Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2113 тіркелген "Шарттар жасасуды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 620 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 18 маусымдағы N 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 10 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2398. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 3 маусымдағы N 211 Бұйрығымен

  --------------Бұйрықтан үзінді--------------  

      
      "Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Заң қызметi департаментi (Д.В. Вагапов) қоса берiлген тiзбеде көрсетiлген бұйрықтардың күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне белгiленген тәртiппен бiр апталық мерзiмде хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрiнің     
2005 жылғы 3 маусымдағы 
N 211 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң күшiн
жойған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi

      13. "Шарттарды жасасуды талап ететiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 620 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2003 жылғы 18 маусымдағы N 236 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 10 шiлдеде N 2398 тiркелген)...
--------------------------------------------

      Бұйырамын:
      1. "Шарттар жасасуды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 620  бұйрығына  (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 2113 тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы N 86 бұйрығымен өзгерістер енгізілді - N 2212 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шарттар жасасуды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесінде, "Ескерту" бағаны мынадай сөздермен толықтырылсын:
      138, 139, 142, 146, 149-ерекшеліктер бойынша:
      "және әкімшісі Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі болып табылатын "Шет елдегі сауда өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің".
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады