Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 651 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3974. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 166 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.03.2017 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен..

      Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 1-тармағының 28) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН :

      1. <*>

      Ескерту: 1-тармақ алынып тасталды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы N 263 бұйрығымен .

      2. <*>

      Ескерту: 2-тармақтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.02.26 № 90 Бұйрығымен.

      3. "Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 16 қаңтардағы N 22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2137 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген "Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      2 тармақта "2-9" сандары "2-3" сандарымен ауыстырылсын;

      1-3-қосымшалары осы бұйрықтың 1-3-қосымшаларына сәйкес жазылсын;

      4-9-қосымшалары алынып тасталсын;

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаменті (Ө.Т.Түсімов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж.Шпекбаевқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 23 қарашадағы
N 651 бұйрығына 1-қосымша
"Технадзор" автоматтандырылған
ақпараттық-іздестіру жүйесінің
жұмыс істеуін ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша"

      Диагностикалық карта

      (техникалық диагностикалық станцияның

      (пунктінің) уәкілетті қызметкері толтырады)

      Диагностикалық пункттің атауы _____________________________________

      ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КАРТАНЫҢ N__________________________________________

      Ағымдағы техникалық байқау күні ___________________________________

      Көлік құралының мемлекеттік нөмірі ________________________________

      Маркасы, моделі ___________________________________________________

      Көлік куәлігінің сериясы, нөмірі __________________________________

      Көліктің түрі _____________________________________________________

      Қозғағыштың N______________________________________________________

      Шасси N ___________________________________________________________

      Шанақтың N ________________________________________________________

      Отын түрі _________________________________________________________

      Шығарған ел (ТМД, шетелдік) _______________________________________

      Шығарылған жылы ___________________________________________________

      Жүрген жолы, км ___________________________________________________

      Қуаты (ат күші, квт) ______________________________________________

      Отыратын орын саны (автобустар үшін) ______________________________

      Қозғағыштың көлемі, см 3 (жеңіл көліктерге) ________________________

      Жүк көтергіштігі (жүк таситын көліктерге) _________________________

      Рульдің орналасуы (оң жағында, сол жағында) _______________________

      Қауіпсіздік жастығының болуы ______________________________________

      Есепке алынған жері (қала, аудан) _________________________________

      ___________________________________________________________________

       (техникалық байқауды жүргізу кезінде жол полициясы қызметкері

       толтырады)

      Иесінің коды (1-заңды тұлға, 2-жеке адам) _________________________

      Автокөлікті техникалық байқауға әкелген

      адамның тегі/заңды тұлға __________________________________________

      Аты _______________________________________________________________

      Әкесінің аты/Ведомство ____________________________________________

      СТН _______________________________________________________________

      Жүргізуші куәлігінің берілген _____________________________________

      күні, сериясы, нөмірі

      Уақытша тіркеу: күні ______________________________________________

      Жарамдылық мерзімі ________________________________________________

      Мекен жайы: облысы ________________________________________________

      Ауданы ____________________________________________________________

      Елді мекен ________________________________________________________

      Көшесі, үйі, пәтері _______________________________________________

      Полистің N ________________________________________________________

      Сақтандырушы ______________________________________________________

      Полисті қолданудың басталатын күні ________________________________

      Полисті қолданудың аяқталатын күні ________________________________

      Ақпараттық диагностикалық картаны берген мемлекеттік

      автоинспектор _____________________________________________________

       Т.А.Ә.

      Тіркеуші __________________________________________________________

       Диагностикалық картаның сыртқы беті

Топтың

атауы

Конструкция параметрлерінің

құрамдас бөліктерінің немесе

қосымша құрылғылардың атауы

Көрсеткіштері

Сарап-

шының

мөрі

Сарап-

шының

қолы

1

2

3



Тежеуіш

жүйесі

1. Тежеуіш жүйесінің бөлшектері (зақымдану)

2. Тұрақ тежеуішінің тиімділігі

3. Тежеуіш жетегінің тұйықтылығы (МП-да қысым)

4. Алдыңғы доңғалақтардың тежеуіш күшінің айырымы ______%

5. Артқы доңғалақтардың тежеуіш күшінің айырымы _________%

6. Тежеу жолы (текше жағдайынан тыс тексерту кезінде)

7. Анықталған баяулату, метр/с 2

8. Тежеуіш жүйесінің істеу уақыты, сек

9. Үлестік тежеуіш күші __%






Рульдік басқару

10. Динамометр шкаласы бойынша күш, кг/сек

11. Рульдік доңғалақтың жиынтық люфті, градус

12. Рульдік басқарудың жай-күйі (қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)






Жарық

құрал-

дары

13. Сыртқы жарық құралдарының стандартқа сәйкестігі

14. Фараның орнатылған биіктігі, мм

15. Тік жазықтықтағы жарық тобы көлбеулігінің бұрышы __

16. Экран бойынша фара проекциясының ортасынан топтың жарық көлеңке шекарасына дейінгі арақашықтық, мм






Жүріс

бөлігі

17. Айқартопса білігі (зақымдану, бекітілу)

18. Тұтасуы (жарамдылығы)

19. Тарту-тіркеу қондырғысы, (жарамдылығы)

20. Доңғалақтар (зақымдану, бекітілуі)

21. Шиналары (өлшемі, протектор суретінің қалдығы (мм))






Әйнек

тазарт-

қыштар,

әйнек

жуғыш-

тар

22. Әйнек тазартқыштар, әйнекжуғыштар, жылытқыштар (бар-жоғы, жарамдылығы)

23. Щеткалардың ең жоғарғы қозғалу жылдамдығы, жүріс/мин






Қоз-

ғалтқыш

және

оның

жүйесі

24.Жанармай жүйесінің тұйықтылығы

25. Жанармай багы, (стандартқа сәйкестігі)

26. Шыққан газдардың токсиндігі, __%

27. Шыққан газдың түтінділігі, __%






Қонст-

рук-

цияның

басқа

элемен-

ттері

28. Артын көру айналары (стандартқа сәйкестігі)

29. Әйнектің жарық өткізгіштігі __%

30. Ауа манометрі, (жарамдылығы)

31. Спидометр (жарамдылығы)

32. Радиоқабылдағыш кедергісін басуға арналған қондырғы (бар-жоғы, жарамдылығы)

33. Есік құлыптары, дыбыс сигналы, апаттық шығу есіктері, жүргізуші орындығын механикалық реттеуі, қауіпсіздік белдігі, доңғалақты батпақтан қорғау фартугы, апаттық тоқтау белгісі, өрт сөндіргіш, дәрі-дәрмек қобдишасы (бар-жоғы, жарамдылығы)







       Мемлекеттік автоинспектордың қорытындысы _________________________

      Техникалық байқау куәлігі мен талонның нөмірі ____________________

      Мемлекеттік автомобиль инспекторы ________________________________

      Мөртаңба _________________________________________________________

      Келесі техникалық байқаудың нақты жылы мен айы

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 23 қарашадағы
N 651 бұйрығына 2-қосымша
"Технадзор" автоматтандырылған
ақпараттық-іздестіру жүйесінің
жұмыс істеуін ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша"

      Көлік құралдарының мемлекеттік техникалық

      байқаудан өткені туралы куәліктің үлгісі



      Куәлік баспаханалық тәсілмен дайындалады, материалы - тығыздығы 250-300 гр/шаршы м. картон, мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған.

      Мөлшері 75 х 105 мм.

      Бет жағына:

      1) куәліктің алты таңбадан тұратын реттік нөмірі;

      2) өңірдің литері, келесі техникалық байқаудың мерзімі қойылады.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 23 қарашадағы
N 651 бұйрығына 3-қосымша
"Технадзор" автоматтандырылған
ақпараттық-іздестіру жүйесінің
жұмыс істеуін ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша"

      Көлік құралының мемлекеттік техникалық

      байқаудан өткені туралы талонның үлгісі



      Дайындау - баспаханалық тәсіл, реттік нөмірлер қою.

      Мөлшері дөңгелек, диаметрі 50 мм.

      Материалы - өз жабысатын "Винил офсет" үлбірі

      Бет жағына:

      Бет жағына шеңбердің ішіне мемлекеттік және орыс тілдеріне "Қазақстан Республикасы" деген сөздер жазылады;

      Ортасына және шеңбердің ішіне мемлекеттік және орыс тілдерінде "Техникалық байқауды көрсетілген айда өту керек" деген сөздер жазылады;

      І - өңірдің литері, әрпі латынша;

      ІІ - Қазақстан Республикасы көлік құралының таңба белгісі;

      III - келесі жылы техникалық байқаудан өтетін айы;

      Сырт жағында түсі сұр

      ІV - алты белгіден тұратын реттік нөмір қойылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады