"Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 16 қаңтардағы N 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2137. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі N 217 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 02.04.2013 N 217 (алғаш жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) бұйрығымен.

      Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізу кезінде ішкі істер органдары жол полициясының бөлімшелері қызметінің тиімділігін одан әрі жетілдіру және арттыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса беріліп отырған "Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Астана, Алматы қалаларының БІІБ-ның, облыстардың БІІБ-ның, ІІБ-ның бастықтары жол полициясы қызметкерлерінің Нұсқаулықтың талаптарының зерделеуін және орындауын қамтамасыз етсін.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі, полиция генерал-майоры И.И. Оттоға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментіне (Б.Н. Өмірзақов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр
      генерал-полковник

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер министрінің    
2003 жылғы 16 қаңтар     
N 22 бұйрығымен      
бекітілген      

"Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру
жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

  1. Жалпы жағдайлар

      1. "Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесі (бұдан әрі - ААІЖ) автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелердің (бұдан  әрі - көлік құралдары) мемлекеттік техникалық байқаудан (бұдан әрі - техникалық байқау) өтуінің есебін жүргізу, көлік құралдарының техникалық жағдайы бойынша статистикалық талдау жүргізу, көлік құралдарының санын нақтылау, жүк көтергіштігі, отыру орындары, двигателінің көлемі мен қуаты бойынша салық салу объектілері - көлік құралдары туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін арналған. Бұл ретте арнайы есеп жүргізулер бойынша көлік құралдары мен иесін автоматтандырылған тексеру орындалады.

      2. "Технадзор" ААІЖ көлік құралдарына жол қозғалысына қатысуға рұқсат ету үшін қажетті арнаулы өнім болып табылатын көлік құралдарының мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы актілері бланкілерінің (1-қосымша), көлік құралдарының техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктер мен талондардың (2-3-қосымша) нөмірлі есебін жүргізеді. Көлік құралдарының техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктер мен талондарды жұмсаудың есебі белгіленген тәртіппен жүргізіледі және Көлік құралдарының техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктер мен талондарды сақтауды және беруді тіркеу журналында (10-қосымша) көрсетіледі.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қарашадағы  N 651 2007 жылғы 26 ақпандағы   N 83 (қолданысқа енгізілу тәртібін  6-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

      3. "Технадзор" ААІЖ-ны бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ұйымдастырушы болатын конкурс өткізу арқылы жүргізіледі. "Технадзор" ААІЖ-ны бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету жөніндегі конкурсты ұтып алған заңды немесе жеке тұлға көрсетілген бағдарламалық өнімді алып жүрудің және қамтамасыз етудің толық циклын жүзеге асырады.

  2. "Технадзор" ААІЖ-ның жұмысын ұйымдастыру
жөніндегі іс-шаралар

      4. "Технадзор" ААІЖ-ның жұмысын қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдары жол полициясының бөлімшесі (бұдан әрі - жол полициясының бөлімшесі) құрамына компьютер, лазерлі принтер, модем кіретін бағдарламалық-аппараттық кешендермен жарақтандырылады.

      5. "Технадзор" автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі - АЖО) жол полициясының әрбір техникалық бақылау пунктінде күзет және өрт қауіпсіздігі құралдарымен, қажетті жиһазбен және техникалық мүмкіндік болған жағдайда байланыс құралдарымен жабдықталуы тиіс арнаулы бөлмеде орналастырылады.

      6. АЖО-ға "Технадзор" ААІЖ-ны бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ АЖО-ның "Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер" (бұдан әрі - КҚТК) "Көлік құралдарының есебін жүргізу" деректер базасы орнатылуы тиіс.

      7. "Көлік құралдарының есебін жүргізу" деректер базасын жаңартып отыру байланыс арналары бойынша апта сайын жүзеге асырылады.

  3. "Технадзор" ААІЖ-ның технологиялық
процесінің сипаттамасы

      8. Әр көлік құралына белгіленген үлгідегі мемлекеттік техникалық байқаудан өту туралы акт жасалады.
      Енгізілген ақпарат мемлекеттік техникалық байқау жүргізген жол полициясының жауапты лауазымды тұлғасының қолымен расталады.
      Мемлекеттік техникалық байқаудан өту туралы актіге енгізілетін көлік құралы және оның техникалық жай-күйі туралы мәліметтер "Технадзор" ААІЖ есепке алынуы тиіс және мeмлeкeттiк техникалық байқаудан өткізудің технологиялық процесінің бip бөлігі  болып табылады.
       Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 26 ақпандағы  N 83 (қолданысқа енгізілу тәртібін  6-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

      9. Техникалық бақылау пунктінде "Технадзор" ААІЖ-ның базасына  мемлекеттік техникалық байқаудан өту aктісінің негізінде көлік құралы мен оның иесі туралы ақпараттар енгізу кезінде жол полициясының қызметкері көлік құралы туралы толтырылған деректерді АЖО КҚТК "Көлік құралдарының есебін жүргізу" базасы деректерімен салыстыруды жүргізеді. Операциялар бойынша деректерді енгізу аяқталғаннан кейін арнайы есептер бойынша көлік құралы мен оның иесін автоматты тексеру жүргізіледі:
      1) тексерулердің кері нәтижесі немесе нақты емес сәйкестіктер кезінде шектеулерді алу жағдайында техникалық байқау жүргізуге уәкілетті жол полициясының қызметкері көлік құралының техникалық жағдайын бағалайды және техникалық байқаудың нәтижелерін ресімдейді. Мемлекеттік техникалық байқаудан өту туралы акт деректер базасына көлік құралының жарамдылығы, берілген куәліктер мен талондардың нөмірлері туралы, көлік құралының техникалық байқаудан өткендігі туралы деректерді енгізу үшін операторға беріледі;
      2) кездейсоқ емес сәйкестіктер туралы куәландыратын тексерудің оң нәтижелері кезінде жол полициясының қызметкері белгіленген тәртіпке сәйкес іс-әрекет жасайды.
       Ескерту: 9-тармаққа өзерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 26 ақпандағы  N 83 (қолданысқа енгізілу тәртібін  6-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

      10. Техникалық бақылау пункттеріндегі жол полициясының қызметкерлері аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейде біріктіру үшін "Технадзор" ААІЖ-ның қалыптастырылған деректер базасының электронды жүктелуін және жөнелтілуін жүйелі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

      11. Көлік құралдарының техникалық байқаудан өткендігі туралы есептіліктің белгіленген нысандары бойынша мәліметті жол полициясының қызметкерлері "Технадзор" ААІЖ-ның деректер базасына енгізілген ақпараттардың негізінде ұсынады.

                                  "Технадзор" автоматтандырылған
                                   ақпараттық-іздестіру жүйесінің
                                      жұмыс істеуін ұйымдастыру
                                   жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша

       Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 26 ақпандағы  N 83 (қолданысқа енгізілу тәртібін  6-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

            Көлік құралының мемлекеттік техникалық
                    байқаудан өтуi туралы
                            АКТ

200___ жылғы "__"______________ жасалды. Толтырылған жері___________
Көлік құралының иеci________________________________________________
____________________________________________________________________
МНТ белгісі_____________________  Маркасы, үлгісі___________________
Шыққан жылы_____________________  Санаты____________________________
Қозғатқыш N_____________________  Шасси_____________________________
Шанақ___________________________  Tүci______________________________
Қозғатқыш көлемі (см. куб)__________________________________________
Рұқсат берілген ең ауыр салмақ, (кг)________________________________
Жүктемесіз салмағы (кг)_____________________________________________
АКҚ мақсаты______________арнаулы, мамандандырылған  (керектісін сыз)
КҚТК сериясы, N_____________________________________________________
Басқару органдарының орналасуы______________________________________
классификация_______________________________________________________
Отыратын орындар саны_______________________________________________
Көлік иесінің КҚТК бойынша мекен-жайы_______________________________
Сенімхат бойынша мекен-жайы_________________________________________
Жүргізуші куәлігінің сериясы, N, санаты_____________________________
Қашан және қай жерде берілген_______________________________________
Тексеру барысында анықталған ақаулар туралы ескертпелер және қосымша
ақпарат_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Байқаудан өтуі туралы қорытынды_____________________________________
Жол полициясы қызметкері____________________________________________
                       (ЖП қызметкерінің аты-жөні, қолы) мөртаңба
Техникалық байқаудан өтуі туралы берілген куәлік N__________________
Келесі техникалық байқаудан өту мерзімі 200 жылғы "___"____________.
Таныстым, көлік құралының иесі(қолы)________________________________

"Технадзор" автоматтандырылған    
ақпараттық-іздестіру жүйесінің    
жұмыс істеуін ұйымдастыру      
жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша  

       Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 26 ақпандағы  N 83 (қолданысқа енгізілу тәртібін  6-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

          Көлік құралының жыл сайынғы мерзімді мемлекеттік
         техникалық байқаудан өтуi туралы куәліктің үлгісі

      Куәлік баспахана тәсілімен дайындалады, материалдың қалыңдығы
250-300 гр./шаршы м., мәтіні мемлекеттік тілде әзірленеді.
      Көлемі 75x105 мм.
      Бет жағында:
      Көлік құралының иeci, маркасы (моделі), мемлекеттік нөмірлік
тіркеу белгісі, шыққан жылы, көтеретін жүгі, отыратын орындар саны,
қозғалтқыш көлемі, өңірдің белгісі, алты белгіден тұратын куәліктің
реттік нөмipi, полиция бақылайтын келесі айы

     Көлік құралының жыл сайынғы мерзімді мемлекеттік техникалық
               байқаудан өтуі туралы куәліктің бет жағы 

Көлік құралының жыл сайынғы мерзімді мемлекеттік техникалық
байқаудан өтуi туралы куәлік

Иeci (аты-жөні)

Маркасы (үлгici)  

Мем. нөмipi

Шыққан жылы

Көтеретін жүгі(тн)

Отыратын орын саны

Қозғалтқыш көлемі 


KZ

Z N 000000

   1    2    3    4    5    6    7    8    9    10   11   12

      Көлік құралының жыл сайынғы мерзімді мемлекеттік техникалық
               байқаудан өтуі туралы куәліктің сыртқы беті

    Иесі мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің өзгеруі

Иeci (аты-жөні)

Мем. нөмipi

_______________________ М.О.     _______________________ 
       күні                         күні

Иeci (аты-жөні)

Мем. нөмipi

_______________________ М.О.     _______________________ 
       күні                         күні

         мемлекеттік байқауды көрсетілген айда өту керек

Берілген уақыты

КҚТК

Мөртаңба

Қолы













   Сыртқы жағында көлік құралы иесінің және мемлекеттік тіркеу нөмірлік
белгісінің өзгергені туралы жазылады

                                   "Технадзор" автоматтандырылған
                                   ақпараттық-іздестіру жүйесінің
                                      жұмыс істеуін ұйымдастыру
                                   жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша 

       Ескерту: 3-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 651   бұйрығымен .  

Көлік құралының мемлекеттік техникалық
байқаудан өткені туралы талонның үлгісі

             Дайындау - баспаханалық тәсіл, реттік нөмірлер қою.
      Мөлшері дөңгелек, диаметрі 50 мм.
      Материалы - өз жабысатын "Винил офсет" үлбірі
      Бет жағына:
      Бет жағына шеңбердің ішіне мемлекеттік және орыс тілдеріне "Қазақстан Республикасы" деген сөздер жазылады;
      Ортасына және шеңбердің ішіне мемлекеттік және орыс тілдерінде "Техникалық байқауды көрсетілген айда өту керек" деген сөздер жазылады;
      І - өңірдің литері, әрпі латынша;
      ІІ - Қазақстан Республикасы көлік құралының таңба белгісі;
      III - келесі жылы техникалық байқаудан өтетін айы;
      Сырт жағында түсі сұр
      ІV - алты белгіден тұратын реттік нөмір қойылады.

Қазақстан Республикасы       
Ішкі істер министрінің       
2003 жылғы 16 қаңтар N 22     
бұйрығымен бекітілген      
"Технадзор" автоматтандырылған  
ақпараттық-іздестіру жүйесінің 
жұмыс істеуін ұйымдастыру    
жөніндегі нұсқаулыққа     
4-қосымша          
5-қосымша          
6-қосымша          
7-қосымша          
8-қосымша          
9-қосымша          

       Ескерту: 4-9-қосымшалар алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 651   бұйрығымен .

                                              Приложение 10 
                                    к Инструкции по организации   
                                 функционирования автоматизированной
                                   информационно-поисковой системы
                                  "Технадзор", утвержденной приказом
                                       Министра внутренних дел
                                        Республики Казахстан
                                      от 16 января 2003 г. N 22

Журнал
регистрации хранения и выдачи свидетельств и талонов 
о прохождении технического осмотра транспортных средств

       РҚАО-ның ескерту: 10-косымшаның мемлекеттік тілдегі аудармасы болмағандықтан мәтінді орыс тілдегі нұсқадан қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады