Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қолданыстағы кезеңде табиғи монополия субъектiлерiнiң барлық тұтынушыларға ұсынылған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) төмендету ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 20 ақпандағы N 46-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2215. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 19 наурыздағы N 91-НҚ (V053530) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  6-бабының 1-1) тармақшасын iске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берiлiп отырған Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қолданыстағы кезеңде табиғи монополия субъектiлерiнiң барлық тұтынушыларға ұсынылған қызметтep (тауарлар, жұмыстар) үшiн тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) төмендету ережесi бекiтiлсiн.
      2. Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (А.Т.Шабдарбаев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн;
      2) осы бұйрықты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгiленген тәртiппен жариялауды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстaн Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары А.Р.Ойнаровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Төрағаның
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы     
Табиғи монополияларды реттеу  
және бәсекелестiктi қорғау   
жөнiндегi агенттiгiнiң     
2003 жылғы 20 ақпандағы    
N 46-НҚ бұйрығына       
қосымша            

  Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қолданыстағы кезеңде табиғи монополия субъектiлерiнiң барлық тұтынушыларға ұсынылған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) төмендету ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қолданыстағы кезеңде табиғи монополия субъектiлерiнiң барлық тұтынушыларға ұсынылған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) төмендету жөнiндегi осы ереже "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңына  сәйкес әзiрлендi және Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қолданыстағы кезеңде табиғи монополия субъектiлерiнiң (бұдан әрi - субъектiлер) барлық тұтынушыларға ұсынылған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) (бұдан әрi - қызметтер) үшiн тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) төмендету тәртiбiн белгiлейдi.

  2. Тарифтердiң қолданыстағы кезеңiнде субъектiлердiң
барлық тұтынушыларына көрсетiлетiн қызметтердiң
тарифтерiн төмендету тәртiбi

      2. Барлық тұтынушыларға көрсетiлетiн қызметтерге төмендетiлген тариф қызметтер көрсетуге қажеттi шығыстар құнынан төмен болмауы тиiс және субъектiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайданы алу мүмкiндiгiн ескеруi қажет. Сонымен бiрге тарифтердi төмендету мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
      1) көрсетiлетiн немесе өндiрiлетiн қызметтердiң көлемдерiн ұлғайту;
      2) субъектiнiң нақты шығындарын, негiзгi құралдардың құнын өсiруге алып келмейтiн ағымдағы және күрделi жөндеуге және басқа жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына жұмсалған шығындарды, заңда белгiленген тәртiппен бекiтiлген және келiсiлген инвестициялық жобаны жүзеге асыруға шығындарды қоспағанда, қысқарту;
      3) субъeкт "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  18-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген қызметтi жүзеге асырушы субъектiлер үшiн белгiленетiн көтерме тұтынушыларға арналған босату тарифтерi құрылымына сату мақсатында сатып алған тауарға (өнiмге) бағаны кемiту жағына өзгерту;
      4) субъектiлердiң табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес субъектiлер жүзеге асыратын қызметтердiң өзге де түрлерiнен едәуiр табыстар алу.

      3. Тарифтердi төмендету:
      1) тарифтердi жоғарылату үшiн кейiннен тарифтердi қарауға өтiнiмдер берген кезде негiз болмауы;
      2) инвестициялық жобаның орындалмауына негiз болмауы;
      3) сапаны төмендету, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтердiң мөлшерiн шектеуге;
      4) тұтынушыларды теңсiздiк жағдайына қоюға немесе өзге түрде олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға негiз болмауы тиiстi.

      4. Субъектiнiң барлық тұтынушыларына көрсетiлетiн қызметтердiң тарифтерiн төмендету туралы шешiмi тарифтердi қолдану кезiнде субъектiнiң бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтiледi.

      5. Көрсетiлетiн қызметтердiң тарифтерiн белгiлi бiр мерзiмге төмендету туралы шешiмдi бекiткен кезде мерзiмдi Субъектiнiң бұйрығында көрсету қажет.

      6. Субъект барлық тұтынушыларға көрсетiлетiн қызметтердiң тарифтерiн төмендетудi енгiзгенге дейiн 25 күн бұрын тарифтi төмендету туралы қабылданған шешiмнiң түпнұсқасын, сондай-ақ тарифтi төмендету мүмкiндiгiн растайтын есептер мен негiздеушi құжаттарды уәкiлеттi органға жiберу жолымен қабылданған шешiм туралы Уәкiлеттi органды хабардар етедi.

  3. Тарифтердiң қолданыстағы кезеңiнде субъектiлердiң барлық тұтынушыларына көрсетiлетiн қызметтердiң тарифтерiн төмендетудi енгiзу тәртiбi

      7. Барлық тұтынушыларға көрсетiлетiн қызметтердiң тарифтерiн төмендету айдың 1-күнiнен бастап жүргiзiледi.

      8. Субъект тарифтердi төмендету туралы ақпаратты оны енгiзгенге дейiн 10 күн бұрын тұтынушылардың мәлiметiне жеткiзуге мiндеттi.

      9. Егер субъект тарифтердi төмендету туралы тұтынушыларға осы Ережеде көрсетiлген мерзiмде хабарламаса, онда көрсетiлген тарифтердi төмендету Субъектiнiң бұйрығында көрсетiлген мерзiмнен бастап енгiзiлмейдi. Тарифтердi төмендетудi енгiзу бiр айдан кейiн жүргiзiледi.

  4. Осы Ереженi бұзғандығы үшiн жауапкершiлiк

      10. Осы Ереженi бұзған Субъектiлер Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетiлген жауапкершілiкке тартылуы мүмкiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады