Көлік эспедициясы шартының шегінде жүзеге асырылатын жүк тасымалына экспедиторлардың шот-фактураларды беру Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы N 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2152. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. ...
      4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Министр                                        Б.Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің   
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. ....
      11. "Көлік эспедициясы шартының шегінде жүзеге асырылатын жүк тасымалына экспедиторлардың шот-фактураларды беру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2152 болып тіркелді).
      .........

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 242-бабының 5-2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Көлік экспедициясы шартының шегінде жүзеге асырылатын жүк тасымалына экспедиторлардың шот-фактураларды беру Ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы (М.В. Бачурина) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрлігі    
Салық комитеті      
Төрағасының        
2003 жылғы 23 қаңтардағы 
N 18 бұйрығымен     
бекітілген       

Көлік экспедициясы шартының шегінде жүзеге асырылатын жүк тасымалына экспедиторлардың шот-фактураларды беру
Ережелері

      Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 242-бабының 5-2-тармағына сәйкес әзірленген және көлік экспедициясы шартының шегінде жүзеге асырылатын жүк тасымалына экспедиторлардың шот-фактураларының көшірмелерін беру тәртібін айқындайды.

      1. Шот-фактураларды беруді экспедитор Салық кодексінің 242-бабының 3 және 4 тармақтарында белгіленген талаптар сақталған кезде жүзеге асырады.

      2. Шот-фактураны экспедитор мен жөнелтуші немесе жүкті алушының арасында жасалған көлік экспедициясы шарты шегінде, тасымалдаушылар және жұмыстар мен қызмет көрсетулердің өзге де жеткізушілері ұсынған шот-фактуралардың негізінде экспедитор жазып береді.
      Егер көрсетілген тасымалдаушы (жеткізуші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, экспедитор шот-фактураны жұмыстар, қызмет көрсетулердің құнын растайтын құжаттар негізінде де береді.

      3. Экспедитор беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері көлік экспедициясы шартының шегінде тасымалдаушы және басқа да жеткізушілер орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызмет көрсетулердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.
      Шот-фактурада қосылған құн салығын төлеуші - тасымалдаушылар (жеткізушілер) жүзеге асыратын жұмыстар, қызмет көрсетулердің құнын өзіне қамтитын салық салынатын айналым да, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын - тасымалдаушылар (жеткізушілер) жүзеге асыратын жұмыстар, қызмет көрсетулердің құнын өзіне қамтитын салық салынбайтын айналым да көрсетіледі.

      4. Шот-фактура екі данада жасалады.
      Шот-фактураның бірінші данасы жөнелтушіге немесе жүкті алушыға беріледі.
      Шот-фактураның көлік экспедициясы шартының шегінде көрсетілетін жұмыстар, қызмет көрсетулерді тасымалдаушылар мен жеткізушілер, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашатын құжат қоса берілетін екінші данасы экспедиторда қалады.
      Шот-фактураға қоса берілген құжатта мынадай ақпараттық деректер көрсетілуі тиіс:
      шот-фактураның реттік нөмірі мен толтырылған күніне сілтеме;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      тасымалдаушы мен жеткізушінің аты-жөні немесе атауы;
      егер жеткізушілер немесе тасымалдаушылар қосылған құн салығын төлеушілер болған жағдайда - оларды қосылған құн салығы бойынша тіркеуге қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі;
      шот-фактурада көрсетілген салық салынатын айналым мөлшеріне қосылатын, тасымалдаушылар мен жеткізушілер жүзеге асыратын жұмыстар, қызмет көрсетулердің құны. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар немесе жеткізушілер жүзеге асыратын жұмыстар, қызмет көрсетулердің құны жеке көрсетіледі.

      5. Осы Ережелерге сәйкес берілген шот-фактуралар, жүкті жіберушілер немесе алушылардың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады