Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсатты алуға қажеттi құжаттардың тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 30 маусымдағы N 255 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 11 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2400. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 170 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008.04.23  N 170  Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы"  Заңының  68-бабының 11-тармағын орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi туралы ережеге сәйкес Бұйырамын:

      1. Қоса берiлiп отырған құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсатты алуға қажеттi құжаттардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.

       Төрағаның
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасының   
Индустрия және сауда     
министрлiгiнiң        
Құрылыс iстерi жөнiндегi  
комитетi           
Төрағасының мiндетiн     
атқарушысының        
2003 жылғы 30 маусымдағы  
N 255 бұйрығымен      
бекiтiлген          

  Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған
рұқсатты ресiмдеуге қажеттi құжаттардың
ТІЗІМІ

      1. Белгiленген нысандағы өтiнiш (1-қосымша).
      2. Жер телiмiн құрылысқа беру туралы аудандық (қалалық) атқарушы органдардың шешiмi.
      3. Құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алуға арналған белгіленген нысанда бекiтілген жоба (нобайлық жоба) немесе сараптаманың оң қорытындысы бар жобаның жекелеген бөлiмдерi.
      4. Құрылыс-монтаж жұмыстары түрлерiнiң тiзбесi бар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыруға құқығына мемлекеттік лицензия.
      5. Қалалық (аудандық) инженерлiк қызметпен келiсiлген құрылыстың бас жоспары.
      6. Учаскеде бұзылатын қоныстар болған кезде тұрғын үйлер мен басқа да қоныстарды бұзғандығы туралы анықтама (қажет болған жағдайларда).
      7. Жобаны әзiрлеушiнiң авторлық қадағалауды жүзеге асыруы және құрылыс процесiн технологиялық сүйемелдеу үшiн жобалау ұйымдарымен жасасқан шарты.
      8. Бас мердiгердiң және тапсырысшының атынан жауапты тұлғаның белгіленген нысандағы қолхаты (2, 3-қосымшалар).
      9. "Сейсмикаға төзiмдi құрылыс" және "Құрылыстағы геодезия" курстары бойынша қолданыстағы куәлiктерiнiң болуы (қажет болған жағдайларда).

Қазақстан Республикасының    
Индустрия және сауда      
министрлiгiнiң         
Құрылыс iстерi жөнiндегi   
комитетi           
Төрағасының мiндетiн      
атқарушысының         
2003 жылғы 30 маусымдағы   
N 255 бұйрығымен       
бекiтiлген          
Құрылыс-монтаж жұмыстарын   
жүргiзуге арналған рұқсатты 
алуға қажеттi құжаттардың  
тiзбесiне          
1-қосымша          

  ӨТIНIШ

Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторынан _____________________________
___________________________________________________________________
                    (облыс, қала, аты-жөнi)

Тапсырысшы (Құрылыс салушы) _______________________________________
___________________________________________________________________
     (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, мекен-жайы және
  телефоны, заңды тұлғаның, ұйымның атауы, мекен-жайы, телефоны)
___________________________________________________________________
                (объектiнiң мақсаты, мекен-жайы)

объектiнiң құрылысы бойынша _______________________________________
___________________________________________________________________
     (құрылысты бастауға, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзу)
рұқсатты ресiмдеудi сұрайды.

Мердiгер __________________________________________________________
                  (ұйымның атауы, мекен-жайы, телефоны)
Жобалау-сметалық құжаттаманы ______________________________________
___________________________________________________________ бекiттi.
                            (кiм, қашан)
Тапсырысшының техникалық функцияларын жүзеге асыру ________________
________________________________________________________ жүктеледi.
             (тегi, аты, әкесiнің аты)
Жоба авторын инженерлiк сүйемелдеу ________________________________
________________________________________________________ жүктеледi.
                 (тегi, аты, әкесiнiң аты)

Құрылыс процесiн технологиялық сүйемелдеудi _______________________
___________________________________________________ жүзеге асырады.
          (ұйымның атауы, мекен-жайы, телефоны)

Құрылыс 200_ жылғы "__" __________ басталды.
Пайдалануға беру мерзiмi 200_ жылы "____"_________
Құрылыстың сметалық құны ____________________________________
Қаржыландыру көздерi ________________________________________

М.О.                 ________________________________________
                         (Басшының тегi, аты, әкесiнiң аты)

Қазақстан Республикасының    
Индустрия және сауда      
министрлiгiнiң         
Құрылыс iстерi жөнiндегi   
комитетi          
Төрағасының мiндетiн      
атқарушысының         
2003 жылғы 30 маусымдағы   
N 255 бұйрығымен       
бекiтiлген          
Құрылыс-монтаж жұмыстарын   
жүргiзуге арналған рұқсатты 
алуға қажеттi құжаттардың  
тiзбесiне          
2-қосымша          

  Бас мердiгердiң атынан құрылысқа жауапты адамның
ҚОЛХАТЫ

Мен _______________________________________________________________
___________________________________________________________________
         (лауазымы, ұйымның атауы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
мынадай қолхат беремiн:

1. ________________________________________________________________
___________________________________________________________________
          (оқу орнының атауы, бiтiрген жылы, мамандығы)
бойынша маған берiлген құқықтың негiзiнде объектiнi салған кезде
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                 (объектiнiң атауы, мекен-жайы)

құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзгенiм үшiн өзiме жауапкершілiктi қабылдаймын.

2. Құрылыс нормаларын, құрылыс заңнамасының талаптарын және жобаның талаптарын бұзғаным үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жауапкершiлiкте боламын.

3. Осы қолхатты алдын ала үзбей жұмысты қалдырмауға мiндеттеме қабылдаймын, қолхатты басқа адамның атына ресiмдегенге дейiн осы объектiнiң құрылысы үшiн жауапкершiлiк өзiмде қалады.

4. "Сейсмикаға төзiмдi құрылыс" және "Құрылыстағы геодезия" курстары
бойынша оқыдым және олар бойынша қолданыстағы куәлiктерiм бар
_______________________________________________________________
    (куәлiктiң нөмiрi, кiм берген немесе мерзiмi ұзартылған)

5. Қызметiнiң мекен-жайы, телефоны ________________________________
                                   ________________________________
                                               (жеке қолы)

Мәлiметтердi және
қолымды куәландырамын  _____________________________________________
                    (қолхат берушi басшының тегi, аты, әкесiнiң аты)

       М.О.                          қолы

Қазақстан Республикасының    
Индустрия және сауда      
министрлiгiнiң         
Құрылыс iстерi жөнiндегi   
комитетi           
Төрағасының мiндетiн      
атқарушысының         
2003 жылғы 30 маусымдағы   
N 255 бұйрығымен       
бекiтiлген          
Құрылыс-монтаж жұмыстарын   
жүргiзуге арналған рұқсатты 
алуға қажеттi құжаттардың  
тiзбесiне          
3-қосымша          

  Тапсырысшының техникалық функцияларын
жүзеге асыратын жауапты адамның
ҚОЛХАТЫ

Мен ______________________________________________________________
         (лауазымы, ұйымның атауы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
__________________________________________________________________
                        (оқу орнының атауы)

бойынша маған ____ жылы "____" ___________ N ____________ берiлген
__________________________________________________________________
              (диплом, куәлiк немесе жеке куәлiк)

негiзiнде куәмiн және объектiнi салған кезде _____________________
__________________________________________________________________
                (объектiнiң атауы, мекен-жайы)
__________________________________________________________________
                (құрылыс салушы ұйымның атауы)

200_ жылғы "___" _________ N _________ орындау үшiн тапсырысшының техникалық қадағалау функцияларын жүзеге асыруды өзiме қабылдаймын.
Объектiнiң құрылысы және жұмыстардың нормативтiк сапасы үшiн жауапкершiлiктi қабылдай отырып, мыналарға мiндеттiмiн:
1. Мемсәулетқұрылысинспекциясының тиiстi шешiмiнсiз объектiде жұмыстар жүргiзуге рұқсат бермеймiн.
2. Құрылыс нормаларынан және бекiтiлген жобадан шегiнiс жасауға рұқсат бермеймiн.
3. Сапасыз материалдарды, бұйымдар мен құрастырмаларды қолдануға рұқсат бермеймiн.
4. Сапасыз орындалған құрылыс жұмыстарының көлемiн қабылдамаймын.
5. Өндiрiс жұмыстары мен құрылыс заңнамасының техникалық талаптарын бұзғаным үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жауапкершiлiкте боламын.
Құрылыстағы жалпы жұмыс өтiлi ________ жыл.
Қызметiнiң мекен-жайы, телефоны __________________________________
Yйiнiң мекен-жайы, телефоны ______________________________________

                                                    ______________
                                                      (жеке қолы)

Мәлiметтердi және қолымды куәландырамын __________________________
                                 (қолхат берушi басшының аты-жөнi)

       М.О.                            қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады