Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.29 N 618 Бұйрығымен.
--------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі)" қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
36-бабына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. ...
2. ...
3. Кейбір бұйрықтар осы бұйрыққа
9-қосымшаға
сәйкес жойылған деп танылсын.
4. ...
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрі Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 618 бұйрығына
9–қосымша
Күші жойылған деп танылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. ...
2. ...
3. "Берілген бір жолғы талондардың сомаларын бюджетке есепке алу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі
N 161
бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2273 болып тіркелген, "Ресми газет" газетінде жарияланған, 2003 жыл 31 мамыр N 22 (127), 2003 жыл 27 қыркүйек N 39 (144)).
4. ...
5. ...
6. ...
7. ...
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгіндe 2001 жылғы 30 қарашада N 1685 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469
бұйрығымен
бекітілген бір жолғы талондарды беру Ережесіне сәйкес бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiр жолғы талондар берудi жүзеге асырушы уәкiлеттi органдар бiр жолғы талондар беруден қабылдаған сомаларды олар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнің банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар екінші деңгейдегі банкілерге, олардың филиалдары және есептік - касса бөлімдері немесе ұйымдарға ақша қабылдау жүргізген келесі банкі күнінен кешіктірмей бюджетке есептеу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күнделікті түсуі 10 айлық есептік көрсеткіштен кем болған жағдайда, онда тапсыру үш банкі күнінде бір рет тапсырылады.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті (С.Қанатов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жіберсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі