Республикалық бюджеттiң қаражатын игеру туралы жедел есептiлiктi жасау және беру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2308. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 24 шілдедегі N 263 Бұйрығымен.

       Ескерту. ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 192 бұйрығының күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 24 шілдедегі  N 263  Бұйрығымен.

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  29-бабының 3-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджеттiң қаражатын игеру туралы жедел есептiлiктi жасау және беру жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) бекiтiлсiн.
      2. Ақпараттық технологиялар департаментi (А.Евсюков) 2003 жылғы 30 мамырға дейiнгi мерзiмде Нұсқаулыққа сәйкес республикалық бюджеттiң қаражатын игеру туралы жедел есептiлiктi жасау үшiн бағдарламалық өнiмдi әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
      3. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ай сайын есептiден кейiнгi айдың 7-i күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттiң қаражатын игеру жөнiндегi жедел есептiлiктi берсiн.
      4. Мемлекеттiк органдарды қаржыландыру департаментi (Ә.Шаихова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Р.Қ.Тоқсейiтовке жүктелсiн.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

       Министр

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрiнiң       
2003 жылғы 12 мамырда     
N 192 бұйрығымен бекiтiлген  
"Республикалық бюджеттiң   
қаражатын игеру туралы    
жедел есептiлiктi жасау   
және беру жөнiндегi     
нұсқаулықты бекiту туралы" 

  Республикалық бюджеттiң қаражатын игеру туралы жедел
есептiлiктi жасау және беру жөнiндегi нұсқаулық

      1. Осы Нұсқаулық бекiтiлген бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына сәйкес республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджет қаражатын игерудiң ай сайынғы мониторингiн жүзеге асыру мақсатында әзiрлендi және республикалық бюджет есебiнен ұсталатын республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жедел есептiлiктi жасауына қойылатын негiзгi талаптарды анықтайды.

      2. Республикалық бюджеттiң қаражатын игеру туралы жедел есептiлiк осы Нұсқаулыққа қоса берiлген нысанға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жiберетiн "Республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру жүйесi" (бұдан әрi - Жүйе) бағдарламалық өнiмiн пайдалана отырып жасалады.

      3. Республикалық бюджеттiң қаражатын игеру туралы жедел ақпаратты толтыру:
      1) 1-11-бағандар толтырылмайды (осы бағандардың мазмұны Жүйеден автоматты түрде берiлетiн болады) және түзету құқығынсыз оқу режимiнде пайдаланылатын болады;
      2) 12-бағанда республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi 1 қазандағы және жылдың аяғына дейiнгi жағдай бойынша жедел есептiлiктен бастап әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша бiр жылдағы республикалық бюджеттiң шығыстары бойынша күтiлетiн атқаруды көрсетедi;
      3) 13-бағанда республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бiр жылға арналған қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген соманың 1 қазандағы және жылдың аяғына дейiнгi жағдай бойынша жедел есептiлiктен бастап бiр жылдағы күтiлетiн атқару сомасынан ауытқуын көрсетедi;
      4) 14-бағанда республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ай сайын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) есептi кезеңде атқарылмау себептерiн көрсетедi.

      4. Нысан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi беретiн және осы бағдарламалық қамтамасыз ету қалыптастыратын ХМL белгiленген форматында берiлетiн бағдарламалық қамтамасыз етуде толтырылуы тиiс.

      5. Республикалық бюджеттiң қаражатын игеру туралы жедел есептiлiкке бiрiншi басшы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қояды және республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қағаз түрiнде және электрондық түрде бередi.

      6. Республикалық бюджеттiң қаражатын игеру туралы жедел есептiлiктегi барлық құн көрсеткiштерi мың теңгемен берiлуi тиiс.

Қосымша                
"Республикалық бюджеттің қаражатын 
игеру туралы жедел есептілікті   
жасау және беру жөніндегі     
Нұсқаулықты бекіту туралы"    

      200_ ж. 01_______________  жағдай бойынша республикалық бюджеттің қаражатын игеру туралы жедел есептілік

                                                       мың теңге

------------------------------------------------------------------
             Коды              !        Атауы       !Жиынтық
-------------------------------!                    !қаржыландыру
функцио.!Әкімші!Бағдар.!Кіші   !                    !жоспары
налдық  !      !лама   !бағдар.!                    !
топ     !      !       !лама   !                    !
------------------------------------------------------------------
    1   !   2  !   3   !   4   !          5         !       6
------------------------------------------------------------------
                                Барлығы
                                Барлығы ағымдағы
                                бюджеттік бағдарламалар
                                бойынша
                                Барлығы бюджеттік даму
                                бағдарламалары бойынша

   00     000     000     000   Министрлік, барлығы
                                оның ішінде:
                                Ағымдағы бюджеттік
                                бағдарламалар
                                оның ішінде нақты
                                бюджеттік бағдарламалар
                                бойынша
                                Бюджеттік даму
                                бағдарламалары
                                оның ішінде нақты
                                бағдарламалар (кіші
                                бағдарламалар) бойынша
------------------------------------------------------------------

      таблицаның жалғасы:
------------------------------------------------------------------
 Есепті кезеңге !200_ ж. !Ауытқу  !   %   !Бір      !Ауытқу !Жете
арналған жиынтық!1_____  !______  !(9 бағ.!жылдағы  !(6-бағ.!атқар.
  қаржыландыру  !жағдай  !сомамен !/8 бағ*!күтілетін!- 12-  !мау
    жоспары     !бойынша !(8 бағ. !100)   !атқару   !бағ.)  !себеп.
----------------!кассалық!-9 бағ.)!       !         !       !терінің
міндет.!төлемдер!атқару  !        !       !         !       !негіз.
темелер!бойынша !        !        !       !         !       !демесі
бойынша!        !        !        !       !         !       !
------------------------------------------------------------------
   7   !    8   !    9   !   10   !   11  !    12   !   13  !  14
------------------------------------------------------------------

      Бірінші басшының қолы ________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады