Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007.07.31. N 182-Ө (қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
Еңбек және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылы 3 тамызда N 1211 тiркелген, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылы 20 мамырда N 1855 тiркелген, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 90-ө
бұйрығы
) "Еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) ауыр (ерекше ауыр), қауiптi (ерекше қауiптi) жұмыстарда iстеген адамдарға жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысына және жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен қызметтердiң Тiзiмiн (Тiзбесiн) қолдану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 19 шiлдедегi N 175-ө
бұйрығына
мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген "Еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) ауыр (ерекше ауыр), қауiптi (epeкше қауiптi) жұмыстарда iстеген адамдарға жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысына және жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен қызметтердің Тізімін (Тiзбесiн) қолдану жөнiндегi нұсқаулыққа:
1 бөлiмде. Тау-кен жұмыстары:
125-тармақтың 4) тармақшасындағы "Қысқартылған жұмыс күнiнiң ұзақтығы (сағатпен)" бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "6";
126-тармақтың "Қысқартылған жұмыс күнiнiң ұзақтығы (сағатпен)" бағанындағы "6" деген сан алынып тасталсын;
137-тармақтың "Қысқартылған жұмыс күнiнiң ұзақтығы (сағатпен)" бағанындағы "6" деген сан алынып тасталсын.
2. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр