Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2142 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 180 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2371. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 мамырдағы N 49 қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.05.25 N 49 қаулысымен.

      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер ұсынудың жекелеген мәселелерін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2142 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 24 наурыз-6 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықта:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Банктік емес ұйымдар қаржылық есепке (бұдан әрі - есеп) N 1 нысанды, N 2 нысанды және қосымша мәліметтерді банктік емес ұйымның тұрған жеріндегі Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына (бұдан әрі - Ұлттық Банктің филиалдары) тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей ұсынады.
      Ұлттық почта операторы N 1 нысанды және N 2 нысанды ай сайын және тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей Ұлттық Банктің филиалына ұсынады. Ұлттық почта операторы қаржылық есепке қосымша мәліметтерді тоқсан сайынғы есеппен бірге ұсынады.
      Жыл сайынғы есепті, оның ішінде N 3 нысанды ұсыну Ұлттық Банк Басқармасының жеке қаулысымен айқындалады.".

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Ұлттық Банктің филиалы есептік айдан кейінгі айдың он сегізінен кешіктірмей (Ұлттық почта операторы бойынша - айдың жиырма алтысынан кешіктірмей) банктік емес ұйымдардың тексерілген есебінің қағаз жазбадағы бір данасын және электрондық тасымалдағыштағы есепті Ұлттық Банкке жібереді.".

      2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны, кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компанияларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады