Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізуін кедендік бақылаудың ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 21 ақпандағы N 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2213. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы N 186 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес және "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы N 741 қаулысының  2-тармағын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізуін кедендік бақылаудың ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (Г.Е.Қойшыбаева) осы бұйрықтың жариялануын және бұқаралық ақпарат құралдарында берілуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төрағаның міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасының  
Кедендік бақылау агенттігі 
төрағасының         
2003 жылғы 21 ақпандағы   
N 37 бұйрығымен      
бекітілген         

Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізуін кедендік бақылаудың
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен жеке тұлғалар өткізетін тауарларды кедендік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүргізеді.

2. Жеңілдетілген тәртіппен
өткізілетін тауарларды кедендік бақылау

      2. Жеке тұлғалардың тауарларды өткізуінің жеңілдетілген тәртібі "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының  (бұдан әрі - Кеден ісі туралы Заң) 108-бабына сәйкес кедендік төлемдерден және тарифтік емес реттеу (сақтағаны үшін алымдарды қоспағанда) қолданудан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына әкелінуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетілуі шектелген тауарларды қоспағанда, сертификаттаудан толық босатуды қамтиды.

      3. Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарлардың өндірістік немесе өзге де коммерциялық қызмет үшін пайдаланылуы мүмкін емес, не осы санатқа түсетін тауардың сипатын кеден органының белгілеуін кеден органының лауазымды адамы тауарды өткізуші жеке тұлғаға жүктік кедендік декларацияны жазбаша декларациялау қажеттігі туралы хабарлайды.
      Уақытша әкелінген тауарлардың иеліктен айырылуы, басқа тұлғаларға иелік етуге, пайдалануға немесе билік етуге берілуі мүмкін емес.

      4. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды ауызша декларациялау кезінде кеден органының қызметкерлері тауарлардың өндірістік немесе өзге де коммерциялық қызметке арналмайтын қасиеттерге сәйкестігін тексеру мақсатында тексеріс жүргізеді.
      Тауарлардың салмағына, құнына немесе шыққан жеріне сүйене отырып, сондай-ақ тауарларды өткізуші тұлғаның Кеден одағына қатысушы елдердің бірінде тұрақты тұратындығына, не көрсетілген елдердің біріне тұрақты тұруға қоныс аударуына байланысты жеңілдетілген тәртіп қолданылған кезде жоғарыда аталған талаптарды растайтын құжаттар тексеруге жатады, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүкті өлшеу жүргізіледі.

3. Оңайлатылған тәртіппен өткізілетін
тауарларды кедендік бақылау және кедендік ресімдеу

      5. Коммерциялық немесе өзге де өндірістік қызметке арналған не кеден органының тауар сипатының осы санатқа жататындығын белгіленген жағдайда, кеден органының лауазымды адамы тауарларды өткізуші тұлғаны жазбаша декларациялаудың қажеттігі туралы құлақтандырады.

      6. Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен әкелген/әкеткен тауарлар туралы мәліметтердің жазбасы белгіленген нысанда жүргізілетін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына жеке тұлғалар оңайлатылған декларациялау тәртібін қолдана отырып әкелетін тауарларды тіркеу журналы мен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан жеке тұлғалар оңайлатылған декларациялау тәртібін қолдана отырып әкететін тауарларды тіркеу журналына (1-қосымша) өткізілген тауарлар туралы мәліметтерді енгізу жолымен жүргізіледі.

      7. Кеден органының кедендік кіріс ордерін (бұдан әрі - ККО) ресімдейтін лауазымды тұлғасы ККО-ның электронды көшірмесін жасауды және оны деректердің электрондық базасына енгізуді жүзеге асырады.
      Деректердің электрондық базасы кейін қорыту және Қазақстан Республикасының орталық кеден органына жіберу үшін жоғары тұрған кеден органына он күн сайын беріледі.

      8. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тауарларды декларациялаудың оңайлатылған тәртібін қолдануға арналған салмақтық немесе құндық шектеулерден асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің жеңілдетілген тәртібі көзделген тауарларды (жеке пайдалануға арналған тауарларды) қоспағанда, декларациялаудың жалпы тәртібі (жүктік кедендік декларацияларды пайдалана отырып) барлық өткізілетін партияларға қатысты қолданылады.

      9. Өткізілетін тауарлар туралы мәлімделген мәліметтердің дұрыстығын бақылауды өз құзыретінің шегінде кеден органының құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.

4. Тауарларды жеңілдетілген, оңайлатылған тәртіппен уақытша әкелу (әкету) кезіндегі кедендік бақылау

      10. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүруі кезінде Қазақстан Республикасының аумағында (уақытша болатын елінде) жеке пайдалану үшін қажетті тауарларды уақытша әкелуі (әкетуі), сондай-ақ бастапқы келгенде (кеткенде) тауарларды кедендік төлемдер мен салықтарды төлеместен декларациялауы шартымен уақытша әкелінген (әкетілген) тауарларды кері әкетуі (әкелуі) мүмкін.

      11. Тауарларды жеке тұлғалардың жеңілдетілген, оңайлатылған тәртіппен уақытша әкелуіне (әкетуіне) кеден органдары сапардың мақсаттары мен өзге де басқа жағдаяттарын (ұзақтығы, маусым және т.б.) ескере отырып және тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында (уақытша болатын елде) іс жүзінде болатын уақыттан аспайтын мерзімге рұқсат етеді.

      12. Бұрын уақытша әкелінген (әкетілген) тауарларды қайта әкелу (әкету) кезінде оларда мәлімделген мәліметтердің сәйкес келуі шартымен әкелу (әкету) кезінде ресімделген жолаушылар кедендік декларациясы тауарларды өткізудің жеңілдетілген тәртібін қолдану үшін негіздеме болып табылады.

      13. Жеңіл автомобильдер мен олардың тіркемелері туралы мәліметтерді белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен әкелетін (әкететін) жеңіл автомобильдер мен олардың тіркемелері Міндеттемелерін тіркеу журналына (2-қосымша) мәліметтерді енгізу жолымен жүргізіледі.

      14. Аталған көлік құралдары мен олардың тіркемелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануды және әкетуді тек уақытша әкелу режимін мәлімдеген тұлғалар ғана жүзеге асыруы тиіс. Уақытша әкелінген көлік құралдары мен олардың тіркемелерін уақытша пайдалану, иелік ету немесе билік ету үшін басқа тұлғаға беру, автомобильді иелігінен шығару, сондай-ақ белгіленген нысан (3-қосымша) бойынша толтырылған кері қайту (келу) туралы Міндеттемені (бұдан әрі - Міндеттеме) жоғалту кедендік ережелерді бұзу болып табылады және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады.

      15. Бұрын оңайлатылған тәртіппен уақытша әкелінген жеңіл автомобильдер мен олардың тіркелемелерін әкету кезінде кеден органының лауазымды адамы Міндеттемеде көрсетілген уақытша әкелу мерзімдерінің сақталуына тексеру жүргізеді. Міндеттеме алынады және бақылаудан алу үшін оны ресімдеген кеден органына жолданады.

      16. Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеңіл автокөлік құралдары мен олардың тіркемелерін уақытша әкелуі жүктік кедендік декларацияларды ресімдеу арқылы жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Тауарлардың оңайлатылған декларациялау тәртібін қолдану арқылы транзиті кезіндегі кедендік бақылау

      17. Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізілетін, оларға қатысты оңайлатылған тәртібі көзделетін тауарлардың транзиті жолаушылар декларациясын толтыру арқылы жүргізіледі. Жүктерді жеткізуді кедендік қамтамасыз ету мен кедендік бақылау жалпы белгіленген декларациялау тәртібі жағдайында қолданылатын транзит режимінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының   
Кедендік бақылау агенттігі  
төрағасының         
2003 жылғы 21 ақпандағы   
N 67 бұйрығымен бекітілген 
Жеке тұлғалардың тауарларды
Қазақстан Республикасының 
кедендік шекарасы арқылы 
оңайлатылған, жеңілдетілген
тәртіппен өткізуін кедендік
бақылаудың ережесіне   
1-қосымша         

Қазақстан Республикасының кедендік аумағына (аумағынан) жеке тұлғалар оңайлатылған тәртібін қолдана отырып әкелетін (әкететін) тауарларды тіркеу журналдары

      Бұл журналдардың мынадай бағандары болуы тиіс:
      1. Реті бойынша нөмірі;
      2. Күні;
      3. Тауарды өткізетін адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      4. Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;
      5. Тұрақты тұратын ел;
      6. Көлік құралы (авиа көлігі үшін - рейстің нөмірі; темір жол көлігі үшін - поездың нөмірі; автомобиль көлігі үшін - моделі мен мемлекеттік нөмірі);
      7. Тауарлардың (оның ішінде валютаның) атауы;
      8. Салмағы, саны (өлшем бірлігін көрсете отырып);
      9. Тауарлардың құны (валютаны көрсете отырып);
      10. Тауарлар шыққан ел;
      11. Алынған төлемдердің сомасы (теңге);
      12. ККО-нің нөмірі;
      13. Инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (жеке нөмірлік мөрінің нөмірін көрсете отырып).

      Журналдар нөмірленеді, бауланады және тиісті кеден органының мөрімен, сондай-ақ осы кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының қолымен расталады.

Қазақстан Республикасының   
Кедендік бақылау агенттігі  
төрағасының         
2003 жылғы 21 ақпандағы    
N 67 бұйрығымен бекітілген 
Жеке тұлғалардың тауарларды
Қазақстан Республикасының 
кедендік шекарасы арқылы  
оңайлатылған, жеңілдетілген
тәртіппен өткізуін кедендік
бақылаудың ережесіне   
2-қосымша         

Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан)
жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен әкелетін (әкететін) жеңіл автомобильдер мен олардың тіркемелерінің
Міндеттемелерін тіркеу
журналы

      Бұл журналдардың мынадай бағандары болуы тиіс:
      1. Реті бойынша нөмірі;
      2. Міндеттеменің нөмірі;
      3. Әкелінген/әкетілген күні;
      4. Іс жүзінде кері әкелінген/әкетілген күні;
      5. Жеңіл автомобиль мен оның тіркемесінің мемлекеттік нөмірі, маркасы, двигателі мен дөңгелегі;
      6. Инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (жеке нөмірлі мөрінің нөмірін көрсете отырып);
      7. Жеңіл автомобиль мен оның тіркемесі иесінің қолы;
      8. Ескерту.

      Журналдар нөмірленеді, бауланады және тиісті кеден органының мөрімен, сондай-ақ осы кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының қолымен расталады.

Қазақстан Республикасының   
Кедендік бақылау агенттігі  
төрағасының         
2003 жылғы 21 ақпандағы    
N 67 бұйрығымен бекітілген 
Жеке тұлғалардың тауарларды
Қазақстан Республикасының 
кедендік шекарасы арқылы  
оңайлатылған, жеңілдетілген
тәртіппен өткізуін кедендік
бақылаудың ережесіне   
3-қосымша         

Автокөлік құралдары мен оның тіркемелерін қайта әкету (әкелу) туралы N _____ міндеттеме

___________________________________
кеден органының атауы

Түрі, зауыттық маркісі ___________________________________________
Двигателінің нөмірі  _____________________________________________
Дөңгелегінің нөмірі ______________________________________________
Мемлекеттік нөмірі  ______________________________________________
Иесі  ____________________________________________________________
                            тегі, аты, әкесінің аты

Азаматтығы  ______________________________________________________
Жеке басының куәлігі (төлқұжаты) нөмірі __________________________
Кімнің бергендігі, күні __________________________________________
Тұрақты мекен-жайы  ______________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Қайта әкететін (әкелетін) күні  __________________________________
"____" ____________ 200__ ж.
                                          Қолы  _________________
Кеденнің белгілері:
__________________________________________________________________
Кеден инспекторының қолы ______________________________
                        жеке нөмірлік мөрімен расталады
                                    "___" ____________ 200__ ж.

      Автокөлік құралын кеденнің рұқсатынсыз иеліктен айыруға тиым салынады.
      Тиісті түрде расталған міндеттеме заңдық мәні бар фактілер туралы мәліметтерден тұратын құжат болып табылады. Міндеттемеде дұрыс емес мәліметтерді беру, сондай-ақ кеден органының лауазымды адамына хабарлау немесе қайта әкетудің мерзімдерін бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады