Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің солдаттары, матростары, сержанттары мен старшиналары әскери билетінің жаңа үлгісін қолданысқа енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі N 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 4 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2260. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 2006.08.17. N 324 бұйрығымен.

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 2006.08.17. N 324 бұйрығымен.
 
-------------Бұйрықтан үзінді--------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      ...
      3) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің солдаттары, матростары, сержанттары мен старшиналары әскери билетінің жаңа үлгісін қолданысқа енгізу туралы" 2003 жылғы 11 сәуірдегі N 110 (Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 4 мамырда N 2260 болып тіркелген).
____________________________       

      Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінің солдаттары, матростары, сержанттары мен старшиналары лауазымдарында әскери қызметті өткеретін әскери қызметшілердің жеке басын куәландыратын құжаттарды заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің солдаттары, матростары, сержанттары мен старшиналары әскери билетінің үлгісі және сипаттамасы бекітілсін. 
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасының бастығы белгіленген тәртіппен әскери билеттердің бланкілерін әзірлеуге конкурс ұйымдастырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы әскери бланкілердің есебін жүргізуді және әскери комиссариаттарға тапсыруды ұйымдастырсын. Ауыстыру және әскери билеттің ескі үлгісін жою тәртібін айқындасын.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген мезгілінен бастап күшіне енеді.
      5. Бұйрық қорғаныс министрінің орынбасарларына, Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының департаменттері, бас басқармалары, басқармалары мен қызметтерінің бастықтарына, Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектерінің, әскери округтер әскерлерінің қолбасшыларына, облыстық әскери комиссарларға жеткізілсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      Министр
      армия генералы

Қазақстан Республикасы  
Қорғаныс министрінің   
2003 жылғы 11 сәуірдегі 
N 110 бұйрығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінің солдаттары, матростары, сержанттары мен старшиналары әскери
билетінің үлгісі және оның сипаты

      1. Әскери билеттің мұқабасы көгілдір түсті, онда қара түспен мыналар жасалған:
      1) жоғарыда әріп таңбасы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған жазба

Қазақстан Республикасы
Республика Казахстан

      2) ортасында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы;
      3) елтаңбадан төмен - әріп таңбасы мемлекеттік және орыс тілдерінде басылып жазылған жазба

Әскери билет
Военный билет

      төменде мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған жазба

Қорғаныс министрлігі
Министерство обороны

      Мұқабаның ішкі жағында және барлық беттердің ортасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері белгісінің түсті нышаны, қызыл бес жұлдыздың ортасында оның үстінде сары түсті бүркіт шарықтаған күн сипатталған.
      2. Әскери билет кітапшасының көлемі 85х120 мм, ішінде су таңбасымен арнайы қағаздан жасалған 4 парақ орналасқан. Әскери билеттің парақтарындағы жазбалар мен бағандарға бөлу қара түсті бояумен жасалған.
      3. Мұқабаның ішкі жағында қара түспен жазылған мемлекеттік және орыс тілдерінде жазба жазылады.

Әскери билет
Военный билет

      Төменде ортасында әскери билеттің сериясы мен нөмірі жазылады.
      Бұдан әрі жекелеген жолдарда мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай жазбалар жазылады:
      "Тегі/Фамилия
      Аты/Имя
      Әкесінің аты/Отчество
      Туған күні, айы, жылы/Дата рождения
      Иесінің өз қолы/Личная подпись владельца (ставится над чертой)
      Берілді/Выдан
      Күні/Дата"
      Төменгі сол жағында көлемі 30х40 мм фотосурет үшін орын болады.
      Фотосуреттің оң жағында мөр үшін орын және төменде сызықтың үстінде қол қою үшін орын болады.
      4. Әскери билеттің беттері нөмірленеді.
      5. 1 деген бірінші беттің жоғарында әскери билеттің сериясы мен нөмірі жазылады. Төменде ортасында мемлекеттік және орыс тілдерінде жазба жазылады, төменде ортасында әскери билеттің бірінші бөлімі белгіленеді және мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы жазылады:
      "1. Жалпы мәліметтер/Общие сведения".
      Төменде мынадай жазба жазылады:
      "1. Туған жері/Место рождения
      2. Ұлты/Национальность
      3. Білімі/Образование
      4. Мамандығы/Специальность".
      Әскери билеттің екінші бөлімі мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы жазылады:
      "2. Әскери қызметке қатысы/Отношение к воинской службе".
      Төменде мынадай жазба жазылады:
      "5. Әскери қызметке шақыру туралы белгі/Отметка о призыве на воинскую службу (передаче в запас)
      6. Жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақыру туралы белгі (келісім-шарт бойынша қызметке айқындау)/Отметка о призыве на воинскую службу по мобилизации (определении на службу по контракту) 
      Екінші бетте әскери қызметті немесе оқу жиындарын өткеру туралы мәліметтер жазылады:
      7. Мерзімді әскери қызметті немесе оқу жиындарын өткеру/Прохождение воинской службы или учебных сборов".
      3-бетте 8-тармақтың астынан әскери антты қабылдау туралы мәліметтер жазылады.
      Төменде мынадай жазбалар жазылады:
      "9. Ұрыс қимылдарына қатысуы туралы белгі/Отметка об участии в боевых действиях
      10. Соғыс уақытында пайдалану туралы қорытынды/Заключение об использовании в военное время
      11. Әскери атағы және мамандығы бойынша сынып берілуі/Присвоение воинских званий и классности по специальности".
      4-бетте 12, 13-тармақтарда запасқа шығару және босату туралы мәліметтер жазылады.
      Төменде мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы жазылған әскери билеттің үшінші бөлімі орналастырылады:
      "3. Запастағы қызмет/Служба в запасе".
      3-бөлімде мынадай тармақтары бар:
      "14. Есеп санаты/Категория учета
      15. Есеп тобы/Группа учета
      16. Құрамы/Состав
      17. ӘЕМ нөмірі мен коды, лауазымы және ерекше қызмет белгілері/Номер и код ВУС, должности и особых признаков службы
      18. Лауазымының және әскери-есептік мамандығының атауы (лауазымдық мамандығы)/Наименование должности и военно-учетной специальности (должностная квалификация). 18-тармақ 5-бетте орналастырылады".
      5-бетте 3-бөлімнің 18-тармағынан төмен 4-бөлім мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады:
      "4. Ерекше белгілер/Особые отметки".
      6-бетте мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы жазылған әскери билеттің бесінші бөлімі орналастырылады:
      "5. Жұмылдыру нұсқамасын беру және алу туралы белгілер/Отметки о выдаче и изъятии мобпредписаний".
      7-бетте мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы жазылған әскери билеттің алтыншы бөлімі орналастырылады:
      "6. Әскери есепке қабылдау және есептен шығару/Прием на воинский учет и снятие с учета".
      8-бетте мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы жазылған әскери билеттің жетінші бөлімі орналастырылады:
      "7. Әскери міндеттіліктен босату туралы белгі/Отметки об освобождении от воинской обязанности".
      Төменде 19-тармақта әскери есептен шығару туралы шақыру комиссиясының қорытындысы жазылады, 20-тармақта шекті жасқа жетуі бойынша әскери есептен шығару туралы жазба жазылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады