Мәслихаттар депутаттарының 2003 жылғы кезекті сайлауы барысында сайлау шараларын қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрайымының 2003 жылғы 1 тамыздағы N 81/102 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 4 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2422. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 27 маусымдағы N 91/183 қаулысымен.

  ------------Қаулыдан үзінді------------------

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңның 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сай Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. ....
      3. ....
      
      Төраға
      
      Хатшы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. ....
      2. ....
      3. "Мәслихаттар депутаттарының 2003 жылғы кезекті сайлауы барысында сайлау шараларын қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2003 жылғы 1 тамыздағы N 81/102 қаулысы (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізіліміне 2003 жылғы 4 тамызда тіркелген, тіркеу N 2422).
      4. ....
      5. ....
      6. ....

----------------------------------------------

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық  заңының  12 және  35 баптарына  сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сайлау комиссияларының, негізгі жұмысынан босатылған, мүшелеріне орташа жалақысын, сондай-ақ үстеме жұмысы, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысы үшін қосымша ақысын төлеу сайлау өткізуге бөлінген қаржы есебінен жасалсын.
      Сайлау комиссияларының, негізгі жұмысынан босатылмаған, мемлекеттік қызметшілер болып табылатындарынан басқа, мүшелеріне үстеме жұмысы, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысы үшін қосымша ақы төлеу, сайлау өткізуге бөлінген қаржы есебінен жасалсын.
      Үстеме жұмысы, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысы үшін қосымша ақы төлеу еңбек заңнамасына сәйкес жасалсын.
      Еңбек демалысындағы, сондай-ақ зейнеткерлер мен жұмыссыздар болып табылатын сайлау комиссияларының, мемлекеттік қызметшілерден басқа, мүшелері сайлау комиссияларындағы жұмысқа еңбек келісімі негізінде, тиісті сайлау комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету үшін белгіленген нормативтер шегінде жалақы төлеумен тартылсын.

      2. Сайлау комиссияларына депутаттыққа кандидаттардың, меншік нысанына қарамай, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлегені үшін, мемлекеттік теледидар арқылы бір мәрте он бес минуттық сөз сөйлеуге, мемлекеттік радио арқылы бір мәрте он минуттық сөз сөйлеуге, сондай-ақ мемлекеттік баспасөз органдарында екі мақала жариялауға төлеу үшін бөлінген қаржы шегінде, төлем жасау рұхсат етілсін.
      Депутаттыққа кандидат жоғарыда аталған үгіт нысандарын пайдаланғысы келмеген жағдайда, оның жазбаша арызы бойынша, округтік сайлау комиссиясы осы мақсатқа қаралған қаржыны плакаттар, үндеухаттар, ұрандар және басқа баспа үгіт материалдарын шығару үшін пайдалануға рұхсат етуге құқылы.

      3. Аумақтық сайлау комиссиялары, нақты жағдайларды және сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың жалпы санын ескере отырып, учаскелік сайлау комиссиялары үшін, жалпы шығыстар сметасы шегінде сараланған шығыстар нормасын белгілесін.
      Жинақтық смета бекітілгеннен кейін шығыстардың экономикалық жіктелуінің өзгешеліктері арасында қаржыны қайта бөлуді, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің рұхсатымен жасайды.

      4. Сайлау комиссияларының үй-жайды жалға алу құны белгіленген шығыстар сметасы шегінде төленсін.

      5. Сайлау комиссияларына телефон және көшірме байланыстарға бөлінген қаржы абоненттік төлемді және қалааралық байланыс қызметін өтуге пайдаланылсын.
      Телефон байланысы нүктелерін қою және алу, басқа техникалық қызметтер жөніндегі шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының келісімімен жасалсын.

      6. Осы қаулы оны Қазақстан Республиканың Әділет министрлігі мемлекеттік тіркеуден өткізген сәттен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрайымы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады