Жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 96 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2252. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 241 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 241 (2012.01.01 бастап күшіне енеді) Қаулысымен.     

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры үшін шығарылған (төленген) жарғылық капиталдың ең аз мөлшері:
      1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін - 250.000.000 (екі жүз елу миллион) теңгеден кем болмайтын;
      2) корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін - 100.000.000 (жүз миллион) теңгеден кем болмайтын мөлшерде белгіленсін.
      Жұмыс істейтін жинақтаушы зейнетақы қорлары осы қаулының 2004 жылғы 1 қаңтарына дейінгі мерзімдегі жарғылық капиталдың ең аз мөлшеріне қатысты талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін жинақтаушы зейнетақы қорының шығарылған (төленген) жарғылық капиталдың ең аз мөлшері:
      1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін - 500.000.000 (бес жүз миллион) теңгеден кем болмайтын;
      2) корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін - 300.000.000 (үш жүз миллион) теңгеден кем болмайтын мөлшерде белгіленсін.
      3. Құрылтайшы (акционер) - заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қорына төлеу үшін акцияға және басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлесіне орналастырылған активтерден ақшаны шегере отырып, оны меншік капиталы шегінде ғана, ал құрылтайшы (акционер) - жеке тұлға кірістер туралы декларацияда расталған өз ақшасын енгізуі мүмкін деп белгіленсін.
      4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады