Банктiк депозиттiк сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1199 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 140 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 3 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2343. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 264 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 264 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Ережесi мен құрылымын бекiту туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығы негiзiнде бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамыту жөнiндегi шараларды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

      1. Осы қаулының 2 және 4-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттерi - екiншi деңгейдегi банктер шығаратын банктiк депозиттiк сертификаттар бағалы қағаздар деп танылсын.

      2. Банктiк депозиттiк сертификаттарды меншiктi бағалы қағаздар (акцияларды қоспағанда) эмиссиясына және депозиттер қабылдауға, заңды және жеке тұлғалардың банктiк шоттарын ашуға және жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар банктер шығаруға құқылы деп белгiленсiн.

      3. Банктiк депозиттiк сертификат - оны шығару талаптары үшiн белгiленген айналыс мерзiмi бiткеннен кейiн не бiткенге дейiн оның нақты құнын, сондай-ақ шығару талаптарымен белгiленген мөлшерде сыйақы алуға оның ұстаушысының құқығын куәландыратын эмиссиялық емес атаулы бағалы қағаз деп белгiленсiн.

      4. Банктiк депозиттiк сертификат:

      1) құжаттандырылмаған нысанда шығарылатыны;

      2) банктiк депозиттiк сертификаттар бойынша мәмiлелердi есепке алуды және құқығын растауды және тiркеудi орталық депозитарий жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 01.09.2003 N 319 қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):

      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппараттың барлық мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, сауда-саттық ұйымдастырушыларға, бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға, "Активтердi Басқару қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiне, "Қазақстан Тiзiлiм ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

      8. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

Ұлттық Банк
Төрағасы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады