiлiм мiндеттерiн шешуге бюджеттен тыс қаржыларды тартуға бағытталған
ынталандыру шараларын жасақтау.
Бiлiм жүйесiн қаржыландыру айқын болу керек. Шығындар туралы ақпарат
қол жетерлiктей болуға тиiс.
Мемлекеттiк емес орта кәсiби бiлiм алу ұйымдарында қаржы
жауапкершiлiгiн заңдандыру және күшейту.
2. Білім беру реформасының стратегиясы
1. Мақсаты
Сапалы бiлiм беру бағдарламаларымен қамту және оларды елдiң қалың көпшiлiгiне тиiмдi жеткiзiлуiн қамтамасыз ететiн бiлiм берудiң қазiргi жүйесiн құру.
2. Ахуалды талдау
Облыс бiлiм беру жүйесi 192 жалпы бiлiм беретiн мектептердi, оның iшiнде 14-бастауыш, 22-негiзгi, 111,4 мың оқушылар саны бар 156-орта мектептi, сондай-ақ 541 оқушысы бар мектеп-балабақшаны, 613 оқушысы бар 3 арнайы-қосалқы мектептi, 1000 жұмыс iстейтiн жастар оқитын 3 кешкi мектептi, 8504 балалары бар 34 мектептен тыс мекемелердi қамтиды.
2001-2002 оқу жылының басында жалпы бiлiм беретiн мектептер жүйесi 9-ға артты. "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнынан 5 жалпы бiлiм беретiн мектеп берiлiп (3 бастауыш және 2 орта мектеп), 3 бастауыш мектеп ашылды (Исатай ауданында-екеу, Қызылқоға ауданында-бiреу), N-22 санды мектеп-балабақша орта мектеп болып қайта құрылды.
Қайта құру мен жаңадан мектептер ашудың есебiнен шағын комплектiлi мектептер саны 2001 жылы 30-дан 45-ке жеттi.
Ұлттық мектептер желiсi сақталды. 192 жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 127-сi ұлттық және 60-сы аралас мектептер, оларда қазақ тiлiнде 91,3 мың бала, яғни барлық оқушылардың 82% оқиды. Қазақ тiлiнде оқытатын мектептер саны көбейдi. Облыста 84 мектепке дейiнгi балалар мекемелерi, 4 жеке меншiк бала бақшалары жұмыс iстейдi. 2001-2002 оқу жылы 5-6 жастағы балалардың 8264-i мектепалды дайындықпен қамтылды: мектептерде 295 сыныпта 5586 бала, бала бақшаларда 106 топта 2678 бала дайындықтан өттi.
Мектеп-интернаттар желiсi 25 мектеп жанындағы, 3 арнайы интернаттарды, санаториялық мектеп-интернатты, жетiмдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернатты, балалар үйiн, мiнезiнде ауытқуы бар балаларға арналған мектеп-интернатты, талантты балаларға арналған 2 мектеп-интернатты қамтиды, бұларда барлығы 4933 бала оқытылып, тәрбиеленуде.
Оқушылардың мектепке дейiнгi мәселесiн облыстық бiлiм департаментi, қалалық және аудандық бiлiм беру бөлiмдерi, облыс мектеп басшылары үнемi назарда ұстайды. Облыстық барлық мектептерiнде жалпыға мiндеттi оқу қорлары құрылған.
2001-2002 оқу жылының басында облыс бойынша 12936 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етiлген, бұл 11,6% құрайды. Тегiн ыстық тамақпен 1606 оқушы қамтылған. Облыс бойынша 33270 оқушы қоғамдық тамақтандырумен қамтылған, бұл-29,1%. Бұлардың iшiнде тегiн қоғамдық тамақтандыруды 3834 оқушы пайдаланады. Балалар мен жас өспiрiмдердiң жазғы демалысын ұйымдастыруға 2001 жылы 17,3 млн.теңге бөлiндi.
Облыста мектеп кiтапханалар қорларын оқулықтарымен, оқу-әдiстемелiк және көркем әдебиеттерiмен толықтыру жұмыстары жүргiзiлiп келедi. 188,2 млн.теңгеге оқулықтар, әдiстемелiк және көркем әдебиеттер алынды. Бiлiм беру мекемелерi толықтай компьютерлендiрiлдi. Облыстың 16 мектебi Интернет желiсiне қосылған.
Орта бiлiм беру жүйесiн жетiлдiруде мынадай жетiстiктер бар: 2000-2001 оқу жылы қорытындысында үздiк оқушылар саны 13887 болды, бұл 1999-2000 оқу жылдармен салыстырғанда 275 оқушыға өстi, "4" пен "5"-ке оқитындар саны - 37833 бұл өткен жылғымен салыстырғанда 815 адамға көп. Сонымен, бiлiм сапасы оқу жылының аяғында 47,4% құрады. Мектеп бiтiрушiлердiң 244-i айрықша аттестатқа ие болды, өткен жылғымен салыстырғанда 27-ге көп, облыстың 8 мектеп бiтiрушiсi айрықша үлгiдегi аттестат пен "Алтын белгi" алды. Негiзгi мектептiң 400 бiтiрушiсi айрықша куәлiк алды. 7374 мектеп бiтiрушiлердiң 3969-ы жоғарғы оқу орындарына оқуға түстi, бұлардың iшiнде 188 бiтiрушi грантқа, 198 бiтiрушi кредит бойынша, 3583 бiтiрушi ақылы негiзде оқуға түстi. Негiзгi мектеп бiтiрушiлердiң 100-ы орта бiлiм беретiн оқу орындарында оқуларын жалғастыруда.
Облыс мектептерiнде 11,2 мың педагог қызметкерлер жұмыс iстейдi, олардың +1200-i (10,6%) жоғары санатты, 2883-i (25,6%)- бiрiншi санатты, 3310-ы (29,4 %)-екiншi санатты.
Облыста бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беретiн 20 ұйым жұмыс iстейдi, олардың 10-ы кәсiптiк-техникалық лицейлер, 7-i колледждер. Бұлардың iшiндегi 17 кәсiптiк-техникалық мектептер мен колледждер облыстық бюджеттен қаржыландырылады, мемлекеттiк емес 2 колледж және бiр ведомстволық.
Бiлiм беру мекемелерiнiң материалдық базасын нығайту мақсатында 315,0 млн. теңгеге инвентарлар алынып, 510,0 млн. теңгеге бiлiм беру мекемелерiне күрделi жөндеулер жүргiзiлдi.
2002-2005 ж.ж. және 2006-2010 жылдары кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын "Бiлiм беру" аймақтық бағдарламасы жасалуда. Жастарға кәсiптiк бiлiм берудiң аймақтық бағдарламасы жасалды.
2.1. Мықты жақтары
Бiлiм беру мекемелерiн 100% компьютерлендiру аяқталды. Мектептер мен мектепке дейiнгi мекемелерде 5-6 жастағы балаларды қамтитын мектепалды дайындық енгiзiлдi.
Мектепке бармайтын балалардың есебi жүргiзiледi. Жалпы бiлiм беретiн 192 мектепке жалпыға мiндеттi оқу қорлары жұмыс iстейдi, қордың қаржысын қалыптастыру механизмi жасалды.
Жанұялық сипаттағы балалар деревнясы ашылды.
Облыстық бiлiм беру департаментiнiң "Дене шынықтырудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" ашылды. Жетiм балалар мен мүмкiндiгi шектеулi балаларды әлеуметтiк қорғау жұмыстары жүргiзiлуде. Мектеп-интернаттар мен балалар үйлерiнiң материалдық базасын күшейту жұмыстары жүргiзiлуде.
Мектептердi талапқа сай ұстауға ата-аналарды қатыстыру қамтамасыз етiлуде.
Оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк әдебиеттермен толық қамтамасыз ету жұмыстары жүргiзiлуде.
2001 жылы бiлiм саласын бюджеттiк қаржыландыру 4683,9 млн.теңгенi құрады.
Кәсiптiк техникалық мектептер мен кәсiптiк техникалық лицейлерде ақылы түрде оқитын студенттер санының өсуi, жұмыссыз жастарды оқыту, қайта оқыту байқалады. Бiлiм берудiң мемлекеттiк және мемлекеттiк емес секторларында нарықтық экономика сұраныстарына сай мамандықтарға қайта даярлау бағдарламалары енгiзiлген.
Жалпы бiлiм беретiн мектептер жүйесiнiң, кәсiптiк-техникалық мектептер мен лицейлердiң, оларда оқитын оқушылар санының өсуi. Инновациялық сипаттағы бiлiм беру мекемелерiнде оқушылардың (талантты балаларды қолдау) жоғары пайызын қамту.
2.2. Осал жақтары
Кәсiптiк бiлiм беру мәселелерiн шешуде облыс өндiрiс орындары мен бiлiм беру жүйесi арасындағы әрiптестiктiң нашар дамуы;
Бiлiм берудiң формальды емес бөлiгi нашар дамыған, мектептен тыс ұйымдар жүйесi дамытылмаған;
Жалпы бiлiм берудiң мемлекеттiк емес секторы нашар дамуда (3 қана жеке мектеп бар);
Бiлiм берудiң барлық буындары материалдық оқу-техникалық жабдықтарымен нашар қамтылған;
Оқытудың сапалылығын қамтамасыз еткендiгi үшiн бiлiм беру мекемелерi мен қызметкерлерiн материалдық ынталандыру жүйесi жоқ;
Оқыту мен тәрбиелеу арасындағы алшақтық балалар мен жас өспiрiмдердiң алкоголь мен темекi өнiмдерiн пайдалануының өсуiне әкелеп соғады. Мектеп оқушыларын кәсiптiк бағдармен оқыту және еңбек тәрбиесiнiң ролi әлсiреген;
Бюджеттік сала еңбеккерлерiнiң тұрмыс жағдайының төмен болуы;
Бiлiм беру индустриясы жоқ.
2.3. Мүмкiндiктер
Мектептер салуға, мектептердiң материалдық-техникалық базаларын нығайтуға демеушiлердi тарту мүмкiндiгi;
Жас таланттарды оқыту, қолдау, дамыту iсiне жоғарғы оқу орындарының оқытушыларын, ғалымдарды тарту;
Ақпараттық жүйенiң дамуы, бiлiм беру жүйесiнде Интернеттi пайдалану мүмкiндiгi, оқыту технологиясы орталығын кеңейту, әр алуан санаттағы көпшiлiк үшiн көп жоспарлы компьютерлiк курстар ашу;
Болашағы зор жедел дамып келе жатқан мұнайлы аймақ, әлеуметтiк инфрақұрылымдардың жеделдете дамуы.
2.4. Қауiптер
Халықтың жалпы өмiр сүру деңгейiнiң төмендеуi аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды әлсiздендiрiп, нәтижесiнде жалпы бiлiм беретiн мектептерде мектеп жасындағы балаларды оқытуды толық қамтамасыз етуге керi әсерiн тигiзедi.
Халықтың басым көпшiлiгiнiң, соның iшiнде бюджет саласы қызметкерлерi
кiрiсiнiң төмендiгi.
3. Стратегиялық міндеттер
Облыстың бiлiм беру жүйесiндегi басты стратегиялық мiндет халықтың
тұрғылықты жерi бойынша сапалы бiлiм берудiң баспалдақтарына қол жеткiзуi.
Осыған байланысты бiлiм берудiң сапасын арттыруға, үздiксiз бiлiм беру
принциптерiн енгiзуге бағытталуы тиiс.
Бiлiм берудi реформалау стратегиясы мына мiндеттердi шешудi қамтиды:
Бiлiм берудiң сапасын арттыру;
Бiлiм алу мен таңдауға тең қол жеткiзетiн шараларды ендiру;
Бiлiм беру саласында әрiптестiктi дамыту үшiн жағдай жасау
Тәрбиелеу мен оқыту iсiндегi бiрлiктi қамтамасыз ету;
Ғылым және бiлiм берудiң шын мәнiндегi интеграциясын қамтамасыз ету;
Бiлiм беру жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және ресурстарды жұмылдыруды
қамтамасыз ету;
Бiлiм берудi басқару жүйесiн жетiлдiру;
Қаржыландыру жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.
4. Iс-қимыл стратегиясы
Алдағы уақытта мемлекеттiк тiлде оқытатын мектептер нығаюы тиiс. Мұнымен қатар орыс тiлi мен әлем тiлдерiнiң бiреуiн оқу мiндеттi болуы тиiс.
4.1. Бiлiм беру сапасын арттыру
Оқытудың деңгейiне бақылауды күшейту және оқу-тәрбие үрдiсiн жетiлдiру мақсатында әртүрлi пәндер бойынша, әдiстемелiк қызметтi жандандыру;
Пәндердi тереңдетiп оқытатын инновациялық мектептер мен сыныптар жүйесiн кеңейту, мекемелер мен өндiрiс орындарында практикалар ұйымдастыру;
Мектеп кiтапханаларын қажеттi әдiстемелiк әдебиеттермен қамтамасыз ету;
Облыстағы инженер-педагогтардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн реформалау;
Оқытушы-мұғалiмдер құрамына көмектесу үшiн халықаралық ұйымдармен ("JSAID" тәрiздi) ынтымақтастықты жалғастыру;
Жаңа буын оқулықтар шығаруға, оқу бағдарламаларын жасауға, бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыруды дамытуға ат салысу;
Қолда бар кәсiптiк-техникалық мектептер мен лицейлер, колледждер базасында шағын бизнес өндiрiстерiн ашу;
а) N-7,8 кәсiптiк-техникалық мектептерде, N-3 кәсiптiк-техникалық лицейлерде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн мини-цехтар ашу;
б) N-7 кәсiптiк-техникалық мектебiнде шағын жылыжай ашу;
в) N-4,5,6 кәсiптiк-техникалық мектептерде, N-3 кәсiптiк-техникалық лицейлерде мәшине жөндеу шеберханаларын ашу;
г) N-3,8 кәсiптiк-техникалық мектептерiнде тiгiн цехтарын ашу;
д) N-3,4 кәсiптiк-техникалық мектептерiнде қонақ үй қызметкерлерiн даярлау.
Кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн дамыту үшiн алыс орналасқан елдi мекендерде аудан орталықтарында - Махамбет, Миялы, Аққыстау, Мақатта филиалдар ашу, Құлсары қаласы мен Махамбет селосында колледждер филиалдарын ашу.
Индер ауданындағы кәсiптiк-техникалық мектептi құрылыс материалдарын өндiретiн өндiрiс орнына арнап, мамандар даярлауға бағыттау. Мектеп- кәсiптiк-техникалық мектеп, кәсiптiк-техникалық лицей-колледж-институт үздiксiз оқытуға көшiру, бұл үшiн алмаспайтын жоспар-бағдарламаларын жасау. Арнайы гранттар мен стипендиялар бөлу мақсатында талантты педагогтар мен дарынды балаларды ынталандыратын қор құру. Бiлiм берудiң сапасын арттыруды бақылау ретiнде оқу орындарын аттестациялау мен лицензиялау механизмiн жетiлдiру.
4.2. Бiлiм алуға және таңдауға қол жеткiзудегi теңдiктi қамтамасыз ететiн шараларды енгiзу
Атырау қаласында, Құрманғазы, Индер, Исатай аудандарында мектепке дейiнгi мекемелер жүйесiн дамыту.
Атырау қаласында дамуында кемшiлiктерi бар балаларға арналған бала бақша ашу.
Махамбет ауданындағы уақытша жұмыс iстейтiн балабақшаларды тұрақты тәртiп жұмысына көшiру.
Мектепке дейiнгi дайындық пен мектепке дейiнгi гимназиялар үшiн әдiстемелiк оқу құралдары мен құжаттар пакетiн жасақтау.
5-6 жасар балалардың мектеп алды даярлығын ұйымдастыру жұмыстары бойынша мектеп басшыларының облыстық семинарын өткiзу.
Кәсiптiк-техникалық мектептерде дамуында ауытқушылығы бар балалармен жұмыс iстейтiн мамандыққа оқытатын арнайы топтар ашу.
4.3. Бiлiм беру жүйесiнде әрiптестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау
Жергiлiктi тұрғындардан жұмысшы мамандар даярлау үшiн шетелдiк компаниялармен әрiптестiк жүйесiн дамыту (N-2 кәсiптiк-техникалық лицейлердегi "Финтрако-Тепе" компаниялармен бiрлесiп ашқан курстардай).
Аймақтық еңбек нарығындағы қажеттiлiктердi ескере отырып, еңбек және әлеуметтiк қорғау, жұмыспен қамту қызметi мен әрiптестiктi дамыту.
Шет тiлдерiне оқыту курстарын ұйымдастыруда "Свифт техникалсервисез" компаниясымен әрiптестiк.
Колледждер мен кәсiптiк-техникалық мектептер, кәсiптiк-техникалық лицейлер бiтiрушiлерiн жұмысқа орналастыру қызметiн ұйымдастыру.
4.4. Тәрбие және оқыту жүйелерiндегi бiрлiктi қамтамасыз ету
Кiшi Өнер Академиясы ғимаратындағы жүзу бассейнiн iске қосу.
Аудандардағы спорт мектептерiнiң базаларын жетiлдiру, оларды кадрлармен қамту iсiн жақсарту.
"Спидке қарсы", "Темекi шегуге болмайды" тағы басқа салауатты өмiр бағдарламаларын дамыту.
Қазақстан Республикасының 2000 жылдың ақпан айының 25-де шыққан N-300 "Бiлiм беру ұйымдары жүйесiнiң кепiлдi мемлекеттiк нормативтерi туралы" қаулысына сәйкес 19 шағын комплектiлiк мектептер ашу. Қираған мектептердi алмастыру үшiн Атырау қаласында 4, Құрманғазы ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп ғимаратын тұрғызу.
4.5. Ғылым мен бiлiм берудiң нақты интеграциясын қамтамасыз ету
Бiлiм беру мекемелерiнiң Мұнай және Газ институтымен, Халел Досмұхамедұлы атындағы мемлекеттiк университетiмен әрiптестiгi.
Жоғарғы курс студенттерiн ғылыми-iзденiс жұмыстарына тарту.
4.6. Бiлiм беру жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және ресурстарды жұмылдыруды қамтамасыз ету
Бiлiм беру жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жұмыстарына жаңа технологиялар орталығын кеңiнен тарту.
Педагогикалық кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру, Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттiк университетiмен әрiптестiк.
Кәсiптiк бiлiм беретiн мекемелердiң инженер-педагог қызметкерлерiн бiрiккен кәсiпорындарда, шетелдiк фирмаларда, отандық өндiрiс орындарында сынау мерзiмiн өткiзу:
"Жаңашылдар мектебi" жұмысын ұйымдастыру.
"Жыл мұғалiмi", "Жыл мектебi", "Жыл кәсiптiк-техникалық мектебi", "Жыл колледжi", "Жыл тәрбиешiсi", "Жыл шеберi" конкурстарды тұрақты өткiзiп тұру және үздiктердi насихаттау.
2002-2003 ж.ж. бақылау алаңдарын жасау.
"Бинарлық оқыту" - политехникалық колледж.
"Модульдi оқыту" - N-1 кәсiптiк-техникалық мектеп "Дуальды оқыту" - N-6 кәсiптiк-техникалық мектеп
Оқытудың жаңа технологиясы бойынша жалпы бiлiм беретiн мектептер жүйесiн бақылау алаңдарын дамыту.
Кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарын "Модуль-1" компьютерлiк сыныптармен қамтамасыз ету.
Облыстық жалпы бiлiм беретiн мектептерде әр алуан баламалы оқыту әдiстерiмен оқытатын бақылау сыныптары жасақталды. Атап айтқанда, оза оқыту (Индер, Құрманғазы аудандарында), эстетикалық тәрбие мектебi (Индер ауданында), шет тiлдерiн ерте оқу, бастауыш сыныптардағы жеделдетiп оқыту, бастауыш сыныптардағы компьютерлiк сауаттылық (Атырау қаласы), облыстың үш мектебi 5-11 сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды енгiзу жөнiнде бақылаушы болып табылады, үш мектепте "Адымнан кейiн адым" ("Шаг за шагом") бағдарламасы енгiзiлген.
4.6.1. Кадрлармен қамтамасыз ету
Мұғалiмге еңбек ақы төлеуде оқушылардың олимпиадалардағы, конкурстардағы жетiстiктерiн, орта арнайы оқу орындарына, жоғарғы оқу орындарына түсуiн есепке алу әдiсiн жасақтау.
Гуманитарлық колледжiн нарық талаптарына икемдеудi жалғастыру (ағылшын тiлiн оқытатын бастауыш сыныптар мұғалiмi, ақпараттандыру мен есептеу техникаларын меңгерген бастауыш сынып мұғалiмi тағы басқалар).
Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердi Интернет желiсiне, модемдiк байланысқа қосуды 2003 жылы аяқтау.
4.6.2. Оқыту-материалдық қамтамасыз ету мәселесi
Аудан орталықтарында оқулықтар мен оқу материалдарын ашық сататын арнайы кiтап дүкендерiн ашу.
Оқулықтар мен оқу әдiстемелiк әдебиеттер алынатын қаржыны орталықсыздандыру (жергiлiктi мекемелерге беру).
Оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк әдебиеттермен қамтамасыз ету iсiне инвесторлар қаржысын тарту.
Оқытудың жаңа технологиялары орталығында бастауыш және кәсiби орта бiлiм беру мекемелерi үшiн оқу және әдiстемелiк құралдар жасақтау жұмыстарына жетекшiлiк ететiн шығармашылық топтар құру.
Кәсiби дайындау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру жөнiндегi аймақтық оқу орталығын құру.
4.7. Бiлiм беру жүйесiн жетiлдiру
Жалпы бiлiм беретiн мектептер бухгалтерияларын орталықсыздандыру, өзiн-өзi басқару принциптерiн енгiзе бастау.
Бiлiм беру мекемелерiн аттестациялаудың бекiтiлген кестесiн, лицензиялар беру мен тiркеуден өткiзудiң мерзiмдерiн сақтау.
4.8. Қаржыландыру жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру
Бiлiм берудi қаржыландыруда кредит және гранттар жүйесi арқылы жан
басын қаржыландыру принципi бойынша көшiрудi жүзеге асыру қажет.
Жаңа технологияларды енгiзiп оқытуға облыстық бiлiм бюджетiнде қаржы
қарастыру.
Бюджеттен тыс қаржы қатыстыру арқылы бiлiмдi мiндеттi түрде алуға
ынталандыру шараларын ойлап шығару.
Бiлiм жүйесiн қаржыландыру айқын болу керек. Шығындар туралы
ақпаратты алу тиiстi болсын.
Мемлекеттiк емес орта кәсiби бiлiм алу ұйымдарында қаржы
жауапкершiлiгiн заңдандыру және күшейту.
3. Денсаулық сақтау реформасының стратегиясы
1. Мақсаты
Дәрiгерлiк қызметтердiң көлемi мен сапасы, халықтың сұранысын қанағаттандыру және денсаулық қорғау даму жолдарын алдын алу, көпқұрылымдығы, сабақтастығы мен мүмкiндiгi негiзiнде белгiлеу.
2. Ахуалды талдау
2001 жылы денсаулық сақтау органдарында дәрiгерлiк көмектердi дамыту мен жетiлдiру, әсiресе ауылдық жерлерде, материалды-техникалық базаларды жақсарту және жаңа диагностикалық әдiстердi енгiзуде нақты жұмыстар атқарылды. Негiзiнен назар Мемлекеттiк "Халық денсаулығы" бағдарламасын
орындауға бағытталды.
Қазiргi уақытта Атырау облысында 193 дәрiгерлiк ұйымдар, оның iшiнде
174 (88,3%) мемлекеттiк, 23 (117%) жеке меншiктi секторлар халықтарға
дәрiгерлiк көмек көрсетуде.
Денсаулық сақтау жүйесiнде 3155 төсектiк (оның iшiнде 65 жеке
меншiктiк) 38 аурухана (оның iшiнде 3 жеке меншiктiк);
66 амбулаторлы-емханалық мекемелерi;
21 фельдшерлiк-амбулаториялық пункттер және 31 фельдшерлiк пункттер;
75 орындық облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясы;
50 орындық Балалар Үйi;
Салауатты өмiр салтын қалыптастыру Орталығы;
Паталогоанатомиялық бюро;
10 санитарлық-эпидемиялық стансалары;
Облыстық қан жинау орталығы;
60 орындық облыстық туберкулезге қарсы санатория жұмыс iстейдi.
Есептi кезеңiнде орталықтандырылған қаржы есебiнен компьютерлiк томограф, эндоурологиялық үстел полимерлi реакция тiзбектi лабораториясымен, 5 флюороаппараттар, 4 жылжымалы рентгендiк қондырғылар, 2 фиброгастороскоп, 4 кололноскоп және басқа аппаратуралар, 70-тен астам көлiктер, барлығы 700 млн.теңгенiң құралдары сатып алынды. "Шеврон Тексако" компаниясы облыстық туберкулезге қарсы диспансерге Ұтқыр (Мобильный) клиниканы өтеусiз сый ретiнде бердi.
Көптеген денсаулық сақтау нысандарының материалдық базасы жақсарды: 42 денсаулық сақтау нысандарында 400,0 млн.теңгеден астам соманың күрделi жөндеуi жүргiзiлдi. Созылмалы бауыр ауруымен ауыратындарды емдеу орталығы мен 180 орындық жұқпалы аурухананың бiрыңғай құрылысы қарастырылуда.
Облыста барлығы 1165 дәрiгер қызмет жасайды, оның 487-нiң (41,8%) квалификациялық категориясы бар.
Дәрiгермен қамтамасыз етiлуi 100 мың тұрғынға шаққанда 25,6.
Орта буынды медицина қызметкерлерiмен қамту 100 мың тұрғынға шаққанда 60,8 құрайды.
Облыстың демографиялық көрсеткiшiнде кейбiр сенiмдi динамика белгiленiп отыр: туу өсiмi 18,5-тен 19,1-ге, тұрғындардың табиғи өсуi 9,4-тен 9,9-ға дейiн, өлiм көрсеткiшi сол деңгейде - 9,2, нәресте өлiмi 1996 жылдан бастап тұрақты төмендедi: 1996 жылы - 27,3; 2000 жылы - 18,6.
Азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған Атырау облысы денсаулық сақтау жүйесiн жетiлдiруде стратегиялық позицияларды белгiлеу және бекiту және тұрғындардың медициналық қызметтiң сапасы мен көлемiне сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2001 жылдың 24 шiлдесiнде облыстық әкiмият "2001-2003 жылдардағы Атырау облысы денсаулық сақтау жүйесiн реформалау мен дамыту тұжырымдамасы туралы" N 13 қаулысын қабылдады.
Аталған тұжырымдамада қала және аудандық емдеу-сауықтыру ұйымдарының қайта құрылымы қаралды: қала бойынша 12 қалалық жанұялық-дәрiгерлiк емханалар орнына, әйелдерге кеңес беру, балалар бөлiмшесiмен және 3 филиалымен 4 емхана құрылды. 3 аудан орталығында (Құлсары, Ганюшкино және Индер) қалалық емханалар ашылды, басқа аудандарда аудандық орталық аурухана құрамында аудандық емханалар құрылды. Ауылдың денсаулық сақтау саласы болашақта дамитын болады.
2.1. Мықты жақтары
Барлық селолық елдi мекендерiнiң тұрғындары медициналық көмекпен қамтамасыз етілген, медициналық мекемелер медициналық қызметкерлермен толықтырылған.
2001-2005 жылдарда Атырау облысының әскер қатарындағыларға және жасөспiрiмдерге медициналық көмек беру үшiн "Жасөспiрiм" атты мақсатты бағдарлама қабылданды. Аталған бағдарламаны тарату мақсатында 2001-2005 жылдарға 5396 мың теңге қаралды, оның 2001 жылға облыс бойынша бөлiнгенi 1800 мың теңге.
"Диабет" бағдарламасы қабылданды. Аталған бағдарламаға 3 жылға 232,88 млн.теңге қаржы бөлiндi.
2001 жылдың тамызында Атырау қаласының және Атырау облысының тұрғындарына арнайы травматологиялық, ортопедиялық және нейрохирургиялық қызмет көрсету үшiн, N-2 қалалық аурухананың травматологиялық, ортопедиялық және нейрохирургиялық бөлiмшелерi арнайы көмек көрсетуге барлық жағдайлары бар облыстық ауруханаға ауыстырылды. Диагностика, травма және буын ауруларын емдейтiн 2 жаңа артроскоп алынды.
2001-2005 жылдарға селоның әлеуметтiк-экономикалық даму аймақтық бағдарламасы жасақталып, таралуда, Атырау облысында 2001-2005 жылдарға есiрткiмен күресудiң басты шаралар жоспары жасақталды.
Флюорографиялық әдiспен 263 550 адам қаралды (86,8 пайызы - үлкен жастағы адамдар). Iстегi флюорографтар саны облыс бойынша 17.
Туберкуленинодиагностика әдiсiмен 2001 жылы 143,4 мың бала қаралды, бұл барлық балалардың 96,8 пайызын құрайды.
Облыс бойынша "БЦЖ" егуден 7338 жаңа нәресте өттi, бұл барлық туған балалардың 99 пайызын құрайды.
Есептi мерзiмде 40 төсектiк 3 селолық учаскелiк ауруханалар ашылды (Тасшағыл, Заурал, Кудряшов).
Ганюшкино селосында 60 төсектiк облыстық туберкулезге қарсы санаториясы ашылды.
Облыстық паталогоанатомиясы бюросының, Махамбет аудандық орталық аурухананың, Индер ауданындағы Елтай жанұялық-дәрiгерлiк емханасының, Исатай ауданының Чапаев жанұялық-дәрiгерлiк емханасының, "Қызыл үй" және "Забурын" фельдшерлiк-акушерлiк пункттер ғимараттарының құрылысы аяқталды.
250 төсектiк облыстық аурухананың жапсырма құрылысы аяқталуға жақын, пайдалануға тапсыру мерзiмi шамамен 2002 жылдың наурыз-сәуiр айларында.
Жоғары бiлiктi мамандарды тарта отырып, тұрғындар арасында құрамында флюоровагон, вагон-емханасы бар қайырымдылық акциясы өткiзiлдi. 6,0 мың адам қаралып, алғашқы шыққан паталогиялы науқастар облыстық мекемелерге, республикалық клиникаларға жiберiлдi.
Алматылық дәрiгерлердiң бiлiмiн көтеру Институты мен Атырау облыстық денсаулық сақтау департаментi арасындағы келiсiмге сай 6 көшпелi шаруашылық есеп циклi өттi.
Атырау медицина колледжi базасында дәрiгерлер мен орта буынды медицина қызметкерлерiн дайындау мен қайта дайындау үшiн, Қазақстан Республикасы мен тәуелсiз мемлекеттер достастығы елдерiнiң әр сатыдағы жоғары бiлiктi мамандарын шақыра отырып, үнемi жұмыс жасайтын "Бiлiктiлiктi арттыру орталығы" курстары ұйымдастырылды.
2.2. Осал жақтары
Емханаларды амбулаторлы-емханалық тарификатор бойынша қаржыландыру, стационарларды - емханалық-шағын топтар бойынша, емделген жағдайлар бойынша көлемi мен көрсетiлетiн көмектiң күрделiлiгiн ескерумен.
Жеке медициналық практикалық жүйенiң жеткiлiксiз дамуы.
Облыста туберкулез ауруымен ауру деңгейi 100 мың тұрғынға шаққанда республикалық көрсеткiштен 23,9 пайызға жоғары.
2.3. Мүмкiндiктер
Қоғамдық бiрлестiктердiң, экологиялық үкiметтiк емес бiрлестiктердiң, "JSAID" өкiлдiктерiнiң, жеке қызмет көрсетушi дәрiгерлер қауымдастығының денсаулық қорғау жөнiндегi бағдарламасын жүзеге асыру тарату және жаңа деңгейде медициналық көмек ұсыну.
2002 жылға денсаулық сақтау нысандарының материалды-техникалық базасын жақсарту:
180 төсектiк өте қауiптi iндет (чума, тырысқақ) аурулары үшiн қалалық типтiк инфекциялық ауруханасының құрылысы.
Индер поселкесiнде типтiк аудандық аурухана құрылысы.
Облыстық аурухананың жапсырма құрылысының аяқталуы.
Құлсары қаласында "Игiлiк" инвестициялық жобасы есебiнен аудандық орталық аурухананың жапсырма құрылысының аяқталуы.
Облыстық перзентхана базасында перинаталдық орталық ұйымдастыру
Котяевка селосында санитарлы-аумақтық бекетiн ашу.
Созылмалы түрдегi өкпе аурулы науқастар үшiн облыстық туберкулез 90
төсектiк ауруханасы құрылысының аяқталуы.
Облыс тұрғындарының денсаулығын зерттеу:
2002-2003 жылдар бойы облыс тұрғындарын туберкулезге жаппай
тексеруден өткiзу жұмыстарын жалғастыру.
Азғыр аймағы тұрғындарының денсаулығын болашақта мобильдiк
клиника-вагон көмегiмен сауықтыру арқылы зерттеу.
В гепатитiне қарсы жасөспiрiмдерге егу өткiзу (15-18).
Кадр мамандарының квалификациясын көтеру:
Республикалық онкологиялық, туберкулез және ана мен баланы қорғау
ғылыми зерттеу институттарының филиалдарын ашу.
Бiлiмдiлiк көтеру орталығы базасында көшпелi шаруашылдық-есеп циклiн
өткiзу.
В, С, гепатитiмен ауыратын науқастарды емдеуде жаңа технологиялар
енгiзу.
2002-2006 жылдары емдеу-сауықтыру мекемелерiнiң iске қосылатын
объектiлерi:
1. Атырау қаласындағы облыстық жүйке-тамыр ауруханасы.
2. Құрманғазы ауданы Ганюшкино селосындағы аудандық өкпе ауруханасы.
3. Мақат ауданы Доссор селосындағы аудандық өкпе ауруханасы.
4. 2 аудандық орталық ауруханалар құрылысы.
5. 5 жанұялық-дәрiгерлiк емханалар құрылысы.
6. 3 селолық учаскелiк ауруханалар құрылысы.
7. 10 фельдшерлiк-акушерлiк пункттер құрылысы.
8. 5 фельдшерлiк пункттер құрылысы.
9. Атырау қаласындағы балалар өкпе аурулар санаториясының асхана
құрылысы.
2.4. Қауiптер
Облыс тұрғындарын ауыз сумен жеткiзiлiксiз қамтамасыз ету
эпидемиологиялық жағдайдың күшеюiне әкелiп соқтырады;
Экологиялық факторының күшеюi денсаулыққа ықпалын жасайды;
Есiрткi мен адамдар иммунитетiнiң тапшылығынан болатын вирусты
инфекцияны таратуы;
Базарда фармацевтикалық бұйым талабына жатпайтын дәрi-дәрмектiң бары.
3. Стратегиялық міндеттер
Қоршаған ортаға қауiптi, әлеуметтiк-мағыналы аурулардың дамуы мен
тууын ескертудегi сауықтыру шараларын күшейту;
Салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығының қызметiн нығайту;
Тұрғындарға берiлетiн медициналық көмектi толықтай жетiлдiру, алғашқы
медико-санитарлық көмектi күшейту, жанұялық дәрiгер жұмысын дамыту;
Дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудi толықтай жетiлдiру, аймақ деңгейiнде
медициналық және фармацевтикалық кәсiпкерлiктi дамыту.
4. Iс-қимыл стратегиясы
4.1. Медициналық қызмет көрсетудiң сапасын көтеру:
Тұрғындарды алғашқы медико-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету;
Жеке практикалы дәрiгерлер санын көбейту;
Медицина персоналдарының бiлiмдiлiгiн көтеру, мамандарды жаңа
медициналық жабдықтармен оқыту.
4.2. Денсаулық сақтау жүйесiнiң материалды-техникалық базасын нығайту
Жаңа аурухана мен емханалар тұрғызу;
Фельдшерлi-акушерлiк бекеттерде, ауруханаларда диагностика мен емдеуде жаңа сауықтыру технологияларды енгiзу және күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу.
4.3. Кадрмен қамтамасыз ету облысында:
"Мединформ" жабық акционерлiк қоғамымен (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлiгiнiң Республикалық ақпараттық есептеу орталығының) бiрге медициналық кадр базасын қолдау үшiн жұмыстар жүргiзiлуде;
Есеп, қорытынды және медициналық қызметкерлердi қажет етуде "Кадрлар" автоматтандырылған басқару жүйесiмен қамтамасыз ету бағдарламасы жасақталды.
Денсаулық сақтау жүйесiн қаржыландыру, басқару және ұйымдарды толық жетiлдiру, оның iшiнде:
Отбасылық амбулаториялар жанынан күндiзгi стационарларды ұйымдастыру;
Медициналық қызмет көрсетулердi қаржыландыруды орталықсыздандыру.
Жұмыстылықты қамтамасыз ету және халықты
әлеуметтік қорғау стратегиясы
1. Мақсаты
Жұмыстылық саласындағы негiзгi мақсат - әр отбасының кем дегенде бiр мүшесiн жұмыспен қамту, жұмыста жоқ халықты еңбекке тартуды ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын ашу белгiленуде, жұмыссыздық деңгейiн облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету процестерiне қауiп төндiрмейтiн параметрлерге дейiн азайту.
Халықты әлеуметтiк қорғау аумағында негiзгi мақсат - халықтың кедейшiлiк деңгейiн төмендетуге, қайыршылықты жоюға, халықтың өмiр жағдайын жақсартуға бағытталған, тиiмдi қызмет ететiн халықты әлеуметтiк қамту жүйесiн құру.
Мақсаттар:
Көбiне мемлекет есебiнен жүзеге асқан әлеуметтiк қамту жүйесiнен, тек қана мемлекет немесе жұмыс берушiнiң емес, сондай ақ әрбiр жеке адамның қатысуын қажет ететiн, әлеуметтiк сақтандыру принциптерiне көшу.
Экономикалық қызметтiң барлық түрлерi бойынша жалданып жасайтын қызметкерлердiң еңбек ақы деңгейiн көтеру.
Атаулы әлеуметтiк көмектiң тиiмдiлiгiн арттыру, атаулы әлеуметтiк көмек беру механизмiн жетiлдiру.
Жұмыссыздарға әлеуметтiк қолдау көрсету.
2. Ахуалды талдау
Облыстағы экономикалық өзгерiстер, бiр жағынан, мүгедектiк, маскүнемдiк, нашақорлық, жарақаттану сияқты жағымсыз әлеуметтiк құбылыстарды жандандырып, кедейшiлiк, жұмыссыздық, халық санының тұрақты өсуiн мiнездейтiн, әлеуметтiк қамтуды қажет ететiн балалар панасыздығын тудырып отыр.
Облыстағы кедейшiлiк деңгейi жұмыссыздықтың едәуiр өсуiне, экономиканың нақты секторындағы өндiрiстiң құлдырауына, экономикалық қызметтiң кейбiр түрлерiнде, атап айтқанда денсаулық сақтау, бiлiм беру салалары мен ауыл шаруашылығында, еңбек ақының төмен деңгейiмен, халықтың нақты табыстарының азаюымен байланысты. 203,5 мың адам экономикалық белсендi халықтың (бағалау бойынша) 4,3 пайызы жұмыссыздар.
Халықтың аз қамтылған жiктерiне көрсетiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк көмек мөлшерi негiзiнен нақты өмiр сүрудiң ең төменгi деңгейiн қамтамасыз етпейдi, соған байланысты осындай төлемдердiң тиiмдiлiгiн азайтады. Мәселен, орташа жан басына шаққандағы жиынтық табысы кедейлiк шегiнен аспайтын аз қамтылған отбасыларының балаларына төленетiн бiрыңғай жәрдемақы мөлшерi 2002 жылдың 1 қаңтарына дейiн 775 теңге құрады (Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңымен жыл сайын белгiленетiн бiр айлық есептi көрсеткiшiнiң деңгейiнде). Соған байланысты 2002 жылдан бастап атаулы әлеуметтiк көмектiң орта мөлшерi мүлдем басқа критерийлер бойынша белгiленетiн болады.
Жалпы халықтың табысында зейнетақы мен мемлекеттiк жәрдемақыларының үлес салмағы өсу беталысы байқалады, бұл еңбек жасындағы өзiн асыра алмайтындар санының өскендiгiн көрсетедi. Бұндай жағдай, әсiресе, селолық жерлерге тән.
Сонымен, еңбек нарқы потенциалының деңгейi жоғары болғанымен оның
тиiмдiлiгi төмен. Жұмыссыздар арасында негiзiнен кәсiби даярлығы төмен,
ұзақ мерзiм жұмыссыз болуына байланысты iшiнара немесе толықтай
бiлiктiлiгiн жоғалтқан адамдар бар.
Ауыл халқының кәсiби және еңбектiк жағынан құлдырау процесi
байқалуда. Әсiресе жастар арасындағы жұмыссыздық алаңдатушылық туғызуда.
2.1. Мықты жақтары
Жұмыстылықпен қамтуда:
Жұмыспен қамтудың белсендi саясаты.
Жаңа жұмыс орындарын құру, шағын кәсiпкерлiктi дамыту.
Шетелдiк қатысы бар ұйымдарда шетел кадрларын жергiлiктi мамандармен
ауыстыру.
Шағын бизнестi дамыту үшiн халықтың аз қамтылған жiктiгiн несиелендiру ережелерiне сәйкес шағын несиелендiру.
Халықты әлеуметтiк қорғауда:
Халықтың әлеуметтiк-осал жiктерiне көмектiң ең төменгi көлемiн көрсетудегi мемлекеттiң конституциялық мiндеттерiн орындау.
Арнайы мемлекеттiк жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтiк көмектердiң уақытылы төленуiн қамтамасыз ету.
Атқару билiгiнiң барлық деңгейiнде кедейшiлiк проблемасын шешу
халықтың аз қамтылған жiктерiне әлеуметтiк қолдау қажеттiлiгiн түсiну және
мән беру.
2.2. Осал жақтары
Жұмыспен қамтудағы:
Жеңiл және тамақ өнеркәсiп салаларындағы өндiрiстiң құлдырауы, жұмыс
көлемiнiң қысқаруы, жұмыс күшiне сұраныстың азаюы.
Жұмыссыздарды кәсiби оқыту жүйесiнiң төменгi тиiмдiлiгi мен
нәтижелiлiгi, жұмысшылар мен мамандарды салалық фирмаiшiлiк даярлау және
қайта даярлаудың жоқтығы.
Кәсiпорындар үшiн бұрынғы жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс
орындарын ашуға ынтаның жоқтығы.
Жұмыссыздарды кәсiби даярлау бағдарламаларымен төмен қамтылуы.
Жұмыспен қамту жөнiнде әлеуметтiк әрiптестiктiң дамымауы.
Шетел кадрларын жергiлiктi мамандармен бiртiндеп ауыстыру.
Халықты әлеуметтiк қорғауда:
Мемлекеттiк әлеуметтiк көмектiң жеткiлiксiз атаулануы және қол
жетерлiгi.
Халықтың өмiр сүру деңгейi мен кедейшiлiк тереңдiгiн өлшеуге,
отбасының жиынтық табысын белгiлеу ыңғайын таба алмау.
Көрсетiлетiн әлеуметтiк және материалдық көмектiң төмен деңгейлiгi.
Жұмысты, еңбекке қабiлеттiлiктi және табысты жоғалтуға байланысты,
әлеуметтiк тәуекелдiлiк пайда болған жағдайда, халықты өзiн-өзi қамтуға
үйрету саясатының жоқтығы.
2.3. Мүмкiндiктер
Жұмыспен қамту аумағында:
Жорамалданған экономикалық өсiм.
Жаңа жұмыс орындарын ашу үшiн кәсiби деңгейдi көтеруге инвестициялар.
Шағын кәсiпкерлiк пен жеке кәсiпкерлiктiң дамуы.
Жұмыссыздар үшiн ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерi мен нысандарының
кеңеюi. Жұмыс күшiн қоғамдық жұмыстарда белсендi пайдалануды
жорамалдайтын экономика секторларының болуы.
Халықты әлеуметтiк қорғауда:
Мемлекеттiк әлеуметтiк шығындарды халықтың осал топтарының пайдасына
қайта бөлу.
Әлеуметтiк сақтандырудың әр түрлерiн енгiзу арқылы өзiн-өзi қамту қол
жетерлiк механизмiн жасақтау.
Әлеуметтiк саясатты жүзеге асыруда әлеуметтiк нормативтердiң ролiн
арттыру.
Сақтандыру және зейнеткерлiк жүйелерiнiң параметрлерiн оңтайландыру.
Жергiлiктi бюджеттердiң мiндеттерiн реттеу.
2.4. Қауiптер
Жұмыспен қамтуда:
Кейбiр экономикалық қызмет түрлерiндегi еңбек ақы деңгейiнiң
төмендiгi.
Жасырын, заңсыз жұмыстылық ауқымының басқаруға көнбейтiн өсiмi.
Село халқының қалаға бақылаусыз көшiп-қонуы.
Ұзақ мерзiмдi (жылдан астам) жұмыс жасамайтын азаматтар санының өсуi.
Халықты әлеуметтiк қорғау аумағында:
Әлеуметтiк қамту жүйесiне қатысу мен әлеуметтiк төлемдер арасындағы
байланыстың жоқтығы.
Зейнеткерлiк қамтудағы саясаттың жетiлмеуi.
Халықтың жинақтаушы зейнеткерлiк жүйесiне толық қатыспауы.
Азаматтарды есепке алу және идентификациялау жүйесiнiң жетiлмеуi.
Мемлекеттiк әлеуметтiк көмектiң жеткiлiксiз атаулануы мен қол
жеткiлiктiгi.
3. Стратегиялық міндеттер
Жұмыспен қамту стратегиясына мына мiндеттердi шешу кiредi:
Кәсiби оқыту жүйесiнiң тиiмдi дамуын қамтамасыз ету.
Ұлттық менеджменттiң, кәсiпкерлiк табының қалыптасуына ықпал ету.
Жұмыс берушiлердi бұрынғы жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс
орындарын ашуға ынталандыру, шағын бизнес пен жеке кәсiпкерлiктi дамыту
ықпал ету мәселелерiн қарастыру.
Халықтың әлеуметтiк осал жiктерiн жұмыспен қамтуға ықпал ету.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру экономикалық мақсатқа сай келтiру.
Еңбек көшi-қонды ұйымдастыру жөнiнде шаралар алу.
Әлеуметтiк қорғау стратегиясына мына мiндеттердi шешу кiредi:
Мемлекеттiк әлеуметтiк көмектiң атаулылығын қамтамасыз ету.
Халықтың өмiр сүру деңгейiнiң мониторингiсiн жүргiзу, кедейлердi
есепке алу жүйесiн жетiлдiру.
Халықтың нақты табысының өсуiн қамтамасыз ету.
Әлеуметтiк проблемаларды шешуде әлеуметтiк әрiптестiктiң дамуына
жағдай жасау.
4. Iс-қимыл стратегиясы
Жұмыспен қамту проблемасын шешу мақсатында жұмыстылық саясатының қысқа және орта мерзiмдi мақсаттары арасында нақты айырмашылық жүргiзу:
Қысқа мерзiмдi мақсаттар (2001-2005 жылдар кезеңi) - бұл жұмыссыздықтың алдын алу және жұмыс iздеушiлерге, оларға уақытша материалдық көмек көрсетумен қатар, жұмысқа орналасуға ықпал ету.
Орта мерзiмдi жоспардағы (2005-2010 жылдар) басты мақсат - экономикадағы ауытқуларды түзеу арқылы жұмыс күшiне сұранысты ынталандыру, инвестициялық қызмет пен жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыру, адам капиталының сапасын арттыру, дұрыс еңбек ақы мен табыстарға кепiлдiк беру, кедейшiлiктi азайту.
4.1. Кәсiби даярлық жүйесiнiң тиiмдi дамуын қамтамасыз ету.
Кәсiби даярлық басты мiндеттердің бiрi болуы керек, оның мақсаты- еңбек нарығында кәсiби дағдыны, бiлiмдi дамыту, жаңа жұмыс орынды iздеуде мүмкiндiктердi кеңейту арқылы бәсекелестiктi арттыру. Басты назар халықтың осал бәсекелестiк категорияларына аударылатын болады: жұмысқа орналасу үшiн кәсiби оқуды қажет ететiн алғашқы рет жұмыс iздеушiлерге, мүгедектерге, ұзақ мерзiм жұмыс жасамайтындарға, әйелдерге, көп балалы аналарға, жастарға.
Жалпы облыс бойынша кәсiби оқыту еңбек нарығының жұмыс күшiне деген қажеттiлiгiне бейiмделетiн болады: мұнай және газ кенiштерiне, ауыл шаруашылығына, өнеркәсiпке, құрылыс және коммуналдық шаруашылыққа. Лицензия бойынша тартылған шетел жұмысшы мамандарын алмастыруға қажет мамандықтар бойынша жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлаудың икемдi жүйесiн ұйымдастыру. Сонымен iшкi еңбек нарығын қорғау және жергiлiктi кадрлардың жұмыспен қамтылуы қамтамасыз етiледi.
4.2. Жұмыссыздарды қайта даярлау ұйымдастырудың мүмкiндiктерiн iздестiру.
Жұмыссыздарды қайта даярлау және оқытуда нақты мақсатты белгiлеген дұрыс: оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыру. Бұл бағытта жұмыспен қамту қызметтерi ұйымдастыратын бағдарламаларының тиiмдiлiгiн арттыру қажет. Жұмыссыздарды қайта даярлаудың тиiмдiлiгiн арттырудың басқа, одан да тиiмдi жолы ұзақ мерзiм жұмыста жоқ жұмыссыздар есебiнен жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша ұйымдармен, кәсiпорындармен бiрiгiп iс атқару.
Соған байланысты, жұмыссыздардың қайта даярлау курстарындағы оқуының ақысын ұйымдардың өздерi төлеу және оларды сол кәсiпорында жұмысқа орналастыру механизмiн зерттеу қажет.
Проблемалардың бiрi - облыстың еңбек нарығында жеткiлiктi мөлшерде бiлiктi жұмыс күшiнiң жоқтығы, әлемдiк стандарттар деңгейiнде мамандарды даярлау және қайта даярлауды жүргiзе алатын бiлiм мекемелерiнiң жетiспеуi. Осы жағдайды ескере отырып, облыс әкiмшiлiгi оқу орталығын ұйымдастыру жөнiнде инициатива көтердi, оның мақсаты шетел мамандарын ауыстыру үшiн жергiлiктi жұмыс күшiн даярлау, қайта оқыту және сертификациялау.
4.3. Ұлттық менеджменттiң, кәсiпкерлiк тобының қалыптасуына ықпал ету.
Кәсiпкерлiкте оңды нәтижелер алу үшiн несиелiк қорларға қол жеткiзудi қамтамасыз ету.
Қосымша жұмыс орындарын құру үшiн кәсiпкерлiк пен шағын бизнестiң дамуын қолдау және белсендi ынталандыру, соның iшiнде шетел капиталын тарту есебiнен.
Босаған қызметкерлердi жұмыспен қамту үшiн iрi жұмыс берушiлерге өздерiнде шағын кәсiпорындар мен кооперативтер құруларына ықпал ету.
Жаңа жұмыс орындарын құратын, соның iшiнде халықтың осал қорғалған категорияларына, жұмыс берушiлердi көтермелеу жүйесiн жасақтау.
4.4. Әртүрлi салалық одақтар құруға мүмкiндiк жасау және олардың қызметiн қаржыландырудың сенiмдi көзiмен қамтамасыз ету.
Өз кәсiпорындарына қызметкерлердiң кәсiби даярлығы мен қайта даярлығын ұйымдастыруға, фирма iшiндегi менеджменттi жақсартуға ықпал ететiн әртүрлi салалық, арнаулы қауымдастықтар, одақтар құру практикасын кеңейту.
Құзырына қазiргi менеджмент қағидаларын енгiзу және өнiмдiлiктi арттыру мәселелерi кiретiн ұйым тағайындау мәселесiн қарастыру.
4.5. Халықтың әлеуметтiк осал жiктерiн жұмыспен қамтылуына ықпал ету
Жұмыспен қамту бағдарламасында жыл сайын халықтың әлеуметтiк қорғаусыз категорияларын жұмысқа орналасуына ықпал ету жөнiндегi бөлiмдердi көздеу.
Жыл сайын әйелдердi, жастарды жұмыспен қамту, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссия есебiнде тұратын жасөспiрiмдерге мамандық таңдауға және оларды кәсiби оқуға жiберуге көмек көрсету, жетiм-балалар мен ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды, ешбiреуi де жұмыс iстемейтiн отбасы мүшелерiн, оралмандарды және т.б. ұйымдар мен мекемелерге уақытша жұмысқа орналасуына көмектесулер көзделген шешiм қабылдау.
4.6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың экономикалық мақсатқа сәйкестiгi
Экономикалық мақсат жолына арналған - өнiмдi жұмыстылықпен қамтуға бейiмделген қоғамдық жұмыс философиясын өзгерту. Осыған орай қоғамдық инфрақұрылымдардың дамуына арналған қоғамдық жұмыстар Бағдарламасын әзiрлеп жүзеге асыру қажет.
Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi арқылы қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныстар белгiлеу. Облыс бойынша ұйымдар тiзбесiн, қоғамдық жұмыстардың түрлерiн, көлемi мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбек ақы мөлшерiн, оларды қаржыландыру көздерiн бекiту.
4.7. Еңбек көшi-қонын ұйымдастыру шараларын қамтамасыз ету
Өндiрiс күшiн орналастыру сызбасына сәйкес еңбек нарығында ашылған мүмкiндiктердi ескере отырып халықтың көшi-қон ұтқырлығын көтеру. Көшiп келгендер мен олардың отбасыларын тұрғын үймен және негiзгi әлеуметтiк қызметтермен қамту мәселесiн қарастыру.
Азаматтардың iшкi көшi-қонуын қоса, еңбек қорының тиiмдi орналасу жөнiндегi шараларды әзiрлеу.
4.8. Еңбек ақы жүйесiн жетiлдiру
Еңбек ақының өсу динамикасы жұмыс күшi сапалық потенциалын көтеруге және еңбекақының төмендiгiне байланысты кедейлiк шегiндегi отбасыларының жартысы үшiн әлеуметтiк қорғау проблемасын шешуге негiз болып табылады. Еңбек ақысын өсiрмей жұмыс күшi нарығын өзгерту түгел, ең бастысы - нарық жағдайында нәтижелi жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамту жүйелерiн құруға болмайды.
Кiрiстер мен еңбек ақының айырмашылығын азайтуға арналған шаралар қабылдау қажет.
4.9. Әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн енгiзу
Орнықты және тұрақты сақтандыру нарығын құрудың басы әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң даму шарты болады, бұл азаматтардың өзiн-өзi қамту, өзiне жеткiлiктi және әдiлеттiк пен бiрқалыпты тарату қағидасы негiзiнде әлеуметтiк қамту мәселесiн нәтижелi шешу жағдайлары көтерiледi.
Еңбекке жарамды халықты әлеуметтiк сақтандырумен қамту еңбек нарығында қалыптасқан тәртiпте жүзеге асыру қарастырылуда. Әрi, әлеуметтiк сақтандыруға жүйесiне қатысу азаматтардың өз еңбек қатынастарын жариялауға ынталандырады. Бұл, қалыптасқан тәртiптегi емес еңбек нарығында жұмыс iстейтiндермен салыстырғанда жүйеге қатысушылар бағаланбас басымдылық алатындығында.
Әлеуметтiк сақтандыру, жұмыс iстейтiн халыққа негiзгi әлеуметтiк қатерлерден (өлiм, мүгедектiктiк, қарттық, ауру және жұмыссыздық) сақтануға мүмкiндiк беретiн шаралар кешенiн бiрiктiредi. Әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысу сақтандыру төлемдер мөлшерiнiң мерзiмi мен аудару мөлшерiнен тәуелдiлiгiн ескерудi алдын ала болжайды.
Жұмысшылардың денсаулығы мен өмiрлерiне қатер келтiргенi үшiн жұмыс берушiлердiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру енгiзiледi.
4.10. Әлеуметтiк мәселелердi шешуде мемлекеттiк пен жұртшылық арасындағы әрiптестiктiң дамуына жағдай жасау
Халықтың жұмыстылық мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың дамуында әлеуметтiк әрiптестiктi жетiлдiруге жұмыссыздарды әлеуметтiк қамтудағы көптеген мәселелер негiз болуы керек.
Мемлекеттiк емес еңбек биржаларын, жалдау жөнiндегi әлеуметтiк агентстволарын дамытуды ынталандыру тетiгiн енгiзу және әзiрлеу қажет.
Халықты әлеуметтiк қорғау тиiмдiлiгiнiң арттыруына, әлеуметтiк мәселелердi шешуде мемлекет пен жұртшылық арасындағы әрiптестiктi дамытудағы мемлекеттiк саясатты жетiлдiру және нақты аталымды әлеуметтiк көмекке жету сияқты шаралар мүмкiндiк туғызуы қажет.
III бөлім
Өндiрiстiк-технологиялық саясат
1. Өндiрiстiк-технологиялық саясаттың мақсаты
Өндiрiстiк-технологиялық саясаттың 2000-2010 жылдарға арналған басты саясаты болып табылады:
Кәсiпорындардың барлық топтары мен өнеркәсiп салаларының дамуы үшiн
қолайлы нормативтiк-құқықтық және экономикалық жағдай жасау;
Алдыңғы қатарлы технологияның, ғылымды кеңiнен қажетсiнетiн жаңа
өндiрiстiң дамуын ынталандыру;
Өнiмнiң бәсекелiк қабiлетiн арттыру жөнiнде өнеркәсiптiң өңдеушi
салалары кәсiпорындарына барынша қолдау көрсету;
Әлемдiк тауар нарығындағы өзгерiс жағдайына өнеркәсiп орнықтылығын
арттыру үшiн жағдай жасау;
Тоқтап тұрған кәсiпорындарды жандандыру;
Импорт алмастырушы бағдарламаларға қатысу;
Облыс кәсiпорындарында "Сапа сертификаты және менеджментi" -
9000-9005 үлгiсiндегi стандарттарды енгiзу;
Қаржылық жағынан әлеуетсiз кәсiпорындарды банкроттау және санациялау
(сауықтыру).
2. Жағдайды талдау
2.1. Өнеркәсiп секторының жәйi.
Облыс экономикасының өнеркәсiп секторы өнеркәсiп өнiмiн 436,2 млрд теңге сомасында өндiрдi, өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi 2000 жылғы мерзiмнiң 116,8% құрады.
Сектор облыстың негiзгi салық төлеушiсi болып табылады. Негiзгi әлеуметтiк бағдарламаларды осылар жүзеге асырады. Халықты жұмыспен қамтуды жүзеге асыруда да сектор ролi басымдықта болып табылады. Өнеркәсiпте еңбек ететiндер саны 2002 жылдың 1 қаңтарына 32,0 мың адам құрады, ол жалпы облыстық деңгейдiң 17,5% құрайды.
Облыс экономикасының дара(моно) индустриялылығын ескерiп, өнеркәсiп секторында мұнай-газ саласына 2010 жылға дейiнгi болашақта басты роль берiледi. Каспий теңiзiнiң солтүстiк жағалауы қайраңында барлау бұрғылауын жүргiзу және көмiрсутегi шикiзатының iрi қоры болуының алдын-ала болжамы облыстың ғана емес, республиканың да бүкiләлемдiк еңбек бөлiнiсi ауқымында мамандандырылуын айқындауға мүмкiндiк бередi.
Облыс өнеркәсiбi, әсiресе оның мұнай өндiру және мұнай өңдеу, балық шаруашылығы салалары төлем қабiлеттiлiгi сұранымының табыс көзi болып табылады. Бұл салаларда экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда еңбекке ақы төлеу деңгейi жоғары.
Төлем қабiлетi сұранымын табыс көзiне айналдырушы неғұрлым iрi өнеркәсiп кәсiпорындары экспортқа бағытталған "Қазақойл-Ембi" ашық акционерлiк қоғамының, "Тенгизшевройл" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң,"Қазақойл-Тельф" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң, "АНАКО" акционерлiк қоғамының, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамының, "Сазанқұрақ" бiрiккен кәсiпорны, "Мәтен" бiрiккен кәсiпорнының, "Атыраубалық" акционерлiк қоғамының кәсiпорындары болып табылады.
Өнеркәсiп және экономиканың басқа салаларының қызметi мен өнiмiн тұтына отырып, бұл кәсiпорындар экономиканың басқа салаларын, соның iшiнде тұтыну нарығын да, дамытуға жәрдемдеседi.
Соңғы 10 жылда облыс дамуының негiзгi көрсеткiштерi өсуiнiң тұрақты өсу үрдiсi болды, ол көмiрсутегi шикiзатын өндiру және оны экспортқа шығару көлемiнiң ұлғаюына байланысты. 1991-2000 жылдар мерзiмiнде облыста 77,3 млн. тонна мұнай, 23,6 млрд. кубометр iлеспе газ өндiрiлдi.
Жекешелендiру шетелдiк инвестицияларға жол ашты, нәтижесiнде мұнай өндiрушi және мұнайды өңдеушi кәсiпорындар акциялары үлесiнiң бiр бөлiгiн шетелдiк компаниялар иелендi. Мемлекет атынан "Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясының өзi үлесi бар, "Тенгизшевройл" - 20%, "ҚазақойлТельф" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң - 69%, "Қазақойл-Ембi" ашық акционерлiк қоғамының - 100%, "Атырау мұнай өңдеу зауытын ашық акционерлiк қоғамының - 86%.
Облыс бойынша өндiрiс өнiмiнiң жалпы көлемiнде тамақ өнiмдерiнiң көлемi 0,8% құрайды.
Тамақ өнеркәсiбiнiң өнiмi тек қана облыс iшiнде өткiзiледi.
2.1.1. Мықты жақтары
Шетелдiк капиталдың құйылуы мұнай-газ кешенiн, өндiрiстiк және жанама инфрақұрылымдарды дамытуға, мұнай мен газ өндiрудi ұлғайтып, өнiмдi экспорттауға, сөйтiп республикалық және облыстық бюджетке салық және басқа мiндеттi түсiмдердi көбейтуге ықпал ететiн мүмкiндiк бередi.
Қазақстандық мамандарды мұнай-газ кешенi кәсiпорындары мен олардың мердiгерлiк ұйымдарында жұмысқа орналастыру, олардың кәсiби деңгейiн арттыру.
Табиғатты пайдаланушылар қаражаты есебiнен облыстың әлеуметтiк инфрақұрылымын дамыту.
Жергiлiктi қосалқы мердiгерлiк ұйымдармен iс-қимыл бiрiктiру.
Қазiргi заманға технологияны, менеджменттiң халықаралық стандарттарын енгiзу.
Халықаралық өткiзу нарығына шығу.
2.1.2. Осал жақтары.
Мемлекеттiң меншiктiк үлесi бар өндiрушi кәсiпорындары шикiзат базасы сапасының нашарлауы мен дамуының айтарлықтай кейiн қалуы. Инвестициялар тапшылығы, пайдаланылып тұрған кен орындарының сарқылуы, алуы қиындаған қорлар үлесiнiң өсуi.
Газ өнеркәсiбiнiң даму стратегиясының жоқтығы, көлiк тасқынының жеткiлiксiз дамуы.
Өткiзу рыногынан алшақ орналасуы және шекаралас елдер саясатына тәуелдiлiк.
Мұнай кенорындарында газ бен күкiрт қосындысының жоғары болуы.
Газ бен күкiрттi iске жарату проблемалары.
Бiлiм деңгейiн халықаралық стандарттарға дейiн көтеруге қабiлетi бар бiлiктi кадрлардың, оқу орындарының жоқтығы.
Сыртқы және iшкi рыноктерде мұнай мен мұнай өнiмдерiне баға саясатының үйлесiмсiздiгi.
Мұнай-газ кешенi кәсiпорындарының қоршаған ортаға терiс әсерi.
Мұнай-газ секторының, соның әсерiнен облыс кiрiсiнiң әлемдiк нарық жәйi мен жағдаятына өте тәуелдiлiгi.
Жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының табиғатты пайдаланушылардың көмiрсутегi шикiзатын барлауға және өндiруге келiсiм-шарт мiндеттемелерiн қалыптастыруға қатысу тетiгiнiң болмауы аймақтың әлеуметтiк бағдарламаларын дамыту бөлiгiнде табиғатты пайдаланушылар мiндеттемелерiнiң де болмауына әкелiп соқтырады.
Мұнай өңдейтiн кәсiпорындардың толық өндiрiстiк қуатында болмауы.
Мұнай өңдеу тереңдiгiнiң төмендiгi.
Импортқа тәуелдiлiк.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шетелдiк компанияларға табиғатты пайдалануға жасалған келiсiм-шарттарда берiлген жоғары жеңiлдiктерге байланысты шетелдiк компаниялар қызметiне экономикалық әдiстермен әсер ету мүмкiндiгiнен айрылуы.
Облыста өндiрiлетiн азық-түлiк өнiмi облыс халқы қажеттiлiгiн қанағаттандыра алмайды. Ұн, қант, шай, өсiмдiк майы сияқты көпшiлiк өнiмдер облыста өндiрiлмейдi, сондай-ақ кондитер, макарон, сүт, арақ-шарап өнiмдерi және сыра мен алкогольсіз iшiмдiктер және тағы басқа бiзге облыстан тыс жерлерден әкелiнедi.
2.1.3. Мүмкiндiктерi
XXII - 9,10,11,12,13; XXIV - 16,17,18; XXVI - 13,14,15; XXVIII -
15,16; XXIX - 16 блоктарындағы геологиялық барлау жұмыстарды одан әрi
жүргiзу.
Өндiрiстiк, көлiктiк инфрақұрылымды, сервистiк қызметтердi дамытуға
инвестициялар тарту.
Мұнай өңдеу тереңдiгi мен кешендiлiгiн арттыру, мұнай өңдеу
өнеркәсiбiн жаңғырту.
Теңiз, Каспий теңiзi қайраңын қоса, Қазақстан кен орындарын
пайдалануға беруге әзiрлеу.
Мұнай өнiмдерiнiң жоғары өнiм түсiмiн беру технологиясын қолдану
арқылы шикi мұнайды iшкi қажеттiлiкке пайдалануды қысқарту.
Импорттық мұнай өнiмдерiн пайдаланбау арқылы Қазақстан экономикасының
тәуелсiздiгiн арттыру.
Теңiз кеме қатынасын дамыту.
Мұнай iлеспе газын еуропалық сападағы пропан және бутанға толық өңдеу
үшiн "Тенгизшевройл" мекемесiнiң жаңа қуаттарын жаңғырту.
Облыста тамақ өнеркәсiбiн дамытуға инвестициялар тарту.
2.1.4. Қауiптер
Мұнай мен газға әлемдiк бағаның құлдырауы.
Каспийдi игеру есебiнен экологиялық қауiптер.
Каспий теңiзi деңгейiнiң көтерiлуi және Каспий теңiзiнiң жағалау бөлiгiн су басу, су басқан аумақта орналасқан кен орындарының су астында қалуы.
Қоршаған ортаның ластануы.
Техногендiк зiлзалалар.
3. Стратегиялық мiндеттер
Дағдарыстық құлдыраудың зардаптарын қалыптастыру кезеңiн 2004 жылға дейiн облыстың құрылыс индустриясы, машина жасау және ұқсату, өңдеу кәсiпорындарын сауықтыру, импорт алмастыру бағдарламаларына қатысу, халықаралық сапа стандарттарын енгiзу, жаңғырту және жаңарту, жаңа өндiрiстердi салу үшiн екiншi деңгейдегi банктердiң несиелеу жолын ашуға ықпал ету жолымен қалпына келтiрудi көздейдi.
Қалыптастыру кезеңiне 2002-2003 жылдар мерзiмiнде жапондық несие тарапынан "Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы", 2002-2005 жылдар мерзiмiнде "Заман-Нефтемаш" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң машина жасау зауытын жаңғырту және жаңарту, "Атыраубалық" ашық акционерлiк қоғамының, 2005 жылға қарай 30,0 мың тонна өнiм беретiн "Полипропилен" зауыты жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң қуатын арттыру үшiн инвестициялар тарту және аймақ аумағына өндiргiш күштердi орналастыру жолы бойынша басқа жобалар кiредi.
Өнеркәсiптiк-технологиялық саясатты енгiзудiң индустриялық және
инновациялық (жаңарту) кезеңдерi 2005-2010 жылдар iшiнде жүзеге асырылатын
болады.
Өндiрiстiк-технологиялық саясатты облыста жүзеге асыру екi кезеңде
орындауды көздейдi:
2002-2005 жылдарда:
Тоқтап тұрған өңдеу, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы
кәсiпорындарын қалпына келтiру және сауықтыру.
Кәсiпорындарда ISO-9000-9005 халықаралық сапа стандарттарын енгiзу;
Өнеркәсiп пен құрылыс индустриясы жаңа объектiлерiн пайдалануға беру
және құрылысын салу.
2006-2010 жылдарда:
Экспорт және импорт көлемiн ұлғайту және құрылымын жақсарту;
Қазақстан өнiмiн өткiзу рыногын ұлғайту, сыртқы сауда балансының
тиiмдi инфрақұрылымын қалыптастыру;
Қазақстанның халықаралық ұйымдарға қатысуы және олармен тығыз өзара
iс-қимыл жасауы негiзiнде халықаралық еңбек бөлiсi артықшылықтарын
пайдалану;
Экспорт пен импортқа бiрлескен кеден және банк бақылауын енгiзу
негiзiнде сауда операцияларына бақылауды күшейту.
4. Iс-қимыл стратегиясы
Өндiрiстiк-технологиялық саясат пәрмендiлiгiнiң басты шарты болып
табылады:
Экспорттық және импорттық өндiрiстiң қаржылық емес қолдау жүйесiн
құру.
Сыртқы сауда балансын оңтайландыру экспорттық әлеует, құрылыс және экспорттық мұнай құбырларын пайдалануды ұлғайту есебiнен жүргiзiледi;
Экспорттаудың дәстүрлi және өнiмдер мен қызметтiң жаңа түрлерiн ұлғайту;
Өткiзу рыноктарын ұлғайту және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы және басқа елдердiң саудалас әрiптестерiмен байланысты нығайту;
Сыртқы экономикалық қызмет инфрақұрылымын дамыту; экспортқа бағытталған өндiрiсте шетел капиталын және қазiргi заманғы технологияларды тарту;
Өнiмнiң жеке түрлерiн (халық тұтынатын тауарлар, азық-түлiк өнiмдерi) өздерiнен өндiрудi ынталандыру үшiн оларды қолдау (протекционистiк) саясатын жүргiзу;
Өндiрiстiк аппаратты жаңарту үшiн қазiргi заман технологиясы және жабдықтар импортын ынталандыру;
Қазақстанның үшiншi елге импорттық тауар тасқынына қызмет көрсететiн, транзиттiк коммуникациялардың кепiлдiкте және қауiпсiз пайдаланылуына ықпал ететiн жағдай жасау;
Белгiлi мемлекеттiк басымдықтарды ескере отырып, экспорттық әлеуеттер негiзi болашақта отын-энергетикалық және химиялық кешендерде қалыптасуы керектiгiн айта аламыз;
Сауда қаржыландырылуы экспортты, жергiлiктi өнеркәсiп өнiмдерiнiң әлемдiк рыноктағы бәсекелестiк қабiлетiн күрт ұлғайтады;
Жеткiзiлетiн тауарлардың сапасы мен техникалық жағынан мүлтiксiз орындалуы, олардың санитарлық жағдайы мен экологиялық қауiпсiздiгi жөнiнде нақты және қатаң талаптар қою жолымен тарифтiк емес сипаттағы жиынтықты кеңейту.
Шетелдiк әрiптестердiң сауда тәжiрибесiндегi терiс iс қимылдарына
шұғыл әсер бiлдiру үшiн бизнеспен қайыра байланыс жасау жүйесiн әзiрлеу;
Отандық өнеркәсiп құрылымында оң өзгерiстерге ықпал ететiн импорттың
тауарлық құрылымын ұтымды ету;
Импорт алмастыру бағдарламасы шеңберiнде жергiлiктi кәсiпорындарға
өндiрiс мүмкiндiктерiн, импортталатын өнiмдер мен қызмет көрсетулердi
жүзеге асыруға жәрдемдесу (көрмелер, конференциялар ұйымдастыру).
4.1. Өнеркәсiптiк-технологиялық саясаттың негiзгi құралдары.
Ойға алған мақсаттарға жету үшiн әзiрлендi және әзiрленуде:
Облыстық өнеркәсiптiк саясат;
Импорт алмастыру бағдарламасы;
Инновациялық (жаңарту) саясатты дамыту бағдарламасы;
Өндiргiш күштердi орналастыру тұжырымдамасы.
4.1.1. Жалпы жүйелiк шаралар
Табиғи монополиялар саласында:
Тұтынушылар құқықтарын қорғау, сондай-ақ ұсынылған коммуналдық қызмет
көрсетулер (сумен жабдықтау, газдандыру) нақты көлемiн белгiлеу мақсатында
жеке есепке алу құрылғыларын орнату жөнiндегi бағдарламаны әзiрлеу және
жүзеге асыру.
Стандарттау саласында
Облыс кәсiпорындарының ISO 9000-9005 халықаралық сапа стандартына
көшуi.
Ғылыми-техникалық салада
Ғылыми зерттеулердiң отандық Қорын құру. Кәсiпшiлiк iшiлiк және бас (магистралдық) мұнай құбырларының парафинделуiн зерттеу, құбылыстардың практикалық мәнге ие факторларын анықтау, парафиндi мұнайды жинау және тасымалдау тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу.
Теңiз мұнайын тасымалдау және сақтау кезiнде парафин шөгiндiлерiнiң пайда болуын болдырмауды зерттеу және оның тәсiлiн ойлап табу.
Қазақстан мұнайындағы ваннадийдi экологиялық, технологиялық және экономикалық тұрғыдан зерттеу.
Атырау облысының мұнай сақтайтын қоймалары мен мұнай құбырларының жоғарғы қабаттарындағы асфальтсмола шөгiндiлерiмен күресу үшiн орнықты хлор көмiрсутегiн пайдалану технологиясын дайындау.
Сыртқы сауда саласында
Атырау облысының сыртқы сауда айналымы 2000 жылы 2889,4 млн Америка Құрама Штаттарының долларын құрады және ол 1999 жылмен салыстырғанда 185,4%.
2000 жылы облыстың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi 2337,0 млн. Америка Құрама Штаттарының долларына тауар мен өнiмдi экспортқа шығарды, ол 1999 жылғы деңгейдiң 191,2% құрайды. Сыртқы сауда жалпы айналымы көлемiндегi экспорт үлесi 80,8% құрады, 1999 жылы - 75,8%.
Импорт 552,4 млн Америка Құрама Штаттарының долларын құрады, ол 1999 жылғы деңгейден 42,7% жоғары, тиiсiнше тауар айналымының жалпы көлемiндегi импорттың үлесi 2000 жылы 19,2% құрады. Түсiмдердiң негiзгi бөлiгi - технологиялық жабдықтар, тетiктер мен көлiк құралдары, азық-түлiк өнiмдерi.
2000 жылдың басынан берi әлемнiң 50-ден астам елiмен сыртқы сауда операциялары жүзеге асырылды.
Экспортқа шығарудың негiзгi баптары-мұнай және мұнай өнiмдерi, балық және балық өнiмдерi. Негiзгi тұтынушылар - алыс шетел (Германия, Польша, Израйль, Түркия, Финляндия, Франция, Италия, Америка Құрама Штаты) және жақын шетелдер - (Ресей, Әзiрбайжан, Украина, Тәжiкстан).
Экспорт өнiмдерiн басты шығарушылар - "Тенгизшевройл" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, "Қазақойл-Ембi" акционерлiк қоғамы, "Сазанқұрақ" бiрiккен кәсiпорны, "Атыраубалық" акционерлiк қоғамы, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамы.
Импорттың тауарлық құрылымы мынадай ретпен көрiнiс тапқан: минерал өнiмдерi, мал және өсiмдiк өнiмдерi, химия өнеркәсiбi өнiмдерi, дайын азық-түлiк тауарлары, машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құрылғылар, аппараттар және басқалар.
Импорттық өнiмдердiң негiзгi жеткiзушiлерi - Ұлыбритания, Америка Құрама Штаты, Ресей, Италия, Германия.
Сыртқы сауда айналымын талдау облыстың экспорттық бағыт алуын көрсетедi, бұл ретте экспорттың шикiзат шығаруы сақталып отыр (мұнай және мұнай өнiмдерi). Сыртқы сауда айналымы құрылымында импорт үлесi өсiп келедi, ол аймақ экономикасының импортқа тәуелдiлiгiн күшейтiп отыр.
Талғамалы басқыншылық шаралар:
(Селективтiк интервенционистiк шаралар)
Шетелдiк және отандық инвестицияларды мұнай-газ секторына тарту.
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ашық акционерлiк қоғамына мұнай тасымалдауға тарифтер бойынша жеңiлдiктер беру.
Жаңа генерациялық қуаттар құрылысының жобаларына салық жеңiлдiктерi мен преференциялар (пұрсаттылықтар) беру.
Сыртқы экономикалық қызметтегi бизнеске жәрдем беру
Несиелендiрудi кеңейту және экспортты сақтандыру, мемлекеттiк саясатты ақпараттық қолдау және жаңа рыноктерге қол созуға ықпал ету, әлемдiк саудадағы өзгерiп отыратын жағдайларға сәйкес заңнамалық базаны жетiлдiру арқылы облыстың экспорт саясатын жүзеге асыру;
Каспий су айдынын экологиялық қорғау және облыс экспортында маңызы бар балық қорын қорғау және қалпына келтiру жөнiнде шаралар кешенiн жүзеге асыру;
Экспорт құрылымын дайын өнiмдер экспортын және дәстүрлi емес өнiм мен қызмет көрсету түрлерiн ұлғайту жағына әртараптандыруды ынталандыру;
Сыртқы экономикалық агенттермен жасалған келiсiм-шарттар мен келiсiм қарым-қатынастарын дамытуын қорғауды қамтамасыз ету;
Сыртқы рыноктерге мұнай тасымалдау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру. 2001-2005 ж.ж. мұнай экспортының неғұрлым көп өсiмi Каспий Тұрбақұбыры Консорциумының мұнай құбырын iске қосу есебiнен жүзеге асырылады.
2015 жылға дейiнгi мерзiмде сыртқы сауда және сауда балансы болжамының көрсеткiштерi бойынша мұнай экспорты көлемiнiң болжамы басты мәселе болып табылады. Машина және жабдықтар импорты, сонымен бiрге ВВП (жалпы өнiм) құрылымындағы таза экспорт үлесi сияқты экспорттың жалпы көлемiмен бiрге импорттың жекелеген баптарының көрсеткiштерi де соларға байланысты (тәуелдi) қалыптастырылады.
Деңгейi көп жағдайда ұлттық экономика мен сыртқы сауданың параметрiн белгiлейтiн Ресеймен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту;
Мемлекеттiк қызмет органдары жүйесiнде экспорттың дамуына ықпал етуге жауаптыларды қалыптастыру.
Болашақта экспортты дамытуға қолайлы елдерде Қазақстанның сауда өкiлдiктерiн құру.
Жақын және алыс шет елдерде Атырау облысының өкiлдiктерiн немесе сауда үйiн құру.
Ресей аймақтарымен сауда-экономикалық және мәдени
ынтымақтастық жөнiндегi жұмысты жандандыру
Облыс кәсiпорындары шығаратын өнiмдер мен олардың өндiрiстiк мүмкiндiктерiн ұсыну арқылы шетелдiк мемлекеттер рыногiне қатысуын қамтамасыз ету келiсiм-шарттар жасауға жәрдемдесу;
Сарапшылар қауымдастығын қалыптастыруға және олармен тиiмдi өзара қарым-қатынас жасауға жәрдемдесу.
Экспортты қаржыландыру және сақтандыруды қамтамасыз ететiн рыноктiк институттар құрылымын дамыту.
Қазақстан Эксим Банкi немесе жергiлiктi бюджеттен экспорттаушыларды несиелендiру (облыс, қала және аудандар әкiмдерiнiң қатысуымен, неғұрлым перспективалық жобалар бойынша)
Экспорт, шетел рыноктарын талдау мәселелерi бойынша ақпараттық- кеңесшiлiк қызмет көрсету үшiн сауда ақпараты орталығын құру.
Сауда әрiптестерiн-елдердi таңдау жөнiндегi ұтымды саясат: өткiзу рыноктерiн әртараптандыру, Азияның жақын рыноктерiн толығымен пайдалану, үшiншi елдер арқылы тасымалды барынша азайту, аймақтық одақтармен өзара қарым-қатынасты күшейту.
Ресей аймақтарымен шекаралық ынтымақтастықты, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында Қазақстан облыстарымен аймақаралық ынтымақтастықты дамыту
4.2. Өнеркәсiптiк-технологиялық саясаттың салалық бағыттары болып табылады:
Мұнай-газ кешенiн, Атырау аймағының инфрақұрылымын дамыту жобасын жүзеге асыру жөнiнде сәйкестi мемлекеттiк органдар мен iрi шетелдiк инвесторлар өкiлдерiнен арнайы алқалы орган құру;
Газ бен күкiрттi кәдеге жарату жөнiндегi стратегияны дайындау;
Жергiлiктi қызмет көрсету, Қазақстандық мамандарды оқыту үшiн жағдай жасау.
Отандық тауарлармен (жұмыспен, қызмет көрсетумен) импорт алмастыру жолымен импорт алмастыру бағдарламасын жүзеге асыру;
Экологиялық сақтандыру тетiгiн енгiзудi әзiрлеу.
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ашық акционерлiк қоғамын және "Полипропилен" зауыты жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiн шикiзатпен қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсiптiк шикiзат қоры бар жаңадан қатарға қосылатын кен орындарын тек қана мемлекеттiк компанияларға беру.
4.2.1. Экспортқа бағытталған салалар
Мұнай-газ өнеркәсiбi.
Бiрiншi кезектегi шаралар:
Көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау және экспорттау бағыттарын әртараптандыру.
Бүгiнгi таңда Атырау облысынан мұнайды экспорттау негiзiнен Ресей Федерациясы аумағымен iлгерi қарай Қара және Балтық теңiздерi порттарына қолданыстағы тұрба құбыры жүйесiн пайдалану жолымен шығу арқылы жүзеге асырылады. Тұрба құбыры жобаларының мақсаты "Тенгизшевройл" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнде болашақта Каспий теңiзi қайраңында, өндiрiлетiн мұнайды өткiзу әлемдiк рыноктерiне экспорт көлемiн жоспарлы өсiрудi қамтамасыз ету, сонымен бiрге көмiрсутегi рыногының әлемдiк нақты жағдаятына сәйкестендiрiп экспорт тасқынын әртараптандыру.
Тұрбақұбыры жүйесiнiң мұнай көлемi өсуi деңгейiнен кейiн қалуы соңғы жылдары тұрба құбырларымен мұнайдың тек қана 60% экспорттауға мүмкiндiк бердi. Жеткiлiктi тұрба құбыры қуаттарының болмауы қымбат тұратын темiр жол көлiгiмен тасымалдау көлемiнiң өсуiне әкелiп соқтырды.
Проблеманы шешу қосымша тұрба құбыры мен басқа тасымалдау қуаттарын iске қосу арқылы шешiлмек. Теңiз-Новороссийск Каспий тұрбақұбыры Консорциумы бас мұнай құбыры құрылысының аяқталуы Қара теңiздегi Ресей терминалдарының мұнай экспортын бастапқы өткiзу қабiлетi жылына 28 млн тонна көлемiнен 67 млн тоннаға дейiн iлгерi қарай ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Ол Каспий теңiзi қайраңындағы кен орнын пайдалануға бергенге дейiн облыстың осы тасымалдау түрiне қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн болады. (2001-2008 ж.ж.).
Ұзындығы 3000 шақырым, қуаттылығы жылына 20 млн тоннадан кем емес Атырау-Кеңқияқ-Құмкөл, Атасу-Алашанкоу және өткiзу мүмкiндiгi 25-тен 50 млн тоннаға дейiн Атырау-Жаңа Өзен-Иран мұнай құбырлары сияқты мұнай тасымалдаудың баламалы жолдарының мүмкiндiктерi зерделенуде.
Транскаспий тасымалдау жүйесiн жүзеге асыру Каспий қайраңындағы кен орнының көлемi мен мұнай өндiру мерзiмiне және мұнай өндiрушi компаниялармен қатар аумағынан тұрба тартылатын елдер мүддесiнiң сәйкестiгiне тәуелдi болады.
4.2.2. Iшкi бағытталу салалары.
1) Тамақ өнеркәсiбi.
Бiрiншi кезектегi мiндеттер.
Бағасы мен сапасы бойынша жергiлiктi өнiмдердiң бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ететiн өндiрiстiң техникалық деңгейiн арттыру, өндiрiс шығындарын азайту;
Сапасы мен түрлерiн жақсарту есебiнен өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру, iшкi рынокты отандық өндiрiс өнiмдерiмен толықтыру;
Тауар өндiретiн салада шағын және орта бизнес кәсiпорындарын дамыту. "Базальт Инт" жабық акционерлiк қоғамы - тұрғындарды өз сүт өнiмдерiмен iркiлiссiз жабдықтаушы және өндiрiстiң ырғақты жұмысының негiзгi өндiрушiсi-жұмыс iстеп тұрған жабдықтарды жаңғыртып, сүт құюдың жаңа желiсiн сатып алуды жүзеге асыруды ойластырып отыр.
"Прикаспий элеваторы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк-банкротқа ұшыраған "Ақ бидай" акционерлiк қоғамының жаңа құрылтайшысы - 2002 жылы Атырау қаласындағы ұн тарту зауытын жаңғыртуды жобалап отыр, сөйтiп 2003 жылы тауарлық өнiм шығаруды бастамақ.
Ол осы аймақты халықаралық стандартқа сәйкес келетiн сапалы өнiммен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Жалпыжүйелiк шаралар:
"Базальт-Инт" жабық акционерлiк қоғамы шикiзат өндiрiсiн және дайын тағам өнiмдерiн кешендi дамыту мақсатында жоғары өнiмдiлiгiмен ерекшеленетiн, сауын сиырлар табынын өсiретiн өз фермасын құруға ниет артып отыр.
Талғамалы қолдаудың негiзгi нысандары
Кәсiпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын сауықтыру; Тамақ өнеркәсiбi саласына инвестициялар тарту және кәсiпорындарды екiншi деңгейдегi банктердiң несиелендiруi үшiн жағдай жасау. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi салаларында импорт алмастыру бағдарламасы шеңберiнде 2001 жылғы қарашада облыстық бюджет есебiнен "Базальт-Инт" жабық акционерлiк қоғамына балалар сүт тағамдарын өндiру жөнiнде цех ашу үшiн 20,8 млн теңге сомасында несие бөлiндi.
"Прикаспий элеваторы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi қажет болған жағдайда ұн тарту өндiрiсiн жаңғырту және жаңарту үшiн несие алу бөлiгiне қолдау көрсету.
2) Мұнай өңдеу өнеркәсiбi
Бiрiншi кезектегi мiндеттер (2002-2005 ж.)
Түстi мұнай өнiмдерiн шығару үлесiн арттыру мақсатында "Атырау мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамын жаңғырту. 308 млн Америка Құрама Штаттарының долларын жұмсауды талап ететiн Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы өңдеудiң отындық тәсiлiн пайдалану арқылы зауыт қуатын 4,5 млн тоннаға жеткiзудi көздейдi. Несие ресурстарын қайтару өндiрiлген өнiмдi сату жолымен жүзеге асырылатын болады. Бүгiнгi таңда "Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясы "Марубени" компаниясымен бiрге зауытты жаңғыртудың техникалық жобасын орындауға рамалық келiсiм дайындады. Ол жоба мұнайды өңдеу тереңдiгiн 85% жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Болашақта Атырау мұнай өңдеу зауытында қою май өнiмдерiн өңдеу мен өндiру үшiн екiншi кезегiн салған жөн.
Жалпы жүйелiк шаралар:
Электрқуатының бәсекелестiкке қабiлеттi ашық рыногiн дамыту, аймақтың электроторап компанияларын жекешелендiру.
Электрқуатын беру жөнiндегi қызметке икемдi баға саясатын жүргiзу.
Отандық және әлемдiк ғылымның алдыңғы қатарлы жетiстiктерi негiзiнде
мұнай-газ шикiзатын терең өңдеу жөнiнде жаңа жоғары технологиялық
өндiрiстi ұйымдастыру
Алдағы мерзiмде химия кешенiнiң жоғалтып алынған шебiн қалпына келтiрiлетiн болады, оны дамытудың шапшаң қарқыны табиғи шикiзатты өңдеу тереңдiгiн арттыру, жаңа перспективалық жоғары технологиялық және ғылымның қатысуын көп қажет ететiн жаңа өнiмдердi игеру негiзiнде қамтамасыз етiледi. Химия-мұнай өнеркәсiбiн дамытудың негiзгi мақсаты қазiргi заманға технологиялық жағынан байланыстырылған өндiрiстер кешенiн бiртiндеп қалыптастыру, көмiрсутегi шикiзатын терең өңдеудi ұйымдастыру негiзiнде жоғары технологиялық өнiмдер шығаруды ұлғайту (мұнай, газ конденсаты, табиғи газ), облыстың iшкi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру, жоғары технологиялық және ғылымды көп қажет ететiн өнiмдердi экспортқа шығару болып табылады.
Мұнай химиясы өнеркәсiбiн дамыту және оның кәсiпорындарын орналастыру жөнiндегi шаралар мүмкiндiк бередi:
Мұнай химиясы кешенiнiң шикiзат импортына тәуелдiлiгiнен мұнай өңдеу кәсiпорындарында мұнай химиясы өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн өндiрудi игеру жолымен құтылу.
Мұнай химиясының үлесiн тұтынушылар рыногына жұмыс iстейтiндер өндiрiсiн дамыту есебiнен ұлғайтсын.
Бәсекелестiкке қабiлеттi экспортқа бағытталған мұнай химия өндiрiсiн құру және iшкi рыноктың маңызды мұнай химия өнiмiне қажеттiлiгiн қанағаттандырсын.
Шикiзаттан өндiрiстiк-техникалық бағыттағы түпкi өнiм мен көпшiлiк тұтынатын тауарларға дейiнгi технологиялық жағынан байланысты өндiрiстiң дамыған мұнай-химиялық кешенiн қалыптастыру.
Мұнай-химия өнiмдерiн өндiру және өткiзудiң жалпы әлемдiк жүйесiмен ынтымақтассын, онда бәсекелестерге қарағанда перспективалық технологияларды енгiзу есебiнен өз өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жолымен орын алсын.
Жаңа прогрессивтiк өндiрiстер құру есебiнен өндiрiстiк әлеуеттi арттырсын және әртараптандырсын, жоғары технологиялық өндiрiске жұмысқа орналаспаған тұрғындарды қатыстырсын.
2005 жылға дейiнгi мерзiмде негiзгi мiндет полипропилен өндiрiсiн қайта бастау болып табылады. Ол үшiн өзiнiң шикiзат базасын құру жөнiндегi жұмыстарды бастау қажет. Полипропилен өндiрудi бастау және осы кәсiпорынды алғашқы кезеңде шикiзатпен қамтамасыз ете алатын Ресей кәсiпорындарымен бiрлесiп жүргiзу арқылы iлгерi қарай дамытуға, болашақта инвестициялар тартуға, өнiм өткiзу рыногын кеңейтуге мүмкiндiк бередi.
Полипропилен өндiрiсi өндiрiстiк-техникалық бағыттағы өнiмнiң кең номенклатурасын шығару жөнiндегi шағын кәсiпорындардың дамуына ықпал етедi, импорттайтын шикiзатты алмастыру есебiнен олардың бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға жағдай жасайды.
"Полипропилен" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнде отандық шикiзатпен қамтамасыз ету пропанды сусыздандыру (дегидрация) және этанды құрғақ газбен алу әдiсiмен пропилен өндiру жөнiнде кешендi қондырғылар құруды көздейдi.
Болашақта жергiлiктi шикiзатты пайдалану арқылы синтетикалық каучук, синтетикалық талшық, пластикалық әйнектер, композиттiк материалдардан тұрбалар өндiрiсi ұйымдастырылуы мүмкiн.
б) Төмен бәсекешiл блок
1) Машина жасау.
облыс машина жасау кәсiпорындарындағы жабдықтарға және мұнай-газ секторы мен тау-кен-металлургиялық кешенi жинағына тапсырыстар орналастыруды қамтамасыз ету;
"Сапа сертификаты және менеджментi" 9000-9005 үлгiсiндегi халықаралық сапа стандарттарын енгiзу арқылы өндiрiстi жаңғырту және жаңарту.
Жалпы жүйелiк шаралар:
Тиiмдiлiгi төмен өндiрiстiң кәсiби бағытын өзгерту немесе сегменттеу (бөлшектеу), олардың базасы негiзiнде ұсақ және жинақы бәсекеге қабiлеттi өндiрiстер құру.
Селективтiк (талғамды) қолдаудың негiзгi нысандары
Әскерилер мен оларға теңестiрiлген арнайы тұтынушылар мен әлеуметтiк мекемелер үшiн конкурстық негiзде жеңiл және жиhаз жасау өнеркәсiбiнiң дайын өнiмдерiн мемлекеттiк сатып алулар.
Шағын кәсiпкерлiк пен тоқыма өндiрiсiнiң импорт алмастыруын қолдау бағдарламасы шеңберiнде жеңiлдiкпен несиелендiру.
Импорт алмастыру бағдарламасын жүзеге асыру.
Тауар өндiрушiлердiң және мердiгерлiк ұйымдардың бiлiктi жеткiзушiлерiнiң мәлiметтер қоржынын жасау;
Қазақстан кәсiпорындарының мынадай бөлiгiндегi рейтингiлiк бағамын жүргiзу: олардың қаржылық орнықтылығы, шикiзат көздерiне қол жеткiзу мүмкiндiктерi, бiлiктi кадрлармен қамтамасыз етiлуi, сапаға бақылау жасау және т.б.
Бiлiктi мамандар мен жұмыссыздар жөнiнде мәлiметтердiң бiрыңғай компьютерлiк жүйесiн жасау.
Импорт алмастыру бағдарламасына қатысатын және технологияларды оқытып үйретуге және беруге инвестиция жұмсайтын шетелдiк компаниялар үшiн салық мөлшерлемелерiн төмендету, салық каникулдары түрiнде жеңiлдiктер белгiлеу.
Мұнай-газ кешенiн дамыту жобаларын жасауға отандық жобалау институттарын қатыстыру тетiгiн дайындау.
Импортқа бақылау енгiзу және заңнама, салық салу, кеден баж салығы арқылы өз шартына көндiру.
Жобаны тұжырымдамалық жобалаудың басынан бастап, пайдалануға бергенге және өндiрiс басталғанға дейiн мемлекеттiк деңгейде сарапшы және бақылаушы ролiн орындайтын орган құру және қосалқы мердiгерлiк келiсiм-шарттарына қазақстандық кәсiпорындарды, еңбек және материалдық ресурстарды қатыстыру үшiн қажеттi тармақтар енгiзу.
Өз өнiмiн жарнамалау және келiсiм-шарттар жасау мақсатында
көрме-жәрмеңкелердi жүйелi өткiзiп тұру.
Жергiлiктi қызмет көрсетулердi дамыту үшiн, қазақстандық
мамандарды оқытуға жағдайлар жасау
Жергiлiктi кәсiпкерлiктi дамыту үшiн несие ресурстарын тарту.
Жергiлiктi сервистiк қызмет көрсетулердi дамытуға кедергi
келтiретiндердi жою.
Қазақстандық мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру, дайындау және қайта
дайындау жөнiндегi оқу орталықтарын ашу.
Жұмыс iстеп тұрған жалпы бiлiм беретiн құрылымдардың
материалдық-техникалық базасын нығайту.
Оқытушылар құрамының кәсiби деңгейiн арттыру.
Экологиялық қамсыздандыруды енгiзу тетiгiн әзiрлеу
Экологиялық қамсыздандыру тетiгiн енгiзудiң құқықтық негiзiн және
қолданыстағы заңнамалық актiлерге толықтыруларды әзiрлеу.
Облыстық экологиялық қамсыздандыру қорын құру және мiндеттi
экологиялық қамсыздандыру туралы ереженi бекiту.
Жоғары экологиялық қауiптiлiк көздерi-кәсiпорындар тiзбесiн бекiту.
Апаттық комиссарлар қызметiн құру.
Қамсыздандыру пұлын (қоржынын) құру.
Энергетика
1. Мақсаты
Облыс энергетикасын дамыту болашақта, 2010 жылға дейiн аймақтық электр қуатын импорттау тәуелсiздiгiне қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Аймақты және iрi қуат көздерiн пайдаланатын кәсiпорындарын қуатпен қамтамасыз етудi тұрақтандырады.
2. Ахуалды талдау
Бүгiнгi таңда облыста мынадай қуаттылықтар бар: "Жылу Электр
Орталығы" акционерлiк қоғамында - 970,5 млн кВт, "Тенгизшевройл"
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнде - 993,6 млн кВт, "Атырау мұнай
өңдеу зауыты" ашық акционерлiк қоғамында -68,2 млн кВт. 2001 жылы облыстың
қуат балансында орташа қуаттылық 180,2 млн кВт құрады.
Мықты жақтары:
1. Орнықты дамып келе жатқан мұнай-газ секторы.
2. Арзан табиғи газдың болуы.
3. Облыс аумағында магистралдық (бас) газқұбырларының болуы.
4. Тармақталған электр тораптарының, өндiрiстiк инфрақұрылымдардың
және энергетиканың кәсiби кадрларының болуы.
5. Таратушы электр тораптарының басқарылу жағдайын сақтау.
Осал жақтары
1. Облыстың шалғай елдi мекендерiне электр қуатын тасымалдау кезiнде
көлемдi шығындардың болуы.
2. Газды кәдеге жаратудың тиiмдi жүйесiнiң болмауы және өзiнiң отын
ресурстарын жеткiлiксiз пайдаланылуы.
3. Қоршаған ортаның ластануы.
4. Жылу электр стансаларының (ЖЭО), электр тораптары жабдықтарының
техникалық тозуының жоғары деңгейлiгi.
5. Облыс елдi мекендерiн iлгерi қарай газдандыру үшiн көлемдi
инвестициялар қажеттiлiгi.
Мүмкiндiктер
1. Көмiрсутегi шикiзаттарының көлемдi қорының болуы және мұнай мен
газ өндiрудiң өскелең көлемi.
2. Жаңа газ өңдеу зауытының құрылысын салу, құрылыс индустриясының
қуаттарды көп пайдаланатын жаңа кәсiпорындарын iске қосу.
3. Облыс елдi мекендерiн 100% газдандыру.
4. Облыстың шалғай елдi мекендерiн қуатпен жабдықтауды дербес
көздерге көшiру.
Қауiптiлiктер
1. Қуат ресурстарын қолдану көлемiнiң өсуiне байланысты электрге
тәуелдiлiктiң күшеюi.
2. Магистралдық газ құбырларының тозу деңгейiнiң артуы.
3. Тарату электр тораптарының басқарылу шығыны.
3. Стратегиялық мiндеттер
3.1. Жергiлiктi көмiрсутегi шикiзаты базасында өз энергоқуаттарын дамыту және энергоресурстарды облысқа импорттау үлесiн барынша азайту.
3.2. Облыстың энергетика жүйесi мен газбен жабдықталуын оңтайландыруды жалғастыру.
4. Iс-қимыл стратегиясы
4.1. Жергiлiктi көмiрсутегi шикiзатының қоры базасында өзiнiң жеке энергия қуаттарын дамыту және облысқа энергоресурстар импортының үлесiн барынша азайту.
Облыстың "Полипропилен зауыты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ашық акционерлiк қоғамы кәсiпорындарының газотурбиналық қондырғыларының жергiлiктi құрылысын салу.
2005 жылға қарай қуаттылығы 70 МВт "Атырау Жылу электр орталығы" ашық
акционерлiк қоғамында жаңа газотурбиналық қондырғысын iске қосу.
Жабдықтарды жаңарту есебiнен 2002 жылы электр қуатын өндiрудi
жеткiзу:
"Жылу электр орталығы" акционерлiк қоғамы бойынша - 1127,1 млн
кВт/сағат, "Теңiзшевройл" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi - 1175 млн
кВт/сағат, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ашық акционерлiк қоғамы - 95,9 млн
кВт/сағат.
Облыстың шалғай елдi мекендерiнде 2005 жылға дейiн электрэнергиясын
өндiру жөнiнде дәстүрлi емес қондырғылар құрылысын салу.
Қуаттылығы 0,5 кВт/сағат - 6 жиынтық;
1,5 кВт/сағат дейiн - 10 жиынтық;
2 кВт/сағат дейiн - 3 жиынтық;
3 кВт/сағат дейiн - 2 жиынтық
4.2. Облысты энергетика жүйесiмен, газбен жабдықтауын оңтайландыруды
жалғастыру.
2003 жылға дейiн "Атыраужарық" тарату электрторабы компаниясының
тораптарын жаңарту жөнiндегi жұмыстарды аяқтау.
Кенорнында жаңа газ өңдейтiн зауыт салу.
2001-2003 жылдары бюджеттiк мекемелерде дербес жылу жүйесiн орнату.
Газ есептеу құрылғыларын орнатуды аяқтау.
Облыс елдi мекендерiне жоғары қысымды газқұбыры тораптарын жүргiзу.
Әлеуметтiк сала объектiлерiн газдандыру, бюджеттiк мекемелер мен
облыс тұрғындарын табиғи газбен жабдықтау.
IV-бөлім
Агроиндустриалдық саясат
1. Аймақтың агроазық-түлiк әлеуетi
Агро-азық-түлiк саласын дамытудағы негiзгi проблемалар мен кедергiлер.
Агро-азық-түлiк саласын дамытудағы негiзгi проблемалар мен кедергiлер топырақтың құнарлығының төмендiгi және өсетiн шөптiң жұтақтығы болып табылды. Оған қоса, жаздың ыстық, қуаңшылығы, желдi де аязды қыс ауылшаруашылығы өндiрiсiне қосымша қаражат жұмсауды қажет етiп, шаруашылық тиiмдiлiгiн төмендетедi. Мысалы, облыс бойынша бүгiнгi таңда малдың барлық түрлерiнiң етiн өндiру рентабельдiлiгi, жылқы етiнен басқа, 10% аспайды, ал сиыр сүтiн өндiру негiзiнен өзiн-өзi ақтамайды. Егiн шаруашылығы өнiмдерiнiң рентабельдiлiгi, бiрнеше рет көтеру арқылы суландыру арналарымен берiлетiн суармалы судың құнының жоғарлығынан, сырттан әкелiнетiн тұқымның қымбаттығынан және өсiмдiктердiң вегетация кезеңiндегi ауа-райының қолайсыздығынан, 10-15 пайыз аралығында ғана болады.
Баға бойынша сырттан әкелiнетiн өнiмдерге қарағанда, тiптi олардың тасымалдауға кететiн шығындарын қосып есептегенде жергiлiктi жерде өндiрiлетiн өнiмнiң өзiндiк құнының жоғары болуы, бәсекелiк қабiлетiнiң төмендiгiн айқындайды.
Жер қатынастарының дамуы.
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру жер туралы қажеттi және сенiмдi ақпарат негiзiнде Мемлекеттiк жер кадастры арқылы жүргiзiледi, ол өз кезегiнде кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
2005 жылғы дейiнгi мерзiмде кадастр жүргiзуге және оны жетiлдiру жүйесiн құру үшiн iздестiру жұмыстарын орындау мәселелерi шешiлетiн болады. 2005 жылдан кейiн жер кадастрын жүргiзу үшiн iздестiру және жобалау жұмыстарын орындау қамтамасыз етiледi.
Несиелiк және инвестициялық ресурстарының қажеттiлiгi
Облыста ауыл шаруашылығын дамытуға жеткiлiктi несие ресурстары бөлiнiп келедi, бiрақ кепiлдiк мүлiктерге қойылатын қатаң талаптарынан және жоғарыда көрсетiлген себептер бойынша рынок жағдайындағы орын алған тәуекелдiктен қаралған несиелiк сома толық игерiлмейдi. Осы себептерге байланысты инвесторлар iздестiру қиын. Бұл тұрғыдан түйе шаруашылығын және жылыжай шаруашылығын дамыту бiршама үмiт күттiрерлiктей көрiнедi.
Баса назар жанар-жағар май, тыңайтқыш, тұқым материалдарын сатып алу сияқты жобаларды маусымдық несиелендiру мәселелерiне аударылуы тиiс.
Ауылдың еңбек ресурстарының болжамы
Алынып жатқан шараларға қарамастан, ауылдағы жұмыссыздар саны әлi де болса жоғары болып отыр. Олар, әрине ауылшаруашылығы қызметкерлерiнiң үлкен резервiн бiлдiредi. Оған қоса, ауылшаруашылығының көпшiлiк мамандары жұмыс жоқтықтан өздерiне тән емес жұмыстармен ерiксiз айналысуда.
Аймақты азық-түлiкпен қамтамасыз ету жолдары.
Облыс халқының өзi өндiрген ет-сүт өнiмдерiмен қамтамасыз етiлуi тиiсiнше 52,6 және 28,2% құрайды, жұмыртқамен - 1,2%, картоп және көкөнiс-бақша өнiмдерiмен - 30,2; 57,4 және 64,2%. Облыстың ет-сүт, ұн тарту өнiмдерiне, кондитер және колбаса өнiмдерiне, өсiмдiк майына қажеттiлiгi негiзiнен сырттан әкелiнетiн өнiмдер есебiнен қанағаттандырылады.
Облыс халқының аймақ ерекшелiгiн ескеру арқылы өзi өндiрген тамақ өнiмдерiмен қамтамасыз етудi арттыру үшiн құрама жем, минералдық тыңайтқыштар сатып алуға, сүт өндiруге субсидия мәселелерiн шешкен жөн және қосымша құн салығын барлық ауылшаруашылығы өнiмi түрлерiнен алып тастау керек.
Агроөнеркәсiп инфрақұрылымдарын қалыптастыру.
Тәуекелдi егiншiлiкпен, халқының жерге тығыз орналаспауымен және өндiрiс учаскелерiнiң шашыраңқы, техникалық жарақтандырылуының нашарлығымен сипатталатын облыстың аймақтық ерекшелiгiн ескерiп, көтерме-дайындау құрылымдары тораптарын, машина-технологиялық стансалар мен сервистiк-жалға алу пункттерiн дамыту қажет, өндiрiс мемлекеттiк қаражатты қатыстыруымен қаржылық-несиелiк құрылымдар құралдарына капитал шоғырлануының жоғары деңгейiндегi, жеке меншiкке негiзделген, ауылшаруашылығы құрылымдарының қауымдастықтарын құру.
Ауыл тауар өндiрушiлерiн материалдық-техникалық ресурстармен
қамтамасыз ету жолдары және лизингiлiк қарым-қатынастар мен
мәшине-трактор стансаларын дамыту
Ауыл шаруашылығы техникасы құнының жоғарылығынан оларды сатып алу несиесiн қайтару 6-7 жыл iшiнде ғана мүмкiн болады. Мұндай мерзiмге бiр де бiр әлеуеттi қарыз берушi-банк келiспейдi. Осы себептен 2001 жылы лизингiлiк негiзде 22 млн. теңге сомасына ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға бөлiнген несиелiк ресурстар облыс ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң басқа басымдықтағы бағыттарына қайтадан бөлiндi. Осыған байланысты республикада ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру көлемiн арттыру және амортизациялық аударым мен салық төлемдердi ұлғайту есебiнен несиенi өтеу
лизинг бойынша шартымен ауыл шаруашылығы машиналарын жеткiзу тетiгiн
ойластыру керек.
Жергiлiктi бюджеттен мақсатты несиелендiру.
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамытуға жыл сайын облыстық бюджеттен
"Ауылшаруашылығы тауар өндiрушiлерiн несиелендiру" бағдарламасы бойынша
66,0 млн. теңге несиелiк қаражат бөлiнедi.
Үстiмiздегi жылы тағы да қарыз берушi-банктi таңдау жөнiнде тендер
жарияланатын болады.
2. Аймақтың сыртқы-экономикалық саясаты (агро-азық-түлiк
өнiмдерiнiң импорты мен экспортының мүмкiндiктерi)
Балық өнiмдерiнен басқа, агро-азық-түлiк өнiмдерiнiң бiр де бiр түрi облыстан тысқары экспортқа шығарылмайды. Бүгiнгi таңдағы басты мiндет - өндiрiс көлемiн неғұрлым барынша ұлғайту және өндiрiлетiн өнiм сапасын халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендiру.
Топырақ құнарлылығын арттыру, жер суару, ветеринарлық қызмет көрсету жөнiндегi iс-қимыл стратегиясы, сонымен бiрге тыңайтқыш, гербицидтер, жанар-жағар майларды, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығындарының бiр бөлiгiне өтемақы төлеу.
Атырау облысында топырақ құнарлылығын арттыру мәселесi өткiр жағдайда.
Ұсақ жекелеген ауыл шаруашылығы құрылымдары өздiктерiнен жер тыңайтқыштарын сатып алуға мүмкiншiлiктерi жоқ. Осыған байланысты көлiк минералдық тыңайтқыштарын орталықтандырылған жеткiзу мәселесiн шығындарын Республикалық бюджеттен өтеу арқылы шешу қажет.
Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерге олардың су тұтыну шығындар бөлiгiне шығындар бөлiгiне өтемақы төлеумен үлкен көмек көрсетуге болар едi. Су құнын арзансыту мақсатында облыстық бюджеттен жыл сайын 50,0 млн.теңге шамасында қаржы бөлiнедi, алайда бұл жеткiлiксiз.
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң мүддесi үшiн топтық су құбырларын, су сораб қондырғыларын және су айдау каналдарын жөндеу және қалпына келтiруге жыл сайын республикалық бюджеттен 300 млн. теңгеге жуық болуы қажет.
Малдарға ветеринарлық қызмет көрсетудi жақсарту мақсатында облыста "ЗооВет Жәрдем" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнын құру және ол арқылы ветеринарлық алдың-ала алу шараларын жүзеге асыруға қаржылық қолдау мәселесi қаралуда.
Облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне жанар-жағар май жiберу фьючерлiк келiсiм негiзiнде жүргiзiледi.
Аталған шаралардың жүзеге асуы сала жұмысының күтiлген қорытындыларына оң септiгiн тигiзедi. Төмендегi кесте түрiндегi көрсеткiштердiң орындалуына қол жеткiзедi.
1. Мақсаты
Облыс Аграрлық саясатының басты мақсаты ауылдық жерлердегi жұмыссыздар санын азайту, ауыл шаруашылығы өндiрiстерiн дамыту негiзiнде ауыл тұрғындарының әл-аухатын жақсарту және облыста өндiрiлетiн өнiмдерiнiң бәсекеге жарамдылығы мен импортты алмастыратын қабiлетiн арттыру болып табылады.
Осы стратегиядағы қаралған шаралардың орындалуын екi кезеңде жүзеге асыруға болады.
Орындаудың бiрiншi кезеңi (2000-2005 ж.ж.)
Бұл кезеңде, егiн шаруашылығының қатерлiгiмен, тұрғындар тығыздығының төмендiгi мен техникалық жабдықтандырылуы нашар өндiрiс учаскелерiнiң шашыраңқылығымен сыипатталатын облыстық аумақтық ерекшелiгiн ескерiп, көтерме сауда құрылымдар жүйелерi, машина-технологиялық стансалар және қызмет көрсету - жалға беру пункттерi қарқында дамиды, ауыл тұрғындарына
әлеуметтiк қызмет көрсету денгейi жоғарылайды, ауыл шаруашылығы
құрылымдарының ассоцициялары, қаржы-несиелеу құрылымдары пайда болады.
Екiншi кезең (2006-2010 ж.).
Аграрлық өндiрiстi оңтайландыру, селолық жерлердi индустрияландыру,
селода сапалы өмiр деңгейiн орнату және қала мен село тұрғындар өмiр
деңгейiнiң айырмашылығын жою.
2. Ахуалды талдау
2.1 Аграрлық сектордың ролі
Облыста соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тұрақтандырылуы қалыптасуда, сүт, көкөнiс-бақша дақылдарын өндiрудiң өсуi байқалуда.
Ауылдық жерлерде облыс тұрғындарының 41,9 пайызы өмiр сүредi, сондықтан да агроиндустрия бұрынғыша аумақтың қауымдық-саясат, әлеуметтi- экономикалық тұрақтылығының ықпалды факторы ретiнде болуда.
Облыстық агроөнеркәсiп кешенi ауылшаруашылығы байтақ жерге орналасқан (9830,8 мың га). Суару арналарының тарамдалған желiлерiнiң болуы (жалпы ұзындығы 1800 шақырым) егiншiлiктi де, мал шаруашылығын да дамытуға үлкен мүмкiншiлiк бередi.
2.2. Облыстың аграрлық секторының жағдайы
Ауылда жалпы әлеуметтiк жағдай село тұрғындарының өмiр деңгейiнiң төмендеуiмен, жұмыссыздықтың жоғары деңгейiне қатысты, медициналық қызметтiң нашарлауымен, инфрақұрылымдарының мардымсыз дамуымен сипатталады.
Облыстың аграрлық секторында 2002 жылдың 1-қаңтарына есепте бар 1166 ауылшаруашылық құрылымдыры, оның iшiнде 7 акционерлiк қоғам, 9 өндiрiстiк кооператив, 8 жауапкершiлiгi шектелулi серiктестерiктер және 1142 шаруа қожалықтары.
Бүгiнгi таңда ауылдық жерде меншiктiң 95 пайызы жеке меншiк
иелiгiнде, олармен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң 91 пайызына жуығы
өндiрiлуде.
Облыста барлық шаруашылық санаттарында орта есеппен жылына 34,0 мың
тонна ет, 35 мың тонна сүт өнiмдерi, 900,0 мың дана жұмыртқа, 10,4 мың
тонна картоп, 32,0 мың тонна көкөнiс-бақша дақылдары өндiрiледi.
Саланың 2000-2001 жылдардағы негiзгi өндiрiстiк көрсеткiштер
қозғалысы, 2002 жылды бағалауы және 2006-2010 жылдарға болжамы төменгi
кестеде келтiрiлген:
---------------------------------------------------------------------------
Көрсет- 2000ж. 2001ж. 2002 ж. 2006ж. 2010ж. 2001ж. 2006ж. 2010ж.
кiштер бағалау болжам болжам 2000ж-ға 2001ж-ға. 2001-ға
%-пен % %
---------------------------------------------------------------------------
Жыл аяғындағы мал басы, мың бас.
Iрi қара
мал 101,4 107,1 107,9 109,0 110,0 105,7 101,2 102,7
Қой мен
ешкiлер 362,3 378,4 380,0 428,5 500,0 104,5 113,2 132,1
Жылқылар 30,4 30,2 30,4 31,4 31,8 99,2 104,0 105,3
Түйелер 20,9 21,7 22,6 25,8 26,6 103,6 118,9 122,6
Ауылшаруашылығы өнiмдерi өндiрiсi
Ет (союға
өткiзiлген
тiрi салмағы)34,3 33,7 34,0 35,0 36,0 98,2 103,9 106,8
Сиыр сүтi
млн.т 33,3 33,6 34,5 36,5 38,5 101,0 108,6 114,6
Жұмыртқа,
мың дана 861,0 906,0 8000 11000 12000 105,2 в 11 раз в 12 раз
Жүн,тн. 766,0 711,0 860,0 900 1100 92,8 126,6 154,7
Қаракөл,
мың дана 14,4 14,0 14,0 20,0 25,0 97,2 142,9 178,6
Картоп, тн. 10,4 8,4 9,0 11,0 13,5 80,8 135,8 160,7
Көкөнiс,тн. 24,3 23,0 25,1 26,5 27,8 94,6 115,2 120,9
Бақша, тн. 8,0 5,3 7,0 8,5 9,1 66,3 160,4 171,7
Жалпы өнiм
Барлығы,
млн.тг 4654,4 4505,5 4685,0 5064,3 5447,9 96,8 112,4 120,9
Соның iшiнде
малшаруашылығы
өнiмдерi 3630,0 3575,6 3640,8 3793,6 4007,0 98,5 106,1 112,1
Егiн
шаруашылығы
өнiмдерi 1024,4 929,9 1044,2 1270,7 1440,9 90,8 136,6 155,8
3. Басымдылықтар
Агроөнеркәсiп кешенiндегi қалыптасқан жағдайдан шыға, өндiрiлген өнiмдi өткiзу рыногiнiң конъюнктурасы мен нақты мүмкiндiктерiн ескере отырып, облыста қаралып отырған кезеңде ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң негiзгi басымдылық бағыттары болып саналады:
1. Сүттi мал шаруашылығы мен түйе өсiрудi дамыту.
2. Асыл тұқымды және жақсартылған ауылшаруашылығы малдарының өнiмдiлiк сапасын сақтап қалу және көбейту.
3. Айналысқа азық-түлiктiк дақылдарының қосымша егiстiк алаңдарын енгiзу.
4. Көпжылдық жемiс ағаштарын егу және қайта өңдеу.
5. Ауылды индустрияландыру және интенсивтiк ресурс үнемдейтiн, экологиялық таза технологиялар енгiзу.
6. Аграрлық сектормен байланыстағы ауылдың әлеуметтiк инфрақұрылымдарын, өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын және т.б. дамыту арқылы, жұмыстылықтың баламалық түрлерiн қоса, ауыл халқын жұмыспен қамтудың барлық нысандарын дамыту.
Мал шаруашылығындағы селекциялық-асылдандыру
жұмысының басым бағыттары
Ауылшаруашылығы малдарының қазiргi тектiк қорын сақтап қалу және олардың өнiмдiлiк сапасын одан әрi арттыру мақсатында облыста мына жұмыстар жүргiзiледi:
Құрманғазы ауданының "Сүйiндiк" акционерлiк қоғамында Сүйiндiк зауыттық тұрпатта шығарылған едiлбай қойын алға қарай жетiлдiру жөнiнде жұмыстар жалғастырылады.
Қызылқоға ауданының "Асыл" акционерлiк қоғамында iнжу-маржан түстi көк қаракөл қойының зауыттық тұрпатын одан әрi жетiлдiру жұмыстары жүргiзiледi.
Индер ауданының "Есбол" акционерлiк қоғамында шығарылған ұзын бұйра толқынды жакеттi-елтiрiлi қара түстi қаракөл қойларының зауыттық тұрпатын одан әрi жетiлдiру жұмыстары жалғасады.
Қызылқоға ауданының "Жасқайрат" акционерлiк қоғамында дүние жүзiнде теңдесi жоқ, жаңа елтiрiлi-еттi-майлы Атырау қой тұқымының басын көбейту жөнiндегi жұмыстар жалғастырылады.
Қызылқоға ауданының "Тасшағыл" өндiрiстiк кооперативiнде аспан түстес көк қаракөл қойының зауыттық тұрпатын шығару жөнiндегi ғылыми жұмыстар басталды.
Құрманғазы ауданының Құрманғазы өндiрiстiк кәсiпорында жүнi ағартылған еттi-майлы құйрықты қойлардың отарын құру жұмыстары жүргiзiлуде.
Селолық округтерде сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру жөнiндегi шаруашылық есептегi қызметтердi құру және дамыту жұмыстары жалғасуда.
Махамбет ауданының "Бiрiншi Мамыр" акционерлiк қоғамында жергiлiктi жағдайға бейiмделген, сиыр малының сүт өнiмдiлiгi-жоғары жас мал өсiру есебiнен сүт өнiмi бағытындағы асыл тұқымды сауын сиырлар отарын қалыптастыру бағытында жұмыстарды жүргiзу жалғасады.
Индер ауданының "Жарсуат" өндiрiстiк кәсiпорында, Жылыой ауданының "Жаңа таң" акционерлiк қоғамында қазақтың "Бактериан" тұқымды өнiмдiлiгi жоғары түйе малын өсiру жұмыстары жүргiзiлетiн болады.
Облыстың барлық шаруашылық нысандарында түйе шаруашылығын одан әрi
дамыту және өнiмдiлiгi жоғары таза тұқымды аналық мал басының үлес
салмағын 55-60 пайызға дейiн өсiруге ықпал ету.
Облыста екi түйе малын өсiретiн шаруашылықтар түйе сүтi мен шұбатты
ыдысқа құю технологиялық желiсiн iске қосу.
Облыста түйе шаруашылығын одан әрi дамыту мақсатында 2002 жылға
облыстық бюджеттен 10 млн. теңге бөлу қаралып отыр, осындай мөлшерде
қаражат алдағы жылдарда да бөлiнетiн болады.
V-бөлім
Көлік инфрақұрылымы
1. Мақсаты
Атырау облысының экономикалық өсуiне ықпалы ететiн және аймақтың экономикасы мен халқына сапалы қызмет көрсету қажеттiлiгiн қамтитын тиiмдi және техникалық жаңартылған көлiк кешенiн құру.
Автокөлiк кешенiнiң даму стратегиясын жүзеге асыру үшiн екi кезеңде - 2002 жылдан 2005 жылға дейiн және 2006 жылдан 2010 жылға дейiн жағдай жасау. Ол үшiн қажет:
Бiрiншi кезеңде көлiк кешенi жұмысына халықаралық сапа үлгiсiн енгiзу.
Екiншi кезеңде көлiк-коммуникациялық кешенiн техникалық жаңарту мақсатында жеке капиталды тартуға қажеттi жағдайлар жасау.
2. Ахуалды талдау
Атырау облысының 2010 жылға дейiнгi әлеуметтiк-экономикалық стратегиялық жоспары тиiмдi және технологиялық жаңартылған, сондай-ақ жолаушыларды, жүктердi, багаждарды және қауiптi жүктердi көлiктiң барлық түрiмен тасымалдау қызметiн бақылауды, экономиканың және тұтастай қоғамның қажетiн қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникациялық кешенiнiң құрылуына байланысты.
Атырау облысында әрi тұтастай Қазақстан бойынша қазiргi мезгiлдегi ахуалды талдап, аймақтың стратегиялық жоспарының әзiрленуiне сәйкес көлiктiң барлық түрлерi бойынша жүктердi тасымалдау құрылымының әлемдiк стандартқа сай болуының қажеттiлiгi туындап отыр.
Көлiк жобалар құнының жоғарылығы бүгiнгi күнi стратегиялық инвестордың рөлiнде қатысуға мүмкiндiк бермей отыр. Соңғы бiрнеше жылда сала қызметiнiң көрсеткiштерi тұрақтанды. Алайда облыс бойынша негiзгi магистралды жолдары мен тасымалдау құралдарын жөндеу және қалпына келтiру жұмыстары төменгi қарқында жүргiзiлуде, саланың өткiншi әлуетi кемiдi. Нәтижесiнде облыс бойынша көлiк инфрақұрылымының көлiк қызметiн толық көлемде ұсыну, сондай-ақ шығындар мен сапа деңгейiн айтпағанда пайда табу басты мiндетi орындалмайды.
2.1. Мықты жақтары
Облыс географиялық тұрғыда қолайлы жерде орналасқан, ол арқылы Еуропа-Оңтүстiк-Шығыс Азия, Ресей өткiншi маршруты өтедi.
Бай энергия ресурстары (мұнай, газ, минералдық шикiзат), балық өнеркәсiбi саланың ұзақ мерзiмдi кезеңге үздiксiз жұмысына әлуеттi кепiлгер болады.
Көмiр сутектi шикiзат өндiрiсiнiң артуы және соған байланысты шетелдiк инвестиция ағыны.
Қазiргi заманның байланыс құралдарының дамуы және әлемдiк үлгiге сәйкес көлiк кешенiн ақпараттандырылуы.
2.2. Осал жақтары
Облыстың көлiк-коммуникациялық құрылымы дағдарысқа келiп тiрелдi.
Өзара байланыс пен үйлестiру жұмысының жоқтығы, автожолдар сапасының төмендiгi (ауданаралық қатынас жолдарын айтпағанда) ескiрген көлiк паркi, бәсекеге жарамсыздығы.
Жолаушылар мен жүк тасымалды кемелерiнiң жоқтығынан және тереңдету жұмыстарының көптен жүргiзiлмеуiнен Жайық өзенi әлеуетiнiң пайдаланылмауы.
Жалғыз жол болып табылатын темiр жол желiсiнiң жеткiлiксiз құрылуы.
Аэропорт кешенiнiң инженерлiк-коммуникациялық желiсiнiң қанағаттанарлықсыз жайы.
Қазiргi мезгiлдегi ескiрген авиатехника ұшулардың өзiндiк құнына керi әсерiн тигiзiп авиатасымалдау тарифiнiң көтерiлуiне әкелiп отыр.
2.3. Мүмкiндiктер
Өсiп келе жатырған минералды-шикiзат экспортына көлiк-коммуникациялық
қызмет көрсету, бiрiншi кезекте Теңiз кен орнынан және Каспий қайраңынан
мұнай тасымалдау, сондай ақ отандық мұнай өндiрушi кәсiпорындарымен мұнай
өндiрудi ұлғайту.
Көпiрлердiң құрылысы және Атырау облысын Астрахань облысымен қосатын
автомобиль жолының сапасын жақсарту, аймақ арқылы өткiншi автомобиль
көлiгiн көбейтуге мүмкiндiк бередi.
2.4. Қауiптер
Көктемгi тасқын, Каспий теңiзiнiң көтерiлуi
Көлiк-коммуникациялық қызмет көрсету үшiн ескi нормативтiк үлгiлер
(нұсқалар, нормалар, ережелер) пайдаланылады.
Кеден және салық заңнамаларының тұрақсыздығы.
Шетел тасымалдаушылар тарапынан бәсекенiң артуы.
2.5. Әлемдiк тенденциялар
Өндiрiстi ғаламдандыру.
Айтарлықтай капиталы және ықпалы бар темiр жол компанияларының
iрiленуi.
Аймақтардың әртурлi топтардағы көлiк компанияларын бiрiктiру.
Шағын үлгiдегi тасымалдауды ұйымдастыруда толассыз маршруттарды
пайдалану.
3. Стратегиялық міндеттер
3.1. Транзиттiк саясат
Қазақстан Республикасының әлемдiк өткiзу рыноктарына мұнайды қосымша тасымалдаушы бола алатын теңiз көлiгiнiң дамыту перспективасына байланысты өзен және теңiз флотына көп көңiл бөлу.
Облыстың көлiк кешенi дамуының проблемасы-тиiстi сервистiк қызметтiң, жүк түсiретiн пункттердiң жоқтығы, соны шетелдiк тасымалдаушы пайдалануда.
Транзиттiк әлует
Орта Азия-Қазақстан-Ресей магистралды желiдегi Атырау облысының (1480 шақырым) темiр жолы мен (4990 шақырым ) автомобиль жол торабының болуы еуроазияттық қатынастағы аймақтың транзиттiк буынының рөлiн алдын-ала айқындайды.
Көлiк қызметi рыногiндегi бәсекелестiк, тасымалдаудың дәстүрлi теңiз маршруттарының өзгеруi техникалық, ұйымдастырушылық және коммерциялық шаралардың iске асырылуын талап етедi.
Облыста Қазақстанның Орал, Ақтөбе, Ақтау облыстарымен және Ресейдiң Астрахань облысымен байланыстыратын үлкен қашықтықтағы автомобиль жолдары бар. Бiрақ оларды пайдалану жағдайы өте қанағаттанарлықсыз.
Атырау қаласының әуе-жайы арқылы транзиттiк әуе маршруттар республика аймақтарының барлығына, сондай-ақ алыс шетелдерге де бағытталады.
3.1.1. Транзиттiк саясатты iске асырудағы стратегиялық мiндеттер
Транзиттiк тасымалдаудан түсетiн кiрiстердiң өсуi, халықаралық көлiк жүйесiн тең құқықтық бiрiгу.
Облыста толыққанды транспорттық инфрақұрылымын құру және сол арқылы халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру.
Озық ақпараттық технологияларды дамыту.
3.2. Iшкi қажеттiлiктердi қанағаттандыру саясаты
Коммуникациялар халықтың тұрмыс деңгейiн көтерушi құрал ретiнде қаралуы тиiс.
Жол шаруашылығын дамытуға және жол тораптарының сапасын жақсартуға мұнай газ секторына шетел және жергiлiктi кәсiпорындарын тарту.
Атырау қаласындағы жасанды ұшып-қону алаңын, әуе-жайды және өзен портын қайта құру.
Күштi екi бағытта шоғырландыру: өткiншi саясат және iшкi қажеттiлiктi қанағаттандыру.
3.2.1. Iшкi қажеттiлiктi қанағаттандыру саясатын
iске асырудағы стратегиялық мiндеттер
Жаңа бағыттарға шығу, жылжымалы құрамды жаңғырту және техникалық қайта құру, жол шаруашылығын қайта құрылымдау, автожолдардың техникалық санаттарын көтеру арқылы облыстық жол жүйесiнiң өткiзу және тасымалдау қабiлетiн арттыру.
Тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету үшiн газ тасымалдау жүйесiн құру,
Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн және жүктiң сақталуын арттыру, жолаушылардың жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
Көлiк жұмысына және көлiк жүйесiне, экологияға көлiк жүктемелерiн азайтып, ғылыми-техникалық прогресiнiң жетiстiктерiн енгiзу.
Тасымалдау шығындарын азайту және экономикалық тиiмдi тарифтермен қамтамасыз ету, ұлттық көлiктiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру.
4. Iс-қимыл стратегиясы
4.1. Өткiншi саясатты жүзеге асырудағы iс-қимыл стратегиясы
Өндiрiстiң құлдырауы, көлiк-коммуникациялық жүйенiң өсiмiн арттыру үшiн облыс ресурстарын жұмылдыру, қолданыстағы желiлердi сақтау, техникалық ахуалды нормативтiк талаптар деңгейiне жеткiзу, өткiншi саясатты қалыптастыру, бақылаушы органдарымен өзара iс-қимыл жасау.
Облыстың барлық елдi мекендерiне көлiкке жол ашылуын қамтамасыз ету,
азаматтардың көлiк қызметiне қажеттiлiгiн тиiстi халықаралық сапада
қанағаттандыру.
Саланың тиiмдiлiгiн, транзиттен түсетiн кiрiс өсiмiн арттыру және
қарыз қаржысын қайтаруды бастау.
4.1.1. Транзиттiк тасымалдау табыстарының өсуi, халықаралық көлiк
жүйесiне тең құқықты бiрiгу
Кiрiстердi көбейту үшiн:
Көлiк-коммуникациялық желiлердi кеңейту, басқа мемлекеттердiң
қатысуымен транзиттiк әлуеттi дамыту.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттiң үлестiк қатысуымен
инвестициялық бағдарламаларды тарту.
Жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарындағы қажеттiлiктi қанағаттандыратын
кәсiпорындар желiсiн құру.
Жұмыс iстейтiн темiр жолдары мен автомобиль жолдарын, су жолдарын, порттарды, аэронавигациялық кешендердi жаңғырту қажет.
Сонымен бiрге, мұнайгаз саласындағы шикiзат өндiрiсiнiң өсуiне, инвестициялық ресурстардың айтарлықтай ағынына, iскер белсендiлiктiң артуына, халық табысының өсуi, соған орай авиатасымалға сұраныстың көбеюi күтiлуде. Ол үшiн 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк инвестициялық бағдарламаға енгiзiлген Атырау қаласы әуе-жайының жасанды ұшып-қону алаңын қайта құру жобасы iске асырылады. Тұрба құбыры көлiгiн дамытуда Каспий тұрба құбырлары консорциумын iске қосудың үлкен рөлi бар. Каспий тұрба құбырлары консорциумы iске қосылған соң жүк айналымы 232% көбейедi, яғни 14566,2 млн тонна шақырым құрайды.
Автомобиль көлiгiндегi өндiрiс көлемiн арттыру үшiн республикалық маңыздағы жолдарды күрделi жөндеуден өткiзудi қамтамасыз ету қажет. Бұл жағдайда өндiрiс көлемiнiң өсуi жол жағдайына сәйкестi өседi.
4.1.2. Толыққанды инфрақұрылым құру және жұмыспен қамтылуды арттыру
Республикалық және жергiлiктi маңыздағы автомобиль жолдар торабы облыстың өндiрiстiк күштерiнiң дамуында және республика бойынша сауда байланыстарының кеңеюiнде айтарлықтай рөл атқарады.
Атырау облысының, барлық Батыс Қазақстан сияқты, тамақ өнiмдерiн, халық тұтынатын тауарлар өндiретiн жақсы дамыған өнеркәсiбi бар республиканың орталық аймақтарымен тiкелей автожол қатынасы жоқ.
Қаржыландырудың жүйелi шектелуiне байланысты қауiптi ақаулы жолдар телiмiнiң қашықтығы 1999 жылы 45% құрап, 2000 жылы 67%-ға дейiн көбейдi. 2000 жылы қаражат қажеттiлiгi 1300 млн. теңге болды, лимит 194 млн. теңге көлемiнде бөлiндi. Облыстық автожолдарының өте қиын жағдайын ескерiп, қаржыландыру лимитiн 500,0 млн. теңгеге дейiн көбеюiне қол жеткiзу қажет.
Iлеспе сервис саласында транзиттiк көлiк және жүргiзушiлер үшiн тиiстi жағдай жасау қажет. Бұл қонақ үйлер, мотел, кемпинг, тез тамақтандыру кәсiпорны, тұрмыстық қызмет құрылысы, икемдi жылжымалы техникалық қызмет ету стансаларын ашу. Осы мәселенi нәтижелi шешкен жағдайда жаңа жұмыс орындарын ашу қажеттiлiгi туындайды, яғни халықты жұмыспен қамту мәселесiн шешуге елеулi ықпалын тигiзедi.
4.1.3. Ақпараттық технологияларды дамыту арқылы
халықаралық тәжiрибенi қолдану
Аймақта байланыс құралдарын алға қарай дамыту және жаңарту үшiн мына мәселелердi шешу қажет:
2005 жылға дейiн аяқталуы жоспарланған, аудан орталықтарындағы ұқсас стансаларды кезең бойынша цифрлiкке ауыстыру.
Қызыл-Орда-Атырау бағытында Атырау-Астрахань Ұлттық Ақпараттық супермагистралдық 3 бөлшегiнiң құрылысын аяқтау.
Қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды (жер серiгi, ұялық, пейджингтiк байланыс) пайдалану арқылы транзиттiк тасымалдаумен ере жүретiн ақпараттық жүйенi құру.
Облыс бойынша өтетiн транзиттiк дәлiздер көлемдерiнiң, номенклатурасының, маршруттар мониторингiсiн жүргiзiп, мәлiметтер базасын құру.
4.2. Iшкi қажеттiлiктi қанағаттандыру саясатын жүзеге
асыру жөнiндегi iс-қимыл стратегиясы.
4.2.1. Ұлттық көлiк ифрақұрылымын қалыптастыру.
Көлiк-коммуникациялық кешенiнiң даму мақсаты - Қазақстан аумағы бойынша жүктi тиiмдi тасымалдау, отандық экспорт тауарларын сыртқы рынокке жеткiзу және бәсекеге жарамды ұлттық-коммуникациялық кешендi құру және дамыту базасында оларды пайдаланушыларға кең көлiк-коммуникациялық қызмет жиынын көрсету және бiздiң тауарларымыздың сыртқы және iшкi рынокте бәсекелестiк қабiлетiнiң артуына ықпал ету.
Облыстың экономикалық әлеуетiнiң өсуi, халықаралық рынокте iскер байланыстарды кеңейту әуе көлiгiн дамытуды қажет етедi.
Халықаралық Атырау аэропорты Еуропа мен Азияның арасындағы тасымалдау базасы болып табылады.
Әуежәйды дамыту тұжырымдамасы оның қазiргi заманғы лайнерлердi қабылдау үшiн қуатын арттыру, авиациялық парктi қазiргi заманғы әуе кемелерiмен толықтыру, тiкұшақтармен қамтамасыз етудi ойластырады.
Еуропалық дамыту қайта құру банкiсiнен аэропортты қайта құруға 25 млн. Америка Құрама Штаттарының доллары мөлшерiнде қаржы бөлiндi, яғни авиатасымалының дамуына және көбеюiне елеулi қозғау салады.
Облыстың экспортқа шығатын өнiмдерiнiң елеулi үлесi және жүк тасымалының көлемi темiр жол арқылы тасымалданатын мұнай мен мұнай өнiмдерiн тасымалдауға түседi. Көлiк-коммуникациялық (Шығыс-Батыс) дәлiз құру жөнiнде дайындық жұмыстары жүргiзiлуде, онда Батыс Қазақстан облыстарын елiмiздiң орталығындағы өнеркәсiбi дамыған аймақтарымен қосатын болады.
Су көлiгiн дамытудың, жақын және алыс шетелдермен теңiз қатынасын жөнге салудың басым бағыты - ол Атырау өзен портын қайта құру және кеңейту, Жайық-Каспий теңiзi арнасының кеме жүзуге жарамдылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Көлiк инфрақұрылымын қалыптастыру үшiн облыстың көлiк кәсiпорындар мәлiметтер базасын құру және қызметтерiн жоспарлау.
Тасымалдау жұмысының сапасын және құнын жақсарту үшiн тасымалдаушылар арасында бәсекелiк ортаны дамыту.
Ауылшаруашылық және қалалық жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшiн лизингтi көлiк компанияларын құру мүмкiндiгiн қарастыру.
4.2.2 Озық даму, мемлекеттiң реттеу рөлiн күшейту арқылы жалпы
экономика бойынша мултипликативтiк әсерiне жету стратегиясы
Көлiк инфрақұрылымын дамытудың басым мiндеттерi облыста озық даму стратегиясын енгiзу болып табылады.
Көлiк қозғалысы процесiн реттеу бағдарламасын әзiрлеу жергiлiктi өкiмет және бақылаушы органдар тарапынан жоспарлау және реттеу рөлiнiң күшеюiне мүмкiндiк бередi.
Жергiлiктi кәсiпорындар базасында Қазақстанның немесе жақын және алыс шет елдерiнен әкелiнетiн, көлiк кешенi үшiн қажеттi өнiмдер мен құралдарды шығаруды қалыптастыру. Бұл шара облыстың көлiк инфрақұрылымын құру және жақсартуының шығындар құнын азайтады, жүктер мен жолаушылар тасымалының тарифiн кемiтедi, облыстың көлiкшiлерiнiң басқа тасымалдаушылар алдындағы бәсекелiк қабiлетiн арттырады.
5. Бірінші кезектегі міндеттер
5.1. Жүзеге асыру мiндеттерi мен тетiктерi.
Ұзақ мерзiмдi басымдықтардың бiрi болып инфрақұрылымның, әсiресе көлiк және коммуникациялық қызметтер рыногiнiң дамуы белгiлендi.
Атырау облысында iс жүзiнде барлық көлiк түрлерi бар - темiржол, әуе жолы, автомобиль, су жолы, тұрба құбырлары.
Облыстың Еуропа мен Азия арасында транзиттiк орналасуы инвесторлардың тауарлар, құрастырушы бұйымдар мен шикiзаттарды халықаралық тасымалдауы кезiндегi шығынын азайтуға бiрден бiр мүмкiншiлiк бередi. Батыс аймақтың көлiк инфрақұрылымы дамуының басымдығы орталық аймақтарға қысқа жолдар ашу болып табылады. Қазiргi уақытта дамып келе жатқан Батыс Қазақстанды республиканың Орталық және Солтүстiк аймақтарымен қосу Тұжырымдамасы әзiрленуде, оның шеңберiнде, темiр жол ғана емес, автожолдар, электр таратқыш желiлерi, оптикалық-талшықты кабелi және т.б. кiретiн көлiк-коммуникациялық дәлiзiнiң құрылысы қаралған.
Бiрыңғай дәлiз құру әрбiр желiнiң құны құрылыс кезiнде ғана емес, оны iлгерi пайдалануының төмендеуiне мүмкiндiк бередi.
Соңында, тек облыс қана емес, барлық республика ұлттық жол торабының шегiнде тәуелсiз техникалық және тарифтiк саясатты жүзеге асыруға мүмкiндiк алады.
Атырау-Орал және Атырау-Астрахань республикалық маңыздағы автомобиль жолдары қайта құрылады.
Атырау-Астрахань автожолын қайта құру жобасы 2001 жылдың Жапон Үкiметiнiң жұмсақ несие желiсi бойынша 34,0 млн. Америка Құрама Штаттарының доллары көлемiнде мемлекеттiк инвестициялар Бағдарламасына енгiзiлген.
Облыста телекоммуникациясын жаңғырту және дамыту жұмыстары жүргiзiлуде.
GSM стандартының цифрлiк ұялы жүйесi енгiзiлдi, ИНТЕЛСАТ спутнигi арқылы Атырау-Ақтау арасында осы учаскелердегi сапасы мен өткiзу қабiлетiн арттыратын цифрлық телефон арнасы ұйымдастырылды.
Орнықтылығын арттыру және сапалы қабылдауын қамтамасыз ету үшiн "Дама" жерсерiктiк байланыс жүйесi қондырылды.
Орал және Ақтауға тармақталатын, Шымкент-Ақтөбе-Атырау-Ресей талшықты-оптикалық желiсiн салу жоспарлануда.
Инвестицияларды тарту ескiрген стансаларды жаңа цифрлық автоматтандырылған телефон стансаларымен алмастыруды, қазiргi заманғы ұялы, пейджингтiк, жерсерiктiк байланысты дамытуды, ескiрген телерадиотаратқыш қондырғыларды толықтай алмастыруды қажет етедi.
Мұндайда шетел капиталы және ең алдымен телекоммуникация жаңартуда
тәжiрибесi бар, қазiргi заманғы технология мен валюталық қаржысы бар
инвесторлармен ынтымақтасу шешушi рөл атқарады.
Арзан материалдарды және облыс аумағында өндiрiлетiн материалдарды
пайдаланып атқарылатын жұмыс көлемiн арттыруға және қаржыны үнемдеуге
мүмкiндiк бередi.
Соның iшiнде автомобиль жолдары құрылысында Теңiзшевройл зауытының
аумағында жиналған және маңындағы елдi мекендер тұрғындары үшiн зиянды
күкiрттi пайдалану.
VI-бөлім
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстары
1. Мақсаты
Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру.
2. Ахуалды талдау
Халықтың негiзгi тұратын жерлерiндегi қоршаған ортаның жағдайы қанағаттанарлықсыз және халықтың денсаулығына терiс ықпалын тигiзетiн негiзгi факторлары - сапалы ауыз судың тапшылығы және ауаның ластануы болып отыр. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың, ластанған ағындылардың үдере жинақталуы бұл факторлердi едәуiр күшейте түседi.
Елiмiздегi Кеңестер Одағы кезеңiнде құрылған, ескiрген технологияларымен қуатты өндiрiстер, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыш заттар эмиссиясының азаймайтынын болжауға негiз болуда.
2.1. Мықты жақтары
Табиғатты қорғау заңнамаларының негiзi әзiрлендi, қоршаған ортаны қорғау мәселесi жөнiнде бiрқатар халықаралық шарттарға қол қойылды, табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесi құрылды.
Әскери сынақ алаңдары жабылды, ядролық қаруды сынау тоқтатылды, үкiметтiк емес экологиялық ұйымдардың қызметi жанданды.
Барлық ластану көздерiнiң Мемлекеттiк кадастры және оларды орналастыру картасы жасалды.
Қоршаған ортаның ластанғаны үшiн төлем жүйесi дамуда. Қоршаған ортаның ластанғаны үшiн жинақталған төлем көлемi роялтиден түскен түсiммен шамалас айтарлықтай соманы құрайды.
"Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талдамалы зертхана" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны құрылды.
2.2. Осал жақтары
Халықты ауыз сумен жабдықтаудың өткiр проблемасы азаймай отыр. Көптеген елдi мекендердегi ауыз судың сапасы стандарт талаптарына сай емес. Қалаларда және елiмiздiң өнеркәсiп орталықтарында атмосфералық ауаның неғұрлым жоғары ластану деңгейi сақталып отыр. Автокөлiк санының көбеюi, сапасыз бензиндi пайдалану ахуалдың нашарлануына әкелдi. Құмды-механикалық құрамды жер көлемiнiң үлкендiгi, жайылымды жүйесiз пайдалану - топырақтағы жел және су эрозиясының дамуын алдын-ала анықтады.
Топырақтың және өсiмдiк жамылғысының құнарсыздануын қоса шөлдену процесi кеңею бағытында.
Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын, соның iшiнде қауiптi және радиоактивтi қалдықтарды басқару жүйесi iс жүзiнде жоқ. Тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, сақтау, қайта пайдалану және өңдеу жүйесiнiң жетiлмеуi - табиғи ортаның ластануына әкелiп соғуда.
Маңызды экологиялық проблема - мұнай өндiрiлетiн аудандардағы қоршаған ортаның ластануы болып отыр.
Елiмiздiң жалпы аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үлесiнiң аздығы, яғни айрықша бағалы ландшафттың және елiмiздiң табиғи-қорығы нысандарын сақтау және қалпына келтiру мүлде жеткiлiксiз.
Мемлекетаралық су ресурстарын бөлуге әсер ету тетiктерiнiң жоқтығы
республика мүддесiне қысым жасауда.
2.3. Мүмкiндiктер
Табиғи ресурстарды жасаудан түскен қаржыны қоршаған ортаны қорғауға
бөлу.
Экологиялық мiндеттердi шешу үшiн инвесторлардың қаржысын және
технологиясын тарту.
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жинақталған тәжiрибе және әлемдiк
бiрлестiктiң күшi.
Теңiз терминалын және Жайық өзенiнен кеме жүзуiн дамыту.
2.4. Қауiп-қатерлер
Каспий теңiзi қайраңындағы жұмыс өндiрiсi оның солтүстiк бөлiгiндегi
қорық аумағын экологиялық апатқа ұшыратуы мүмкiн.
Күкiрттi пайдалану мәселесiнiң созылуы, мұнай-газ секторымен атмосфераға ластанғыш заттектер шығарындысы аймақтағы халықтың денсаулығына әсер етiп, тiршiлiк ұзақтығының кемуiне әкелiп соғуы мүмкiн.
Биологиялық тазартқышпен тазарту қондырғысының құрылысы мәселесiнiң созылуы фекалды және теңiз суларының араласуына әкелiп соғады. Соның салдарынан бекiре тұқымды балық ұрпақтарының жойылуы және Каспий теңiзi жағасында ұялаған құстардың ауыруы мүмкiн.
Қазақстан экономикасының дамуымен суды пайдаланудың әлеуеттi ұлғаюы, әсiресе Жайық өзенiндегi су тапшылығы проблемасын шиеленiстiруi.
Пайдалы қазбаларды iздеумен ұштасатын қоршаған ортаға тигiзетiн әсерi.
Табиғат қорғау қызметiндегi негiзгi қиыншылық табиғатқа келтiрiлетiн зиян мен осы зиянды өтеу мөлшерi арасындағы қатынасты белгiлеу болып табылады.
Қоршаған ортаны ластанғаны үшiн төлемдер, әдеттегi салықтың бастапқы мәнiн жояды және ластаушылар тарапынан қолайсыз реакция тууы мүмкiн.
Браконьерлiк.
Жайық өзенi мен Каспий теңiзiнiң кеме шығарындысымен және трюм суларымен ластануы.
Балықтар әлемiне, планктонға, су түбi организмдерiне, теңiз сүтқоректi жануарларға шулы және тербелмелi әсер ету.
3. Стратегиялық міндеттер
Таяудағы он жылда қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласында мына стратегиялық мiндеттердi шешу қажет:
Су ресурстарының тапшылығын қысқарту, сумен жабдықтау деңгейiн көтеру.
Қолданыстағы заңнамаларды жетiлдiру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Табиғатты пайдалану жүйесiн және қоршаған ортаны қорғауды оңтайландыру.
Қатты қалдықтарды, ағындыларды пайдалану деңгейiн қалдық өңдеу зауытын, биологиялық тазартумен тазарту қондырғыларын пайдаланып арттыру.
Экологиялық ағартуды қамтамасыз ету.
4. Iс-қимыл стратегиясы
4.1. Су ресурстарының тапшылығын қысқарту, сумен жабдықтау деңгейiн арттыру
Бiрiншi кезеңде (2002-2005 жж.)
Трансшекаралық суларды оңтайлы пайдалану, оларды шешуде нақты шаралар мен санкцияларды ойластыратын жүзеге асыру қатаң тетiктерiн белгiлеп көп жақты негiзде тетiктерiн әзiрлеу.
Су ресурстарының барлық түрлерiн ең алдымен ластанудан неғұрлым қорғалған жер асты су көздерiн қарқынды пайдалану есебiнен ауыз сумен жабдықталуды жақсарту шараларын әзiрлеу.
Таяу арадағы перспективада ауыз судың сапа мониторингiнiң мемлекеттiк бiрыңғай жүйесiн құру керек. Халықты ауыз сумен қамту саласындағы мемлекеттiң инвестициялық саясатын жоспарлау қажет.
Су жинақтау бойынша өте тапшы көл алаптарындағы су сiңiретiн өндiрiстердiң қарқынын және даму көлемiн шектеу, жайылыс көлемiнiң құрылымын қайта қарау шараларын жүзеге асыру.
Екiншi кезеңде (2006-010 жж.)
Өзен ағындысын реттеу және аймақаралық бөлу шараларын iске асыру.
Жер асты суларын пайдалануды арттыру жөнiндегi шараларды iске асыру.
Ағынды суларды биологиялық тазалауды енгiзу.
Булану алқабының көлемiн қысқарту мақсатында айналым су жабдықтауды тиiмдi пайдалану қажет.
4.2. Қолданыстағы заңнаманы жетiлдiру және халықаралық ынтымақтастық
Экологиялық осал аудандарда және қорық аймақтарындағы өндiрiстiк жұмысқа қатысты халықаралық және аймақтық құжаттарды бұлжытпай сақтау негiзiнде қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық және аймақтық жүйесiн құруға қатысу.
Халықаралық келiсiмдердiң мiндеттерiн оқып бiлудiң сапалы жаңа тәсiлiн жасап, шығару, оларға қол қоюдың лайықтылығын айқындауда iс-қимылдың дұрыстығы мен ойластырылуын және алынған қаржыны мемлекет тарапынан бақылау.
Халықаралық келiсiм шарттарға (конвенциялармен) сәйкес қабылданған табиғи-ресурстық және басқа заңнамаларды жетiлдiру.
Әлемдiк тәжiрибеге сәйкес экологиялық сақтандыру және бюджеттен тыс экологиялық қорларды енгiзу жүйесiн әзiрлеу.
4.3. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жүйесiн оңтайландыру
Бiрiншi кезеңде (2002-2005 жж.)
Қоршаған ортаның және табиғат ресурстары мониторингiсiнiң бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн әзiрлеу.
Облыс аумақтарын экологиялық аудандастыруды жүзеге асыру.
Табиғи ресурстарды алудың, экологиялық мүмкiн шегiн айқындау, әртүрлi аумақтарды бағалау және салыстыру есебiмен қоршаған ортаның ластануын (азайту) шектеу.
Каспий аймағында биоәртүрлiлiктi сақтау мақсатында су және биологиялық ресурстардың жағдайын зерттеу, қоршаған ортаның ластану көздерiн және биоәртүрлiлiктiң азаю себептерiн айқындау, қорық аумағына экологиялық аймақтау жүргiзу.
Жағалауда және теңiзде тұрақты түрде мониторинг жүргiзу және судың сапасы мен биологиялық ресурстарына талдау жасау.
Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын дамыту және орналастыру бағдарламасын әзiрлеу, экологиялық туризм маршрутын дамыту.
Екiншi кезеңде (2006-2010 жж.)
Мәлiметтердi тиiмдi өңдеу жүйесiн құрып, республиканың шаруашылық кешенiн гидрометеорологиялық қамтамасыз ету жүйесiн нығайту және гидрометеорологиялық болжауларды беру.
Табиғат ресурстарын тиiмдi пайдалану және жаңалықтар енгiзу мақсатында шаруашылық субъектiлер қызметiне қатаң нормалар мен стандарттар белгiлеу.
Жайық өзенi, Каспий теңiзi және басқа балық шаруашылығы су қоймаларынан, балық пен итбалықтардың бұлшық еттерi, ұлпаларын су сынамасын талдау үшiн биоресурстарды қорғау жөнiндегi Солтүстiк-Каспий аймақтық мекемесi жанынан талдама бақылау зертханасын ұйымдастыру.
Мекеменiң материалдық-техникалық базасын нығайту.
Балықтардың және Каспий итбалықтарының жойылу мүмкiндiгi фактiсiн бақылау және айқындау мақсатында Жайық өзенi атырабын және Солтүстiк Каспийдi тiкұшақпен ұшып айналып шығу үшiн қаржы бөлу.
Уылдырық шашу кезеңiнде бағалы балық түрлерiн қорғау шаралары ("Қақпан" акциясы).
Каспий теңiзi жағалауындағы мемлекеттермен бiрлесiп, халықаралық балық қорғау "Бекiре" акциясын өткiзу.
Мұнай компанияларымен қоршаған ортаның ластануы нәтижесiнде табиғат қорғау заңының бұзылуын айқындау жөнiнде жедел рейд жүргiзу.
4.4. Қалдықтарды пайдалану деңгейiн арттыру
Агрожүйесiнiң қанағаттанарлық мелиоративтiк жағдайында топырақтың органикалық заттектерiнiң санын көбейту және сапасын жақсарту мен жердiң құнарлылығын ұдайы жақсартып, органикалық немесе экологиялық егiншiлiкке негiзделген ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң тұрақты жүйесiне көшу қажет.
Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының мониторингiн жүргiзу, қоршаған ортаға зиян қалдықтарды көмудiң әсерiн бағалау.
Ресурс және энергия үнемдеушi технологияны енгiзудi жандандыру,
қалдықтарды өңдеу және пайдалану қызметiн ынталандыру.
4.5. Экологиялық ағартуды қамтамасыз ету
Қоғамды экология және табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану саласында
насихаттауға және ағартуға үлкен көңiл бөлу .
Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық-насихаттау жұмысын кеңейту.
Экологиялық бiлiм жүйесiн құру. Оқу әдебиетiн әзiрлеп, шығару. Маман-
экологтардың бiлiктiлiгiн көтеру және дайындау жүйесiн құру.
Экологиялық бiлiм және тәрбие нормативтiк құқықтық базасын құру.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық және мемлекеттiк
органдардың өзара қатынасын күшейту.
Қоғамдық экологиялық қозғалыс, ассоциациялар, топтардың дамуына
жағдай туғызу.
VII-бөлім
Салық-бюджеттік саясат
1. Мақсаты
Мемлекеттiк бюджет кiрiсiне қажеттi түсiм көлемiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекет және салық төлеушiлер мүддесiн қанағаттандыратын қолайлы орта құру.
Атырау облысының стратегиялық және бюджеттiк жоспарлау тұтастығы прициптерiне негiзделген тұрақты бюджеттiк жүйе қалыптастыру.
2. Ахуалды талдау
2.1. Мықты жақтары.
Қазақстанның салық жүйесiмен бюджеттi орындалуда қол жеткiзiлген табыстарында Атырау облысы жетекшi орындардың бiрiне ие болып отыр. Бiздiң облыс iрi донор болып табылады, яғни 2000-2001 жылдардағы бюджеттiк алулар жалпы сомасындағы оның үлесi 25-35% құрады.
2000 жылдың есеп мәлiметiне сәйкес облыстың бюджет түсiмi iшкi жалпы өнiмнiң 1,7% құрады, iшкi жалпы өнiмге қарағанда шығындар мен несиелеу - 1,5%, iшкi жалпы өнiммен салыстырғанда профицит кiрiстiң шығыстан артылуы - 0,2%.
Салықты несие-қаржылық реттеумен байланыстыру нарықтық экономиканы басқарудың неғұрлым тиiмдi нысаны болып табылады. Мемлекеттiң кiрiстер жүйесiндегi реформалау республикадағы сияқты, облыста да барлық фискалды органдарды бiр ведомствоның шеңберiнде шоғырландыру процесi нәтижелi жүргiзiлдi.
2001 жылғы маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексiнде салық мiндеттерiн орындау және салық органдарымен бақылаудың жүзеге асырылуы бөлiмiнде мемлекет пен салық төлеушiлер арасындағы өзара байланыс заңмен бекiтiлген, салық бойынша барлық нұсқаулық актiлердiң көптеген ережелерi бiрыңғай заңнамалық актiге бiрiктiрiлген.
2001 жылы салық жүктемесiн азайту мақсатында қосымша құн салығының мөлшерлемесi 16%-ға дейiн және әлеуметтiк салық 21%-ға дейiн төмендедi, ол салық төлеушiлердiң уақтылы бюджетпен есептесуiн ынталандырады. Облыста, республикадағы сияқты қазынашылық жұмысы тиiстi деңгейде жолға қойылған, яғни оның жүйесi арқылы бюджеттiк бағдарламаларды мақсатты қаржыландыру жүзеге асырылады.
Елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық орнықты дамуын қамтамасыз ету және мұнайдың әлемдiк бағасының ауытқуынан мемлекеттiк қаржыны қорғау мақсатында Ұлттық қор құрылды, ол шоғырландыру және тұрақтандыру қызметiн атқарады.
Атырау облысы 2001 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорға 48,3 млрд. теңге аударды.
Қазақстанның Даму Банкiсiн құру көкейкестiлiгi ұлттық экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен, әсiресе, оның нақты секторының ерекшелiгiнен туындаған.
Банктiң жарғы капиталындағы облыс үлесi - 46875 млн. теңге.
Әлемдiк стандарт талабына сәйкес келетiн кiрiстер мен шығыстардың жаңа бюджеттiк сыныптама енгiзiлдi.
Шығыстар жүйесiн жетiлдiру жөнiнде маңызды шаралар атқарылды. Барлық деңгейдегi бюджеттер бюджеттiк бағдарламалар деңгейiнде бекiтiледi, ал бюджеттен қаржы бөлу бюджеттiк бағдарламалардың орындалуына қарай жүзеге асырылады.
1999 жылдан бастап мемлекеттiк бюджет кiрiсiн басқару процесiн жетiлдiру шеңберiнде жалпы мемлекеттiк салықтан жергiлiктi бюджетке аударым нормативi тұрақты болып қалып отыр.
2001 жылы 2002 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енетiн мемлекеттiк кiрiстердi басқару мәселесi бойынша бюджеттiк заңнамаға өзгерiстер енгiзiлдi, ол бюджетаралық қатынастардың тұрақтылығын бекiтуге көшу жүйесiн аяқтауға мүмкiндiк бередi.
Бюджетаралық реттеудi жетiлдiру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң тиiмдi жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi. Бұл мақсатта бөлу нормативтерi өзгердi:
Корпорациялық кiрiс салығы толықтай республикалық бюджетке аударылады; Импорт тауарлары үшiн өндiрiп алынатыннан басқа акциз бойынша салық және қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер жергiлiктi бюджетке аударылады.
2.2. Осал жақтары
Бюджет берешегiн өтеу жұмысында келеңсiз сәттер көрiнiс табуда. Бюджетке салық пен төлемнiң барлық түрi бойынша өтелмеген сома көлемi айтарлықтай болып қалып отыр және 2002 жылға қарағанда 2001 жылы 25%-ға азайса да 2,0 млрд. теңге жуық сома құрайды.
Салық төлеушiлердiң құқығын қорғау жүйесi, соттардың жұмыс бастылығынан және оларда арнайы экономикалық бiлiмнiң жоқтығынан, жетiлмеген күйi қалып отыр.
Облыс экономикасына кәдiмгiдей зиян келтiретiн нәрсе Ресейдiң шектес облыстарынан кеден бақылауынсыз тауарлардың әкелiну мүмкiндiгi.
Бюджетаралық қатынастардың параметрiн көрсететiн, айқын индикаторлардың жоқтығы және қолданыстағы алулар мен жәрдемақы мөлшерiнiң объективтiлiгi, облыстағы аудандардың әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiнiң айырмашылық проблемасын шешуге мүмкiндiк бермей отыр.
Орталық және аймақтардағы бюджеттiк мүдденiң теңгерiмшiлiк маңызды проблемасы көкейкестi болып қалып отыр. Бюджеттiң теңгерiмсiздiгi бюджет өкiлеттiгiнiң нақты шектелуiнiң жеткiлiксiздiгiнен қиындай түсуде.
Аймақтардың шаруашылық қызметiнiң кеңеюi республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасындағы өзара байланыс проблемасына жаңаша қатынас жасауды талап етедi, соған орай олардың арасындағы бюджеттiк құқық айқындығын айыру қажеттiлiгi туындайды.
Аудандық және облыстық бюджет деңгейiнiң дербес кiрiс көздерi бекiтiлмеген.
Жеке бөлiгi республикалық бюджетке аударылатын жергiлiктi бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң артық орындалуынан мемлекеттiк бюджетте басы артық қаржы құралады. Жергiлiктi атқарушы органдар бұл көздер бойынша кiрiс жоспарын көбейтуге және қаржыны қосымша шығындарға бағыттауға мүмкiндiк ала алмау проблемасына кезiгедi. Еркiн қаржы айналымға пайдалануға және әлеуметтiк-экономикалық қиын проблемаларды шешу бағытына мезгiлiнде жұмсалынбайды.
Заңмен айқындалған бюджеттiк алу мен жәрдемақылардың ұзақ мерзiмдi көлемiн белгiлеу процедурасы iс жүзiнде жеткiлiксiз дәрежеде жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк бюджет кiрiсiндегi бiрлескен кiрiс салық үлесiнiң күрт өсуi 1999-2001 жылдар бойы бюджет алуының өсiмiн көбейттi.
Жергiлiктi бюджет шығындары негiзiнен ағымдағы шығындармен топталған және капитал шығындарын бекiтуде айқындылық жоқ.
Трансферттiк ағымдағы тетiктерi аймақ ахуалының маңызды факторларының бағасын бiле алмайды, айқын емес және үнемi орталықтан түзетулерге мұқтаж. Егер кейбiр аймақтарда мемлекеттiк трансферттер есебiнен 50%-дан жоғары кiрiс құралса, бiздiң облыста соңғы 3-4 жылда жергiлiктi бюджеттiң бөлiгiндегi трансферттiң жеке салмағы нөльдiк деңгейде қалып отыр.
Қолданыстағы трансферттер жүйесiнiң мәнi мен субвенцияны реттеу әдiсiмен шынында "тесiк жамауды" және сонымен бiрге облыс бюджетiн жасанды жолмен теңгередi.
Депрессиялық экономикасымен артта қалған аудандар проблемасының шешiлiмi белгiленбеген мерзiмге ығыстырылумен, шығыстар жоспары облыс дамуының басыматымен үнемi байланыстырылмайды.
Республикалық және жергiлiктi бюджет атқарылуының жеткiлiксiз айқындығы мемлекеттiк шығыстарды басқару тиiмсiздiгiне әкелiп соқтырады.
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерi және ведомстволық мекемелер деңгейiнде бюджеттiк қаржыларды тиiмсiз басқарудың нәтижесiнде және тауарлар мен қызметтердi сатып алу конкурсының мезгiлiнде өткiзiлмеуiнен пайдаланылмай қалған бюджет қаржылары көбеюде.
Аумақтық қазыналық органдармен жергiлiктi бюджеттiң орындалуына
қызмет көрсетудегi талаптары қаржының ұтымды пайдаланылуын толық
қамтамасыз етпейдi.
2.3. Мүмкiндiктер
Өндiрiстiң өсiмi мен салықты басқаруды жақсарту есебiнен салық салу
базасын кеңейту.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн салық салу жүйесiн жеңiлдету.
Жергiлiктi бюджет үшiн тұрақты кiрiс көздерiн айқын белгiлеу арқылы
бюджетаралық қатынастар жүйесiн қалыптастыру.
2.4 Қауiптер
Мемлекеттiк және аймақтардың өндiрiс құралдарына меншiктiк бөлiсуiнен
әлеуметтiк-экономикалық саланың құлдырауы.
Халықтың ақшалай кiрiсiнiң елеулi айырмашылығынан әлеуметтiк дамудың
аймақтық сәйкессiздiгi.
Алым түрлерiнiң және басқа мiндеттi төлемдердiң көптiгi және оларды
алу тәртiбi салық жүйесi күрделiлендiрiп, төлеу тәртiбiн төмендетедi.
3. Стратегиялық міндеттер
2002-2010 жылдар кезеңiне салық-бюджет саясаты жүйесiндегi негiзгi
стратегиялық мiндеттер:
Облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуы проблемаларына бюджеттiк
саясатты бейiмдеу;
Бюджетаралық трансферттер жүйесiн жетiлдiру;
Бюджеттiк жоспарлау жүйесiн жетiлдiру;
Жергiлiктi бюджеттiң айқындығын қамтамасыз ету.
4. Iс-қимыл стратегиясы
4.1. Бюджеттiк саясаттың облыстық әлеуметтiк-экономикалық даму проблемаларына мемлекеттiк даму стратегиясымен өзара байланысына бейiмделуi.
Ағымдағы бюджетке және даму бюджетiне бөлiнетiн жергiлiктi бюджеттiң жаңа құрылымын құру.
Облыстың ағымдағы бюджетiнен (әрi қарай-ағымдағы бюджет) функционалдық топтардың және облыстың қарыз қызметiнiң ағымдағы шығыстарын қаржыландыру.
Ағымдағы бюджеттiң шығыс бөлiгiн нақты мақсатты көрсетiп, бюджеттiк бағдарламаның басымдықтағы әлеуметтiк салада шығыстарын анықтау.
2001 жылғы бюджеттiк шығыс бөлiгiнiң негiзгi үлесi әлеуметтiк-мәдени шараларды қаржыландырудан тұрды, яғни жеке салмағы облыс бюджетiнiң жалпы шығыстар көлемiнiң 40,3% құрады, немесе 9522 млн.теңге болды, соның iшiнде:
2 функционалдық топ бойынша "Бiлiм" - 4611 млн.теңге,
3 функционалдық топ бойынша "Денсаулық" - 2095 млн.теңге,
4 функционалдық топ бойынша "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк
қамту" - 1739 млн.теңге,
8 функционалдық топ бойынша "Мәдениет, спорт және ақпараттық
кеңiстiк" - 1077 млн.теңге.
Атырау облысының бюджет дамуы (алға қарай-бюджет дамуы) бюджеттiң
күрделi шығыстар құрамында қалыптасатын және инвестициялық бағдарламаларды
қаржыландыру үшiн пайдаланатын жергiлiктi бюджеттiң құрамдас бөлiгi болуы
тиiс.
Бюджет дамуы мына бағдарламалар шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз
ететiн болады:
Экономиканың нақты секторын несиелеу;
Бюджеттiк жүйе салалар жаңа нысандар құрылысы;
Көлiк инфрақұрылымы;
Бюджеттiк жүйе нысандарын техникалық жабдықтау және қазiргi заманғы
құрал-жабдықтарды сатып алу;
Ұлттық-мәдени байлықтарды жандандыру.
Бюджет дамуына жұмсалатын ақша қаражат көлемiн кезектi қаржыландыру жылына жергiлiктi мәслихат шешiмiне сәйкес белгiлеу.
Бюджет дамуының орындалуы туралы есеп Қазақстан Республикасының қаржы Министрлiгiне облыстық бюджеттiң есептi жыл iшiндегi орындалуы туралы есебiнiң құрамында ұсынылады.
4.2. Бюджетаралық трансферттiк жүйесiн жетiлдiру аймақтың әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi есебiнен ресми трансферттердi белгiлеу әдiсiн жетiлдiру.
Трансферттер жүйесi аймақтағы әлеуметтiк қызметтердiң төменгi мөлшерде қамтылуына кепiлдiк бередi және сонымен қатар аймақтардың салық базасын кеңейтуiн ынталандырады.
Аймақаралық айырмашылықты теңестiру және депрессиялық аймақтардың үнемi артта қалулығын жеңу проблемасын шешу үшiн жаңа трансферттер жүйесiн әзiрлеу қажет.
Ағымдағы бюджет төменгi бюджеттердi қажеттi трансферттермен негiзгi объективтi факторларды қоса (халықтың саны, оқушылардың, қарттардың саны, табиғи-климаттық жағдай, кедейшiлiк деңгейi, автомобиль жолдарының қашықтығы және басқа) халықтың жан басына есептегендегi аймақтарға трансферттер қорының қаржысы есебiнен қамтамасыз етiледi.
4.3. Бюджеттiк жоспарлау жүйесiн жетiлдiру
Бюджеттiк жоспарлау әдiстемесiн, соның iшiнде бюджеттiк бағдарламаның орындалу нәтижесiнiң бағалары негiзiнде жетiлдiру.
Ресурстардың орталық және жергiлiктi басқару органдары арасында,
олардың тапсырмаларымен бiрдей бөлiнуiн қамтамасыз ету.
Мемлекеттiк қаржыландыру қызметiнiң үздiксiздiгiн және тиiмдi
қаржыландыруын жоспарлауды қамтамасыз ету.
4.4. Жергiлiктi бюджеттiң айқындығын қамтамасыз ету
Бюджеттiк қаржыландыру туралы ақпараттың айқындығына және ашықтығына
қол жеткiзу.
Бюджеттiк жоспарлаудың айқындылық принципi мыналармен жүзеге
асырылады:
Заңнамалық және нормативтiк құжаттарды жариялау;
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерiмен жылдық қаржыландыру және шұғыл
баяндамалар және есептердiң жариялануы;
Мемлекеттiк қаржыландыру туралы толық қамтылған ақпараттарды жариялау;
Жүзеге асырылатын шығыстардың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн бюджет
қаржысының жұмсалуына бақылау күшейтiледi;
Қаржы жұмсау мониторингi қатаң және жетiлдiрiлген жүйеде жүргiзiледi.
VIII-бөлім
Инвестициялық саясат
1. Мақсаты
Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету мақсатында басымды тәртiпте
бәсекеге жарамды, жоғарғы технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн
өндiрiстердi дамытуға бағытталған жоғарғы деңгейдегi iшкi және сыртқы
инвестицияларға қол жеткiзу.
Мұнай-газ өндiру өнеркәсiбi мен сол салаға қызмет көрсетушi қосымша
шағын және орта өндiрiстердiң озық дамуы есебiнен облыс халқының
әл-ауқатын арттыру.
2010 жылға дейiнгi кезеңде Атырау облысының инвестициялық саясатының
мақсаты:
Аймақ экономикасын жаңғырту үшiн тiкелей инвестициялар ағынын
қалыптастыру;
Өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өндiрiстерiнiң тұрақты қарқынына қол
жеткiзу;
Қазiргi заманғы инфрақұрылымды қалыптастыру;
Жалпы инвестициялық ахуалды жақсарту;
Тозығы жеткен және авариялық үйлерде тұратын, тұрғын үй жағдайын жақсарту тiзiмiндегi Атырау қаласы тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту;
Облыс елдi мекендерiн сумен жабдықтау;
Атырау қаласы мен облыс елдi мекендерiн табиғи газбен толықтай жабдықтау;
Жеке тұрған үйлерде жеке қазандық, жеке меншiк секторды жылыту қазандарын орнату.
Атырау қаласы мен облыс елдi мекендерiнде автомобиль және жаяу жолдардың құрылысын салу мен жаңғырту.
Қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн Атырау қаласы 10 жыл бойы көптеген инвестицияны қажет етедi. Осы инвестицияларды екi кезеңге бөлу қажет. 2002-2005 жылдары - аймақтық мұнай-газ кешенiне тартылатын инвестицияларды көбейту, "Теңiзшевройл" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң өндiрiстiк қуаттылығын кеңейту және Каспий теңiзi қайраңында мұнай өндiру үшiн бастапқы инфрақұрылымды тұрғызу.
2006-2010 жылдары - аймақтық мұнай-газ кешенiн дамыту қарқынын әрмен қарай үдету, Каспий теңiзi қайраңында мұнайды өнеркәсiптiк өндiруге шығу, мұнай тасымалдау инфрақұрылымын салу. Болжамдалған стратегиялық шараларын екi кезеңдiк iске асыруда аймақ тұрғындарының әл-ауқатын және елдi мекендер инфрақұрылымын (жол, тұрғын үй салу, сумен жабдықтау, көркейту және тағы басқалар) жақсарту қарастырылады.
2. Ахуалды талдау
Атырау облысының экономикалық өсу тұжырымдамасы экономиканың түрлi салаларына инвестицияны кеңiнен тартуды болжамдайды.
Облыс экономикасының жетекшi ролiн мұнай-газ кешенi алуда. Жалпы облыстық өндiрiс көлемiнде мұнай саласы кәсiпорындарының үлес салмағы 91,7 пайыз құрайды.
Жалпы республикалық үлесiнде бюджеттiк төлемдер 9 пайыз құрайды. Облыста республика мұнай көлемiнiң 50 пайызы, газдың 47 пайызы өндiрiлуде.
Болжамдық есептер және Атырау облысының даму стратегиясы негiзiнде 2010 жылы жылына 65 мың млн.тоннаға мұнай өндiрiлу тиiстi.
Облыс аумағында мұнай-газ және газ конденсаты шикiзатының бiрегей кен орындары анықталған. Негiзгi мұнай қоры - Теңiз кен орны мен Каспий теңiз қайраңы. Ол Қазақстан бойынша дәлелденген қорлар мен ресурстар сомасының шамамен жартысын құрайды.
Каспий маңы ойпаты тұз асты кешенiнiң мұнай газын сандық бағалауы көрсеткендей, көмiрсутегi шикiзаттың геологиялық ресурстары 23 млрд тоннадан астам құрайды, шығарылатын шикiзат - 12 млрд тонна. газ - 4,3 трлн м3 астам.
Жұмыс iстеп тұрған және жұмысқа дайындалған кен орындарындағы өнеркәсiп санаттарының мұнай қоры 840 млн. тонн құрайды, оның негiзгi бөлiгi - Теңiз кен орнында.
Аймақта теңiзде - Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнде Қашаған құрылымында бұрғылау басталды.
Қайраңда сейсмикалық барлау және бұрғылау жобасын iске асыру басталған сәтiнен бастап "Аджип Каспион Оператинг" акционерлерiмен 439 млн Америка Құрама Штаттарының доллары сомасында инвестициялар салынды.
Қайраңдағы табыс сервистiк қызмет көрсетiлiмiнiң дамуына жол ашатыны сөзсiз. Мұнай ұңғыларын бұрғылау компанияларымен қоса жабдықтарды жөндеу және тасымалдау, құрылыс, қоғамдық тамақтану қызметтерi тағы басқа компаниялар тартылады.
Облыстағы басты стратегиялық мiндеттердiң бiрi - экономикалық өсу бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тiкелей және қоржындық инвестициялар тарту.
Экономикадағы мемлекеттiк және жеке меншiк инвестициялардың ағымдағы көлемi қазiргi экономиканың тез өсетiн қажеттiлiгiн қанағаттандыруға жеткiлiксiз.
Құрылыс пен сәулет - қала құрылысы қызметiндегi iс жағдайын түбегейлi жақсарту мақсатында және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiру үшiн бiрсыпыра Бағдарламалар қабылданған.
"Муниципальдық тұрғын үй" облыстық бағдарламасы әзiрленген. Онда 2001 жылы 550,0 млн теңге сомасына тұрғын үй салу қарастырылуда.
"2000-2002 жылдары облыс елдi мекендерiн сумен жабдықтау". Осы бағдарлама шегiнде Әлемдiк Банкiнiң "Атырау қаласын сумен жабдықтау және санитариясы" пилоттық жоба iске асырылуда. Сонымен қатар, 2001 жылы облыстың 7 елдi мекенiнде 2002-2005 жылдары 29 елдi мекенде су тазарту қондырғыларын салу қарастырылған.
"2000-2003 жылдары Атырау облысы елдi мекендерiн газдандыру". Бұл ерекше мәнi бар маңызды бағдарлама. Өйткенi табиғи газ тұтынушыларға сұйытылған газдан арзандау түседi, сондай-ақ жылу мен ыссы су проблемаларын шешедi.
2001 жылы жергiлiктi бюджет қаражаты және басқа көздерi есебiнен облыстың елдi мекендерiн газдандыруға 3248,7 млн Америка Құрама Штаттарының доллары бөлiнген, оның 930,0 - қарыз алу лимитiнiң есебiнен. 2001 жылы салынған газ құбырларының ұзындығы 345,7 шақырым құраған, ол 2000 жылғы көрсеткiштен 2 есе асады.
Барлық меншiк нысандағы кәсiпорындар мен ұйымдар қаражаты есебiнен 2001 жылы 107 мың шаршы метр көлемiнде тұрғын үй тапсырылған, ипотекалық несиелеу бойынша тұрғын үй құрылысы басталды.
Ағымдағы жылы облыстық 7 елдi мекенiнде су тазарту қондырғыларының құрылысы аяқталған.
Оған облыс бюджетiнен 422,3 млн теңге бөлiнген. 431 мың теңге сомасындағы қарыз алу лимитi есебiнен облыстың тағы 7 елдi мекенiнде су тазарту ғимараттарының құрылысы басталды. 2002 жылы осы жұмысты облыстың 22 елдi мекенiнде 1 млрд теңге сомасын қарыз алу лимитi есебiнен жалғастыру жоспарлануда.
"Атырау қаласын сумен жабдықтау және санитариясы" Пилоттық жобаны iске асыру жұмыстары жалғастырылуда. Өткен жыл iшiнде ұзындығы 18 шақырым су құбыры, 9,37 шақырым канализация жүйесiн жүргiзу жұмыстары орындалған. 15 сорап агрегаттары ауыстырылды. Сонымен қатар, жертөле айырғыштарды ауыстыру жұмыстары жүргiзiлдi.
2001 жылы Атырау қаласында жер асты сулар деңгейiн төмендету жөнiндегi жұмыстар басталған. Бұл жұмысқа облыстық бюджеттен 26,5 млн.теңге бөлiнiп, жалпы жұмыс көлемiнiң 55 пайызы игерiлген.
Атырау облысының әкiмшiлiгi 2000 жылдың 7-шiлдесiнде Қазақстан Қор Биржасында алғаш рет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлген 10,9 пайыздан аспайтын жылдық сыйақы мөлшерiмен жалпы сомасы 650,0 млн.теңге құрайтын муниципалдық облигацияларды орналастырды.
Муниципалдық облигацияларды сатудан түскен қаржының 650 мың теңгесi "Атырау қаласының автомобиль жолдарын қалпына келтiру және жөндеу" аймақтық инвестициялық бағдарламаны, 300 млн.теңгесi "Атырау қаласы құс фабрикасын салу" жобасын қаржыландыруға жұмсалды.
2.1. Мықты жақтары
Бүгiнгi таңда жүргiзiлген инвестициялық саясат бiрқатар оң жақтарымен сипатталады, оның iшiнде шетел инвестицияларды тарту үшiн жалпы қолайлы инвестициялық климатының сақталуы, аймақта бағалы қағаздар рыногiнiң құрылып, дамуы, жаңа институционалдық инвесторлардың қалыптасуы.
Қазақстан экономикасындағы мұнай өнеркәсiбiнiң мәндiлiгi Атырау облысының маңызды ролi бар мол көмiрсутек шикiзат қорымен айқындалады.
28 млрд тонна жалпы республикалық мұнай қорының, 23 млрд.тоннасы ұзақ мерзiмдiк перспективаға республиканың қажеттiлiгiн қамтамасыз ете алатын бiздiң аумаққа келедi, бұл жағдай елiмiздiң басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгiлеген 2030 жылға дейiн елiмiздiң даму Бағдарламасында өз көрiнiсiн тапқан.
Экономиканың басқа бағыттарын дамытуға ықпал ете отырып, мұнай-газ саласы мультипликативтiк нәтиженi қамтамасыз етедi, мол мұнай мен газ көлемiн өндiру, өңдеу және тасымалдау отандық мұнай-газ, энергетикалық, тасымалдау машина жасалуды, телекоммуникацияны, мұнай химияны, көлiктiк тасымалдауды, автожолдар мен қызмет көрсету инфрақұрылымын салуды дамытудың алғы шарттарын дайындайды. Ол өз кезеңiнде сол салаларда ғылым мен жоғарғы технологиялардың дамуына күш бередi.
Аймақта бiрегей балық байлықтарымен танымал Жайық-Каспий балық кәсiпшiлiгi республиканың iшкi су тоғандары арасында жетекшi орын алуда. Облыс тоғандарындағы балықтың 60 түрiнiң 30 кәсiпшiлiк мәнi бар.
Балық лимитiн бөлу өкiлеттiгi облысқа берiлген. Әкiмият жуық жылдары балықтың жоғарғы сапасы мен сұрыпталымын қамтамасыз ету мақсатында нақты инвестицияларды тартуды жоспарлауда.
Алдағы 15 жыл iшiнде Атырау облысына едәуiр инвестициялар салынады. Мұнай өндiрудi ұйымдастырудың өзi 130 млрд Америка Құрама Штаттарының доллары сомасында инвестициялауды қажет етедi. Оның 30 млрд-қа жуығы шаруақұрылым мен сервистiк қызмет көрсетудi дамытуға жұмсалады.
Экономиканың мұнайгаз секторын дамыту перспективалық бағыттарымен қатар облыста Индер күмбезiнiң тау-химия шикiзатын, минералдар мен құрылыс материалдар түрлерiн кешендi игеруге мүмкiндiгi бар. Оларды қорының өнеркәсiптiк мәнi осында қазiргi заманғы құрылыс индустриясын инвестициялау мен дамытуға қолайлы жағдай туғызуда.
Гипс кенiштерiнiң қоры 21 млрд тонна, калий тотығы 11,5 млрд тонна, калий тұзы -697 млн. тонна, ас тұзы -687 млн тонна құрайды.
Облыс аумағында минералдық су бұлақтары бар, оның қоры 898 млн текше метр құрайды. Құрманғазы ауданындағы доломит және кварц топырағының қоры әйнек өндiрiсiн дамытуға жағдай туғызуда.
2.1.1. Бағалы қағаздар рыногi:
1999-2000 жылдары бағалы қағаздар рыногiндегi ахуалға елеулi өзгерiстер пайда болуда.
Қазақстандық бағалы қағаздар рыногiнiң ең дамыған бөлшегi - мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногi. Инвесторлардың қор рыногiндегi мемлекеттiк бағалы қағаздарға деген мүддесi мына факторларға байланысты:
Мемлекеттiк бағалы қағаздардың салық салудан босатылуы;
Олардың өтемпаздығы.
Маңызды қадамның бiрi - қазақстандық бағалы қағаздардың жаңа сипаттағы - жергiлiктi атқарушы органдар облигацияларының шығуы Америка Құрама Штаттарының долларымен белгiленген басқа қаржы құралдар бойынша табыстылығы күнi бүгiн төмендеу.
Қауiп-қатер деңгейi бойынша муниципальдық облигациялар мемлекеттiк бағалы қағаздарға теңестiрiлген. Облигациялар борышын өтеуге қызмет көрсетумен байланысты барлық қауiпiн жергiлiктi атқарушы органдар бюджеттерi өзiне алады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 19 мамырдағы N№752 P000752_ "Атырау облысының жергiлiктi атқарушы органдардың қарызға алуы туралы" және 2000 жылғы 26 маусымдағы N 940 P000940_ "Атырау облысы жергiлiктi атқарушы органдар" облигацияларын шығару, өтеу және қызмет көрсету ережелерiн бекiту туралы" қаулыларына сәйкес Атырау облысының әкiмияты Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң келiсiмi бойынша қазақстандық Қор биржасында 10,99 пайыздан артық емес жылдық сыйақы мөлшерiмен 650,0 млн теңге жалпы сомасына муниципалдық облигацияларды орналастырған. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясымен Атырау облысы жергiлiктi атқарушы органының мемлекеттiк купондық облигациялардың бiрiншi эмиссиясына KZ 704 1007A10 Ұлттық сәйкестендiрме нөмiрi берiлген.
Муниципалдық облигацияларды сатудан түскен қаражат "Атырау қаласының автомобиль жолдарын қалпына келтiру және жөндеу" аймақтық инвестициялық жобаны қаржыландыруға жұмсалған.
Муниципалдық қарыз алу бағдарламасын табысты iске асыру үшiн және облыстың барлық қаржы саясатын жүргiзу үшiн Атырау облысы әкiмиятының қаржы кеңесшiсiн таңдауға тендер жүргiзiлген. "Дойчебанк" секьюритиз", "Казкоммерцисекьюритиз" және "Қазақстанның халықтық жинақ банкiсi" акционерлiк қоғамы жеңiп шықты.
Осы консорциум 2001 жылы Атырау облысы жергiлiктi атқарушы органының
муниципалдық облигацияларын орналастырды. Муниципалдық облигациялар
шығарудан түскен түсiм есебiнен аймақтық инвестициялық бағдарламаның
төмендегi жобалары жүзеге асырылды:
Атырау облысының 7 елдi мекендерiндегi су тазарту қондырғыларының
құрылысы.
Елдi-мекендердi газдандыру.
Жол құрылысы.
Металлочерепица өндiретiн шағын зауыт салу.
Муниципальдық тұрғын үй құрылысы.
Облыстық баспахана құрылысы.
2.2. Осал жақтары
Облыс инфрақұрылымының дамуы, қала мен аудандардың құрылғысы жоғарғы өнеркәсiп дамуының деңгейiне сәйкес келмейдi. Облыстың экономикалық әлеуетiнiң өсуi, халықаралық рыноктағы iскер байланыстардың кеңеюi, шетел инвестицияларының ағылуы дамыған инфрақұрылымның болуын талап етедi. Қазақстан Республикасының бас көлiк коммуникацияларының тоғысында орналасқан облыстың ерекше жағдайы көлiк байланыстарының, әсiресе аумақтық экономикалық және әлеуметтiк дамуына қажет транзиттiк жүктердiң қарқынды ағымы өтетiн және жүктiң едәуiр бөлiгi тасымалданатын автомобиль жолдарының сенiмдiлiгiне қосымша талаптар жүктейдi.
Негiзiнен 70 жылдары салынған жолдар жүйесi мен оның үстiне салынған ғимараттар жол құралдарының техникалық көрсеткiштерi мен сындарлы элементтер бойынша көлiк құралдарын қауiпсiз жүргiзуiн қамтамасыз ету шарттарына сәйкес келмейдi. Жер қойнауын пайдалануға салынған тiкелей инвестициялар аймақта қалыптасқан экологиялық жүйенiң бұзылуына әкелiп соқтыруы мүмкiн.
Өнеркәсiптiң дамуымен, халықтың әл-ауқатының өсуiмен, басқа аймақтардан шетел инвестициялары мен мамандардың келуiмен тұрғын үй сапасына қойылатын талаптар да өсуде.
Атырау қаласы тұрғын үй қорының жайы (тозығы жеткен инженерлiк коммуникациялық, авариялық үйлердiң көптеген саны және тағы басқалар) бүгiнгi күннiң талаптарына сәйкес келмейдi. Күнi бүгiн тұрғын үй нарығында сәйкессiздiк байқалуда. Сапасы төмен тұрғын үй орындары мен оларды ұстау қызметiне шексiз жоғары баға сұрау. Жерасты сулардың жоғары деңгейiне байланысты Атырау қаласының барлық аумағы батпаққа айналып, ескi су және канализация құбырлары жүйесiнде судың ағып кетуiне (60 пайыздан астам) байланысты тұрғын үйлер, ғимараттарының жер асты және жер үстi құрылымдары құлауда. Жауын-шашын болған жағдайда жер асты суларының жерге жақын жиналғандығынан қара су пайда болуда және де оған байланысты топырақ тұнбаланып, тұздалады. Ол өз кезеңiнде қала аумағының ластануына әсер етедi.
Облыста тұрғындардың экологиялық денсаулығына байланысты мәселелер өте өткiр тұруда.
Аймақ үшiн iрi проблемалардың бiрi - ауыз су сапасының төмендiгi. Көптеген поселкелерде судың және су тазарту ғимараттарының жоқтығы тұрғындар денсаулығына жағымсыз әсер тигiзуде.
Туберкулез, iшек аурулары, вирустық гепатит сияқты аурулар етек алуда. Облыс пен Қазақстан Республикасының өнеркәсiп орталықтары арасынан, Орта Азия республикаларынан Ресейдiң орталық және европалық бөлiгiне, теңiз мұнай кенiштерiне және Ақтау теңiз портына транзиттiк жүктер ағымы өтетiн республикалық маңызы бар жолдар облыста ерекше орын алуда. Сол жолдар техникалық жағдайы бойынша көлiк құралдарының қауiпсiз қозғалысы шарттарына сәйкес келмейдi.
