Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөнiндегi облыстық комиссия туралы

Жаңартылған

Атырау облыстық әкiмияттың 2002 жылғы 27 наурыздағы N№142 қаулысы. Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 18 сәуірде N 921 тіркелді. ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамырдағы № 3-2185/06 хатына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатпайды

      Атырау облыстық әкiмияттың 2002 жылғы 27 наурыздағы N№142 қаулысы. Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 18 сәуірде N 921 тіркелді. ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамырдағы № 3-2185/06 хатына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатпайды
      ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамырдағы 3-2185/06 хатынан үзінді:
      Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
      Қосымша 2 бетте.
      АОӘД бастығы
      Қосымша:
      13) Атырау облыстық әкімиятының 2002 жылғы 27 наурыздағы N 142 "Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөнiндегi облыстық комиссия туралы" қаулысы (Атырау облыстық әділет департаментінде 2002 жылғы 18 сәуірде N 921 тіркелді).
      Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау проблемаларын кешендi шешудi жүзеге асыру мақсатында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 маусымдағы N 789 "Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қаулысын орындау мақсатында облыстық әкiмият қаулы етеді:
      1. Облыстық әкiмияттың жанынан кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөнiндегi облыстық комиссия құрылсын (бұдан әрi - Комиссия) және оның құрамы бекiтiлсiн (N 1-қосымша).
      2. Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн (N 2-қосымша).
      3. Комиссияның жұмысшы органы болып облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлiмi белгiленсiн.
      4. Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 8 желтоқсандағы N 254 "Облыс әкiмi жанындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жөнiндегi комиссияның жаңа құрамын бекiту туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
 
 

      Облыс әкiмiнiң мiндетiн атқарушы


Облыстық әкiмияттың 2002 жылғы 27 наурыздағы N 142 қаулысына қосымша N 1

Кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы

      Ескерту.; Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Атырау облыстық әкiмияттың 22.02.2005 N 73 қаулысымен.
      Мүрсалиева Тасқира Қабиқызы - Атырау облысы әкімінің орынбасары комиссия төрайымы
      Нұриденов Кеңес Сәлімұлы - Атырау облысы Ішкі Істер басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша)
      Әліпов Данияр Ибрагимұлы - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы
      Комиссия мүшелері:
      Баянасова Светлана Әбілғапарқызы - Атырау облыстық Әділет департаментінің апостиль және азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
      Бисенұлы Уәйс - N 2 Атырау қалалық ауруханасының бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты (келісім
      бойынша)
      Иманғали Қазбек Қажыұлы - Атырау облысы Дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бастығы
      Иманғалиев Бақыт Сайынұлы - Атырау облысы Мәдениет бөлімінің бастығы
      Қайненов Қилымғали Қайненұлы - Атырау облысы Білім беру департаментінің директоры
      Қайрешов Сағын Мұратұлы - Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры
      Қарасаева Әлия Орынғалиқызы - Атырау облысы Денсаулық сақтау департаментінің директоры 
 


Облыстық әкiмияттың 2002 жылғы 27 наурыздағы N 142 қаулысына N 2 қосымша

Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөнiндегi облыстық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. . Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау проблемаларының кешендi шешiлуiн iске асыруға бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру мақсатында құрылған тұрақты қызмет ететiн орган болып табылады.
      2. Облыстық комиссия жергiлiкті атқарушы орган - әкiмиятта құрылады. Комиссия құрамы облыстық әкiмияттың қаулысымен бекiтiледi.
      3. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия құрамында төрағадан (әкiмнiң орынбасары), төрағаның орынбасарынан (облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары), комиссияның 6-12 мүшелерiнен облыс әкiмi аппаратында штаттық лауазымды қызмет атқаратын комиссияның жауапты хатшысынан құрылады.
      4. Комиссия кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қараусыз қалуының алдын алуға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға мүдделi iшкi iстер органдарының, бiлiм, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм, денсаулық сақтау және өзге де ведомстволар өкiлдерiн бiрiктiредi.
      5. Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Конституциясы, осы ереже мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтi құқықтық кесiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде жүзеге асырады.
      6. Комиссия өз қызметiнде облыстық әкiмияттың алдында жауапты.
      7. Комиссия қызметi:
      1) заңдылық;
      2) кәмелетке толмағандармен адамгершiлiк қарым-қатынас;
      3) кәмелетке толмағандарға, ата-анасы немесе оның заңды өкiлдерiне сыйласымды қарым-қатынас;
      4) кәмелетке толмағандар, ата-анасы немесе оның заңды өкiлдерi туралы ақпараттың құпиялылығы;
      5) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелерi бойынша оның ата-анасымен немесе заңды өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасау;
      6) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны үшiн лауазымды адамдар мен азаматтардың жауапкершiлiк қағидаттарына негiзделедi.
 

2. Комиссияның негiзгi функциялары

      8. Облыстық комиссияның негiзгi функциялары мыналар болып табылады:
      1) аудандық, қалалық комиссиялардың қызметiне бағыт беру, оларға әдiстемелiк көмек көрсету;
      2) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, кәмелетке толмағандардың денсаулығын сақтау, олардың өмiр сүру, тәрбие, бiлiм беру, еңбек пен демалыс жағдайларын жақсарту жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды әзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде олардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
      3) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру;
      4) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының алдын алу, оларды тудыратын себептердi жою, балалар мен жасөспiрiмдердi орналастыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу;
      5) есеп беретiн комиссиялардың қабылдаған шешiмдерi мен қаулыларының негiздiлiгiн тексеру. Қабылданған шешiмдердi негiзсiз деп таныған жағдайда тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға оларды жою туралы ұсыныстармен шығады;
      6) комиссия қаулыларында көрсетiлген кемшiлiктер мен бұрмалаушылықтарды жою жөнiндегi шараларды орындамаған немесе қабылдамаған жағдайларда лауазымды адамдарды белгiленген тәртiппен жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзу;
      7) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөнiндегi жұмыстың жай-күйi туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзудың анықталған фактiлерi туралы мүдделi органдарды хабардар ету;
      8) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу мәселелерiн шешуде балаларды тәрбиелеумен және оқытумен айналысатын органдар мен ұйымдар жұмысының оң тәжiрибелерiн қорыту және тарату, оларға ұйымдастыру-әдiстемелiк көмегiн көрсету;
      9) әдiлет органдары мен өзге де ұйымдарда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктермен, дiни ұйымдармен, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және өзге де қоғамға қарсы iс қимылдарының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi азаматтармен өзара iс қимыл жасау;
      10) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына немесе шектелуiне байланысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерi мен басқа да адамдардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарау;
      11) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн белгiленген тәртiппен сотқа жүгiну;
      12) кәмелетке толмағандардың қылмыстар, құқық бұзушылықтар және қоғамға қарсы әрекеттердi жасауға ықпал ететiн себептер мен шарттарды анықтау, талдау және оларды жою жөнiндегi шараларды белгiлеу;
      13) бiлiм беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, орналасу саласындағы заңдылықтардың бұзылуын жою жөнiндегi ұсынымдарды енгiзу туралы ұсыныстарды құзыреттi органдарға жеткiзу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау.
 

3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      9. Комиссия өз жұмысын жоспарға сәйкес жүргiзедi. Комиссия отырысы қажетiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бір рет өткiзiледi және әдетте, ашық болып табылады. Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия қаралатын мәселелердiң сипатын ескере отырып, iске қатысушы адамдардың өтiнiшi бойынша жабық отырыс өткiзу туралы дәлелдi қаулы қабылдай алады.
      Комиссия қажет кезiнде қалада және аудандарда көшпелi отырыстар өткiзе алады.
      Комиссия отырысы егер оған, комиссия мүшелерiнiң кемiнде жалпы санының жартысы қатысса заңды болып табылады. Комиссия отырысына оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары төрағалық етедi.
      Кәмелетке толмағанға қатысты шағымдар мен өтiнiштердi комиссия тек кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң қатысуымен ғана қарайды.
      Кәмелетке толмағанның тiлегi бойынша комиссия жұмысына қатысуға оның адвокаты жiберiледi.
      Комиссия отырысын өткiзу күнi, орны мен уақыты туралы облыстық прокуратураға мiндеттi түрде хабарлануы керек.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облыстық әкімшлігінің 16.03.2004 N 69 қаулысымен.
      10. Комиссия отырысының хаттамасы және қаулысы.
      Комиссия отырысында комиссияның жауапты хатшысы хаттама жүргiзедi, онда:
      комиссияның атауы мен жеке құрамы;
      комиссия отырысының күнi мен жерi;
      күн тәртiбi туралы мәлiметтер көрсетiлуi тиiс.
      Комиссияның қаулысы жай көп дауыспен қабылданады, ол хаттамамен рәсiмделедi.
      Комиссия отырысының хаттамасына төрағалық етушi және оның жауапты хатшысы қол қояды.
 

4. Комиссияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      11. Комиссия қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету облыс әкiмi аппаратына жүктеледi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады