Қазақстан Республикасының кеден органдарына қызметке тағайындалатын үміткерлерге тестілеу жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет басқармасында 2003 жылғы 5 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2350. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 276 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 276 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден  кодексінің  508-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кеден органдарына қызметке тағайындалатын үміткерлерге тестілеу жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің ұйымдастырушылық және әкімшілік жұмыстар департаменті (К.І.Махамбетов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің департаменттері мен басқармаларының және оның аумақтық бөлімшелері басшыларының назарына және басшылыққа алу үшін жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

"Қазақстан Республикасының кеден  
органдарына қызметке тағайындалатын 
үміткерлерге тестілеу жүргізу ережесін
бекіту туралы"         
Қазақстан Республикасының       
Кедендік бақылау          
агенттігі төрағасының        
2003 жылғы 27 мамырдағы       
N 248 бұйрығымен          
бекітілген             

  Қазақстан Республикасының кеден органдарына қызметке
тағайындалатын үміткерлерге тестілеу жүргізу
ЕРЕЖЕСІ

      1. Осы Қазақстан Республикасының кеден органдарына қызметке тағайындалатын үміткерлерге тестілеу жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  508-бабына  сәйкес әзірленді және үміткерлердің Қазақстан Республикасы  Конституциясының , Қазақстан Республикасы Кеден  кодексінің , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Әкімшілік рәсімдер туралы ", " Нормативтік құқықтық кесімдер туралы " заңдардың, Қазақстанның  2030  жылға дейінгі Даму стратегиясының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы  ережелерінің  нормаларын, Қазақстан Республикасының аталған санаттағы мемлекеттік  лауазымдарының тиісті мамандану саласындағы  қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдерін білуін тексеру мақсатындағы тестілеу жүргізудің тәртібін айқындайды.

      2. Үміткерлерге тестілеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының және аумақтық кеден органдары бастықтарының бұйрығымен комиссия құрылады, тестілеуді өткізу кестесі мен сұрақтары бекітіледі. Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы тиіс, комиссия мүшелерінің саны бес адамнан аз болмауы тиіс. Комиссияның құрамына заң, кадр қызметтері басшыларының және үміткер ресімделетін бөлімше басшысының қатысуы міндетті.

      3. Тестілеуге дәлелді себептер бойынша келе алмаған адамдарға тестілеу комиссияның шешімі бойынша басқа уақытқа ауыстырылады.

      4. Орталық аппараттың лауазымдарын иеленуге үміткерлерді тестілеу Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің базасында: Астана қаласы, М.Әуезов көшесі, 116,  мәжіліс залы - мекен-жайы бойынша өткізіледі.

      5. Аумақтық кеден органдарының лауазымдарын иеленуге үміткерлерді тестілеу тиісті аумақтық кеден органдарының базасында өткізіледі.

      6. Тестілеу тестілеуден өтуші адамның таңдауы бойынша  мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі.

      7. Тестілеуден өтуші адам әрбір тест үшін белгіленетін компьютерлік бағдарламаның көмегімен кездейсоқ сандарды  таңдау әдісімен тестілеуге арналған базалық 500 сұрақтан нақты лауазым санатына қойылатын біліктілік талаптарына қарай іріктеліп алынатын 120 сұраққа немесе 60 сұраққа жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауап үшін бір балл есептеледі. Тестілеуден өту уақыты тиісінше 1 сағат 30 минутты немесе 45 минутты құрайды.

      8. Компьютерлік тестілеу кезінде тиісінше 72 және 36 және онан жоғары балл (дұрыс жауаптардың 60%-ы) алған үміткерлер тестілеуден өтті деп саналады.

      9. Комиссияның отырысы хаттамамен ресімделеді. Компьютерлік тестілеу нәтижелері екі данадағы тестілеу парағына енгізіледі.
      Хаттамаға төраға, комиссия мүшелері және комиссияның хатшысы, тестілеу парағына - комиссияның хатшысы мен тестілеуде өтуші үміткер қол қояды.

      10. Тестілеу парағының бірінші данасы үміткерге беріледі. Тестілеу парағының екінші данасы хаттамамен бірге үміткердің жеке іс қағазында сақталады.

      11. Тестілеу материалдары Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінде және аумақтық кеден органдарында 3 жыл бойы сақталады.
      12. Тестілеуден өткен үміткерлер әңгімелесуге жіберіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады