Екінші деңгейдегі банктер брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасауға құқылы елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 219 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2428. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 46 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 46   қаулысымен .
______________________________

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  30-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Екінші деңгейдегі банктердің "Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтинг агенттіктерінің "А"-дан төмен емес немесе "Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің "А2"-ден төмен емес шетел валютасымен тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруына құқылы екендігі белгіленсін.
      2. Екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік бағалы қағаздарымен брокерлік және дилерлік қызметті осы қаулының 1-тармағында айқындалған деңгейден төмен жүзеге асыруына құқылы елдердің шетел валютасымен тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингі төмендеген кезде брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер көрсетілген төмендеу орын алған айдан кейін келетін үш күнтізбелік айдың ішінде өз қызметін осы қаулының 1-тармағына сәйкес келтіруге міндетті.
      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың өзін-өзі реттейтін ұйымдарына, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады