1991-нөмірмен тіркелген "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727 Бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 2 маусымдағы N 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 26 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2380. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 635 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.30 N 635 Бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. ...
      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. ...
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    Б. Жәмішев

                                         Қазақстан Республикасы
                                            Қаржы министрінің
                                       2008 жылғы 30 желтоқсандағы
                                             N 635 бұйрығына
                                                 2-қосымша

Қазақстан Республикасының күшi жойылған кейбiр
нормативтік құқықтық актілерінің тiзбесi

      1. ...
      ........
      7. 1991-нөмірмен тіркелген "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 2 маусымдағы N 221 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2380 тiркелген, 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 3 (160) "Официальная газета" газетінде жарияланған).
      ........
      25. ...

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 546-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727 Бұйрығына (2002 жылдың 2 қазанында 1991 нөмірмен тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 4-5 сандарында жарияланған; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 7 қаңтарда NN 2108, 2109, 2110 нөмірлермен тіркелген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 25 желтоқсандағы NN 895, 902, 903 және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 3 сәуірде N 2226 нөмірмен тіркелген 2003 жылғы 27 наурыздағы N 143 бұйрықтарымен енгізілген толықтыруларымен) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізілімі мынадай мазмұндағы 75-78 тармақтармен толықтырсын:
      "75. ШТРИХ-МИКРО-KZ Ф
      76. СПАРК-617 ТФ KZ
      77. ПРИМ-07Ф KZ
      78. ЭЛИТ-МИКРО KZ".

      2. Салық әдістеме басқармасы (А.М. Қыпшақов) осы Бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Салық комитеті Төрағасының орынбасары Ә.Б. Базарбаеваға жүктелсін.

      4. Осы Бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады