Исатай ауданында Нарын, Жанбай ауылдық округтерiн құру және Исатай, Забурын, Аққыстау, Тұщықұдық ауылдық округтерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық шекараларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Екiншi сайланған Атырау облыстық Мәслихаты XVII сессиясының шешімі 2002 жылғы 19 сәуір № 203-ІІ. Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 1 маусымда № 986 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауына өзгеріс енгізілді – Атырау облыстық Мәслихатының 10.10.2014 № 324-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, сонымен қатар Исатай ауданының өкiлеттi және атқарушы органдарының ұсынысын ескерiп, екiншi сайланған Атырау облыстық мәслихатының XVII сессиясы шешiм еттi:
      1. Исатай ауданында Забурын ауылдық округi жерiнен Нарын және Жанбай ауылдық округтерiн құру туралы Атырау облысы әкiмиятының 2002 жылдың 21 ақпанындағы № 96 қаулысымен келiсiлсiн (жалғанды).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – Атырау облыстық Мәслихатының 10.10.2014 № 324-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Қосымшаға сәйкес Исатай, Забурын, Аққыстау және Тұщықұдық ауылдық округтерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық шекарасы өзгертiлсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – Атырау облыстық Мәслихатының 10.10.2014 № 324-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
 

      Облыстық Мәслихаттың кезектi
      XVII сессиясының төрағасы
      Облыстық Мәслихаттың хатшысы

Атырау облыстық әкімиятының қаулысы 2002 жылғы 21 ақпан № 96
«Нарын, Жанбай ауылдық округтерiн құру және Исатай, Забурын, Аққыстау, Тұщықұдық ауылдық округтерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық шекараларын өзгерту туралы»

      Ескерту. Қаулының атауына өзгеріс енгізілді – Атырау облыстық Мәслихатының 10.10.2014 № 324-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және Исатай ауданының өкiлеттi және атқарушы органдарының пiкiрiн ескерiп, облыс әкiмияты қаулы етеді:
      1. Исатай ауданында Нарын және Жанбай ауылдық округтерi құрылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – Атырау облыстық Мәслихатының 10.10.2014 № 324-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Қосымшаға сәйкес Исатай, Забурын, Аққыстау және Тұщықұдық ауылдық округтерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық шекарасы өзгертiлсiн.
      3. Осы мәселе облыстық мәслихаттың кезектi сессиясының қарауына енгiзiлсiн.
 


Облыс әкімиятының
2002 жылғы 21 ақпан № 96
қаулысына қосымша

      1. Исатай ауылдық округi - Исатай стансасының аумағы
      2. Забурын ауылдық округi - Забурын және Аманкелдi елдi мекендерi
      3. Нарын ауылдық округi - Нарын бекетi, Мыңтөбе, Жаңа Жанбай елдi мекендерi
      4. Жанбай ауылдық округi - Жанбай ауылы, Манаш елдi мекенi
      5. Аққыстау ауылдық округi - Аққыстау селосы, № 17 бекет, Гран, Шыныбек, Есiркеп елдi мекендерi
      6. Тұщықұдық ауылдық округi - Чапаев ауылы, Бекайдар, Айбас, Қызыл үй елдi мекендерi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады