Көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ведомствоаралық қалалық комиссияның құрылуы туралы

Күшін жойған

Курчатов қалалық әкімиятының 2002 жылдың 9 желтоқсандағы N 111 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 12 ақпанда N 1104 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 17 наурыздағы N 240 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2008.03.17 N 240 қаулысымен.
      
      "Көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28 сәуiрдегi N 391 Қаулысын және "Көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ведомствоаралық облыстық комиссия туралы" Шығыс Қазақстан облыстық әкiмиятының 2002 жылғы 11 ақпандағы N 76 Қаулысын орындауда және апаттылықты төмендету, көлiк кешенiнiң қауiпсiз жұмысын арттыру, қала бөлiмдерi мен қызметтерi, жергiлiктi атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар мен кәсiпорындар, мекемелер көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша iс-қимылын үйлестiру жөнiнен ұсыныстар әзiрлеу мақсатында Курчатов қалалық әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қалалық комиссия құрылсын (N 1 қосымша).
      2. Көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ведомствоаралық қалалық комиссия құру туралы Ереже бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
      3. Қалалық ведомствоаралық комиссия 2002 жыл iшiнде көлiктегi апаттылықты азайту, көше жүйелерiн дамыту және қайта жаңарту, жалпы пайдалану жолдарын жаңғырту мен дамыту жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын тиiстi жағдайда ұстау жөнiндегi шаралар кешенiн жасап, жүзеге асырсын.
      4. Көлiктегi апаттылықты төмендету, жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын дамыту мен реттеу жөнiндегi шараларды қаржыландыру жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылсын.
      5. Қала мекемелерi мен кәсiпорындары басшыларына, көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия құру, комиссия төрағасының мiндеттерiн көлiк мәселесiн қадағалайтын орынбасарына жүктелсiн.
      6. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасауды өзiме қалдырамын. 7. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық қалалық комиссия құрамы Курчатов қалалық мәслихатының сессиясына бекiтуге берiлсiн.
      
      Курчатов қаласы
      әкiмiнiң м.а.

            
      Курчатов қаласы әкiмиятының
2002 жылғы 9 желтоқсандағы
N 111 қаулысына N 1 қосымша

      
Көліктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi
ведомствоаралық қалалық комиссияның құрылуы туралы      

Тулеутаев Шахмұрат Игембекович

Қала әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы

Аусенов Жұмақұмар Айтқазиевич

ТЖ және АҚ жөнiндегi бас маманы м.а., төраға орынбасары

Пащенко Нина Николаевна

Қалалық бiлiм беру бөлімiнiң бастығы, комиссия хатшысы

Крещенова Галина Валентиновна

Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық бөлімi бастығының м.а.

вакансия бойынша

Денсаулық сақтау жөнiндегi бас маманы

Елемесов Бейсенбек Альсеинович

Қалалық полиция бөлімi бастығының орынбасары

Пронин Александр Васильевич

Шығыс Қазақстан облысы iшкi iстер Бас басқармасының 5 бөлімiнiң әкiмшiлiк қызметi бөлімшесiнiң бастығы

Маснев Василий Афанасьевич

"Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" Мемлекеттiк кәсiпорынының ТЖ және АҚ штабының бастығы

Даулетбаев Мақсұт Слямович

Қалалық полиция бөлімiнiң аға мемавтоинспекторы

Демченко Николай Иванович

"Озон" Өндiрiстiк кооперативiнiң директоры

Акимбеков Кажиакпар Баскенович

"Дегелең" станциясының бастығы

      
      Курчатов қаласы әкiмi
      аппаратының басшысы

      
Курчатов қаласы әкiмиятының
2002 жылғы 9 желтоқсандағы
N 111 қаулысына N 2 қосымша

      
Көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi
ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

      
      1. Көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ведомствоаралық қалалық комиссия (ары қарай комиссия) көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етумен, тиiстi мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларды жасаумен және жүзеге асырумен, осы мақсаттарға бөлiнетiн қаржыларды тиiмдi пайдаланумен байланысты мәселелер бойынша қалалық басқармалар мен комитеттердi, жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiк нысандарына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, ғылыми, қоғамдық ұйымдармен бiрлестiктердiң қызметiн үйлестiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындайтын консультативтiк - кеңес берушi қалалық орган болып табылады.
      2. Комиссия өзiнiң жұмысын төмендегi бағыттар бойынша жүзеге асырады:
      1) көлiктегi апаттың себептерiн зерттеу мен талдау және қозғалыс қауiпсiздiгiн сақтау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      2) басымдылықтарды айқындау және көлiктегi апатты азайту жөнiндегi мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларды, жобаларды жасау мен жүзеге асыруға көмектесу;
      3) көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң басым бағыттарында; автомобиль жолдары мен темiржолдарды, қалалар мен елдi мекендердiң көше жүйелерiн салу мен жаңғырту, жылжымалы құрамның техникалық сипаттамаларын жақсартуда, көлiк қозғалысын реттеудiң қазiргi заманғы техникалық құралдарын енгiзуде, көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң кәсiптiк деңгейiн көтеруде, жол полициясы басқармасының қызметкерлерi мен көлiк жүргiзушiлерiн жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге оқытуда даму мен ғылыми-техникалық потенциалдың, материалдық - техникалық ресурстар мен бюджеттiк қаржылардың шоғырландырылуына көмектесу;
      4) көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының әрекет етушi заңдылықтары мен нормативтiк актiлерiне қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстарды әзiрлеуге қатысу;
      5) қалалық бөлiмдер мен қызметтер, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң көлiк оқиғаларының алдын алу мен олардың салдарын азайту, бұл жұмыстың оңды тәжiрибесiн тарату мәселелерi жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiн зерттеу;
      6) қала бөлiмдерi мен қызметтерiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi ұсыныстарына талдау жасау;
      7) көлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi жергiлiктi және ведомстволық қызметтерiне ықпал етiп, көмек көрсету;
      8) тұрғындардың барлық жастағы топтарын жол қозғалысы Ережелерiн оқытуға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттауға ықпал ету;
      9) көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi халықаралық ұйымдастырушылық механизмдерiн енгiзу жөнiнен ұсыныстар дайындау.
       3. Комиссия мыналарға құқылы:
      1) қалалық бөлiмдермен мен қызметтерден, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден олардың көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қызметiн бейнелейтiн мәлiметтердi сұрауға және алуға;
      2) көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша қалалық бөлiмдер мен қызметтерден, меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдарда тексерулер ұйымдастыруға;
      3) өз мәжiлiстерiнде көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша қалалық бөлiмдер мен қызметтердi есептерiн, баяндамаларын тыңдауға;
      4) қалалық бөлiмдер мен қызметтерге, ұйымдар мен кәсiпорындарға қарамағындағы көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз етпеген басшыларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жайлы ұсыныстар енгiзуге;
      5) тиiстi қала бөлiмдерi мен қызметтерiнде, кәсiпорындар мен мекемелер басшыларының келiсiмiмен бiлiктi мамандарды көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етумен байланысты мәселелер бойынша материалдар дайындауға қатысу, сондай-ақ қалалық бөлiмдермен, қызметтерде, кәсiпорындар мен мекемелерде осы мәселелер жөнiндегi Үкiмет қаулыларын, облыс әкiмiнiң шешiмдерiн, Облыстық комиссия, қала әкiмiнiң шешiмiн және осы мәселелер бойынша комиссия шешiмдерiн орындауын зерттеу мен талдауға тартуға.
      4. Комиссия өзiнiң жұмысын комиссияның төрағасы бекiткен жоспарға сәйкес жүргiзедi. Комиссияның мәжiлiстерi тоқсан сайын бiр реттен сиретпей өткiзiледi. Комиссияның шешiмдерi хаттама ретiнде ресiмделедi және ұсыныс берушiлiк сипатқа ие болады.
      5. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз етудi қала әкiмi жүзеге асырады.
      6. Қалалық көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ведомствоаралық комиссия қала әкiмi жанындағы тұрақты орган болып табылады, оның құрамын әкiм айқындап бекiтедi.

      
      
      Курчатов қаласы
      әкiмi аппаратының басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады