Төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою жөнiндегi ведомствоаралық аудандық комиссия туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімиятының 2002 жылғы 12 мамырдағы N 198 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 21 наурызда N 1169 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі N 569 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2007.04.18 N 569 хатымен.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Төтенше жағдайларды алдын-алу мен жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы" 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553 қаулысының негiзiмен және осы мәселе жөнiндегi облыстық әкiмияттың 2002 жылғы 11 ақпандағы N 75 қаулысын iске асыру мақсатында, Бесқарағай аудандық әкiмияты ҚАУЛЫ етедi:
      1. Төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою жөнiндегi ведомствоаралық аудандық комиссия құрамы құрылсын (N 1 қосымша).
       2. "Төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою жөнiндегi ведомствоаралық аудандық комиссия туралы" Ереже бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
      3. Төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою жөнiндегi ведомствоаралық аудандық комиссияның, оның мiндетiне жататын мәселелер жөнiндегi шешiмiн аудан аумағындағы жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар орындауға мiндеттi.
      4. Аудан әкiмi аппаратының басшысына төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою жөнiндегi ведомствоаралық аудандық комиссия жұмысын ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз етудi шешсiн.
      5. Ауылдық округтерi әкiмдерi төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою жөнiнде ауылдық ведомствоаралық комиссия құрсын, оған басшылық жасау әкiмдерге жүктелсiн.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнiндегi көмекшiсi - Т. Н. Глазинскийға жүктелсiн.
      7. Осы қаулының қабылдануына байланысты, аудан әкiмiнiң 1997 жылғы 10 қарашадағы N 97-2 шешiмi күшiн жойды деп саналсын.
      8. Осы комиссия құрамы Бесқарағай аудандық мәслихатқа бекiтуге енгiзiлсiн.
      
      Аудан әкiмi

Бесқарағай аудандық әкiмияттың
2002 жылдың 12 маусымындағы
N 198 қаулысына N 1 қосымша

Төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою жөнiндегi
ведомствоаралық аудандық комиссияның дербес құрамы

Баймулдинов Оңдасын Дәулетович

аудан әкiмiнiң бiрiншi орынбасары, комиссия төрағасы

Козинский Владимир Михайлович

аудан әкiмi аппаратының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары

Глазинский Тимофей Николаевич

аудан әкiмiнiң азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнiндегi көмекшiсi,комиссия хатшысы

комиссия мүшелерi:

Ысқақов Қанағат Құсманович

аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы

Панюков Дмитрий Валерьевич

54 - өрт сөндiру бөлiмiнiң бастығы

Шегебаев Марат Жақсылықович

аудандық орталық аурухананың бас дәрiгерi

Смағұлов Самат Абайкенович

аудандық санитарлық эпидемиологиялық станцияның бас дәрiгерi

Шабданов Әсет Серiкқазиевич

ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аудандық аумақтық басқармасының бастығы

Момынжанов Бағдат Қапанович

аудандық телекоммуникация торабының бастығы

Куликова Людмила Петровна

аудандық электр жүйесiнiң бастығы

Касатчиков Владимир Алексеевич

"Дорожник" ЖШС-нiң бастығы

Сқақова Майра Жақыполдиновна

аудандық қаржы бөлiмiнiң меңгерушiсi

Байманов Төлемiс Досқалиевич

аудан әкiмi аппаратының ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң бастығы

Айтжанов Темiрболат Қожағұлович

аудандық МАИ бастығы

Әбенов Бiржан Қалибекович

аудандық әскери комиссар

Баталов Бауыржан Жекенович

аудандық бiлiм бөлiмiнiң меңгерушiсi

Айтқазин Секерхан Ахметханович

"Водник" мемлекеттiк кәсiпорнының бастығы

Яременко Иван Петрович

аудан әкiмi аппаратының экономика бөлiмiнiң бас маманы

      
      
      Аудан әкiмiнiң азаматтық
      қорғаныс және төтенше
      жағдайлар жөнiндегi көмекшiсi

      
      Бесқарағай аудандық әкiмияттың
2002 жылдың 12 маусымындағы
N 198 қаулысына N 2 қосымша

Төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою жөнiндегi
ведомствоаралық аудандық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

       1. Төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою жөнiндегi ведомствоаралық аудандық комиссия (одан әрi комиссия) ведомствоаралық үйлестiру органы болып саналады, ол апаттармен, стихиялық және басқа да апаттардың салдарынан болған төтенше жағдайларды жою шеңберiнде бiртұтас мемлекеттiк саясаттарды ұйымдастыру мен өткiзу мақсатында құрылған.
      2. Комиссия, аудан әкiмi жанындағы тұрақты орган болып саналады, ол оның дербес құрамын айқындап, бекiтедi. Комиссия төрағасы болып аудан әкiмiнiң орынбасарларының бiрi бекiтiледi. Комиссияның, оның өкiлеттiгi мәселесi жөнiндегi шешiмiн барлық жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар орындауға мiндеттi.
      3. Комиссия құрамына қоршаған ортаның, адамдар мен малдардың жағдайларын, пайда болған төтенше жағдайлардың жойылуын бақылайтын аудандық ұйымдардың басшылары мен мамандары енгiзiледi.
      4. Комиссия өзiнiң өкiлеттiлiгiн аудан аумағындағы меншiк нысанына және ведомстволық қарамағына қарамастан, барлық ұйымдармен, мекемелермен, кәсiпорындармен бiрлесе отырып iске асырады.
       5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) стихиялық және басқа да апаттардан, сұрапыл бүлiншiлiктердiң салдарынан болған төтенше жағдайларды жою саласында бiртұтас мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзу;
      2) комиссияның құзырына енетiн мәселелер бойынша аудан әкiмiнiң қаулылары мен шешiмдерi және басқа да нормативтiк актiлерi жобаларын өңдеу, сондай-ақ көрсетiлген құжаттардың жобаларын қарап, белгiленген тәртiп бойынша аудан әкiмi аппаратына тапсыру жөнiндегi атқарушы өкiлеттi мемлекеттiк органдардың, қызметiн үйлестiру;
      3) стихиялық және басқа да апаттардың, сұрапыл бүлiншiлiктердiң салдарынан болған төтенше жағдайлардан аудан тұрғындарын және аумақты қорғау мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да шаралар жүйелерiн ұйымдастыру бойынша, оған профилактикалық шараларды өткiзуге және шығындарды толтыру iс-шараларын өткiзудiң шұғыл қажеттiлiгi жағдайында резервтер ұйымдастыруды қоса отырып, ұсыныстар дайындау, төтенше жағдайларда, оларды жою мен зардап шеккендерге көмектер көрсету iстерiне арналған күштер мен қаражаттарды пайдалану;
      4) төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жоюға арналған күштер мен қаражаттарды құру мен дамыту шеңберiнде бiртұтас техникалық саясатты жүргiзу;
      5) төтенше жағдайларды ескертуге, төтенше жағдайлардан тұрғындарды, аудан аумақтарын қорғауға бағытталған аудандық белгiлi мақсаттағы бағдарлама жобасын дайындауды ұйымдастыру және осы бағдарламаның орындалуы жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;
      6) стихиялық және басқа да апаттардың салдарынан, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою кезiнде зардап шеккен азаматтарды медициналық қамтамасыз ету, құқықтық қорғау және әлеуметтiк экономикалық қорғау мәселелерi бойынша аудандық ұйымдардың және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-қимылдарды үйлестiру;
      7) төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою жөнiндегi мәселелер бойынша аудандық және Қазақстан Республикасының және Алтай өлкесiнiң аумақтық органдарымен бiрлесе отырып қызмет атқару және тәжiрибелерiмен алмасу бағыттарын айқындау.
       6. Комиссия мынаған құқылы:
      1) өз құзыры шеңберiнде шешiм қабылдауға, барлық аудандық, аумақтық және ведомстволық басқарма органдары мен мемлекет иелiгiндегi жергiлiктi органдарға, меншiк нысанына қарамастан аудан аумағында орналасқан кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдарға және басқа да шаруашылық етушi құрылымдарға орындауға хаттамалық түрде мiндеттер жүктеуге;
      2) комиссияның құзырына тиесiлi қажеттi нормативтiк, заңнамалық актiлердi өңдеуге қатысу және ұсыныс енгiзуге;
      3) төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою жөнiндегi комиссия жұмыстарына, сондай-ақ ауыл әкiмдерiмен, аудандағы ұйымдардың басшыларымен және шаруашылық етушi құрылымдармен төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою мәселелерi бойынша нормативтiк талаптардың, iс-шаралардың және мақсаттық бағдарламалардың орындалуына тексеру жүргiзу және бақылауды iске асыруға;
      4) өз отырысында ауылдық әкiмияттардың, аудандық ұйымдар мен шаруашылық етушi құрылымдар басшыларының есеп беру ақпараттарын тыңдауға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою мәселелерi бойынша орындауға тапсырмалар мен нұсқаулар беруге;
      5) меншiк нысанына қарамастан жергiлiктi атқарушы органдардан, аудандық ұйымдар мен шаруашылық етушi құрылымдардан комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруға арналған материалдар мен ақпараттарды сұрауға;
      6) меншiк нысанына қарамастан аудандық ұйымдар мен акционерлiк қоғамдардың, мекемелер мен кәсiпорындардың мамандарын төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою мәселесi бойынша шұғыл және басқа да жұмыстарды орындауға қатыстыруға;
      7. Комиссия өз қызметiн өзiнiң төрағасымен бекiтiлген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады, комиссия отырысы қажеттi жағдайда, бiрақ тоқсан сайын бiр рет өткiзiледi.
      Комиссияның отырысы кезiндегi шешiмдер, оның төрағасымен немесе оның орынбасарымен, аудан аумағында орындалуға тиiстi мiндеттерге, нұсқаулар мен тапсырмаларға сәйкес қабылданады.
      8. Аудан әкiмi аппаратындағы штаттық саны шеңберiнде төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою азаматтық қорғаныс мәселесi жөнiндегi комиссия хатшысының мiндетi аудан әкiмiнiң азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнiндегi көмекшiсiне, төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою жөнiндегi ведомствоаралық аудандық комиссияның және ауылдық округтердегi комиссияның жұмыстарын үйлестiру, ауданда төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою жөнiндегi бiртұтас мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiне бақылау жасауды жүктей отырып мiндеттеледi.
      9. Комиссияның ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету жұмысы аудан әкiмi аппараты үшiн белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
      10. Комиссияның iс-шараларын қаржыландыру аудандық бюджеттiң, салалардың және басқа да қаржылық көздердiң қаражаттары есебiнде жүзеге асырылады.
       11. Төтенше жағдайлар кезiндегi iс-әрекеттерге тiкелей басшылық жасау кезiнде комиссия төрағасы мыналарға құқылы:
      1) жергiлiктi өкiлеттi және басқарма органдарымен бiрлесе отырып, төтенше жағдайлардың сипатындағы апат ауданында азаматтарды қоныстану тәртiбiмен, олардың өзiн-өзi ұстау тәртiбiн белгiлеуге;
      2) ауданда, олардың бiреудiң тиесiлдiгiне қарамастан бар қажеттi мөлшердегi көлiктер, құтқарушылар, қалпына келтiрушiлер, медициналық және басқа да күш қуаттарды және құралдарды қатыстыруға;
      3) қажеттi мөлшерде материалды-техникалық, медициналық, азық-түлiктiк және басқа да ресурстар қорларын пайдалануға, сондай-ақ тартылған қаражаттар есебiнде, оның iшiнде бюджеттен қажеттi қорлар ұйымдастыру бойынша шешiм қабылдауға;
      4) төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою жөнiнде жүктелген мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етпеген қандай да босын лауазымды тұлғаны басшылық жасаудан шеттетуге, оны белгiленген тәртiп бойынша жауапқа тартуға немесе қызметiнен босатуға.
      12. Комиссия төрағасы комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуына тiкелей жауап бередi және өз араларындағы, орынбасары мен оның мүшелерi арасындағы мiндеттердi бөледi.
      13. Комиссия төрағасы төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия отырысында комиссияға басшылық жасау iс-қимылдарына қатысты мәселелердi қарауға қатысады.

      
      
      Аудан әкiмiнiң азаматтық
      қорғаныс және төтенше
      жағдайлар жөнiндегi көмекшiсi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады