"Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы 4153 "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 маусымдағы 878 "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары туралы" қаулысын орындау мақсатында II сайланған Атырау облыстық Мәслихатының ХVII шешім етті:
1. N 1, N 2-қосымшаларға сәйкес Атырау облысы бойынша қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі іс-қимыл жоспары (ілгері қарай - Жоспар) бекітілсін.
2. Атырау қаласы және аудан әкімдері, облыстық басқармалар, комитеттер және департаменттер басшылары оны жүзеге асыруға қажетті қаражат бөлуді қарастыра отырып, жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуын уақтылы қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (У.Бисенұлы) тапсырылсын.
Облыстық Мәслихаттың ХVII
сессиясының төрағасы
Облыстық Мәслихаттың хатшысы
Атырау облыстық әкімиятының қаулысы
2002 жылғы 21 ақпан N 99
2002-2005 жылдарға арналған Атырау
облысындағы қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі
іс-қимыл жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы N№4153 "Халық денсаулығы»мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 маусымдағы N 878 "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары туралы" қаулысын орындау мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:
1. NN 1,№2 қосымшаларға сәйкес Атырау облысы бойынша қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі іс-қимыл жоспары (ілгері қарай -Жоспар) мақұлдансын және облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
2. Атырау қаласы және аудан әкімдері, облыстық басқармалар, комитеттер және департаменттер басшылары оны жүзеге асыруға қажетті қаражат бөлуді қарастыра отырып, жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ф.Ғ.Ерғалиеваға жүктелсін.
Облыс әкімі
Облыстық әкімияттың
2002 жылғы 21»ақпан N 99
қаулысына N№1 қосымша
Атырау облысындағы қоршаған ортаның гигиенасы
жөніндегі іс-қимыл жоспары
Кіріспе
Халықтың денсаулық жағдайы экологиялық, әлеуметтік және шаруашылық себептері кешенімен тікелей байланысты. Халықтың денсаулық көрсеткіштері нашарлауының негізгі себебі қоршаған табиғи және өндірістік орта, әлеуметтік сала мен экономикалық жағдай факторларының кешенді әсерімен байланысты. Бұл демографиялық көрсеткіштерге әсер етуде. Мысалы, 1992 жылмен салыстырғанда 2001 жылы облыс бойынша бала туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда
21,4-тен 8,5-ке дейін төмендеген. Сырқаттанудың жалпы деңгейі жоғары болып отыр. Әрбір 100 мың адамға шаққанда 54375,3 адам, балалар арасында - 62168,9. Балалардың (1 жасқа дейінгі нәрестелер) арасында өлім көрсеткіші төмендемей отыр. 2001 жылы облыс бойынша 1000 балаға шаққанда 21,6, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш - 18,6 болды. Барлық қайтыс болған жаңа туған нәрестелердің ішінде кемтар туғандар үлесі - 21,8%.
Республика бойынша Атырау облысы жұқпалы аурулар деңгейі жоғары аймақ болып есептеледі, әсіресе, вирусты гепатит А, ауыр ішек аурулары, бұл жағдай ауыз сумен нашар қамтылудан болып отыр. Вирусты гепатит А орташа көрсеткіші республикалық деңгейден 2 есе,
ауыр ішек аурулары 1,5 есе көп.
Облыста бүкіл Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерімен және республика бойынша туберкулез ауруының деңгейі өте жоғары болып отыр. 2001 жылы бұл ауру көрсеткіші облыс бойынша - 253,0 болды, ал 2000 жылы - 162,4 болған немесе 1,6 есе өскен, оның ішінде Атырау
қаласында - 327,5, Индер ауданында - 277,4.
Халық тұратын және еңбек ететін жерлерде облыс көлемінде оңтайлы санитарлық-гигиеналық жағдай жасау проблемалары өткір қойылып отыр. Адам денсаулығына зиянды заттардың облыс бойынша ауаға жіберілу көлемі жылдан жылға көбейіп келеді. 2000 жылы 201,5 мың тонна зиянды заттар ауаға шығарылған, бұл көрсеткіш 1992 жылы 154,0 мың тонна болған. Облыс аумағында атмосфералық ауаны ластайтын 25 объектілер бар, қоршаған ортаның ластануына негізгі үлесті мұнай-газ өндіру кәсіпорындары мен автокөлік арқылы қосылып отыр. Соңғы жылдары атқарылған ауқымды шараларға қарамастан, халықты ауыз сумен қамту қанағаттанғысыз жағдайда қалып отыр. Орталықтандырылған ауыз сумен облыс көлемінде тұрғындардың 62,7%
қамтамасыз етілген. Халықтың 80% ашық су көздерін пайдаланады. Қызылқоға ауданындағы "Индер-Миялы" су құбыры тоқтап қалу жағдайында жұмыс істеп тұр, иесіздіктен және қаражат болмауынан Еркінқала ауылындағы ауыз су дайындайтын қондырғы жабылып қалды. 27 ауыз су тазалайтын қондырғының 3 қажетті тазарту қондырғылар жоқтығынан санитарлық талаптарға сай емес. Ауылдық жерлердегі су тазалайтын қондырғылар қаражат жетіспеушіліктен халыққа суды
тазаламай беріп отыр.
Соңғы 5 жылда облыс көлеміндегі ауыз су тазартқыш қондырғылары мен құбырларының істен шығып, жұмысын тоқтату себептерінен ауыз-су пайдаланатын тұрғындардың саны 72%-дан
64,2%-ға азайып кетті, әсіресе Исатай ауданында 82,0%-дан 32,4%-ға, Жылыой ауданында 86,4%-дан 68,4%-ға, Қызылқоға ауданында 71,7%-дан 4,8%-ға, Атырау қаласында 93,5%-дан 88,4%-ға азайды.
Облыстағы 27 ауыз су қондырғыларының 60%-дан астамының ғимараттары мен технологиялық тізбектеріне күрделі жөндеу жұмыстары қажет етеді.
Мақат ауданының 40-шы жылдардағы темірден жасалған ауыз су қазандарының тозығы жеткен. Жылыой ауданындағы "Құлсарысуканал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қарасты 1,2,3,4 ауыз су қазандары апатты жағдайда.
Облыс бойынша 2001 жылы санитарлық ереже және шектеуге сәйкес емес ауыз-су сынамаларының меншікті салмағы бактериологиялық көрсеткіштерден - 2,7%, химиялық көрсеткіштен - 2,5%, соның ішінде орта облыстық бактериологиялық көрсеткіштен жоғары көрсеткіштер Құрманғазы және Индер аудандарында - 3,4%, Жылыой ауданында - 6,4% орта облыстық химиялық көрсеткіштен жоғары. Индер ауданында - 3,2%, Құрманғазы ауданында - 24,7%, Атырау қаласында коли-фагқа сынамалардың 3,5% оң нәтиже берді.
Ауыз су және канализация құбырлары қанағаттанғысыз жағдайға келіп, олардың 80% жуық ұзындығы күрделі жөндеу мен ауыстыруды талап етеді. Жыл сайын олардың бойында 2000 жуық апат тіркеліп, соның тек 80% бірінші тәулікте жөнделеді.
Атырау қаласы мен барлық аудан орталықтары канализацияларында биологиялық тазарту қондырғылары жоқ, сондықтан лас сулар булану алаңдарына тазартылмай жіберіледі.
Бүгінде, Атырау қаласы мен барлық 7 аудан орталықтарында жоспарлы-жүйелі түрдегі санитарлық тазарту жұмысы ұйымдастырылса да онымен елді мекендердегі тұрғындардың қамтылуы 20,7% құрайды. Ал ауылдық жерлерде тазалық жұмыстары тек санитарлық тазалық айлықтары
кезінде жүргізіледі. Уақтылы және толық шығарылмаған тұрмыстық қоқыстар, үйінділерге айналып ауру таратқыш жәндіктер мекеніне айналып, тұрғындар арасында эпидемиологиялық жағдайды шиеленістіретін басты фактор болып отыр.
Облыс бойынша қоқыс контейнерлері - 64,1%, қоқыс контейнерлері алаңшалары - 49,2%, арнайы тұрмыстық қоқыс шығару автокөліктері 75,3% қамтылған.
Облыс көлемінде тұрмыстық қоқысты көму полигоны немесе қоқыстарды өңдеу қондырғылары жоқ, ал қоқыс алаңдары ешқандай санитарлық талаптарға сай келмей, айналасындағы аумақтарды
бірнеше шақырымға желді күндері ластауда.
Облыстағы 76 елді-мекендердің тек қана 36-да монша болып, тұрғындардың жуыну орындарымен қамтылу көрсеткіші 16% болса, бұл көрсеткіш 1992 жылы - 78,5% болатын.
Отандық тамақ өнімдерінің ассортименті күрт азайып, консервіленген өнімдердің түрлері көбі шетелден әкелінуде, оның сапасы гигиеналық талаптарға әркез сәйкес келмейді. Ірі
өнеркәсіп орындарына келген шағын өндірістер, сырттай қарағанда, жетілдірілген технологиясына қарамастан, көп жағдайларда нашар бейімделген үй-жайларда, сатылатын өнім сапасының төмендеуіне әкеліп соқтыратын нормативтік және кадрмен қамтамасыз етілудің
өрескел кемшіліктерімен жұмыс істейді, жеке кәсіпкерлер тамақ өнімдері мен тауарларының қауіпсіздігі туралы гигиеналық қорытындысыз күмәнді сападағы заттарды жиі сатып алады.
Жылдан-жылға сауда саттықтағы тағамдардың сапасы нашарлауда, бактериологиялық көрсеткіші сай емесі 1999 жылы - 1,8% құраса, 2000 жылы - 2%, ал 2001 жылы - 2,5% құрады. Осы нормадан ауытқу көрсеткішінің 42% эпидмаңызды қоғамдық тамақтану объектілеріне, ал 40% базарлардан алынған тағамдар сынамалары болып табылады.
Облыс көлемінде жұмыс істеп тұрған 31 базардың 9-ы, атап айтқанда Мақат ауданында - 4 базар, Индер ауданында - 2 базар, Махамбет, Атырау, Құрманғазыда 1 базар санитарлық талапқа сай жарақталмаған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.11.2000 ж. N№1783 қаулысымен бекітілген "Шикізат пен тағамдардың сапасы және адамға зиянсыз екенін белгілеу нұсқаулығы" бойынша сырт елдерден әкелінген тағамдарды міндетті түрде гигиеналық сараптамадан өткізу және олардың гигиеналық құжатталу тәртібі орындалмай отыр. Бұл жерде әкелінген тауарлар кеден мекемесінен өтеді, сол себептен облыстық санитарлық эпидемиологиялық станциясы бірнеше рет кеден басқармасына хат жазып өз ұсынысын берген. Нақты айтқанда тауарды кеденнен өткізген кезде гигиеналық сараптамадан өткізу немесе апта сайын әкелінген тауарлардың, иелерінің тізімін облыстық санитарлық эпидемиологиялық станцияға беріп отыру ұсынылған, бірақ, осы
мәселе әлі шешімін таппай отыр.
Облыс көлемінде шешімін таппай отырған мәселелердің бірі - балалар сүт кухнясын ашу. Қазіргі мезгілде тек қана Атырау қаласында 1 сүт кухнясын ашу жұмыс жүріп жатыр.
Оқушыларға ыстық тамақ беру тек 28 мектепте (25,4%) ұйымдастырылған, басқа мектептерде асханаларды буфет ретінде пайдаланылады. Көп мектептердің асханаларында технология құралдары мен тоңазытқыштары істен шыққан.
Облыс мектептеріндегі оқушылардың тығыздығы-жобалық сыйымдылықтан 14,7% артық, оның ішінде Атырау қаласында - 26,6%, Жылыойда - 15,7%, Мақатта - 12,1%, Исатайда - 19,3%, Индерде - 9,9%, Қызылқоғада - 4,8%. 180 мектептің компьютерлік сыныптармен жабдықталғаны - 176. Қызылқоға ауданында 4 бастауыш мектептерде компьютерлік сыныптар жоқ.
Облыстағы 180 жалпы білім беру мектептерінің бір ауысымда оқитындары - 18 мектеп, 2 ауысымда - 158 мектеп, 3 ауысымда - 4 мектеп оқиды. Сынып толымдылығы аудандарда 25-30 оқушыдан, қала мектептерінде 29-32 оқушыдан, 42-де дене шынықтыру залы жоқ, дене шынықтыру сабағы ыңғайластырылған сыныптық бөлмелерде жүргізіледі. 162 мектеп орта буын медицина қызметкерлерімен және кабинетпен қамтылған, қалғандары жергілікті жанұялық дәрігерлік емханаларға бекітілген. Медициналық кабинеттер талапқа сай жабдықталып, жасақталмаған.
Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау органдарының деректері бойынша кәсіпорындардың жұмыс орындарының ауасына 200-ден астам зиянды химиялық заттар бөлініп шығады екен және жұмысшылар өндірістік ортаның басқа да физикалық тербеліс,
электромагниттік өрістер, статикалық электр, жоғары және төмен температура, иондық сәулелену, ультрафиолет және инфрақызыл радиация, биологиялық (ауру қоздырғыш микроорганизмдер) және психофизиологиялық (физикалық және жүйке-физикалық ауыртпалықтар)
бар. Облыс бойынша зиянды және қолайсыз факторлары бар жұмыс орындарында 8006 адам (18,6%) еңбек етеді. Барлық жұмыс орындарының 21,2% санитарлық талаптарға сай емес.
Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қамту министрлігінің 1998 жылғы 15 қаңтардағы№2П бұйрығына сәйкес барлық 332 өндірістік кәсіпорындардың 288-і немесе 71,7%
жұмыс орындары аттестациядан өткізілген. Санитарлық-тұрмыстық бөлмелермен қамту көрсеткіші - 86,4%. 2001 жылы облыс бойынша 1 кәсіптік сырқаттану ауруы тіркелген. Соңғы жылдары қаржының қиындықтарынан бұрын тиімді жұмыс істеп тұрған ірі өнеркәсіп орындардың қызметкерлерін медициналық қамтамасыз ету жүйесінің ұйымдастырылуы бұзылған. Ауыл шаруашылығы саласында ұжымшар, кеңшарлардың таратылуына байланысты көптеген шағын шаруа
қожалықтары құрылды, бұлар механизация құралдарымен өте нашар жабдықталған, жұмыс киімдері мен жеке қорғау құралдары санитарлық тұрмыстық бөлме жайларымен қамтамасыз етілмеген. Осының бәрі еңбек жағдайын нашарлатады және кәсіптік сырқаттардың пайда болуына, оның
ішінде әсіресе біздің облысқа тән бруцеллез ауруына шалдығуына әкеліп соқтырады. 2001 жылы 14 бруцеллез ауруымен ауырған адамдар тіркелді, оның 11 - Қызылқоға, 3-і - Индер аудандарында, ал 2000 жылы бұл ауру тек 2 ғана болған еді.
Халық арасында санитарлық ағарту және насихаттау жұмыстары өз дәрежелерінде жүргізілмейді. Бұл жұмыстар халықты қарапайым гигиеналық ережелерге үйретуге, әркімге өз денсаулық жағдайы үшін жеке жауапкершілігі туралы түсіндіруге бағытталуы тиіс.
Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі іс-қимыл жоспарының негізгі мақсаттары қоршаған әлеуметтік, өндірістік және табиғи ортаны жақсарту, облыс тұрғындарының денсаулығын қорғау
және осы іс-қимыл жоспарының шараларын орындау болып табылады. Бұл іс-шараларды жүзеге асыру аурудың, өлімнің азаюы, адамдардың өмірінің ұзаруы және еңбекке қабілетінің артуымен сипатталатын әлеуметтік экономикалық тиімділікке жеткізеді.
Облыстық әкімияттың
2002 жылғы 21»ақпан
99 қаулысына 2 қосымша
Атырау облысындағы қоршаған ортаның гигиенасы
жөніндегі іс-қимыл жоспары
1-блок. Қоршаған орта гигиенасының жәй-күйін бағалау
Рет № |
Басымдық бағыты |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Күтілетін нәтиже |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Қоршаған табиғи ортаның, өндіріс
|
1.Экологиялық аудандастыруға
|
Аудандастыру картасыТұжырым жасау
|
Облыстық санитарлық-гигиеналық жәй-
Қоршаған орта объектілерінің сапасын жақсарту және ластануын
Шаруашы-
Облыс тұрғын-
|
Облыстық санэпидстансасы (әрі қарай облСЭС), облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы ОблСЭС, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы ОблСЭС ОблСЭС, обл.кеден басқармасы |
2002-2005 Үнемі Үнемі
Ағымдағы санитарлық-гигиена-
|
2-блок. Жеткілікті көлемдегі денсаулық үшін қауіпсіз ауыз су
Рет № |
Басымдық бағыты |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Күтілетін әтиже |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Су факторына байланысты адамдардың жұқпалы және
|
Елді мекендерді
|
Іске қосу
|
Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту
Халықтың денсаулығын жақсарту Халықтың денсаулығын жақсарту
Ауыз су
|
Коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық департаменті, Индер
Коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық департаменті, Құрманғазы ауданы әкімі
Коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық департаменті, Махамбет ауданы әкімі
Қала, аудан әкімдері |
2002- 2003 ж.
2002-
2002-
2002-
2002 ж. 2002 ж. 2002 ж.
2002-
2002-
|
3-блок. Зиянды заттардың атмосфералық ауаға шығарылуы, электромагнитттік өрістердің және басқа да физикалық факторлар көздеріне санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жасау
Рет № |
Басымдық бағыты |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Күтілетін нәтиже |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Ауаның ластануы, шудың, электоромаг-
|
1. Атмосфера құрамының
|
Облыс әкімі
Электормаг-
|
Атмосфераның ластануының тұрғындар денсаулығына зиянды әсерін азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.
Қоршаған ортаны жақсарту, сырқаттану
Шу деңгейінің
Электромагниттік сәулеленуді азайту |
Денсаулық сақтау департаменті, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, ОблСЭС облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы ОблСЭС Денсаулық сақтау департаменті өндіріс орындары, мекемелер, Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облСЭС |
2002-
2002 ж.
2002-
2002 ж. |
4-блок. Топырақтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі, аумақтарды тұрмыстық және өндірістік қалдықтардан тазарту
Рет № |
Басымдық бағыты |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Күтілетін нәтиже |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару
|
1. Барлық аудан
|
Әкімдер шешімдері Зерттеу нәтижесі мен қорытынды-лары бойынша тұжырымда-ма Әкімдер шешімі
Топырақ қыртысы ластануы-
24 сағат
|
Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту
Қоршаған орта
Індеттердің алдын алу Аурулардың алдын алу Аурулардың алдын алу |
Қала, аудан әкімдері Аудан, қала әкімдері Атырау қаласының әкімі Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы, Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облСЭС Аудан әкімдері Барлық мұнай-газ өндіру мекемелері (келісім бойынша)
Су және
|
2002 ж.
2002-
2002-
2002-
2002-
Ұдайы |
5-блок. Ұтымды тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
Рет № |
Басымдық бағыты |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Күтілетін нәтиже |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Тұтынушыларды сапалы тағам
Мал арқылы
|
1. Мемлекетаралық
|
Облыс әкімінің шешімі
құрал жабдық-
Облыс әкімінің шешімі Темір жол бас мемлекеттік санитар-лық дәрігерінің бұйрығы
Гигиена
Іске қосу |
Сапасыз тағам өнімдері мен тауарлар әкелінуіне жол бермеу. Сатылатын өсімдік өнімдері сапасының жақсаруы. Тамақ өнімдерінің сапасының жақсаруы Шеттен әкелінетін тағамдар мен тауарлар сапасының жақсаруы Шеттен әкелінетін тағамдар мен тауарлар сапасының жақсаруы Халықтың эпидемиоло-гиялық салауаттылығы |
Кеден басқармасы, облСЭС, аудан
Кеден басқармасы, ОблСЭС, Ауыл
Темір жол
ОблСЭС Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Орталық малдәрігерлік лаборатория» РМК Атырау облыстық филиалы |
2002 ж. 2002 ж.
2002-
2002, одан әрі
Ұдайы Ұдайы
2002-
|
6-блок. Халықтың радиациялық қауіпсіздігі
Рет № |
Басымдық бағыты |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Күтілетін нәтиже |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. 2. |
Радиоактивтік сәуле көздерін, қалдықтарды қауіпсіз сақтау және
Атырау облысы
|
1. Жұмыс істеу
|
Арнаулы мекемелерге тапсырғанды
Зерттеу хаттамасы Зерттеу хаттамасы Зерттеу хаттамасы Зерттеу хаттамасы Зерттеу хаттамасы |
Халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасызету |
Шаруашылық субъектілері ОблСЭС, шаруашылық субъектілері ОблСЭС, шаруашылық субъектілері ОблСЭС, шаруашылық субъектілері ОблСЭС, облысты қоршаған ортаны қорғау басқармасы |
2002 жылдық 1 тоқсаны
|
7-блок. Табиғи апаттық аудандары өнеркәсіптік апаттар аймағында болған эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру
Рет № |
Басымдық бағыты |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Күтілетін нәтиже |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Су тасқыны және басқа да табиғи апаттардың кезінде облыс көлемінде санитарлық-гигиеналық және
|
1. Төтенше жағдайлар кезінде шұғыл
|
Әкім шешімі
Денсаулық сақтау басқармасы-
|
Халықтың қауіпсіздігі Кадрлардың біліктілігін көтеру |
Денсаулық сақтау департаменті Денсаулық сақтау департаменті, облСЭС |
2002 ж.
2002-
|
8-блок. Өнеркәсіптік объектілерде қалыпты еңбек жағдайын жасау
Рет № |
Басымдық бағыты |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Күтілетін нәтиже |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Еңбектің гигиеналық жағдайын жақсарту, кәсіптік улану
|
1. Өндірісте жұмыс істейтін жасөспірім дер мен әйелдердің
|
Еңбек жағдайын сараптау актісі.
|
Әйелдер және жасөспірімдер денсаулығының жақсаруы және оны сақтау.
|
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті, облСЭС
Өндіріс орындары, денсаулық сақтау департаменті |
2002-
2002-
Ұдайы |
9-блок. Балалар мен жасөсіпірімдердің денсаулығын қорғау
Рет № |
Басымдық бағыты |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Күтілетін нәтиже |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Жалпы білім
|
1. Асханасы бар мектептерде оқушыларға ыстық тамақ
|
Барлық мектептерде асхана ашу. Қабылдау актілері. Компьютерлік кабинеттерді төлқұжаттау.
Әкім шешімін
Бала саны
|
Жас ұрпақтардың денсаулығының жақсаруы.
|
Қала, аудан әкімдері, облыстық білім беру департаменті
Қала, аудан әкімдері, облыстық
Қала, аудан әкімдері, облыстық білім департаменті, қалалық және аудандық білім бөлімдері |
2002-
2002 ж.
2002 ж.
2002-
|
10-блок. Санитарлық ағарту
Рет № |
Басымдық бағыты |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Күтілетін нәтиже |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Халықтыгигиеналық тұрғыда тәрбие-леу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жұмыс қабіле-ті мен денсау-лық
|
1. Бұқа-
|
Бұқара-
|
Халықтың санитар-
|
Денсаулық сақтау департамен-
|
Ұдайы Ұдайы Ұдайы |