"Мемлекеттiк сатып алудың мониторингi" ақпараттық жүйе бойынша мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердi табыс етудiң ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 26 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2300. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 7 қазандағы N 357 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 7 қазандағы N 357   бұйрығымен .

------------------------------------      

      Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердi табыс етудiң мерзiмдерi мен нысандарын белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 қыркүйектегi N 1031  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi туралы ереженiң 10-тармағы 5) тармақшасының негiзінде бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған "Мемлекеттiк сатып алудың мониторингi" ақпараттық жүйе бойынша мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердi табыс етудiң ережесi бекiтiлсiн.
      2. "Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыланатын мемлекеттiк мекемелер үшiн жүргiзiлген тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу туралы есеп берудi жасау мен табыс етудiң ережесi мен есеп нысандарын бекiту және күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 25 қаңтардағы N 2  бұйрығының  күшi жойылды деп танылсын.
      3. Ұйымдастыру-құқықтық жұмысы бөлiмi (H.Нұрахметов) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрық оны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
      5. Осы бұйрықтың орындалуының бақылауы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары А.М.Черепановқа жүктелсiн.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік   
сатып алу жөніндегі агенттігі     
төрағасының 2003 жылғы 18 сәуірдегі  
N 56 бұйрығымен бекітілген      
"Мемлекеттік сатып алудың мониторингі" 
ақпараттық жүйе бойынша мемлекеттік   
сатып алу туралы мәліметтерді табыс  
етудің ережесі             

  "Мемлекеттік сатып алудың мониторингі" ақпараттық жүйе бойынша мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді табыс етудің ережесі

      1. Осы "Мемлекеттік сатып алудың мониторингі" ақпараттық жүйе бойынша мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді табыс етудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2002 жылғы 16 мамырдағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158  қаулысымен  бекітілген Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесіне сәйкес әзірленген.
      Мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға "Мемлекеттік сатып алудың мониторингі" ақпараттық жүйе (бұдан әрі - Жүйе) бойынша осы Ережеде белгіленген нысандар мен мерзімдерде табыс етеді.

  1 тарау. Кіріспе
& 1. Негізгі ұғымдар

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) пайдаланушы - Жүйе бойынша мемлекеттік сатып алу процесі туралы ақпаратты табыс ететін мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
      2) жүйенің орталық мәліметтер жиынтығы - Жүйенің барлық мәліметтерін сақтауға және жинауға, олардың тұтастығын қамтамасыз етуге, кідірістер мен санкцияланбаған қол жеткізілімнен қорғауға арналған, мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органның орталық серверінде орналасқан Жүйенің құрамдас бөлігі;
      3) оқшауланған мәліметтер жиынтығы - қайсыбір ұйым мен оның барлық ведомстволық бағыныстағы мекемелері бойынша мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді сақтауға және жинауға арналған Жүйенің құрамдас бөлігі;
      4) offline клиент - оқшау желі бойынша орталық мәліметтер жиынтығымен байланысы жоқ пайдаланушыларға орналастырылатын Жүйені бағдарламалық қамтамасыз етудің түрі;
      5) online клиент - оқшау желі бойынша орталық мәліметтер жиынтығымен байланысы бар пайдаланушыларға орналастырылатын Жүйені бағдарламалық қамтамасыз етудің түрі;
      6) Web-сервер - орталық мәліметтер жиынтығынан уәкілетті органның Web-сайтына ақпаратты орналастыру үшін арналған Жүйенің құрамдас бөлігі.

  & 2. Жұмыс тәртібі, ақпаратты ұсыну мерзімдері және
растығына жауапкершілік

      3. Мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға табыс етуді пайдаланушы Жүйені бағдарламалық қамтамасыз етудің нысандарын толтыру және оларды Жүйенің орталық мәліметтер жиынтығына беру арқылы жүзеге асырады.

      4. Барлық пайдаланушылар мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді осы Ереженің 2, 3 және 4 тарауларында белгіленген мерзімдерде табыс етеді.

      5. Бас және бағыныстағы ұйым арасындағы ақпарат алмастыруы "қағазды және/немесе электронды" ақпарат тасымалдаушыда жүзеге асырылады. Мәліметтерді Жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуіне осы Ережеде белгіленген мерзімдерде енгізгеннен кейін, бағыныстағы ұйым осы мәліметтерді өзінің оқшауланған мәліметтер жиынтығына "Мәліметтер пакетін" импортталатын және бір күн ішінде ақпаратты Жүйенің орталық мәліметтер жиынтығына жіберетін бас ұйымға жібереді.

      6. Тоқсан сайын әр айдың 10-на дейінгі мерзімге пайдаланушының бас ұйымы, Жүйенің бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары арқылы, көбейтілген қорытындымен, өзіне қарасты мекемелерді есепке ала отырып, "1ГЗ жинақ нысаны" есебін құрайды және жеті күн мерзім ішінде бірінші басшының қолымен бекітіп қағазды ақпарат тасымалдаушыда арқылы, мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға табыс етеді.

      7. Бағыныстағы ұйымнан бас ұйымға "Мәліметтер пакетін" жіберу үшін қажетті уақытты ескере отырып, бағыныстағы ұйымдарға осы Ереженің 2, 3 және 4 тарауларында көрсетілген мерзімдерден 3 күнге ауытқушылық рұқсат етіледі.

      8. Егер мәліметтер орталық мәліметтер жиынтығына импортталған және оларды жіберген пайдаланушы бұл жөнінде белгі алған жағдайда, ақпарат мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға табыс етілген деп есептеледі.

      9. Жүйе арқылы табыс етілетін барлық ақпараттың растығы және толықтығы үшін жауапкершілік, қолданылатын заңға сәйкес пайдаланушыға жүктеледі.

  2 тарау. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары

      10. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға табыс етіледі және кейіннен ықтимал өнім берушілерге өздерінің мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуын жоспарлауға мүмкіндік туғызатын Web-сайтқа орналастырылады.

      11. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту алдында пайдаланушы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жоспарланып отырған номенклатурасы мен көлемдері туралы ақпаратты тауардың, жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің әрбір жеке атауы бойынша, мынадай атрибуттерді көрсете отырып:
      1) анықтамалықтан алынатын тауардың, жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің атауын;
      2) көрсетіліп отырған тауарды, жұмыс немесе көрсетілетін қызметті сатып алу шығыстарын бюджеттік ұйымдар жүргізетін Қазақстан Республикасының бюджеті шығыстарының экономикалық топтастыруының ерекшелігін;
      3) сатып алуға жоспарланып отырған тауардың, жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің қысқаша сипаттамасын;
      4) тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет қажеттілігінің жоспарланып отырған көлемінің;
      5) өлшем бірлігінің жоспарланып отырған бағасын;
      6) сатып алудың жоспарланып отырған тәсілін:
      ашық конкурс;
      жабық конкурс;
      баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып, өнім берушіні таңдау;
      бір көзден сатып алу тәсілі;
      биржа арқылы сатып алу;
      7) импортқа жоспарланып отырған қатынасын: бұл жағдайда "импорт" - шетелде шығарылған тауарлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттері емес орындаған жұмыстар мен Қазақстан Республикасының резиденттері емес көрсеткен қызметтер;
      8) сатып алу шараларын өткізудің жоспарланып отырған уақытын;
      9) тауарды жеткізудің, жұмысты орындаудың, қызметті көрсетудің жоспарланып отырған мерзімін осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес Жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуінің нысанын толтыру арқылы енгізуді жүзеге асырады.

      12. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің жоспарланып отырған номенклатурасы мен көлемдері туралы ақпаратты енгізгеннен және мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші "Ведомость бекітілген" опция белгісімен "Ведомость" экрандық нысанында осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес бекіткеннен кейін енгізілген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы бекітілген деп және мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға жіберуге дайын деп белгіленеді. Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгеннен кейін жеті жұмыс күн ішінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға табыс етілуі тиіс.

      13. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізілген кезде, мемлекеттік сатып алудың жылдық өзгертілген жоспары жеті жұмыс күн ішінде уәкілетті органға табыс етілуі тиіс.

  3 тарау. Мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілі
арқылы жүзеге асыру

& 1. Конкурстық құжаттаманы дайындау және конкурсты хабарлау

      14. Конкурстық құжаттаманы дайындау процесінде тауарларды, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландырудың алдында, пайдаланушы осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес, мыналарды көрсете отырып, Жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуінің нысанын толтыру арқылы алдағы болатын конкурс туралы ақпаратты енгізеді.
      1) "Негізгі мәліметтер" қалауында:
      конкурсты ұйымдастырушының атауы;
      өткізіліп отырған конкурстың тәсілі: ашық конкурс, жабық конкурс, екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын ашық конкурс, екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын жабық конкурс;
      конкурстың атауы;
      конкурстық өтінімдерді дайындау және конкурсты өткізу жөніндегі ықтимал өнім берушілер үшін конкурстық құжаттаманы бекіткен құжаттың күні мен нөмірі;
      ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарының тізбесі;
      хабарландыру БАҚ-нда жарияланған күні;
      2) "Қаржы мәліметтері" қалауында:
      қаржыландыру көзі: республикалық бюджет, жергілікті бюджет, займдар қаражаты, гранттар қаражаты, өзгелер;
      конкурстық құжаттамада көзделген төлемнің негізгі шарттары;
      конкурстық құжаттама үшін ақы алу көзделген жағдайда, конкурстық құжаттама пакетінің құны.
      3) "Конкурстық өтінімдердің мәліметтері" қалауында:
      конкурстық құжаттаманы сатып алудың (алудың) мекен-жайы мен орны;
      конкурстық құжаттаманы сатып алудың (алудың) күні мен уақыты;
      конкурстық өтінімдерді табыс етудің мекен-жайы мен орны;
      конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі (күні мен уақыты);
      конкурстық өтінімдерді ашудың мекен-жайы мен орны;
      конкурстық өтінімдерді ашудың күні мен уақыты;
      қосымша ақпарат: Конкурсты ұйымдастырушының телефоны, факсі.

      15. Хабарланып отырған конкурстың шегіндегі тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауларын, тауардың санын, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемдерін, сондай-ақ жеткізудің мерзімдері мен орнын пайдаланушы әрбір Тапсырыс беруші үшін жеке осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес, мыналарды көрсете отырып:
      1) лоттың нөмірі;
      2) лоттың атауы;
      3) осы лот үшін тапсырыс берушінің атауы;
      4) тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің мерзімдері мен орны;
      5) өткізілген конкурстан кейіннен шартты үнемдеуді есептеу үшін қаржыландырудың теңгемен болжамдық көлемі;
      6) бюджеттік ұйымдар ол бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізетін бюджеттік бағдарламаның/кіші бағдарламаның нөмірі мен атауы;
      7) сатып алудың сипаттауы мен өлшем бірлігі, саны және бюджеттік ұйымдар бюджет шығыстарының экономикалық топтастыру ерекшелігі көрсетілген сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтердің әрбір позициясының атауы "Лот" экрандық нысанында көрсетеді.

      16. Конкурстық құжаттаманы бекіткеннен кейін пайдаланушы "Конкурс атрибуттері" әйнегінің "Құжаттама" опциясы арқылы, конкурстық құжаттаманы электрондық түрде табыс ету мүмкіндігі болған жағдайда, конкурстық құжаттама пакетін Жүйеге енгізуді жүзеге асырады. Электрондық түрдегі конкурстық құжаттама MS Excel, MS Word форматтарындағы файлдармен табыс етіледі.

      17. Ашық конкурс туралы хабарландыру БАҚ-нда жарияланған күнін пайдаланушы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес "Конкурстың статусы" экрандық нысанында оны "Хабарландырылды" деп белгілейді және хабарландырылған конкурс туралы ақпаратты Жүйенің орталық мәліметтер жиынтығына жіберуді жүзеге асырады.

      18. Хабарландырылған конкурс туралы ақпарат мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органның Web-сайтына орналастырылады. Егер пайдаланушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізсе, Жүйе бойынша бұрын табыс етілген конкурс туралы ақпаратқа өзгерістер енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде сәйкес өзгерістер енгізілуі тиіс.

  & 2. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу

      19. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқаннан кейін пайдаланушы хабарландырылған конкурс шегінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің ықтимал өнім беруші ұсынған бағалары мен жеткізу шарттары туралы ақпаратты әрбір лот және ықтимал өнім беруші бойынша жеке Ереженің 6-қосымшасына сәйкес "Ұсыныс" және Ереженің 7-қосымшасына сәйкес "Лот бойынша ұсыныстардың шарттары" экрандық нысандарын толтыру арқылы енгізеді.

      20. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күні пайдаланушы Ереженің 5-қосымшасындағы "Конкурстың статусы" экрандық нысанында конкурсты "Өткізілді" деп белгілейді. Егер хабарландырылған конкурс өткізілмесе, пайдаланушы Ереженің 5-қосымшасындағы "Конкурстың статусы" экрандық нысанында конкурсты "Өткізілмеді" деп белгілейді.

      21. "Ұсыныс" экрандық нысанында ықтимал өнім берушінің конкурстық өтінімінің мынадай атрибуттері көрсетіледі:
      1) өнім берушінің атауы;
      2) конкурстық өтінімді табыс етудің күні;
      3) өтінімді сипаттау;
      4) ықтимал өнім беруші конкурсқа қатысатын лоттың (лоттардың) тізбесі;

      22. "Лот бойынша ұсыныстардың шарттары" экрандық нысанында ықтимал өнім берушінің өтінімінің мынадай атрибуттері әрбір лот бойынша жеке көрсетіледі:
      1) осы лот бойынша сатып алынатын тауардың, жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің бірлігінің бағасы;
      2) сатып алынатын тауардың, жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің импортталуына қатынасы;
      3) осы лот бойынша қосымша шығыстар.

      23. Егер ықтимал өнім беруші өзінің конкурстық өтінімінде төлемнің балама шарттарын ұсынса, "Балама шарттар" қалауында пайдаланушы ықтимал өнім беруші ұсынып отырған төлемнің балама шарттарын көрсетеді.

      24. Пайдаланушы "Ұсыныстар тізімі" әйнегінің "Құжаттама" опциясы арқылы конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын Жүйеге енгізуді MS Word форматында жүзеге асырады.

  & 3. Конкурстың қорытындыларын шығару

      25. Конкурстың қорытындыларын шығарғаннан кейін пайдаланушы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес "Лот үшін өнім берушілер" экрандық нысанын толтыру арқылы әрбір жеке лот бойынша конкурстың жеңімпаздары туралы ақпаратты Жүйеге енгізуі тиіс. 

      26. Қайсыбір лот бойынша конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, пайдаланушы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес осы лоттың "Лот үшін өнім берушілер" экрандық нысанын толтырмайды.

      27. "Конкурстың лоттары" әйнегінің "Құжаттама" опциясы арқылы конкурс қорытындыларының хаттамасын Жүйеге енгізу Word форматында жүзеге асырылады MS.

      28. Заңға сәйкес конкурстың қорытындылары шығарылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурстың қорытындылары хаттамасының көшірмесі мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға табыс етілуі тиіс. Жүйе бойынша ақпаратты табыс ету шегінде бұл - өткізілген конкурс туралы мәліметтерді көрсетілген мерзімде Жүйенің орталық мәліметтер жиынтығына жіберілуі тиістігін білдіреді. 

  & 4. Жабық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып
       алуды жүзеге асыру

      29. Жабық конкурс өткізілген кезде пайдаланушы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес "БАҚ-ның тізбесі" атрибутын толтырмайды. Ақпаратты енгізудің кейінгі рәсімі ашық конкурс өткізілген кезде ақпаратты енгізу рәсіміне тектес.

  & 5. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурс

      30. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурс өткізілген кезде ақпаратты енгізу рәсімі ашық конкурс өткізілген кезде ақпаратты енгізу рәсіміне тектес. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурс өткізілген кезде ықтимал өнім берушілердің өтінімдері және конкурстың қорытындылары туралы Ереженің 15-24-тармақтарында көзделген ақпаратты пайдаланушы, бірінші кезеңнен өткен ықтимал өнім берушілер өздерінің конкурстық өтінімдерінің соңғы нұсқасын табыс еткеннен кейін, конкурстың екінші кезеңінен бастап енгізуі тиіс.

  4 тарау. Мемлекеттік сатып алуды басқа тәсілдермен
жүзеге асыру

  & 1. Өнім берушіні баға ұсыныстарын сұратуды
пайдалана отырып таңдау

      31. Баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алған кезде пайдаланушы сатып алынған тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты Ереженің 9-қосымшасына сәйкес "Баға ұсыныстарын сұратумен сатып алу атрибуттері" экрандық нысанын толтыру арқылы енгізеді.

      32. "Баға ұсыныстарын сұратумен сатып алу атрибуттері" экрандық нысанында сатып алудың мынадай атрибуттері көрсетіледі:
      1) "Сатып алу туралы мәліметтер" қалауында:
      тапсырыс берушінің атауы;
      өнім берушінің атауы;
      сатып алуды сипаттау;
      сатып алуды жүзеге асырған күні;
      сатып алуды сипаттауды және өлшем бірлігін, санын, бағасын, импортқа қатынасын және бюджеттік ұйымдар үшін бюджет шығыстарының экономикалық топтастыру ерекшелігін көрсетуді қоса, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтердің әрбір позициясының атауы;
      2) "Қаржылық мәліметтер" қалауында:
      қаржыландыру көзі: республикалық бюджет, жергілікті бюджет, займдар қаражаты, гранттар қаражаты, өзгелер;
      кейіннен шартты үнемдеуді есептеу үшін қаржыландырудың теңгемен болжамдық көлемі;
      ол бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды бюджеттік ұйымдар жүргізетін бюджеттік бағдарламаның/кіші бағдарламаның нөмірі мен атауы;
      төлем шарттары.

      33. Баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпарат сатып алуды жүзеге асырған сәттен бастап үш күн ішінде Жүйенің орталық мәліметтер жиынтығына берілуі тиіс.

  & 2. Ашық тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу

      34. Ашық тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алған кезде пайдаланушы сатып алынған тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты Ереженің 10-қосымшасына сәйкес "Биржа арқылы сатып алу атрибуттері" экрандық нысанын толтыру арқылы енгізеді.

      35. "Биржа арқылы сатып алу атрибуттері" экрандық нысанында сатып алудың мынадай атрибуттері көрсетіледі:
      1) "Сатып алу туралы мәліметтер" қалауында:
      тапсырыс берушінің атауы;
      өнім берушінің атауы;
      сатып алуды сипаттау;
      сатып алуды жүзеге асырған күні;
      сатып алуды сипаттауды және өлшем бірлігін, санын, бағасын, импортқа қатынасын және бюджеттік ұйымдар үшін бюджет шығыстарының экономикалық топтастыру ерекшелігін көрсетуді қоса, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтердің әрбір позициясының атауы;
      2) "Қаржылық мәліметтер" қалауында:
      қаржыландыру көзі: республикалық бюджет, жергілікті бюджет, займдар қаражаты, гранттар қаражаты, өзгелер;
      кейіннен шартты үнемдеуді есептеу үшін қаржыландырудың теңгемен болжамдық көлемі;
      ол бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды бюджеттік ұйымдар жүргізетін бюджеттік бағдарламаның/кіші бағдарламаның нөмірі мен атауы;
      төлем шарттары.

      36. Биржа арқылы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпарат сатып алуды жүзеге асырған сәттен бастап үш күн ішінде Жүйенің орталық мәліметтер жиынтығына берілуі тиіс.

  & 3. Бір көзден мемлекеттік сатып алу

      37. Бір көзден мемлекеттік сатып алған кезде, егер біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың көлемi құны жағынан Қазақстан Республикасының заңдарында тиiстi қаржы жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштiң екi мың еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда және тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi табиғи монополияның субъектілерінен сатып алуды жүзеге асырған кезде пайдаланушы сатып алынған тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты Ереженің 11-қосымшасына сәйкес "Бір көзден сатып алу атрибуттері" экрандық нысанын толтыру арқылы енгізеді.

      38. Осы Ереженің 33-тармағында көрсетілген жағдайда, пайдаланушы сатып алудың мынадай атрибуттерін толтырады:
      1) "Сатып алу туралы мәліметтер" қалауында:
      тапсырыс берушінің атауы;
      өнім берушінің атауы;
      сатып алуды сипаттау;
      сатып алуды жүзеге асырған күні;
      сатып алуды сипаттауды және өлшем бірлігін, санын, бағасын, импортқа қатынасын және бюджеттік ұйымдар үшін бюджет шығыстарының экономикалық топтастыру ерекшелігін көрсетуді қоса, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтердің әрбір позициясының атауы;
      2) "Қаржылық мәліметтер" қалауында:
      қаржыландыру көзі: республикалық бюджет, жергілікті бюджет, займдар қаражаты, гранттар қаражаты, өзгелер;
      кейіннен шартты үнемдеуді есептеу үшін қаржыландырудың теңгемен болжамдық көлемі;
      ол бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды бюджеттік ұйымдар жүргізетін бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) нөмірі мен атауы;
      төлем шарттары.

      39. Осы Ереженің 33-тармағында көрсетілген жағдайда тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу туралы ақпарат сатып алуды жүзеге асырған сәттен бастап үш күн ішінде Жүйенің орталық мәліметтер жиынтығына берілуі тиіс.

      40. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органмен келісімдеуді талап еткен жағдайда, пайдаланушы осы Ереженің 34-тармағында көрсетілген "сатып алудың күні" атрибутінен басқа атрибуттерді толтырудан басқа, "Сатып алуды келісімдеу" қалауындағы атрибуттерді толтырады:
      1) тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілін келісімдеу туралы хатының шығыс нөмірі;
      2) тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілін келісімдеу туралы хатының шыққан күнін;
      3) келісімдеу туралы жолдамаға қол қойған лауазымды тұлғаның аты-жөнін және растайтын қажетті құжаттарды қағаз тасымалдаушыда бір уақытта уәкілетті органға жібере отырып, Жүйенің орталық мәліметтер жиынтығына ақпаратты беруді жүзеге асырады.

      41. Уәкілетті органда тапсырыс берушінің жолдамасы қаралғаннан кейін бір көзден сатып алуға, уәкілетті орган хатының шығыс нөмірі, келісімделген сомасы мен орындаушысы көрсетіліп, "Келісімделді", "Келісімделмеді", "Ішінара келісімделді" статусы беріледі.

      42. Уәкілетті органның келісімі қағаз тасымалдаушыда алынғаннан және сатып алу жүзеге асырылғаннан кейін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу туралы ақпарат сатып алуды жүзеге асырған сәттен бастап үш күн ішінде Жүйенің орталық мәліметтер жиынтығына берілуі тиіс.

      43. "Бір көзден сатып алудың атрибуттері" әйнегінің "Құжаттама" опциясы арқылы пайдаланушы Жүйеге бір көзден сатып алу хаттамасын енгізуді MS Word форматында жүзеге асырады.

  & 4. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу

      44. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгеннен кейін үш күн ішінде пайдаланушы Ереженің 12-қосымшасына сәйкес "Шарт" экрандық нысанында атрибуттерді толтырады.
      Бұл нысанда мынадай атрибуттер көрсетілуі тиіс:
      1) шарттың нөмірі - мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нөмірі;
      2) тіркелген күні - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылығының аумақтық органында бюджеттік ұйымдар шартты тіркеген күні;
      3) күні - мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күн;
      4) валюта - шарттың валютасы;
      5) сипаттау - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сипаттауы;
      6) тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет - өлшем бірлігі, саны және бағасы көрсетілген сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі.

      45. "Шарт" әйнегінің "Құжаттама" опциясы арқылы пайдаланушы жасасқан мемлекеттік сатып алу туралы шартты Жүйеге енгізуді MS Word форматында жүзеге асырады.

  & 5. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау
 туралы ақпарат

      46. "Шартты орындау" әйнегінде Ереженің 13-қосымшасына сәйкес Пайдаланушы мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды сипаттамалайтын жиектерді толтырады.

      47. "Шартты орындау" нысанында пайдаланушы жеткізу фактісі құжаттамалық рәсімделгеннен немесе төленгеннен кейін үш күн ішінде тауардың, жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің әрбір позициясы бойынша экрандық нысанның жиектерін толтырады:
      1) жеткізілді - жеткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің физикалық көлемі көрсетіледі;
      2) төленген - өнім берушіге төленген сомалар көрсетіледі;
      3) "орындау аяқталды" - мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау аяқталғаннан кейін қойылады.

  5 тарау. Ерекше ережелер

  & 1. Анықтамалықтардың позицияларын толықтыру
 және өзгерту

      48. Жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуінің кейбір анықтамалықтарының позицияларын толықтыруды және өзгертуді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган орталықтандырып жүзеге асырады.

      49. Анықтамалықта қайсыбір позиция болмаған жағдайда, Пайдаланушы электрондық почта арқылы мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органның мекен-жайына (info@goszakup.kz) жоқ позицияларды көрсете отырып, хабарлама жібереді. 

      50. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің анықтамалығымен жұмыс істеген кезде, оның тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы атауларын ғана қамтитынын пайдаланушы ескеру тиіс. Нақты атауын пайдаланушы "Сипаттау" ұясында көрсетеді. Мысалы: Sun Fire V100 серверін сатып алу, пайдаланушы анықтамада "Сервер" позициясын таңдайды, ал "Сипаттау" ұясында "Sun Fire V100" нақты атауын көрсетеді.

  & 2. Ерекше тәртіпте жүзеге асырылатын мемлекеттік
сатып алу туралы мәліметтерді табыс ету

      51. Ерекше тәртіпте жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың құпия режимін сақтау мақсатында мұндай сатып алу өнім беруші мен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нақты атауларын көрсетпей, сатып алудың сомасы мен тәсілін көрсете отырып, табыс етіледі.

  & 3. Адал емес (сенімсіз) өнім берушілер туралы
мәліметтерді табыс ету

      52. Өнім беруші дұрыс емес және/немесе толық емес ақпаратты ұсынған жағдайда, пайдаланушы "Өнім берушінің атрибуттері: заңды тұлға" Ереженің 14-қосымшасына сәйкес немесе "Өнім берушінің атрибуттері: жеке тұлға" экрандық нысанында Ереженің 15-қосымшасына сәйкес "Қарым-қатынастар тарихы" әйнегінде мынадай атрибуттерді:
      1) ақпаратты енгізіп отырған тапсырыс берушінің толық атауын;
      2) өнім беруші мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға жіберілмеген жағдайды және себептерді қысқаша сипаттауды;
      3) ақпаратты енгізу күнін міндетті түрде көрсете отырып, оны "Сенімсіз" деп белгілейді.

      53. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін сот өнім берушіні жауапкершілікке тартқан жағдайда, пайдаланушы "Өнім берушінің атрибуттері: заңды тұлға" Ереженің 14-қосымшасына сәйкес немесе "Өнім берушінің атрибуттері: жеке тұлға" экрандық нысанында Ереженің 15-қосымшасына сәйкес, "Қарым-қатынастар тарихы" әйнегінде мынадай атрибуттерді:
      1) ақпаратты енгізіп отырған тапсырыс берушінің толық атауын;
      2) өнім беруші мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға жіберілмеген жағдайды және себептерді қысқаша сипаттауды;
      3) сот шешімінің күні мен нөмірін көрсете отырып, оны "Сенімсіз" деп белгілейді.

      54. Осымен бір уақытта пайдаланушы мұндай өнім беруші туралы барлық растайтын қажетті құжаттарды қағаз тасымалдаушыда уәкілетті органға жібереді.

      55. Өнім беруші туралы табыс етілетін барлық ақпарат бойынша пайдаланушы жауапкершілік тартады.

      56. Мемлекеттік сатып алу бойынша барлық өнім берушілер туралы ақпарат, соның ішінде адал емес және/немесе сенімсіз өнім берушілер тізімі, мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органның Web-сайтында автоматты түрде орналастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады