Атырау облысы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 қазандағы № 324-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 қарашада № 3038 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес V шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезектен тыс ХХVI сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау облысы мәслихатының кейбір шешімдеріне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Атырау облыстық мәслихатының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 160-ІІ "Құрманғазы ауданының Көптоғай селолық округын құру туралы" шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 709 тіркелген), 2001 жылы 25 желтоқсан күні "Атырау" газетінде жарияланған):
      мемлекеттік тілдегі атауындағы және мәтінде "селолық" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) Атырау облыстық мәслихатының 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 203-ІІ "Исатай ауданында Нарын, Жанбай селолық округтерін құру және Исатай, Забурын, Аққыстау, Тұщықұдық селолық округтерінің әкімшілік-аумақтық шекараларын өзгерту туралы" шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 986 тіркелген, 2002 жылы 14 мамырда "Атырау" газетінде жарияланған):
      мемлекеттік тілдегі атауындағы және 1, 2-тармақтарындағы "селолық" деген сөздер "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Т.Б. Мұхатановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Артығалиев
      Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады