Шетел тілінде жасалған құжаттар мен мәліметтерді кеден мақсаттарында пайдалану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2003 жылғы 16 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2274. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21  № 474Бұйрығымен. 

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 366-бабына сәйкес, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу рәсімін жетілдіру мақсатында бұйырамын: Қараңыз.K100296
      1. Шетел тілінде жасалған құжаттар мен мәліметтерді кеден мақсаттарында пайдалану мынадай жағдайларда жүргізіледі деп белгіленсін:
      1) Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткендігі туралы, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарының баратын кеден органына жеткізілгендігі туралы кеден органдарын хабардар ету кезінде;
      2) егер бұл Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен көзделсе, кеден органы ұсынылған құжаттарды жеткізілуін бақылау құжаты ретінде таныған жағдайда;
      3) егер бұл құжаттарда қысқаша декларация толтыру үшін қажетті мәліметтер болса, қысқаша декларация беру кезінде;
      4) жеке тұлғалар тауарларды жеңілдетілген немесе оңайлатылған тәртіппен өткізу кезінде осы бұйрықтың 2-тармағында көзделген құжаттар ұсынылған жағдайда;
      5) жүк кедендік декларацияны беру, осы бұйрықтың 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсыну кезінде.
      2. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде халықаралық стандарттарға сәйкес құжаттарға қатысты ұсынылған (растайтын) құжаттарда қамтылған мәліметтердің аудармасын талап етуге рұқсат етілмейді.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Кедендік бақылау агенттігінің
      төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады