Бал арасы шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 27 мамырдағы N 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылы 23 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2374. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 08-3/617 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2011.10.28 № 08-3/617 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Бал арасы шаруашылығы туралы" Заңының 15 бабының 1 тармағына сәйкес, бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған бекiтiлсiн:
      1) омартаға ветеринариялық паспорт беру Ережелерi;
      2) омартаның ветеринариялық паспорты.
      2. Ветеринариялық департаментiне, Ауыл шаруашылық министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармаларымен, Астана және Алматы қалалары бiрлесе отырып, заңнамада белгiленген тәртiпте, осы бұйрықтан туындайтын керектi шаралар қабылдасын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрінің
      орынбасары - Министр

Бекiтiлдi          
Қазақстан Республикасының  
Ауыл шаруашылығы министрiнiң 
2003 жылғы 27 мамырдағы   
N 297 бұйрығымен      

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi ОМАРТАНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАСПОРТЫ

Астана

2003

ОМАРТАНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАСПОРТЫ

      Берiлдi ____________________________________________________
              (шаруашылық субъектiсiнiң аталуы, иесiнiң аты-жөнi)

      Оған тиiстi бал арасының саны ___________________ ұясы
орналасқан _______________________________________________________
               (орналасқан жердiң аталуы, мекен-жайы)

      ____________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Ветеринариялық қызмет көрсету жүктеледi_____________________
__________________________________________________________________
              (ветеринариялық маманның аты-жөнi)

      Берiлген мерзiмi "___" ______________200___ж.

      Ауданның (қаланың) бас ветеринариялық инспекторы ____________
                                                    (аты-жөнi, қолы)

      M.O.

      Шаруашылық субъектiсінiң жетекшiсi немесе омартаның
иесi______________________________________________________________
             (аты-жөнi, қолы)

1. Жалпы мәлiметтер

      1. Омартаның ветеринариялық паспорты (бұдан әрi - паспорт) ведомстволық және меншiк түрiне қарамастан әрбiр омартаға толтырылады.
      2. Паспортқа ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесінiң бас мемлекеттiк инспекторы қолын қойып мөрiн басып бередi.
      3. Паспорт есептiлiк құжаты болып табылады, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерiнде арнайы журналда, онда паспорттың, омартаның иесiнiң аты-жөнi, мекен-жайы, бақылау мерзiмi, омартаның саны, санитариялық жағдайы, эпизоотиялық жағдайы және ұсынылған ветеринариялық iс-шаралар, паспорттың күшiнiң жойылған мерзiмi, көрсетiлiп тiркеледi және тiркеу саны көрсетiледi.
      4. Паспортты ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесінiң ветеринариялық инспекторы омартаны тексергеннен кейiн сиямен түсiнiктi және қысқаша толтырады. Омартаны тексеру жылына бiр рет көктемде немесе күзде жүргiзiледi.
      5. Паспорт араның балауыз өнiмдерiн сатарда, сатып аларда көрсетiледi және белгiленген тәртiпте ветеринариялық куәлiктердi 1 және 2 үлгiдегi бал араларын және өнiмдерiн шығаруға сатуға, сондай-ақ бал араларын басқа жерлерге көшiруге берiлетiн құжат болып табылады.
      6. Паспорт шаруашылық субъектiсiнiң жетекшiсiнде немесе омартаның иесiнде сақталады.
      7. Паспорт 4 беттегi графалар толтырылғаннан кейiн және оны ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерiне көрсеткеннен кейiн жаңа паспортпен алмастыруға жатады.

2. Омартадағы ветеринариялық-санитарлық жағдай

      8. Ерiктi түрде жазылады:
      1) ара үйшiктерiнiң орналастыру ара қашықтықтары, боялғандығы, нөмiрiнiң, ұшу алаңдарының болуы;
      2) омартаның аумағының және омарталар қойылатын коралардың, қосалқы омарталардың, ұя рамаларының, ақырлардың, кенептердiң, жылытқыш көпшiктердiң, ветеринариялық-санитарлық жағдайы;
      3) дезинфекциялық техниканың, дезинфекциялық құралдардың, санитарлық-гигиеналық бағыттағы нысандардың, сондай-ақ қол жуғыш, арнайы киiмдер, дәретхана болуы;
      4) омартаның өнiмдiлiгi, бал арасы аналығының және олардың көбеюiнiң жағдайы;
      5) омартада биылғы немесе өткен жылы алынған бал арасының аналықтарының, егер растайтын құжаттары болған жағдайда, бал арасының тұқымы көрсетiледi;
      6) лауазымы және қолы.

__________________________________________________________________
Бақылау мерзiмi     |         Омартаны бақылаудың нәтижелерi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

3. Омартадағы эпизоотиялық жағдай

      9. Ветеринариялық маман немесе ветеринариялық зертхана қойған, алдын ала немесе қорытынды диагноз.
      10. Аурудың шыққан мерзiмi және жұғу көзi.
      11. Карантиннiң (шектеудiң) қойылу және алыну мерзiмi және қай мемлекеттiк органның шешiмiмен қойылған, алынған.
      12. Лауазымы және қолы.

__________________________________________________________________
Аурудың аталуы және | Аурудың жұғу көзi |  Карантиннiң (шектеудiң)
шығу мерзiмi        |                   |  қойылу немесе алыну
                     |                   |  мерзiмi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

4. Зертханалық зерттеулер

      13. Патологиялық материалдарды зерттеу нысандары (бал арасы, көбеюi, бал, балауыз, бал тасығыш) және зерттеу нәтижелерi немесе диагноз (қойылған жағдайда).
      14. Ветеринариялық зертхананың аталуы, экспертизаның нөмiрi және ұсынылған ветеринариялық iс-шаралар.
      15. Лауазымы және қолы.

__________________________________________________________________
Материалдың  |  Зерттеу нысаны  | Экспертиза N, зерттеу нәтижелерi
түскен және  |                  | және ұсынылған ветеринариялық
зерттелген   |                  | iс-шаралар
мерзiмi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

5. Ветеринариялық iс-шаралар

      16. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының ұсынуымен және бақылауымен, омарта иесiнiң жүргiзетiн емдеу және профилактикалық, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау және дезакаризациялау жұмыстары.
      17. Лауазымы және қолы.

__________________________________________________________________
Іс-шаралардың  | Орындалған жұмыстардың  | Препараттың аты, дозасы,
аталуы және    | көлемi (қайталануы)     | беткейлiгi
жүргізілген    |                         |
мерзiмi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Бекiтiлдi          
Қазақстан Республикасының  
Ауыл шаруашылығы министрiнiң 
2003 жылғы 27 мамырдағы   
N 297 бұйрығымен       

Омартаға
ветеринариялық паспорт беру
ЕРЕЖЕЛЕРI

1. Жалпы ережелер

      1. Ветеринариялық инспекторлардың мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық паспорт берудiң осы Ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңының 1 бабының 10 тармақшасына сәйкес жасалынған және ветеринариялық паспортты берудiң және толтырудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы Ережелер талаптарын аумақтың ветеринариялық инспекторларына, сондай-ақ бал арасын өсiрумен, көбейтумен және бал арасы өнiмдерiн сатумен шұғылданатын, жеке және заңды тұлғалардың орындаулары мiндеттi болып табылады.

2. Осы Ережелерде қолданылған негiзгi ұғымдар

      3. Омарта - бал арасымен қоса белгiлi бiр жерде орналастырылған бал ара ұялары және бал ара шаруашылығымен айналысуға қажеттi мүлiк.
      4. Омартаның ветеринариялық паспорты - ветеринария саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiленген нысандағы құжат, онда бал арасы ұяларының орналасқан жерi, иесi, саны, бал аралары ауруларының профилактикасын, емдеудi және диагностикасын, жүргiзу мақсатында өткiзiлген ветеринариялық өңдеудiң мерзiмдерi мен сипаты көрсетiледi.
      5. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi орган - өз құзыретi аумағында ветеринария саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайтын мемлекеттiк орган.
      6. Омартадағы эпизоотиялық жағдай - нақтылы бiр аумақта белгiленген мезгiл аралығында бал араларының жұқпалы ауруларының таралуы туралы мәлiметтер жиынтығы.

3. Ветеринариялық паспортты толтыру және беру тәртiбi

      7. Омартаның ветеринариялық паспорты есептiлiк құжат болып табылады және оны ветеринария саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмдерiнiң бас ветеринариялық инспекторлары бередi.
      8. Омартаның ветеринариялық паспортында көрсетiледi:
      1) омартаның иесiнiң немесе шаруашылық субъектiсiнiң жетекшiсiнiң аты-жөнi, мекен-жайы;
      2) омартаның орналасқан жерi;
      3) омартаға қызмет көрсететiн ветеринария маманның аты-жөнi;
      4) бал арасы ұясының саны;
      5) ветеринариялық паспортты берген бас ветеринариялық инспектордың аты-жөнi;
      6) омартаның ветеринариялық-санитарлық жағдайы;
      7) омартадағы эпизоотиялық жағдай;
      8) зертханалық зерттеулер;
      9) ветеринариялық iс-шаралар.
      9. Омартаның ветеринариялық паспорты ветеринария саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi органның аумақтық басқармаларының бөлiмдерiнде тiркеледi.
      10. Омартаның ветеринариялық паспортын эпизоотологиялық талдау жүргiзгеннен кейін, қысқаша және анық түрде ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық ветеринариялық инспекторы толтырады.
      11. Омартаның ветеринариялық паспорты шаруашылық субъектiсiнiң жетекшiсiнде немесе омартаның иесiнде сақталады.

4. Осы Ережелердiң орындалуына мiндеттi

      12. Осы Ережелердi бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады