Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 болып тіркелген "Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 1 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2148. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 321 бұйрығымен

      Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 22.05.2015 № 321 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 171 176-1 -баптарына сәйкес, уақытша сақтау қоймаларының қызметін реттеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 болып тіркелген, 2001 жылы "Кеден жаршысы" N 2 жарияланған) 2001 жылғы 15 ақпанындағы N 54 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша сақтау орындарына қойылатын міндетті талаптар туралы нұсқаулықта:

      1) 5-тармақта:
      4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) жалғаспалы түсіру алаңдарын қоса алғанда УСҚ аумағы бүкіл периметрі бойынша белгіленуі және қоршалуы және көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін тегіс жолының болуы тиіс. УСҚ аумағының қоршауы үздіксіз және тұтас конструкцияны білдіруі әрі биіктігі 2,2 метрден кем болмауы тиіс;";
      6)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) УСҚ техникалық жағынан жарамды ену жолдарымен, сондай-ақ жабық тексеру алаңдарымен жабдықталуы;";
      10)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келетін қажетті түсіру-тиеу техникаларының, сондай-ақ уақытша сақтауға орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификацияланған өлшеу жабдықтарының болуын қамтамасыз ету.";
      мынадай мазмұндағы 11)-тармақшамен толықтырылсын:
      "11) радиациялық бақылау жөніндегі сертификацияланған құралдардың болуын қамтамасыз ету.";

      2) 6-тармақта:
      2)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "кеден органдарының қызметкерлері үшін УСҚ-да кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүзеге асыруға арналған қажетті қызметтік үй-жайлардың, жабдықтардың және байланыс құралдарының болуы.";
      3) 10-тармақта:
      3)-тармақшада "5)-8)" деген сандардан кейін "11)" деген санмен толықтырылсын.

      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жолдасын.
      3. Кеден басқармалары мен кедендердің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Баспасөз қызметі (Г.Исахан) осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаментінің бастығы А.Б.Малғаждаровқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданылуға енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Кедендік бақылау агенттігінің
      төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады