Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2003 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2278. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы N 215 бұйрығымен

        Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы N 215  бұйрығымен .
_____________________________________

      Қазақстан Республикасы Кеден  кодексінің  350-бабының 8-тармағын іске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға

Қазақстан Республикасының  
Кедендік бақылау агенттігі 
төрағасының         
 2003 жылғы 7 мамырдағы  
 N 185 бұйрығымен     
бекітілген       

Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарлама

"____" ________ 200 __ ж.                              N ____

__________________________________________________________________
  (төлеушінің тегі, есімі, әкесінің аты немесе толық атауы, заңды

__________________________________________________________________
                      мекен-жайы, СТН-ы)

_____________________________________________________________ сізге
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  350 355 356 ,
___________________________________________________________________

466 -баптарына сәйкес,
___________________________________________________________________
                 (қажет баптың астын сызыңыз)
__________________________________________________________________
                  (кеден органының атауы)

N ______________________________________ келісім-шарт
N ______________________________________ ЖКД/ҚКМ/тексеру актісінің
                      (қажетін сызыңыз)
негізінде _________________________________________________________
                           (санмен және жазбаша)

__________________________________________________ сомаға кедендік 
төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың есептелгендігі туралы
хабарлайды.

------------------------------------------------------------------
Р/б! Бюджеттік жіктеме! Кедендік төлемнің !Төлем  !Өсімпұл! Жалпы 
 N !        коды      !  немесе салықтың  !(салық)! сомасы! сома   
   !                  !        түрі       !сомасы !       !
------------------------------------------------------------------
 1 !          2        !          3        !   4  !    5  !   6
------------------------------------------------------------------

      200 __ жылғы  "____" ________  дейінгі мерзімде Сіз аталған 
соманы бюджеттік жіктеме кодтары бойынша бюджетке 080____ 
"Бюджеттер арасында бөлінетін кірістер" баланстық шотына ___________________________________________________________________
 (алушы-салықтық органның және оның Қазынашылығының деректемелері,
___________________________________________________________________
                  (СТН, ИИК, БИК және т.б.)
аударуыңыз қажет.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  66-тарауына  сәйкес 
Сіз осы хабарлама туралы жоғары тұрған кеден органына шағымдануға 
не сотқа жүгінуге құқылысыз.
      Хабарламадағы талаптарды орындау мерзімі хабарламаға шағымдану
жағдайларын қоспағанда, хабарламаны тапсырған күннен кейінгі күннен
бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
      Шағымдану жағдайларын қоспағанда хабарламадағы талаптар
орындалмаған жағдайда кеден органы Қазақстан Республикасы Кеден
кодексінің  45-тарауына сәйкес іс-әрекеттерді қолданады.
      Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің
349-бабына  сәйкес әрбір мерзімі өткен күнге Қазақстан 
Республикасының Ұлттық Банкінде белгіленген қайта қаржыландырудың
екі есе ресми ставкасы мөлшерінде төлеу күнін қоса алғанда, кедендік
төлемдер мен салықтарды төлеу мерзімдері өткен күннен кейінгі күннен
бастап кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің әрбір мерзімі өткен
күні үшін өсімпұл есептеледі.

Кеден органының бастығы        ___________________________________
"____" ______ 200 __ ж.                  (Т.Е.Ә., қолы)

Хабарлама төлеушіге тапсырылды ___________________________________
"____" ______ 200 __ ж.          (төлеушінің Т.Е.Ә., қолы, мөрі)

Хабарлама төлеушіге жіберілді  ___________________________________
"____" ______ 200 __ ж.         (жіберу және алу фактісі туралы
                                         растайтын құжат)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады