Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне(нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті Төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 51-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2354. Күші жойылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 186-б (V043139) бұйрығы.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  (Салық кодексі) сәйкес, компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне(нен)  енгізуге (шығаруға) қорытынды беру тәртібін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне(нен)  енгізуге (шығаруға) қорытынды беру ережесі бекітілсін.
      2. Ақпараттандыру басқармасы (Ә.Ғ.Есімова) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге тапсыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасары А.Қ.Тұрғанқұловқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникациялар министрлігінің
Байланыс және ақпараттандыру
жөніндегі комитеті Төрағасының
2003 жылғы 13 мамырдағы
N 51-п бұйрығымен бекітілген

  Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында
пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар
бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне(нен)
енгізуге (шығаруға) қорытынды беру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) компьютер жүйелерін (бұдан әрі - КЖ) Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне(нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережеде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексінде  (Салық кодексі) көзделген түсініктер пайдаланылады.

  2. КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге
қорытынды беру тәртібі

      3. КЖ иесі (бұдан әрі - өтініш беруші) КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды алу мақсатында Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ережеге 1-қосымшада белгіленген нысанда құрастырылып толтырылған КЖ техникалық талаптарға сәйкестігі туралы өтініш - сауалнамасын;
      2) КЖ функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының қысқаша суреттемесін.
      Құжаттар қағаз және электрондық тасымалдағыштарда ұсынылады.

      4. Тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды тапсырғанда немесе Ережеде көзделген құжаттарды тапсырмағанда, Комитет қараудан бас тарту себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге құжаттарды қарамай қайтарады.

      5. КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды беру туралы мәселелерді қарауды Комитет қажетті материалдар қоса берілген өтініш-сауалнаманы қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінің ішінде қарайды.

      6. Комитет өтініш берушіден КЖ техникалық сипаттамалары туралы қосымша ақпарат сұрауға құқылы. Өтініш беруші қосымша ақпаратты ұсынғаннан кейін Комитеттің тапсырылған құжаттарды қарау мерзімі жаңадан есептеледі.
      Қараудың қорытындысы бойынша Комитет мына шешімдердің біреуін қабылдауға құқылы:
      КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды беру туралы;
      КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды беруден бас тарту туралы.

      7. КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды беруден бас тартқан жағдайда, Комитет өтініш берушіге бас тартудың дәлелді себептері көрсетілген тиісті хатты жібереді.

      8. КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге арналған қорытынды осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі.

  3. КЖ Мемлекеттік тізілімнен шығаруға
қорытынды беру тәртібі

      9. КЖ Мемлекеттік тізілімнен шығаруға қорытынды беру мәселелерін қарауды Комитет өтініш берушінің немесе салық қызметі органдарының негізінде жүзеге асырады.
      Өтінішке техникалық талаптардың өзгерісінің нәтижесі болып табылатын, КЖ техникалық талаптарға сәйкес еместігін сипаттайтын материалдар қоса беріледі.

      10. КЖ Мемлекеттік тізілімнен шығаруға қорытынды беру (беруден бас тарту) туралы шешімді Комитет қажетті материалдар қоса берілген өтініш қабылданған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінің ішінде қарайды.
      Комитет КЖ Мемлекеттік тізілімнен шығаруға қорытынды беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып тиісті хат жібереді.

      11. КЖ Мемлекеттік тізілімнен шығаруға қорытынды осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі.

Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникациялар министрлігінің
Байланыс және ақпараттандыру
жөніндегі комитеті Төрағасының
2003 жылғы 13 мамырдағы
N 51-п бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
аумағында пайдалануға рұқсат
етілген қазыналық жады бар
бақылау-кассалық машиналардың
мемлекеттік тізіліміне(нен)
енгізуге (шығаруға) қорытынды
беру ережесіне N 1 қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат
етілген Қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың
мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйелеріне
қойылатын техникалық талаптар
(әрбір КЖ үшін жеке толтырылады)

Өтініш берушінің атауы ______________________________________
_____________________________________________________________

СТН __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ 

Өтініш берушінің орналасқан жері
______________ облысы _________________қаласы __________ ауданы
___________________ көшесі _________________ үйі

КЖ атауы _____________________________________________________
______________________________________________________________

КЖ әзірлеуші ____________________________________________
______________________________________________________________
___________ нұсқасы            КЖ-ны жасау датасы ____________

КЖ әзірлеушінің орналасқан жері
______________ облысы _________________қаласы __________ ауданы
___________________ көшесі _________________ үйі

Өтініш беруші жоғарыда аталған КЖ-ның мынадай талаптарға
сәйкестігін растайды, атап айтқанда:
Серверді пайдаланушыны сәйкестендіру операциялық жүйе (ОЖ)
деңгейінде жүзеге асырылады

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
________________________________________________________________
Деректер қорларын (ДҚ) пайдаланушыны сәйкестендіру дерекқорларды
басқару жүйесі (ДҚБЖ) деңгейінде жүзеге асырылады

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

Парольды таңдаған жағдайда, ДҚБЖ құралдарымен жұмыс станциясын
бұғаттау (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ______
_______________________________________________________________

Парольдардың  қолданылу мерзімі (күндер саны):
Пайдаланушының _________________________________________________
жүйе әкімшісінің _______________________________________________
дерекқор әкімшісінің ___________________________________________

Парольдың ең аз ұзындығы (символдар саны):
Пайдаланушының _________________________________________________
жүйе әкімшісінің _______________________________________________
дерекқор әкімшісінің ___________________________________________

Парольдың күрделілігін тексеру (сандарды және арнайы символдарды
міндетті пайдалану)
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

Жүйе пароль ұзындығын автоматты бақылауды қамтамасыз етеді
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

КЖ бір жүйенің атымен қосымшаға екі не одан да көп 
пайдаланушылардың қосылу мүмкіндігін болдырмайды
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

Қосымшаны пайдаланушылардың ДҚ-ға қосымшаның өзінен басқа
құралдармен қосылуының мүмкін еместігі
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

Пайдаланушылардың ДҚ ақпаратына ДҚБЖ құралдарымен қол жеткізу
құқығын ажырату
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

Пайдаланушылардың ДҚ ақпаратына қосымша құралдарымен қол жеткізу
құқығын ажырату
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

Әрбір операция пайдаланушы, датасы және уақыты бойынша
сәйкестендіріледі
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

Әрбір операция бір мағналы тізбекті бірегей нөмірмен белгіленеді
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

КЖ сәулет болып табылады:   клиент-сервер    пост-терминал
(қажеттісінің астын сызу)

Кез келген ақпарат ДҚ-ға қосымшаның көмегімен енгізіледі
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

Операция расталғаннан кейін ДҚ-ға енгізілген ақпаратқа қосымша
құралдарымен түзетудің мүмкін еместігі
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

Қате енгізілген операция "сторно" операциясын жүзеге асыру
жолымен түзетіледі
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

Соңғы пайдаланушы өзінің орындайтын функцияларының шеңберінде
ДҚ иелік етуге құқылы
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

Қосымша, ДҚБЖ және сервер әкімшілерінің арасында құқықтарды бөлу
(әкімшілердің іс-қимылын реттейтін нормативтік құқықтық
актілерді көрсету)  _______________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

Аудиторлық журналдар әкімшілік құқықтары бар пайдаланушылардың
барлық іс-қимылдарын автоматты түрде тіркейді
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

Аудиторлық журналдар пайдаланушылардың барлық іс-қимылдарын 
автоматты түрде тіркейді
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

Оператор белгілі бір уақыт ішінде (5 минут) тұрып қалған жағдайда,
оны ДҚ-дан ажырату
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

ДҚ-мен жұмыс істегенде оператордың іс-қимылын уақыт бойынша шектеу
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

Авторландырусыз қол жеткізуі бар есепке алу жазуларын ОЖ
құралдарымен бұғаттау

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________
 _______________________________________________________________

Компьютерлік жүйе, электр қоректендіру және басқалары жұмыс 
істемей қалған жағдайда, деректерді қалпына келтіру жөніндегі шаралар:

__________________________________________________________________
Деректерді қалпына                 Иә                Жоқ
келтіру жөніндегі
 шаралар
__________________________________________________________________
қосарланушы серверді
пайдалану кластер
жүйесін пайдалану
__________________________________________________________________
Серверлерде түрлі
деңгейдегі(1-5)
RAID кіші жүйесін
қолдану
__________________________________________________________________
Транзакциялар мен ДҚ
журналдарының резерв.
тік көшірмелерін жасау
__________________________________________________________________

Өзгесі (көрсетілсін) _____________________________________________
__________________________________________________________________

Транзакциялар мен ДҚ журналдарының резервтік көшірмелерін жасау:
__________________________________________________________________
                           ДҚ үшін            Транзакциялар
                                               журналы үшін
__________________________________________________________________
резервтік көшірмелерді
жасау мерзімділігі
(айына, жылына/рет)
__________________________________________________________________
резервтік көшірмелердің
саны (дана)
__________________________________________________________________
резервтік көшірмелерді
сақтау мерзімі(жыл)
__________________________________________________________________
резервтік көшірмелерді
сақтау орны (резервтік
сейф/орталық және т.б.)
__________________________________________________________________ 

Жүйені толық қалпына келтіру уақыты _________________________

ДҚ қалпына келтіру журналының резервтік көшірмелерінің бар болуы (иә/жоқ) _______________________

________________________________________________      ________
(өтініш берушінің немесе оның басшысының Т.А.Ә.)       (қолы)

      М.О.

Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникациялар министрлігінің
Байланыс және ақпараттандыру
жөніндегі комитеті Төрағасының
2003 жылғы 13 мамырдағы
N 51-п бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
аумағында пайдалануға рұқсат
етілген қазыналық жады бар
бақылау-кассалық машиналардың
мемлекеттік тізіліміне(нен)
енгізуге (шығаруға) қорытынды
беру ережесіне N 2 қосымша

Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізуге Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің берген қорытындысы

      Астана қаласы                   2003 жылғы "___" __________

      1. Өтініш беруші __________________________________________

      2. Өтініш берушінің орналасқан жері:

      Елі ______  Облысы ____________  Қаласы________________
      Ауданы ________    Көшесі _____________ Үйі ___________
      Телефоны _________ Факсы ______________  

      3. ____________________________________________________
                            (КЖ атауы)

      _______________________________________________________,

      нұсқасы ______________, жасалған уақыты _______________,

      Әзірлеуші _____________________________________________

      Әзірлеушінің орналасқан жері:

      Елі ______  Облысы ____________  Қаласы________________
      Ауданы ________    Көшесі _____________ Үйі ___________
      Телефоны _________ Факсы ______________

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген техникалық талаптарға сәйкес.

       Көлік және коммуникациялар
      министрлігі Байланыс және
      ақпараттандыру жөніндегі
      комитетінің төрағасы

       М.О.

Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникациялар министрлігінің
Байланыс және ақпараттандыру
жөніндегі комитеті Төрағасының
2003 жылғы 13 мамырдағы
N 51-п бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
аумағында пайдалануға рұқсат
етілген қазыналық жады бар
бақылау-кассалық машиналардың
мемлекеттік тізіліміне(нен)
енгізуге (шығаруға) қорытынды
беру ережесіне N 3 қосымша

Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында
пайдалануға рұқсат етілген қазыналық жады бар
бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімінен
шығаруға Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар
министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі
комитетінің берген қорытындысы

      Астана қаласы                 2003 жылғы "___" ___________

      1. Өтініш беруші __________________________________________

      2. Өтініш берушінің орналасқан жері:

      Елі ______  Облысы ____________  Қаласы________________
      Ауданы ________    Көшесі _____________ Үйі ___________
      Телефоны _________ Факсы ______________  

      3. ____________________________________________________
                            (КЖ атауы)

      _______________________________________________________,

      нұсқасы ______________, жасалған уақыты _______________,

      Әзірлеуші _____________________________________________

      Әзірлеушінің орналасқан жері:

      Елі ______  Облысы ____________  Қаласы________________
      Ауданы ________    Көшесі _____________ Үйі ___________
      Телефоны _________ Факсы ______________

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген техникалық
      талаптарға сәйкес емес.

       Көлік және коммуникациялар
      министрлігі Байланыс және
      ақпараттандыру жөніндегі
      комитетінің төрағасы

       М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады