Жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттардың біліктілік емтиханын тапсыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 4 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2348. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159 қаулысымен. V042955

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттардың біліктілік емтиханын тапсыру ережесі бекітілсін.
      2.  Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1)   Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2)   осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің "Жинақтаушы зейнетақы қорларының, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшы қызметкерлерінің біліктілік емтиханын тапсыру  Ережесі"  жөніндегі 1997 жылғы 27 тамыздағы N 4-П бұйрығының (Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде N 366 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке  жүктелсін.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

       Ұлттық Банк
       Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
Жинақтаушы зейнетақы қорларының
басшы қызметкерлері лауазымдарына
кандидаттардың біліктілік
емтиханын тапсыру ережесін
бекіту туралы»2003 жылғы
21 сәуірдегі N 135 қаулысымен
бекітілген

Жинақтаушы зейнетақы қорларының
басшы қызметкерлері лауазымдарына
кандидаттардың біліктілік емтиханын
тапсыру ережесі

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттардың біліктілік емтиханын тапсыру тәртібін айқындайды, оларға қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттардан емтихан қабылдау жөніндегі Біліктілік комиссиясының жұмысын реттейді және Аппеляциялық комиссияның өкілеттіктерін айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) кандидат - осы Ережеде белгіленген тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына біліктілік емтиханын (бұдан әрі - емтихан) тапсырғысы келетін жеке тұлға;
      2) уәкілетті орган - жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган;
      3) оқу орталығы - жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттарды емтиханға дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның рұқсаты бар заңды тұлға;
      4) қор - жинақтаушы зейнетақы қоры.
      2. Қордың басшы қызметкерлері:
      1) атқарушы органның басшысы және оның орынбасары;
      2) Қордың бас бухгалтері және оның орынбасары;
      3) Қордың филиалы мен өкілдігінің бірінші басшысы және бас бухгалтері болып табылады.
      3. Кандидаттың жалпы жұмыс стажы қаржы рыногында:
      1) қордың атқарушы органының және қордың бас бухгалтерінің лауазымына - кемінде үш жыл;
      2) қордың атқарушы органының басшысы орынбасарының, қордың бас бухгалтері орынбасарының лауазымына - кемінде екі жыл болуы керек.
      4. Кандидаттарды дайындауды оқу орталықтары жүзеге асыруы мүмкін.
      5. Кандидат уәкілетті органға емтиханды оқу орталығында алдын ала дайындықсыз-ақ тапсыруға құқылы.
      6. Уәкілетті орган қордың емтихан тапсырған басшы қызметкерлерінің тізілімін жүргізеді.

2-тарау. Біліктілік комиссиясы

      7. Кандидаттардан емтихан қабылдау үшін уәкілетті органда Біліктілік комиссиясы құрылады.
      Біліктілік комиссиясы қызметкерлерінің құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      8. Біліктілік комиссиясының іс қағаздарын жүргізуді уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалатын оның хатшысы жүзеге асырады. Біліктілік комиссиясы хатшысының функцияларын дауыс беру құқығы сақтала отырып, оның мүшелерінің бірі жүзеге асыра алады.
      9. Біліктілік комиссиясының Төрағасы:
      1) Біліктілік комиссиясы мәжілісінің күнін, уақытын және орнын белгілейді;
      2) емтиханға жіберілген кандидаттардың тізімін бекітеді;
      3) Біліктілік комиссиясының мәжілісін жүргізеді;
      4) тест пен емтихан сұрақтарын бекітеді.
      10. Біліктілік комиссиясының Төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын Біліктілік комиссиясы Төрағасының орынбасары жүзеге асырады.
      11. Біліктілік комиссиясы қажет болуына қарай мәжіліс өткізеді және егер оған оның мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігі (Біліктілік комиссиясының Төрағасын немесе оның орынбасарын қосқанда) қатысса, шешім қабылдауға құқылы.
      Біліктілік комиссиясының шешімі мәжіліске қатысушылардың жай көпшілік дауыстарымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Біліктілік комиссиясы Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      12. Біліктілік комиссиясының мүшелеріне мәжілістің өткізілетіні туралы оның хатшысының ауызша хабарлауы арқылы жүзеге асырылады.
      13. Осы Ереженің 17-тармағында айқындалған барлық құжаттары ұсынылған кандидаттар ғана Біліктілік комиссиясының мәжілісінде қаралуға жатады.
      14. Кандидат емтихан тапсыруға келмеген жағдайда келесі мәжіліске ауыстырылады.
      15. Біліктілік комиссиясының шешімі мәжіліске қатысқан Біліктілік комиссиясының Төрағасы (төрағаның орынбасары) мен мүшелері қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді.
      Егер Біліктілік комиссиясы мүшесінің кандидатқа қатысты ерекше пікірі болса, хаттамаға тиісті жазба жасалуға тиіс.
      16. Қорға кандидаттың біліктілік емтиханын тапсыру нәтижелері туралы Біліктілік комиссиясының  мәжілісі өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның жазбаша хабарлама жіберуі арқылы хабар беріледі.

3-тарау. Басшы қызметкерлер лауазымдарына
кандидаттардың құжаттар ұсыну тәртібі

      17. Кандидаттың емтихан тапсыруы үшін қор уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынуға тиіс:
      1) еркін түрде жазылған және қордың уәкілетті адамы қол қойған емтихан тапсыруға жіберу туралы өтініш;
      2) кандидаттың осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес сауалнамасы;
      3) кандидаттың жеке куәлігінің (паспортының) көшірмесі;
      4) еңбек кітапшасының тігілген, бет бойынша нөмірленген және нотариат куәландырған көшірмесі не кандидаттың еңбек қызметін растайтын, кандидаттың соңғы жұмыс берушісінің - ұйымның мөр таңбасы бар және бірінші басшысының не оның орынбасарының қолы қойылып куәландырылған құжаттарының көшірмелері;
      5) жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесі (кандидаттың білімін растайтын өзге де болуы мүмкін құжат);
      6) сотты болмағаны немесе соттылығының алынғаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің не оның облыстық бөлімшелерінің анықтамасы (хаты);
      7) оқу орталығында оқығанын растайтын құжат (егер болса).
      18. Біліктілік комиссиясының хатшысы 17-тармақта көрсетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың осы Ереженің талаптарына сәйкестігін қарайды және Біліктілік комиссиясының Төрағасына әрбір кандидаттың белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы жазбаша хабарлайды.
      19. Біліктілік комиссиясының Төрағасы уәкілетті органға құжаттар келіп түскен кезден бастап отыз күннен кешіктірмей емтихан өткізілетін күнді белгілейді.
      20. Ұсынылған құжаттар осы Ереженің талаптарына сай келмеген жағдайда, уәкілетті органның Біліктілік комиссиясының хатшысы құжаттар келіп түскен күннен бастап он күндік мерзімде кандидатты біліктілік емтиханын тапсыруға жіберуден жазбаша бас тарту дайындайды.
      Емтихан тапсыру үшін құжаттарды ұсыну күні болып осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакеті уәкілетті органға келіп түскен күн есептеледі.

4-тарау. Біліктілік емтиханын өткізу тәртібі

      21. Емтихан уәкілетті органның үй-жайында өткізіледі.
      22. Кандидат біліктілік емтиханын тапсыру үшін Біліктілік комиссиясының мәжілісіне өзінің жеке басын куәландыратын құжатпен келуге тиіс.
      23. Емтихан барысында кандидаттардың оқулық, анықтамалық, арнайы әдебиеттерді, сондай-ақ қандайда бір жазбаларды пайдалануына тыйым салынады. Кандидат осы талапты бұзған жағдайда емтиханнан шеттетіледі.
      Емтиханнан шеттетілген кандидат емтихан тапсырмады деп есептеледі.
      24. Осы Ереженің 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген лауазымдарға кандидаттардан емтихан алу жазбаша тест өткізу түрінде жүргізіледі.
      25. Осы Ереженің 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген лауазымдарға кандидаттардан емтихан алу екі кезеңмен жүргізіледі:
      1) бірінші кезең - жазбаша тест өткізу;
      2) екінші кезең -  ауызша емтихан.
      26. Тестідегі сұрақтар саны 50-ден кем болмауға тиіс. Тест өткізуге жіберілетін жалпы уақыт 1 сұраққа - 1 минут есептеле отырып белгіленеді.
      27. Жазбаша тестінің 80 процентін құрайтын сұрақтарға және   сұрақтардың жалпы санының одан да көп процентіне дұрыс жауап берген осы Ереженің 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген лауазымға кандидаттар емтихан тапсырды деп танылады.
      28. Осы Ереженің 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген, сұрақтардың жалпы санының 80 және одан да көп процентін құрайтын жазбаша тестінің сұрақтарына дұрыс жауап берген кандидаттар ауызша емтиханға жіберіледі.
      29. Осы Ереженің 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген лауазымға кандидаттар жауаптарының дұрыстығын тексеруді Біліктілік комиссиясының мүшелері (компьютерді қолданып тест өткізген кезде - автоматты түрде) жүзеге асырады.
      30. Ауызша емтихан кандидаттың емтихан билетінің үш сұрағына және Біліктілік комиссиясы мүшелерінің қосымша сұрақтарына ауызша жауабы нысанында жүргізіледі.
      Ауызша емтихан  қабылдаған Біліктілік комиссиясының мүшелері  кандидаттың жауаптарын осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша емтихан ведомосінде көрсетеді. Біліктілік комиссиясының әрбір мүшесі өзі қойған бағаларды жеке емтихан ведомосінде көрсетеді. Кандидаттың қорытынды бағасы оған Біліктілік комиссиясының барлық мүшелері қойған бағалар арақатынасының нәтижелері бойынша айқындалады.
      Ауызша емтихан нәтижелерін бағалау үшін "сынақтан өтті" және«"сынақтан өтпеді" деген бағалар қолданылады. Ауызша емтихан нәтижелері бойынша "сынақтан өтті" деген баға алған кандидат емтихан тапсырған болып есептеледі.
      Ауызша емтихан нәтижелері бойынша "сынақтан өтпеді" деген баға алған кандидат емтихан тапсырмаған болып есептеледі.
      31. Емтихан тапсырмаған кандидат бірінші емтиханды тапсыра алмаған күннен бастап бір ай өткеннен кейін емтиханнан қайта өтуге құқылы.
      32. Емтиханды қайта тапсыруға жіберу туралы еркін нысандағы өтініш кандидат емтиханды тапсыра алмады деп танылған нәтижелер бойынша, емтихан тапсырылатын күн міндетті түрде көрсетіліп, уәкілетті органға беріледі.
      33. Егер кандидат емтиханды қайта тапсырып, нәтижесінде тағы да тапсыра алмаса, ол бұдан кейін қордың басшы қызметкері лауазымына ие болу үшін емтихан тапсыруға емтиханды қайта тапсыра алмаған күннен бастап алты ай өткеннен кейін ғана жіберілуі мүмкін.

5-тарау. Апелляциялық комиссия

      34. Емтихан тапсыра алмаған кандидат аппеляцияға беруге құқылы.
      Кандидат негіздемелері көрсетілген негізгі талаптары бар жазбаша апелляцияны емтихан аяқталғаннан кейін үш күн ішінде беруге тиіс.
      35. Апелляцияны уәкілетті органның бірінші басшысы тағайындайтын, құрамында Апелляциялық комиссияның Төрағасы және оның екі мүшесі бар Апелляциялық комиссия қарайды. Біліктілік комиссиясының Төрағасы мен мүшелері сонымен қатар Апелляциялық комиссияның мүшелері бола алмайды.
      Апелляциялық комиссияның іс қағаздарын жүргізуді Апелляциялық комиссия мүшелерінің ішінен уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалатын хатшы жүзеге асырады.
      Апелляциялық комиссия апелляцияны  алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.
      36. Апелляциялық комиссияның мәжілісіне Біліктілік комиссиясының Төрағасы және/немесе оның орынбасары дауыс беру құқығынсыз қатысуға құқылы.
      37. Апелляциялық комиссияның әрбір мүшесінің бір дауысы болады. Апелляциялық комиссияның шешімі оның Апелляциялық комиссия мәжілісіне қатысушы мүшелері санының жай көпшілік дауыстарымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Апелляциялық комиссия Төрағасының, ал тең болмаған жағдайда Апелляциялық комиссия Төрағасы орынбасарының дауысы шешуші болып табылады.
      38. Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, ол екі дана етіп жасалып, осы мәжіліске қатысқан Апелляциялық комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылуға тиіс. Апелляциялық комиссия мәжілісі хаттамасының екінші данасы Біліктілік комиссиясына беріледі.
      39. Апелляциялық комиссия алынған апелляцияны қарау нәтижелері бойынша мынадай екі шешімнің бірін қабылдауға құқылы:
      1) Біліктілік комиссиясының шешімін өзгеріссіз қалдыру, ал апелляцияны қанағаттандырмау;
      2) кандидаттың апелляциясын қанағаттандыру және оны емтиханды тапсырды деп тану.
      40. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен шешіледі.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 21 сәуірдегі
N 135 қаулысымен бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларының
басшы қызметкерлері лауазымына
кандидаттардың біліктілік
емтиханын тапсыру ережесіне
1-қосымша

Кандидаттың                
фотосуреті                 

      

Жинақтаушы зейнетақы қорының
басшы қызметкері лауазымына кандидаттың
САУАЛНАМАСЫ

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының (оның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлігімен толық сәйкес келетін) атауы.
      2. Аты-жөні (паспортпен (жеке куәлігімен) толық сәйкес келсін), аты-жөні немесе әкесінің аты өзгерген жағдайда, қашан және қандай себептермен өзгертілгені көрсетілсін.
      3. Кандидаттың туған күні және туған жері.
      4. Кандидаттың азаматтығы; паспорттың (жеке куәліктің) нөмірі мен берілген күні, паспортты (жеке куәлікті) берген органның атауы.
      5. Кандидаттың тұратын жері; байланыс бөлімшесінің индексі, елді мекеннің атауы, почталық мекен-жайы, телефондарының нөмірлері, электрондық почтасының (егер болса) мекен-жайы көрсетілсін.
      6. Білімі: оқу орнының атауы, оқуды бітірген жылы, мамандығы, дипломының нөмірі мен оның берілген жылы, оқу орнының тұрған жері.
      7. Бұдан бұрынғы лауазымда болуы (мекеменің атауы, жұмысының сипаты, лауазымға тағайындалған және лауазымнан босатылған күні).
      8. Кандидат туралы қосымша мәліметтер (кандидат немесе жинақтаушы зейнетақы қоры айқындайтын көлемде).
      Осы сауалнамада келтірілген мәліметтерді тиянақты тексергенімді және олардың шынайы әрі толық екендігін растаймын. Осы сауалнамада бұрмалаушылықтар мен қателіктер анықталған жағдайда, бұның менің лауазымға бекітілуімнен бас тартуға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес маған қатысты санкциялар қолдануға әкеп соғатынын мойындаймын. Жоғарыда аталған Қорда жұмыс істеген мерзім ішінде Уәкілетті органға осы сауалнамадағы деректердің барлық өзгерістері туралы хабарлауды міндетіме аламын және осы міндеттемені орындамау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес маған қатысты санкциялар қолдануға әкеп соғатынын мойындаймын.

_____________________             20___ж. «___» _________________
   кандидаттың қолы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 21 сәуірдегі
N 135 қаулысымен бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларының
басшы қызметкерлері лауазымына
кандидаттардың біліктілік
емтиханын тапсыру ережесіне
2-қосымша

Уәкілетті орган
_____________________________________________________________

Емтихан ведомосі

Емтихан өткізілген күн:      200__ж. «___» _________________

Біліктілік комиссиясы
мүшесінің аты-жөні: ________________________________________

-----------------------------------------------------------------
Рет    Кандидат   Тест өткізу  Билеттің  1-сұрақ 2-сұрақ 3-сұрақ
нөмірі            нәтижесі     нөмірі
-----------------------------------------------------------------

      таблицаның жалғасы

---------------------------
Қосымша    Нәтижесі:
сұрақтар   "сынақтан
           өтті",
           "сынақтан
           өтпеді"
---------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады