Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 1599 "Құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды кәдеге жаратудың 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" қаулысын орындау туралы

Жаңа

Атырау облыстық Мәслихаты XVII сессиясының Екiншi сайланған шешімі 2002 жылғы 19 сәуірдегі N 200-ІІ. Атырау облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 24 мамырда N 973 тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 1599 "Құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды кәдеге жаратудың 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" P011599_ қаулысын орындау үшін және 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148-II Z010148_ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес 11 сайланған Атырау облыстық Мәслихатының XVII сессиясы шешім етті:
      1. Облыстық әкімияттың 2002 жылдың 27 наурыздағы N 140 қаулысымен ұсынылған "Құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды кәдеге жаратудың 2002-2003 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары" бекітілсін.
      2. Қала, аудандар әкімдері, облыстық төтенше жағдай, облыстық қоршаған ортаны қорғау, Атырау облыстық аумақтық мемлекеттік стандарттарды қадағалау басқармалары басшылары жоспарда қаралған шаралардың уақытылы атқарылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың әлеуметтік

және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (У.Бисенұлы)
жүктелсін. 
     Облыстық Мәслихаттың
  XVII сессиясының төрағасы   
     Облыстық Мәслихат хатшысы
     
                                              Атырау облыстық әкімиятының
                                               2002 жылғы 27 наурыз N 140
                                                 қаулысымен бекітілген
         
       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 желтоқсандағы
    N 1599  

P011599_

  "Құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды кәдеге
        жаратудың 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту
                       туралы" қаулысын орындау туралы
     


      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 1599 P011599_ "Құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды кәдеге жаратудың 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" қаулысын орындау үшін және 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Z010148_ "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңына сәйкес екiншi сайланған Атырау облыстық Мәслихатының кезекті XVII сессиясы қаулы етеді:
      1. Облыс әкімияттың 2002 жылғы 27 наурыздағы N 140 қаулысымен ұсынылған құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды пайдаға асырудың 2002-2003 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      2. Қала, аудандар әкімдері, облыстық төтенше жағдай, облыстық

қоршаған ортаны қорғау, Атырау облыстық аумақтық мемлекеттік стандарттарды
қадағалау басқармалары басшылары жоспарда қаралған шаралардың уақытылы
атқарылуын қамтамасыз етсін.
     3. Осы қаулының атқарылуын қадағалауды өзіме міндеттеймін.
     Облыс әкімінің орынбасары
     
                                              Облыс әкімиятының
                                        2002 жылғы 27 наурыздағы N 140
                                               қаулысына қосымша
     
        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 желтоқсандағы
    N 1599  

P011599_

  "Құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды кәдеге
         жаратудың 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту
            туралы" қаулысын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары
--------------------------------------------------------------------------
N                  Іс-шаралар       Орындау мерзімі   Жауапты орындаушылар
--------------------------------------------------------------------------
1. Құрамында сынап бар аспаптарды,      2002 жылдың    Қала, аудандар
бұйымдарды пайдаланатын, металл        1 жартыжылдығы  әкімдері, кәсіпорын,
сынабы бар мекемелерде, кәсіпорындарда                мекеме басшылары
түгендеу жүргізу.    
2. Құрамында сынабы бар аспаптар,       2002 жылдың    Облыстық төтенше
бұйымдарды, металл сынабын барлық       1 жартыжылдығы  жағдай басқармасы,
кәсіпорындардың, мекемелердің                         облыстық қоршаған
түгендеу мен төлқұжаттау жүргізуінің              ортаны қорғау басқармасы,
уақтылы және толықтығына бақылауды                Атырау облыстық аумақтық
қамтамасыз ету.                                  мемлекеттік стандарттарды
                                                    қадағалау басқармасы,
                                                  облыстық санэпидстанция
3. Түгендеу қорытындысы бойынша         2002 жылдың    Облыстық төтенше
облыста құрамында сынап бар             3 тоқсаны     жағдай басқармасы,
аспаптар мен бұйымдарды жинау,                       облыстық қоршаған
демеркуризациялау пункттерінің                   ортаны қорғау басқармасы,
қажеттілігін анықтау, ол                         Атырау облыстық аумақтық
пункттерге қойылатын талаптарды                  мемлекеттік стандарттарды
әзірлеу.                                           қадағалау басқармасы,
                                                  облыстық санэпидстанция
4. Құрамында сынап бар аспаптар         2002 жыл      Облыстық төтенше     
мен бұйымдарды пайдаланылуы,                         жағдай басқармасы,
істен шыққандарының жинақталуы                       облыстық қоршаған
мүмкін мекемелерде сынапты сақтау,              ортаны қорғау басқармасы,
пайдалану, қажеті жоқтарын т.б.                  Атырау облыстық аумақтық
талапқа сай жою ережелерінің                     мемлекеттік стандарттарды
орындалуын тексеру.                                қадағалау басқармасы,
                                                  облыстық санэпидстанция
5. Қоршаған ортада, өндірісте           2002 жыл      Облыстық төтенше
сынаптан ластану болған жағдайда        1 тоқсан      жағдай басқармасы,
оны дер кезінде анықтау, ластанудың                "Атырау мұнай өңдеу 
тарауына, қоршаған ортаның ластануына              зауыты" ашық акционерлік
жол бермеу, адамдардың улануын                      қоғамы, газ апатынан
болдырмау тұрғысында істелуге тиіс                   қорғау бөлімшесі
жұмыстар жоспарын әзірлеп, бекіту.     
6. Құрамында сынабы бар аспаптарды,     2002 жыл      Облыстық төтенше     
бұйымдарды, металл сынабын жинап,       1 тоқсан      жағдай басқармасы,  
тиеп Алматы қаласындағы "Сынап"                   "Атырау мұнай өңдеу 
жауапкершілігі шектеулі серіктестікке            зауыты" ашық акционерлік
демеркуризациялауға талапқа сай                   қоғамы, газ апатынан
жеткізу мәселесін шешу.                             қорғау бөлімшесі
7. Қала, облыс бойынша құрамында сынап   2002 жыл       Қала әкімі,
бар қалдықтарды, шамдарды, аспаптар      3 тоқсан    облыстық қоршаған
мен бұйымдарды, металл сынабын уақытша                ортаны қорғау
жинауға жағдайы бар мекемені анықтау,                  басқармасы
талапқа сай сол жерді жабдықтау үшін
қажет жұмыс көлемін анықтау.
8. Қоршаған ортада, жұмыс орындарында,   2003 жыл      Облыстық қаржы
тағамда сынап мөлшерін қадағалау үшін                 басқармасы
облыстық санитарлық-эпидемиологиялық
станциясына атомдық-адсорциялық 
спектрофотометр қондырғысын алуға 
қаржы бөлу.      
9. Қоршаған ортаның (ауа, топырақ,       2002-      Облыстық санитарлық-
су, тағам) сынаппен ластану деңгейін     2003       эпидемиологиялық
елді мекендер бойынша анықтап,           жылдары    станциясы, облыстық
токсикологиялық және экологиялық баға                қоршаған ортаны
беру                                                қорғау басқармасы
10. Халық арасында, балалар және емдеу   2002-      Облыстық санитарлық-
мекемелерінде сынаптан ластанудың қаупі  2003       эпидемиологиялық
туралы санитарлық-ағарту және түсіндіру  жылдары    станциясы, облыстық
жұмыстарын жүргізу.                                 қоршаған ортаны
                                                    қорғау басқармасы
11. Құрамында сынабы бар аспаптар мен    2002-      Облыстық санитарлық-
бұйымдарды пайдаланатын барлық меншік    2003       эпидемиологиялық
нысандарындағы ұйымдарда және олардың    жылдары    станциясы, облыстық
айналымына, оның ішінде емдеу-алдын                 қоршаған ортаны
алу, мектеп пен мектепке дейінгі                    қорғау басқармасы
мекемелерде бақылауды күшейту.
12. Құрамында сынабы бар аспаптар мен    2002-      Облыстық санитарлық-  
бұйымдарды пайдаланатын кәсіпорындардың, 2003       эпидемиологиялық
мекемелердің жұмыс аймағындағы,          жылдары    станциясы, облыстық
жиналатын жерлердегі ауада сынап буын               қоршаған ортаны
ұстауға бақылауды күшейту.                          қорғау басқармасы
13. Облыс бойынша барлық емдеу           2002-      Облыстық денсаулық
мекемелеріндегі сынапты термометрлерді   2003       сақтау департаменті,
индикаторлы термометрлермен ауыстыру.    жылдары  қала және аудан әкімдері
     (Маман: Ержанова К.С.)
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады