Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бухгалтерлік есепке алудың нормативтік базасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
"Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3
қаулысына
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 30 желтоқсанда N 239 тіркелген және "Қаржы, салық, бухгалтерлік есепке алу, сақтандыру жөніндегі нормативтік актілерде" 1996 жылы 23 (35) арнайы басылымында ресми жарияланған, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 13 қыркүйекте N 1977 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 28 тамыздағы N 390
бұйрығымен
бекітілген өзгерістермен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген 5 "Табыс" бухгалтерлік есепке алу стандартына:
1-сілтеме алынып тасталсын;
стандарттың барлық мәтіні бойынша "субъектідегі", "субъектілермен", "субъект", "субъектілерге", "процент", "проценттік", "проценттер", "ақшалай қаражат" деген сөздер "ұйымдағы", "ұйымдармен", "ұйым", "ұйымға", "сыйақы", "сыйақылық", "сыйақылар", "ақша" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кірістер - меншіктенушілердің салымдарымен байланысты емес меншік капиталдың артуына әкеп соқтыратын активтердің немесе олардың құнының арту не міндеттемелерінің азаю нысанында есепті кезең ішінде экономикалық пайдалардың артуы.";
21-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) роялти - патенттерді, сызбаларды немесе үлгілерді бағдарламалық қамтамасыз етудің авторлық құқығын немесе басқа да осындай құқықтарды пайдалану немесе пайдалану құқығы; өндірістік, сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдығын пайдалану немесе пайдалану құқығы; ноу-хау пайдалану; кинофильмдер, видеофильмдер, үнтаспалар немесе өзге де баспа құралдарын пайдалану немесе пайдалану құқығы; осыған байланысты техникалық көмек көрсету;";
21-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) дивидендтер - оның акционерлерінің, қатысушыларының арасында ұйым бөлетін таза пайданың бөлігі";
22-тармақтың 2) тармақшасында "келісімнің" деген сөз "шарттың" деген сөзбен ауыстырылсын;
22-тармақтың 3) тармақшасындағы "акционердің" деген сөздің алдынан "қатысушы" деген сөзбен толықтырылсын;
25-тармақтағы "қарыздардың" деген сөз "талаптардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
26-тармақтағы "қарыздар" деген сөз "талаптар" деген сөзбен ауыстырылсын.
Көрсетілген қаулымен бекітілген 6 "Негізгі құралдарды есепке алу" бухгалтерлік есепке алудың стандартына:
1-сілтеме алынып тасталсын;
Стандарттың барлық мәтіні бойынша "субъектіге", "субъектілер", "субъектінің" деген сөздер тиісінше "ұйымға", "ұйымдар", "ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Негізгі құралдар - басқа ұйымдарға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін және оны ұзақ уақытты кезең ішінде (бір жылдан астам) пайдалану ұйғарылып отырған дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өндіру үшін ұйым пайдаланатын материалдық активтер.";
15-тармақтағы "ақша қаражаты" деген сөздер "ақша" деген сөзбен ауыстырылсын;
26-тармақтағы "кезеңнің шығысы" деген сөздер "ағымдағы шығыстар" деген сөздермен ауыстырылсын.
Көрсетілген қаулымен бекітілген 7 "Тауар-материалдық қорларды есепке алу" бухгалтерлік есепке алу стандартына:
1-нұсқа алынып тасталсын;
2-тармақтағы "субъектілер", "қаржы есептерін" деген сөздер тиісінше "ұйымдар", "қаржылық есептіліктерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 3) тармақшасындағы "субъектінің" деген сөз "ұйымның" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"шаруашылық" деген сөз алынып тасталсын;
10-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"заемдар бойынша сыйақыларды өтеуге арналған шығыстар;".
Көрсетілген қаулымен бекітілген 8 "Қаржы инвестицияларын есепке алу" бухгалтерлік есепке алу стандартына:
1-сілтеме алынып тасталсын;
стандарттың барлық мәтіні бойынша "субъектілердің", "субъектілер", "субъект", "проценттер", "процентінің", "проценті", "проценттерге" деген сөздер тиісінше "ұйымдардың", "ұйымдар", "ұйым", "сыйақылар", "сыйақысының", "сыйақысы", "сыйақысына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы "қаржы есептерінде" деген сөздер "қаржылық есептілігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың екінші абзацындағы "инвестициялық субъектідегі" деген сөздер "инвестициялық ұйымдағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
Көрсетілген қаулымен бекітілген 10 "Байланысты тараптар туралы ақпараттық ашылымы" бухгалтерлік есепке алу стандартына:
1-тармақтағы "шаруашылық" деген сөз алынып тасталсын;
7-тармақтың 4) тармақшасындағы "басшы қызметкерлер, яғни" деген сөздер "басшылық, яғни" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 1) тармақшасындағы "ортақ басшы қызметкері" деген сөздер "ортақ басшы" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "қаржы есептеріне" деген сөздер "қаржы есептілігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацындағы "баға белгілеу" деген сөздер "баға құру" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта:
2) тармақшадағы "негізгі шаруашылық серіктестігінің" деген сөздер "негізгі ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) еншілес ұйымның қаржылық есептілігінде оның негізгі ұйымы тіркелген және Қазақстан Республикасында біріктірілген қаржылық есептілік берген жағдайда;".
Көрсетілген қаулымен бекітілген 12 "Күрделі құрылысқа арналған мердігерлік келісімдер" бухгалтерлік есепке алу стандартына:
19, 23-тармақтардағы "қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы" деген сөздер "кірістер және шығыстар туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы бірінші вице-министрі Б.Б.Жәмішевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы