Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 10.04.2003 № 186 қаулысымен.
ҚР Атырау облысы Әділет департаментінің 2006 жылғы 18 қазан 3-3333/06 хатынан үзінді:
Атырау облыстық Әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы өділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
қосымша 2 бетте.
АОӘД бастығы
қосымша:
1) Атырау облыстық әкімиятының 2002 жылғы 27 наурыздағы N 138
"Браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күресу жөнiнде облыстық комиссия құру туралы" қаулысы (Атырау облыстық Әділет департаментінде 2002 жылғы 23 сәуірдегі N 935 тіркелді).
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi N 377 U000377_ "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" Жарлығының және облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 17 қаңтардағы N 25 "2001-2002 жылдарға арналған қылмыстылықпен күресудiң облыстық бағдарламасын және оны жүзеге асырудың iс-шаралар жоспарын бекiту туралы", атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделi мемлекеттiк органдар қызметiн үйлестiрудi жақсарту, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Z010148_ Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, облыс әкiмияты қаулы етеді:
1. Браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен
күресу жөнiнде облыстық комиссия құрылсын (iлгерi қарай - Комиссия).
2. Комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
3. Комиссияның құрамы бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
4. Комиссияның жұмысшы органы болып ауыл және балық шаруашылығы департаментiнiң балық бөлiмi белгіленсін.
5. Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 22 тамыздағы N 280 "Браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күресу жөнiнде облыстық Комиссия құру туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Қ. Ищановқа жүктелсiн.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
||||
Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 27 наурыздағы N 138 қаулысына N 1 қосымша |
Браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күресу жөнiндегi облыстық Комиссия туралы Ереже
1. Жалпы мәлiметтер
1.1. Браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күресу жөнiндегi облыстық Комиссия (iлгерi қарай-Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады және атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардың жануарлар әлемiн қорғау және пайдалану, сонымен бiрге браконьерлiкпен күрестi ұйымдастыру мәселелерi бойынша қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi қамтамасыз ету үшiн құрылған.
1.2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, ел Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, облыс әкiмi шешiмдерi мен өкiмдерiне, сонымен бiрге осы ережеге сәйкес жүзеге асырады. Комиссия құрамын облыс әкiмияты белгiлейдi және бекiтедi.
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
2.1. Комиссияның негiзгi мiндеттерi болып табылады:
1) атқарушы, құқық қорғау, табиғат қорғау және облыстық басқа мемлекеттiк органдардың браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күресiн ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру қызметiн қамтамасыз ету;
2) облыстағы браконьерлiкпен күрестiң қылмыстық жағдайын талдау, браконьерлiкпен күрестi күшейту жөнiндегi жоспарлар мен iс-шараларды қарау және бекiту;
3) iшкi iстер, прокуратура, балық қорғау, Ұлттық қауiпсiздiк, салық және кеден қызметi, қаржы полициясы органдарының браконьерлiкпен күресу жөнiндегi қызметiн қорытындылау;
4) Браконьерлiкпен күресу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңдарының, ел Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, облыс әкiмi шешiмдерi мен әкiмдерiнiң, облыс әкiмияты қаулыларының атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдарының атқару жағдайын зерделеу;
5) атқарушы, құқық қорғау, табиғат қорғау және басқа мемлекеттiк органдарға жануарлар әлемi қорғау және пайдалану, браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрестi ұйымдастыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар дайындау.
3. Комиссияның функциялары
3.1. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Комиссия мәжiлiстерiнде облыстық атқарушы, құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының браконьерлiкпен күрестi ұйымдастыру жөнiн қарайды;
2) атқарушы, құқық қорғау, табиғат қорғау және басқа мемлекеттiк органдар басшыларының браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрестi ұйымдастыру жөнiндегi есептерiн тыңдайды;
3) браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрестiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде нұсқаулықтар әзiрлейдi;
4) Орал-Каспий су айдынындағы кемелер мен шығын мөлшердегi флот қозғалысының тәртiбiн дайындайды;
5) Комиссия құзыретiне жататын басқа функцияларды жүзеге асырады.
4. Комиссияның өкiлеттiктерi
4.1. Негiзгi мiндеттерi мен өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде Комиссияның мынадай құқықтары бар:
1) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардан жұмыс үшiн қажеттi ақпараттар, құжаттар және материалдар сұрауға және алуға;
2) балық ресурстарын қорғау және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрестi ұйымдастыру жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеуге;
3) құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдар қызметкерлерiн Комиссия мәжiлiсiнде қарауға материалдар дайындауға қатыстыруға.
5. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
5.1. Комиссия жоспарға сәйкес жұмыс iстейдi. Комиссия мәжiлiстерi қажет болған жағдайда, бiрақ тоқсанына бiр реттен кем емес жиiлiкте өткiзiледi. Комиссия мәжiлiстерi төрағаның, болмаса оның тапсырмасымен мүшелерiнiң бiрiнiң басшылығымен өткiзiледi.
5.2. Мәжiлiс Комиссия мүшелерiнiң жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды болып есептеледi.
5.3. Комиссия шешiмдерi қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады, олар хаттамамен ресiмделедi және оны Төраға бекiтедi.
Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 27 наурыздағы N 138 қаулысына N 2 қосымша |
Браконьерлiкпен және балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күресу жөнiндегi облыстық Комиссия құрамы
1. Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы;
2. Исабеков Ақжiгiт Қалтайұлы - Атырау облысы бойынша Ұлттық қауiпсiздiк комитетi департаментiнiң бастығы, төрағасының орынбасары (келiсiмi бойынша);
3. Хайдар Халмұрат Саламатұлы - Атырау облысы iшкi iстер басқармасының бастығы, төрағасының орынбасары;
4. Қадимов Ерболат Латипұлы - ауыл және балық шаруашылығы департаментi директорының орынбасары, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелерi:
5. Ақботин Әдiлхан Мұғалимұлы - биоресурстарды қорғау жөнiндегi Солтүстiк Каспий аймақтық мекемесiнiң бастығы;
6. Арыстанов Қадыржан Бақтығалиұлы - Атырау облысы бойынша ауыл және балық шаруашылығы департаментiнiң директоры;
7. Әлиев Асқар Асылханұлы - Атырау облысы бойынша қаржы полициясының бастығы (келiсiмi бойынша);
8. Дүйсебаев Сержан Дәмебайұлы - Атырау облысы бойынша кеден басқармасының бастығы;
9. Жарылғасов Әспенби Жолдасұлы - облыс әкiмi аппараты басшысының орынбасары, мемлекеттiк-құқықтық және әскери-жұмылдыру бөлiмiнiң меңгерушiсi;
10. Жөргенбаев Мұхтар Әкебайұлы - Атырау облысының прокуроры (келiсiмi бойынша);
11. Көжеғалиев Роберт Халитұлы - Атырау шекара отрядының командирi;
12. Көргенов Махмұд Көргенұлы - ерекше күзетiлетiн аймақтардың жануарлар және өсiмдiк әлемiн мемлекеттiк бақылау,
қорғау, ұдайы өндiру және тиiмдi пайдалану басқармасының бастығы;
13. Таубаев Бақтыбек Жұбандықұлы - Атырау облысы бойынша орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқарма бастығы.
(Маман: Ержанова К.С.)