ҚР Атырау облысы Әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамыр № 3-2185/06 хатынан үзінді:
Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
Қосымша 1 бетте.
АОӘД бастығы
......
Қосымша:
1) Атырау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 16 наурыздағы N 69 "Облыс әкімиятының 2002 жылғы 27 наурыздағы N 142 "Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Атырау облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 31 наурызда N 1900 тіркелді).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес және кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөніндегі облыстық комиссия хатшысының қызмет түрінің өзгеруіне байланысты облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 27 наурыздағы N 142 "Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия туралы" қаулысына (2002 жылғы 18 сәуірде N 921 Атырау облысы Әділет басқармасында тіркелген; 2002 жылғы 8 қарашадағы N 1192 Атырау облысы Әділет басқармасында тіркелген облыс әкімиятының 2002 жылғы 14 қазандағы N 253 қаулысымен, 2003 жылғы 7 қарашадағы N 1701 Атырау облысы Әділет басқармасында тіркелген 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 198 қаулысымен өзгерістер енгізілген және 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 7 "Прикаспийская коммуна", 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 7 "Атырау" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін.1 қосымшада:
кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия құрамына енгізілсін:
Қуанышева Айнагүл Қуанышқызы - облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімінің жетекші маманы, хатшысы;
аталған құрамнан Әліпов Данияр Ибрагимұлы шығарылсын.
2 қосымшада:
кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия туралы Ереженің 9 тармағында:
"тоқсанына екі рет" деген сөздер "тоқсанына бір рет" деген сөздермен алмастырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ. Мүрсәлиеваға жүктелсін.
Облыс әкімі |