Сонымен бiрге, республикалық жолдардан елдi мекендерге әкелетiн кiрме жолдар, жергiлiктi жолдар аймақтың экономикалық және әлеуметтiк тiршiлiгiне қажет жүктердiң барлығы тасымалданатын сенiмдi көлiк байланысына деген облыстың қажеттiлiгiн қанағаттандыра алмайды. Қажеттi инвестициялармен қамтамасыз етiлген жағдайда Атырау облысында жеткiлiктi еңбек ресурстары, құрылыс-монтаждау ұйымдары мен құрылыс материалдары кәсiпорындары баршылық. Облыс алдында тұрған осы проблемалар елеулi қаржы салумен қатар кiдiрiссiз шешiмiн табуын талап етедi және инвестициялардың аймаққа келуiне жағымсыз әсерiн тигiзедi.
2.2.1. Негiзгi капиталға салынатын инвестициялар
Нақты қоғамдық капиталды көбейтуге бағытталған инвестициялар қаржылық және материалдық-техникалық ресурстар бола тұрып, экономиканың тиiмдiлiгiн ынталандыруда ролi бар. Олардың қорлану деңгейi мен пайдалану нәтижесiнiң көтерiлуi нақты өндiрiстi жандандыру негiздерiн салады. Ол дағдарыс салдарын жеңу мен болашақта ұлттық байлықтың өсуiнiң алғы шарты.
Облыстың инвестициялық саласында соңғы жылдары кәсiпорындар мен ұйымдар белсендiлiгiнiң артылуы байқалады. 2001 жылы облыс экономикасы дамуының негiзгi капиталына барлық қаржыландыру көздерiнен салынатын инвестициялар 175,1 млрд теңге құрайды. Ол салыстырмалы бағада өткен жылғы сәйкес кезеңiнен 46,8 пайызға көп.
Инвестицияны (2001 жылғы қаңтар-қараша кезеңiнде) қаржыландырудың негiзгi көздерi - шаруа субъектiлерiнiң өзiндiк қаржысы (77,4%) және шетел инвестициялар (19%).
2000-2001 жылдары облыс бойынша Атырау қаласында 600 орындық мешiт, Құрманғазы, Бейбарыс, Дина Нұрпейiсова атындағы алаңдар, "Қиял әлемi" ойын-сауық кешенi, Дина Нұрпейiсова атындағы саз колледжi, облыстық филармониясының ғимараты, Каспий Тұрбақұбыры Консорциумының ғимараты, өлкетану мұражайы мен өнер мұражайының ғимараттары, Құрманғазы ауданы Самаркин өзенi үстiнен көпiр, Индер поселкесiнде майда даналық бетондық және гипсокартон бұйымдарының цехы салынған, Дина Нұрпейiсова атындағы мәдениет үйi жаңғыртылып, Успен соборы "Мұнайшы" стадионы, Махамбет ауданы Сарайшық селосындағы психикалық жүйке аурулары интернатының ғимараты қалпына келтiрiлдi.
Халел Досмұхамедов атындағы университеттiң 1200 орындық қосымша құрылысы салынып, жағалауды бекiту жұмыстары жүргiзiлдi. Атырау қаласында жаяу жол көпiрi және 6 автожол көпiрi салынып, пайдалануға берiлдi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 19 мамырдағы 752 "Атырау облысының жергiлiктi атқарушы органының қарыз алуы туралы" қаулысына сәйкес Атырау қаласында жылына 11 млн. жұмыртқа шығару қуаттылығымен құс фабрикасының құрылысы аяқталған. Оған 300,0 млн теңге жұмсалған.
2.2.2. Мемлекеттiк инвестициялар
Атырау өзен портын жаңғыртып, кеңейтуi, жақын және алыс шет елдерiмен теңiз қатынас дамуының басымды бағыттары болып табылады.
Каспий қайраңы қарқынды игерiлене байланысты Атырау портының маңыздылығы артуда. Шетел мұнай фирмаларының Каспий теңiзi қазақстандық секторына деген ынтасы мұнай және мұнай өнiмдерiн тиеу-түсiру бойынша терминалдық жұмысын ұйымдастырумен сауда теңiз порты құрылысын салуды жоспарлауға, сондай-ақ мұнай өндiрушi кәсiпорындар үшiн порттық қызмет көрсету жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Портты дамыту жоспарында үлкен көлемдi кемелердi пайдалануға ерекше назар қойылады. Сондықтан, портты жаңартуда айлақтарды жаңғыртудан басқа, Жайық-Каспий теңiз арнасын қалпына келтiру қажеттiгi қарастырылуда.
Облыстың экономикалық әлеуетiнiң, халықаралық рынокта iскер байланыстардың өсуiмен және әуе көлiктiк қызмет көрсету нарығының кеңеюiмен әуе көлiгiн дамытуға инвестициялар тарту, жаңа ұшу-қону алаңының құрылысын салу немесе қолданымдағы алабты жаңғырту арқылы бас желiлiк ұшақтарды қабылдау үшiн әуе жай қуаттылығын көбейту, әуе кемелерiнiң авиациялық паркiн дамыту, Каспий қайраңында жұмыс iстейтiн мұнай компанияларына авиациялық қызмет көрсетуге мамандандырылған тiк ұшақпен қамтамасыз ету қажеттiлiгi туындайды.
"Ұшу-қону алабын жаңғырту" жобасы мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына енгiзiлген. Жобаның жалпы құны - 20,0 млн. Америка Құрама Штаттарының доллары. Донор ретiнде Еуропалық Жаңғыру және Даму Банкiсi белгiленген.
Iрiктелген саясат шеңберiнде мұнай кәсiпшiлiгi жабдықтарын шығарумен айналысатын машина жасау кешенi дамытылады. Бiрақ нарықтық экономиканың нақтылығы, экономикалық байланыстардың үзiлуi, төлем қабiлеттiлiгiнiң төмендiгi осы кешендегi кәсiпорындарды ауыр қаржы-экономикалық жағдайға әкелiп соқтырды. Аймақ негiзiнен мұнай өндiру саласының дамуына бағытталғанын есептей отырып, сол кәсiпорындарды сауықтыру қажеттiлiгi сөзсiз.
Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау жөнiндегi үкiмет шаралары шеңберiнде өнеркәсiп саясатының мемлекеттiк бағдарламасына енген облыстық машина жасау кәсiпорындарына "Заманмұнаймаш" акционерлiк қоғамы және "Шельф" акционерлiк қоғамы - қаржылық қолдауды жақсарту жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде.
Аймақты мұнай өндiру өнiмдерiмен қамтамасыз ету үшiн 1945 жылдан бастап Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмыс жасауда. Зауыттың берiлуiне байланысты облыс индустриялық орталық мәртебеге ие болды. Зауыт облыстың ең iрi салық төлеушiсi. Оның жұмысымен аймақтық экономикасы байланысты. Бiрақ бүгiнгi күннiң шығындығы оң болжам жасауға жол бермейдi. Мұнайдың әлемдiк бағасының ауытқуы, негiзгi құрал-жабдықтардың моральдық және табиғи тозуы, мұнай өндiрудiң төменгi тереңдiгi құнды мұнай химия шикiзатын дұрыс дәрежеде өңдеуге мүмкiндiк бермейдi. Ахуалды түбегейлi өзгерту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметi үкiметтiк займ, "Марубени" жапон фирмасы мен "Қазақойл" Ұлттық мұнай компаниясының займдарын қоса қаржыландырылуы есебiнен 308,0 млн. Америка Құрама Штаттарының доллары сомасына Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту туралы қаулы қабылданған.
Жуық арада Атырау мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары басталады. Ол бәсекелестiк қабiлетi бар мұнай өңдеу өнiмiн шығарып, әлем рыногына шығаруға мүмкiндiк бередi.
3. Стратегиялық мiндеттер
Барлық жыл iшiнде тау-кен өндiру, өңдеу өнеркәсiбi, сондай-ақ жылжымайтын мүлiк және көлiк операцияларына басымдық берiлген.
Аймақтағы дамып келе жатқан мұнай өнеркәсiбi болашақта облыс орталығының гүлденуiне Батыс Қазақстанның iрi мұнай орталығына айналуына мүмкiндiк бередi.
Инвестициялық саясат, ең алдымен, экономиканың нақты секторын дамытуға инвестициялық ресурстар тарату және бағыттау үрдiсiнде мемлекеттiң ролiн күшейтудi талап етедi.
Ипотекалық несиелер беру, муниципалдық тұрғын үй облигацияларын шығару, құрылыс жинағы жүйесi бойынша несиелер беру арқылы тұрғындар тарапынан болатын сұранымды ынталандыру қажет, ол өз кезегiнде құрылыс көлемiнiң өсуiне, құрылыс индустриясында тапсырыстың артуына және онымен байланысы бар экономика салаларында салық жинауды ұлғайтуға және салық салынатын базаны кеңейтуге, iлгерi қарай облыс экономикасын дамытуға және жаңадан құрылған жұмыс орындары санының ұлғаюына әкелiп соқтырады, ол Қазақстан Республикасы Президентiнiң жұмыссыздық және кедейшiлiкпен күресу жөнiндегi басымдықтағы мақсаттары мен жаңа стратегиясының мiндеттерi болып табылады.
Бұрыннан облыста қалыптасқан құрылыс материалдары индустриясын дамыту өндiрiс көлемiн барынша ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.
4. Iс-қимыл стратегиясы
Қалыптасқан инвестициялық саясатты талдау негiзiнде экономиканың өндiрiстiк секторының дамуын қаржыландыру жеткiлiктi мөлшерде жүргiзiлмейдi деп тұжырым жасауға болады.
Соңғы жылдардағы экономиканы реттеу тәжiрибесi көрсетiп отырғандай, шетелдiк жеке инвестициялар ешқашан да жоғары сапалы өнiм шығаратын бәсекеге қабiлеттi өндiрiс құруға жұмсалмайды. Шетелдiк капиталдың өзiнiң жеке өндiрiсiне бәсеке ұйымдастырудың тiптi де мәнi жоқ.
Энергетика және сауда Министрлiгi әзiрлеген импорт алмастыру бағдарламасы бойынша Атырау облысының кәсiпорындарына импорттайтын өнiмдер номенклатурасы ұсынылды. Мысалы, Атырау облысының "Заманнефтемаш" және "Шельф"кәсiпорындарында өткен жылы "Қазақойл" Ұлттық мұнай компаниясының 36 млн теңге сомасында тапсырысы орналастырылды.
Егер жақын уақытта қазақстан компанияларының тек қана "Тенгизшевройл" кәсiпорнының мердiгерлiк жұмыстарын орындауға ең болмаса жиырма пайыздық қатысуына қол жеткiзсек, ол 250-300 млн Америка Құрама Штаттарының доллары сомасында отандық экономиканың дамуына қосымша инвестиция құйылысын бередi.
Шетелдiк капитал болсын, отандық капитал болсын, ұзақ мерзiмдiк негiзде экономиканың нақты секторына инвестициялар жұмсамайды.
Шетелдiк инвесторлар қызметi ең алдымен сол сәтiнде пайда табуға бағытталған.
Инвестициялық саясат стратегиясы, бiрiншi кезекте, экономиканың нақты саласын дамытуға инвестициялық ресурстарды тартуға және қатыстыру процесiне мемлекет ролiн күшейтудi талап етедi.
Өзiне жүктелген құқықтарына сәйкес жергiлiктi атқарушы өкiмет әлеуметтiк-экономикалық дамуға жауапты екенiн ескерiп, жергiлiктi атқарушы органдар ролiн арттыру қажет:
Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк инвесторлардың мiндеттемелерiн орындауын бақылау және қамтамасыз етудiң әлеуметтiк, табиғат қорғау шаралары, қазақстандық мамандарды оқыту және жергiлiктi мердiгерлiк ұйымдарды тартуды орындау бөлiгiнде;
ҚР мұнай-газ саласын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда;
Импорт алмастыру Бағдарламасын орындау жөнiндегi бақылауды күшейту. Ол қазақстан кәсiпорындарын, еңбек және материалдық ресурстарын iрi инвестициялық жобаларға қатысуына мүмкiндiк бередi;
Халықтың тұрмыс деңгейiн, облыстың өнеркәсiп және әлеуметтiк инфрақұрылымдарын жақсартуға бағытталған, инвестициялық жобалар аймағы үшiн әлеуметтiк жағынан маңызды инвесторлармен бiрлесiп, жергiлiктi атқарушы органдардың жүзеге асыруы жолымен аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын арттыру;
Жұмыссыздық деңгейiн төмендету, инвесторлар қаражаты, және кәсiпорындардағы шетелдiк жұмыс күшi орнына орналасу есебiнен жергiлiктi жұмыс күшiнiң бiлiктiлiгiн арттыру, дайындау, оқыту жолымен жұмыссыздықты, шетелдiк жұмыс күшiн әкелудi азайту;
Облыс аумағында жұмыс iстейтiн, бiрлескен кәсiпорындар мен шетелдiк компаниялар қызметiн бақылау;
Экономикалық басымдықтағы секторларына отандық және шетелдiк компаниялардың құйылуын ынталандыру;
Мемлекеттiк инвестицияларды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру және оңтайландыру, сондай-ақ iшкi жинақтарды жұмылдыру;
Отандық және шетелдiк инвесторларға бiрдей жағдай жасау;
Инвестициялар тарту және кәсiпорындарды қаржылық сауықтыру;
Құрылыс индустриясын дамытуды қамтамасыз ету;
Облыс елдi мекендерiн газдандыру;
Облыс елдi мекендерiн ауыз сумен жабдықтау;
Облыс тұрғындарының қазiргi заманға деңгей мен талаптарға сәйкес келетiн сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету және қажеттiлiгiн қанағаттандыру; олардың бағасы мен төлем нысандарын оңтайландыру.
Өндiрiс саласын қаржыландыру жөнiнде-басымдық аймақтың мұнай-газ саласы мен химия өнеркәсiбiнiң қуаттарын iлгерi қарай дамыту болып табылады, яғни "Тенгизшевройл" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң өндiрiстiк қуаттарын кеңейту, Каспий теңiзi қайраңын игеру кезiнде қосалқы және тiкелей инфрақұрылымдар салу. Ол үшiн барлық қаржы институттарының, коммерциялық және жеке құрылымдардың кредиттiк қызметiн жандандыру және iрi ауқымдық ұзақ мерзiмдiк қаражат жұмсалымын қамтамасыз ету қажет.
4.1. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн сақтау кезiнде шетел инвестицияларының құйылуын ынталандыру
Атырау облысының инвестициялық саясаты сыртқы экономикалық қызметтi iлгерi қарай ырықтандыру және инвестициялар құйылуын қосымша ынталандырудың бiрқатар шараларын көздейдi. Көрсетiлген iс-шаралар сонымен бiрге мемлекеттiк органдардың тиiстi заңнамалық және нормативтiк актiлерiнен де көрiнiс табады.
Аймақта жұмыс iстейтiн бiрқатар инвесторлар салық және кеден тарифтерi бойынша мол жеңiлдiктер мен пұрсаттылықтар алады, олардың мөлшерi тiкелей инвесторлар көлемiне байланысты.
Тiкелей инвестициялар тарту тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында отандық және шетелдiк компаниялардың мәлiметтер қоржынын құру жөнiнде жұмыстар iстелуде, принциптiлiк және тiкелей маркетинг әдiстемесi негiзiнде әрбiр бөлiнген компаниямен жеке-жеке арнайы өзара қарым-қатынас әзiрленуде. Жеке алғанда, осындай бағдарламалар шеңберiнде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделiлiк танытқан шетелдiк компанияларға сапар ұйымдастыру көзделуде. Бiрқатар жеке шетелдiк компаниялармен тауар, жұмыс, қызмет көрсетулер жеткiзу үшiн жергiлiктi тауар өндiрушiлердi қатыстыру жөнiнде мәселелер ойластырылуда.
Облыс экономикасы үшiн жеңiл, тамақ, тұрмыстық және сервистiк қызмет көрсету салалары сияқты орташа және ұсақ кәсiпорындарды құру тиiмдiрек.
"WEB" - сайтты ашу барлық мәселелердiң жариялануын қамтитын, облыс бойынша инвестициялар тартумен байланысты "Интернет" ғалами торабын құруға мүмкiндiк бердi. Сайтта ақпараттық, жарнамалық, анықтамалық және талдау материалдары үнемi қамтамасыз етiледi және жаңартылады.
4.2. Көлiк инфрақұрылымына мемлекеттiк инвестициялар жұмсау
Ұзақ мерзiмдiк басымдықтар болып инфрақұрылымдарды, әсiресе көлiк және коммуникациялық қызмет рыногын дамыту белгiлендi.
Атырау облысында iс жүзiнде көлiктiң барлық түрлерi бар - темiр жол, әуе, автомобиль, су, тұрбақұбыры.
Облыстың Еуропа мен Азия арасында транзиттiк бағытта орналасуы халықаралық тауар, жинақтаушы өнiмдер мен шикiзат тасымалы кезiнде инвесторлар шығынын қысқарту үшiн бiрегей мүмкiндiктер жасайды. Батыс аймағының көлiк инфрақұрылымын дамыту басымдығы, Орталық аймаққа шығудың ең қысқа жолын құру болып табылады. Бүгiнгi таңда дамып келе жатқан Батыс Қазақстанды республиканың Орталық және Солтүстiк аймақтарымен байланыстыру тұжырымдамасы әзiрлендi, оның шеңберiнде құрамына темiр жол ғана емес, автожолдар, электрберiлiсi желiлерi, оптикалық-талшықтық кабельдер және т.б. кiруге болатын көлiк-коммуникациялық дәлiз құрылысын салу көзделген. Бiрыңғай дәлiз құру әрбiр желiнiң құрылысы кезiнде ғана емес, сонымен бiрге iлгерi қарай пайдалану мерзiмiнде құнын азайтуға мүмкiндiк бередi. Түпкi есепте облыс қана емес, республиканы тұтас алғанда ұлттық жол тораптары шекарасында тарифтiк және тәуелсiз техникалық саясатты жүзеге асыруға мүмкiндiк алады.
Республикалық маңыздағы Атырау-Орал және Атырау-Астрахань автомобиль жолдарын жаңғырту жоспарланып отыр. Атырау-Астрахань автожолын жаңғырту жобасы Жапония Үкiметiнiң 34.0 млн Америка Құрама Штаттарының доллары көлемiндегi жұмсақ несие желiсi бойынша 2001 жылға арналған Мемлекеттiк инвестициялар Бағдарламасына енгiзiлген.
Облыс телекоммуникациясын жаңарту және жаңғырту жүргiзiледi. "GSM" стандартының сандық ұялық жүйесi енгiзiлдi, "ИНТЕЛСАТ" жер серiгi арқылы Атырау-Ақтау арасында сандық телефон арнасы ұйымдастырылды, бұл осы учаске жұмысының сапасы мен өткiзу қабiлетiн арттырды. Орнықтылығы мен қабылдауды қамтамасыз етудi арттыру үшiн "ДАМА" жер серiгi байланысы жүйелерi орнатылды. Орал мен Ақтау желiсiн тартумен бiрге Шымкент-Ақтөбе-Атырау- Ресей оптикалық-талшықтық байланыс желiсiн салу жоспарланып отыр.
Инвестиция тарту жаңа сандық Автоматтандырылған телефон стансаларының ескiрген стансаларын алмастыруды талап етедi. Бұлардың қатарында қазiргi заманғы ұялы, пейджингiлiк, жер серiктiк байланыстарды дамытып, ескірген телерадиотарату қондырғыларын толық алмастыру да бар.
Бұл арада шетелдiк капитал шешушi роль атқарады, бәрiнен бұрын телерадиокоммуникацияларды жаңарту тәжiрибесi бар, осы заманғы технологиялармен, валюта қаражаттары мен жұмыс iстей бiлетiн инвесторлармен ынтымақтастықта болу керек.
Магистралдық "Теңiз-Новороссийск" мұнай құбырының құрылысын аяқтау үшiн Каспий Тұрбақұбыры Консорциумы құрылған болатын. Ол ресей терминалдары арқылы Қара теңiзбен мұнай экспорты көлемiн ұлғайтуды қамтамасыз етедi. Жүйенiң бастапқы жобалық қуаты жылына 28,2 млн
тонна, 4 бiртiндеп кеңейту кезеңiнен соң қуаты жылына 67 млн тоннаға
жетедi. Атырау-Самара тұрбақұбырының өткiзу мүмкiндiгiн жылына 12-15 млн
тоннаға ұлғайту жоспарлануда. Жақын арадағы 10 жылда мұнай өндiру көлемi
100 млн тоннаға жететiн болады. Бұл арада Қазақстанның iшкi рыногында
қажеттiлiк 15-20 млн тонна аралығында болады. Осыған байланысты мұнай
тасымалдаудың Қытай, Иран, Түркияға баламалық жолын iздестiру қажет болады.
IХ-бөлім
Күтілетін нәтижелер
1. Экономика саласында
Ұзақ мерзiмдiк бағытта бәсекеге төтеп беретiн экономика құру.
2010 жылға жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiмдер деңгейiн екi есе
көтеру.
Орнықты экономикалық өсiмге қол жеткiзу үшiн қолайлы
макро-экономикалық жағдай жасау.
Салық төлеушiлер мен мемлекет мүдделерiн қанағаттандыратын қолайлы
орта құру.
Орнықты бюджеттiк жүйе мен әлеуметтiк-экономикалық басымдықтарды
қалыптастыру.
Орнықты экономикалық өсiмдi қамтамасыз ету мақсатында, бәсекеге төтеп бере алатын, жоғарғы технологиялық және ғылыми-кең өндiрiстердiң дамуына басымдылық ретте бағытталатын, iшкi және сыртқы инвестицияларының жоғары деңгейiне қол жеткiзу.
2. Мемлекеттік басқару саласында
Экономикалық және саяси өмiрдiң жаңа жағдайында iс-әрекет жасай алатын, өз функцияларын толыққанды атқара алатын тиiмдi басқару аппаратын құру.
Қоғамның, оның әрбiр азаматының сұранысын қанағаттандыра алатын жергiлiктi мемлекеттiк органдарының тиiмдi аппаратын құру.
Меритократияға негiзделген (жеке сiңiрген еңбегi) мемлекеттiк қызмет нұсқасын құру.
Мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Азаматтардың оған қатысуын кеңейту және мемлекеттiк органдардың халыққа есеп беруiн күшейту арқылы мемлекеттiк басқару негiздерiн демократияландыру.
3. Индустрия саласында
2010 жылы облыста қалыптасқан кешендi мұнайгаз өндiру секторы дамитын болады. Ол, дүниежүзiлiк сапа стандарттарына сай келетiн, iшкi және сыртқы рынокта бәсекеге төтеп бере алатын облыстың индустриялы кешенiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
Облыс экономикасының дамыған индустриял секторы полипропилен, резина-техникалық бұйымдар, полимерлiк материалдар өндiретiн мұнай-химиялық өнеркәсiптiң, құрылыс индустриясының, машина жасау, жеңiл және тамақ өнеркәсiптерiнiң дамуына мультикативтiк әсер етедi. Мамандандыру салаларына қызмет ететiн өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымдар: техника мен жабдықтар, жылу-, электр- және сумен жабдықтау жүйелерi мен көлiк коммуникацияларын жөндейтiн кәсiпорындар, әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерi дамитын болады.
Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жүргiзiлгеннен кейiн, қою майды қоса, жоғары сапалы мұнай өнiмдерiнiң кең ассортиментi өндiрiлетiн болады. Бәсекеге төтеп бере алатын полиэтилендiк тұрбалар шығарылады.
Облыстың машина жасау кешенi ("Заман-Нефтемаш" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, "Шельф" ашық акционерлiк қоғамы) мұнай-газ секторына ғана емес, аграрлық сектор мен көлiк кәсiпорындары үшiн экспортқа бағытталған өнiм шығарады, сондай-ақ оны жақын және алыс шетел елдерге шығаратын болады.
Аграрлық және тамақ секторлары республикадан тыс аумақтардан әкелiнетiн сапасыз арзан тауарларының өктемдiк жүргiзуiнен аймақтың азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Оған импорт алмастыру шеңберiнде тек қаланы ғана емес, сонымен бiрге аймақтың экономика салаларын қамтитын селодағы агробизнестiң орнығуы негiз болады.
Бiрiне-бiрi байланысқан тауар және қызмет рыноктары тауар-қор биржаларының дамуы, ақпараттық техника мен технологияларды, маркетингiлiк аппараты мен менеджментi дамыған бизнес-орталықтарын ауқымды пайдалану арқылы өндiрiледi.
4. Инфрақұрылым саласында
Каспий тұрба құбыры консорциумы есебiнен Тенгиз-Новороссийск магистралдық мұнай құбырының құрылысы аяқталғаннан кейiн Қара теңiздегi Ресей терминалдары арқылы мұнай экспорты көлемiнiң ұлғаюы қамтамасыз етiледi. Жүйенiң алғашқы жобалық қуаты жылына 28,2 млн тонна құрайды, кеңейтудiң 4 жүйелi кезеңдерiнен кейiн жылына 67 млн тоннаға дейiн жетедi. Атырау-Самара құбырының өткiзу қабiлетiн жылына 12-15 млн. тоннаға дейiн өсiру жоспарлануда. Алдағы 10 жылда мұнай өндiру көлемi 100 млн. тоннаға дейiн жетедi. Ал Қазақстанның iшкi рыногындағы сұраныс 15-20 млн. тонна шамасында болады. Соған байланысты Қытай, Иран, Түркия бағыттарына мұнайды тасымалдаудың балама жолдарын iздестiру қажет болады.
5. Әлеуметтік салада
Сапалы бiлiм бағдарламалары мен олардың халықтың қалың көпшiлiгiне қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн, тиiмдi жұмыс iстейтiн бiлiм жүйесiн құру.
Арнайы оқуды қажет ететiн балаларды қоса, орта мектеп бағдарламасы бойынша мектеп жасындағы балаларды оқумен 100% қамту.
Халықтың медициналық қызмет көрсету көлемi мен сапасына сұранысын қанағаттандыру, алдын-алу бағыттылық, қол жеткiзу мен сабақтастық негiзiнде денсаулық сақтаудың даму жолдарын белгiлеу.
Халықты толық өнiмдi жұмыспен қамтамасыз ету.
Жұмыссыз халықтың жұмысқа орналасу деңгейiн көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу және жеке жұмыспен қамтуды кеңейту.
Халықтың кедейшiлiк деңгейiн төмендетуге, қайыршылықты жоюға, өмiр
сүру жағдайын жақсартуға бейiмделген, әлеуметтiк қорғаудың тиiмдi жұмыс
iстейтiн жүйесiн құру.
Көбiне мемлекет есебiнен жүзеге асқан әлеуметтiк қамту жүйесiнен
әлеуметтiк сақтандыру қағидаларына көшу.
Экономикалық қызметтiң барлық түрлерi бойынша жалданатын
қызметкерлердiң еңбек ақы деңгейiн көтеру.
Атаулы әлеуметтiк көмектiң тиiмдiлiгiн арттыру.
(Мамандар: Ержанова К.С., Хасанов М.Х.)