"Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы N 486 бұйрығына (N 1639 болып тіркелген) толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2153. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 16 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 12.01.2016 № 16 бұйрығымен.

      Жол қозғалысын тиімді бақылауды қамтамасыз ету, сот шешімдерін орындау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Заң күші бар Жарлығының , Жол қозғалысы туралы конвенцияны толықтыратын, 1993 жылғы 28 тамызда күшіне енген Европалық келісімнің талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 20 маусымдағы N 486 бұйрығына (N 1639 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетендерінде жарияланған, 2001 жыл, N 33. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 777 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі нұсқаулықта:

      1) 52-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) жүргізуші куәлігін алып қою"

      2) мынадай мазмұндағы 70-1-тармақпен толықтырылсын:
      "70-1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, Кодекстің 618-бабындағы талаптарға сәйкес жүргізуші куәліктерін алып қою жүргізушілер Жол қозғалысы ережелері талаптарын бұзған жағдайларда ғана, егер де Кодекстің Негізгі бөлігіне кіретін баптарға сәйкес оларды көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру жауапкершілігі көзделген болса және Кодекстің 539-бабына сәйкес оларға қатысты сот органдары шара қабылдайтын болса жүзеге асырылады.";

      3) мынадай мазмұндағы 70-2-тармақпен толықтырылсын:
      "70-2. Алынған жүргізуші куәлігінің орнына жүргізушіге осы Нұсқаулықтың 14-қосымшасындағы нысанға сәйкес куәлік беріледі.".

      4) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакциядағы 14-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Астана және Алматы қалалары Ішкі істер бас басқармаларының, облыстардағы Ішкі істер бас басқармаларының, Ішкі істер басқармаларының бастықтары:
      1) жол полициясы бөлімшелерінің жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын;
      2) жол полициясы қызметкерлерінің жүргізушілер Жол қозғалысы ережелерін анық бұзған жағдайларда, көлік құралдарының және онда отырған адамдардың ішкі істер органдары бағдарларында көрсетілген белгілері болған кезде ғана көлік құралдарын тоқтатуы мен тексеруін жүзеге асыруды қадағаласын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице министрі полиция генерал-майоры И.И.Оттоға және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жол полициясы департаментінің бастығы Б.Н.Өмірзақовқа жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      генерал-полковник

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры
      2003 жылғы 30 қаңтар

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2003 жылғы 28 қаңтардағы
N 43 бұйрығына Қосымша
Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2001 жылғы 20 маусымдағы  
N 486 бұйрығымен бекітілген
"Қазақстан Республикасының 
Әкімшілік құқық бұзушылық 
туралы кодексін ішкі істер
органдарының қызметінде 
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
N 14 қосымша"      

Жүргізуші куәлігінің орнына берілетін
куәліктің нысаны

____________________________________________________________________
ҚАЗАҚСТАН     KZ  РЕСПУБЛИКА         Куәлік көлік құралдарын басқару
РЕСПУБЛИКАСЫ      КАЗАХСТАН          үшін ҚР ӘҚБтК _______ бабы
             PERMIS                  бойынша 200__ж. "___" ________
КУӘЛIК   DE CONDUIRE УДОСТОВЕРЕНИЕ   алынған________________сериялы
            ААN000000                _____________нөмірлі жүргізуші
(куәліктің сериясы және нөмірі)     куәлігінің орнына берілді.
1. ________________________________  Жеке басын куәландыратын құжаты
          (Тегі)                     бар болғанда берілгеннен бастап
2. ________________________________  60 тәулік мерзімге жарамды.
       (Аты, әкесінің аты)           Кім берді ____________________
3. ________________________________   (куәлік берген адамның орган.
       (туған күні және жері)        ______________________________
4. ________________________________     ның атауы, атағы, аты-жөні)
      (Тұрғылықты жері)              "___"___________ 200_ж. М.О.
5. Рұқсат мерзімі:      ___________  (берілген күні және лауазымды
"___"________ 200___ж. |           |           адамның қолы)
6. Рұқсат етілген      | Фотоға    |  Жарамдылық мерзімі ұзартылды
категориялары:         | арналған  |  "___" ______ 200__ж.   М.О.
А;___В;___С;___Д;___Е  | орын      |  Жарамдылық мерзімі ұзартылды
(керек емесі сызылады) |           |  "___" ______ 200__ж.   М.О.
                       |           |  Куәлік Жол қозғалысы туралы
                       |           |  конвенцияны толықтыратын
                       |___________|  Европалық келісімнің N 6
_________________                     қосымшасындағы талаптарға
(иесінің қолы)                       сәйкестендірілген
Фотосурет иесінің қалауы
бойынша ұсынылады
____________________________________________________________________

Куәлікті қолдану жөніндегі түсініктеме және
оның қысқаша сипаттамасы

      Куәлік Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексінде көзделген жағдайларда алынған жүргізуші куәлігінің орнына құқық бұзушыға берілетін құжат болып табылады және Жол қозғалысы туралы конвенцияны толықтыратын Европалық келісімнің 6 қосымшасындағы талаптарға сәйкес әзірленді.
      Хаттаманың, қаулының және куәліктің нөмірленуі бірдей болады.
      Әрбір облыс үшін хаттамаға, қаулыға және куәлікке облыстың литері жазылуы тиіс.
      Куәлік иесінің фотосуреті қоса беріледі, оны иесі өз қалауы бойынша жапсырады және уәкілетті органның мөрімен куәландырылады.
      Қатаң есептегі бланкілердің мазмұны мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады