Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 20 наурыздағы N 131 "Облысты 2002 жылғы көктемгi су тасқынынан қорғау жөнiндегi шараларды iске асыру туралы" қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Атырау облыстық әкiмияттың қаулысы 2002 жылғы 23 сәуірдегі N№152. Атырау облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 24 мамырда N 979 тіркелді.

      Бюджеттiк бағдарлама әкiмгерлерiнiң өзгеруiне байланысты және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының  Z010148_  27-бабын басшылыққа ала отырып, облыс әкiмшiлiгi қаулы етеді: 
      1. Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 20 наурыздағы N 131 "Облысты 2002 жылғы көктемгi су тасқынынан қорғау жөнiндегi шараларды iске асыру туралы" қаулысының N 4-қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын (тiркеледi). 
     2. Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 20 наурыздағы 131 "Облысты 2002 жылғы су тасқынынан қорғау жөнiндегi шараларды iске асыру туралы" қаулысының 11-тармағы күшiн жойды деп есептелсiн.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Ищановқа жүктелсiн.

     Облыс әкiмi     

                                        Облыс әкiмшiлігiнiң
                                   2002 жылғы 23 сәуiрдегi N 152
                                         қаулысына қосымша

              2002 жылы су тасқынына қарсы шараларды
                     өткiзуге қажеттi қаражат
--------------------------------------------------------------------------

N                  Атауы                           Қаражат (млн. теңге)

-------------------------------------------------------------------------- 

1. Атырау қаласы (су тасқынына қарсы жұмыстарына)          25,0

2. Жылыой ауданы (су тасқынына қарсы жұмыстарына)           6,8

3. Махамбет ауданы (су тасқынына қарсы жұмыстарына)         5,4

4. Индер ауданы (су тасқынына қарсы жұмыстарына)            1,3

5. Коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық

   шаруашылығы департаментiне (су тасқыны кезiнде жолдармен 

   үзiлiссiз көлiктердiң жүруiн, гидробекеттердiң үзiлiссiз 

   жұмыс жасауын қамтамасыз етуге және су тасқыны болатын 

   елдi-мекендердi тiкұшақпен айналып ұшып өтуге           13,98

   Барлық қажеттi қаражат көлемi                           52,48

 

     (Маман: Ержанова К.С.)

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады