N 455 болып тiркелген "24 Бухгалтерлiк қызметтердi ұйымдастыру" бухгалтерлiк есеп стандартын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бухгалтерлік есеп және аудит әдiснамасы департаментiнiң 1997 жылғы 31 желтоқсандағы N 455 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 11 наурыздағы N 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 2 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2225. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 бұйрығымен

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N  217  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.  

      Бухгалтерлiк есептiң нормативтiк базасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "24 Бухгалтерлiк қызметтердi ұйымдастыру" бухгалтерлiк есеп стандартын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiснамасы департаментiнiң 1997 жылғы 31 желтоқсандағы N 455 (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 11 ақпандағы N 455 тiркелген және 1998 жылы "Қаржы, салық, бухгалтерлiк есеп, сақтандыру жөнiндегi нормативтiк актiлердiң" 11 (71) арнайы шығарылымда ресми жарияланған)  бұйрығына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген 24 "Бухгалтерлiк қызметтердi ұйымдастыру" бухгалтерлiк есеп стандартына:

      1-тармақта ескерту алынып тасталсын;
      стандарттың барлық мәтiнi бойынша "субъектiлердiң", "субъект", "субъектiлерi", "субъектiлерде", "субъектiсiне", "субъектiнiң", "субъектiлер", "шаруашылық операцияларын", "шаруашылық операцияларының", "шаруашылық операциялары", "басшы", "басшысы", "машина", "мүлiктi түгендеу мен қаржылық мiндеттемелердiң", "мүлiкке және ақшалай мiндеттемелерге", "мүлiктер мен мiндеттемелердiң" деген сөздер тиiсiнше "ұйымдардың", "ұйым", "ұйымдары", "ұйымдарда", "ұйымына", "ұйымның", "ұйымдар", "операциялары мен оқиғаларын", "операциялар мен оқиғаларының", "операциялары мен оқиғалары", "басшылық", "басшылығы", "электронды", "активтердi және мiндеттемелердi түгендеудiң", "активтер мен мiндеттемелерге", "активтер мен мiндеттемелердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың абзацындағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Бухгалтерлiк есеп туралы" Жарлығымен" деген сөздер "Бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы стандарт қызметiн реттеу мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жүктелген ұйымдарды қоспағанда, бухгалтерлiк қызметтi ұйымдастыру кезiнде ұйымдардың барлық түрiне қолданылады.";

      4-тармақтағы "субъект iс-қимылының шаруашылық процестерi мен қаржылық қорытындысы", "кредиторлардың" деген сөздер тиiсiнше "кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстерi", "қарыз берушiлердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың бесiншi абзацындағы "операцияларға, сондай-ақ басқа да шешiмдерге бақылау тәртiптерiн дайындауды жүзеге асырады" деген сөздер "операцияларға бақылау тәртiптерiн дайындауды жүзеге асырады, сондай-ақ басқа да шешiмдер қабылдайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтың екiншi абзацындағы "фирмалар", "алғашында шартпен" деген сөздер тиiсiнше "ұйымдар", "шартты негiзде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Ұйым бухгалтерлiк есеп шоттарының үлiгiлiк жоспарына сәйкес екi жазба жүргiзу жолымен активтердiң, мiндеттемелердiң меншiктi капиталдың, кiрiстер мен шығыстардың болуы мен қозғалысына байланысты операциялар мен оқиғалардың бухгалтерлiк есебiн жүргiзедi.";

      10-тармақта:
      екiншi абзацтағы "Есеп саясаты және оны ашу" 1 БЕС белгiлеген ережелерiне сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Операциялар мен оқиғаларды ресiмдеу үшiн қолданылатын бастапқы құжаттарға арналған нысандарды немесе оларға қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтедi.";

      14-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Уәкiлеттi орган нысандарын немесе нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды бекiтпеген, қағазға түсiрiлген және электронды жеткiзушiлердегi бастапқы құжаттарды кәсiпкерлер мен ұйымдар дербес әзiрлейдi және оларда мынадай деректемелер мiндеттi түрде қамтылуға тиiс:";
      төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi және сегiзiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "ұйымның атауы немесе атына құжат жасалған кәсiпкердiң тегi және аты-жөнi;
      операцияның немесе оқиғаның мазмұны;
      операцияның немесе оқиғаның өлшем бiрлiгi (сандық және құндық шағылымда);
      лауазымдар атауы, тектерi, аты-жөнi және операцияның жасалуына жауапты тұлғалардың қолы (оқиғаны растау) және оны рәсiмдеу дұрыстығы.";
      тоғызыншы абзацтағы "операция" деген сөзден кейiн "немесе оқиға" деген сөздермен толықтырылсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн электронды жеткiзушiлерде жасаған кезде кәсiпкерлер мен ұйымдар операциялардың басқа қатысушылары үшiн, сондай-ақ осындай талап ету құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған мемлекеттiк органдардың талабы бойынша қағаз жеткiзушiлерiнде осындай құжаттардың көшiрмесiн дайындауы тиiс.";

      17-тармақтағы "банктiк" деген сөзден кейiн "бастапқы" деген сөзбен толықтырылсын;

      18-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "18. Есепке алуға қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпарат нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтетiн бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерiнде жинақталады және жүйелендiрiледi.";

      19-тармақтың екiншi абзацындағы "Субъект" деген сөз "кәсiпкерлер немесе ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Кәсiпкерлер мен ұйымдар бухгалтерлiк есепке алудың бастапқы құжаттарын, қағазға түсiрiлген және (немесе) электронды жеткiзушiлердегi бухгалтерлiк есепке алудың тiркелiмдерiн, қаржылық есеп берудi, есеп саясатын, есепке алу деректерiнiң электрондық өңдеу бағдарламасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген кезең iшiнде сақтауға мiндеттi.";

      24-тармақтағы "есеп жылындағы" деген сөз "есеп кезеңiндегi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      25-тармақта:
      үшiншi абзацтағы "сондай-ақ" деген сөзден кейiн "негiзгi құралдардың және/немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бөлiну балансын жасар алдында ұйымды қайта ұйымдастырған кезде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда;";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "жылдық қаржылық есептiлiктi жасаған кезде жүргiзiледi.";

      2. Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiснамасы департаментi белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Л.А.Ивановке жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады