Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2113 тіркелген "Шарттар жасасуды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 620 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 11 тамыздағы N 306 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 13 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2440. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 3 маусымдағы N 211 Бұйрығымен

  --------------Бұйрықтан үзінді--------------  

       "Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Заң қызметi департаментi (Д.В. Вагапов) қоса берiлген тiзбеде көрсетiлген бұйрықтардың күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне белгiленген тәртiппен бiр апталық мерзiмде хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрiнің     
2005 жылғы 3 маусымдағы 
N 211 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң күшiн
жойған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi

      14. "Шарттарды жасасуды талап ететiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 18 маусымдағы N 620 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2003 жылғы 11 тамыздағы N 306 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 13 тамызда N 2440 тiркелген)...
--------------------------------------------

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта қорына, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 264  Заңына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Шарттар жасасуды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 620  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2113 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 7, 799-құжат, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы  N 86  - N 2212 тіркелген, 2003 жылғы 18 маусымдағы N 236  бұйрықтарымен  өзгерістер енгізілген - N 2398 тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шарттар жасауды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесінде
      149 ерекшелігі бойынша:
      "Ескерту" бағанында "және" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта қорына, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 264  Заңына  сәйкес Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталықтың шығыстарын төлеген кезде" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады