Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде N 2017 тiркелген "Азық-түлiк рыногын құру, ұстау және пайдалануға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережелер мен нормаларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 38 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 464 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 4 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2392. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі N 578 бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.30 N 578 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 2003 жылғы 4 маусымдағы N 4-1/18/3314/и хатына сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк актілердi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылғы 18 қазанда N 2017 тiркелген "Азық-түлiк рыногын құру, ұстау және пайдалануға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережелер мен нормаларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi бұйрығына мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
      көрсетілген бұйрықпен бекiтiлген санитарлық ережелер мен нормаларда:
      17-тармақта "және оған iргелес аумақ (периметрi бойынша 25 метрге дейiн)" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiне А.А. Белоногқа жүктелсiн.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен  күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады