Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарын аттестациядан өткізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 тамыздағы N 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2451. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 91 бұйрығымен.

      ---------------- Бұйрықтан үзінді -----------------
      Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне  сәйкес және кадрлардың кәсіптік даярлық деңгейін, құқықтық мәдениетін айқындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кеден органдарының жүйесіндегі кадрларды іріктеу мен орналастырудың негізгі қағидаттарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      6. "Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарын аттестациядан өткізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 тамыздағы N 394 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 тамызда N 2451 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын...

      Төраға

______________________________     
     
      Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне , "Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі N 981 қаулысына  сәйкес және кадрлардың кәсіптік даярлық деңгейін, құқықтық мәдениетін айқындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кеден органдарының жүйесіндегі кадрларды іріктеу мен орналастырудың негізгі қағидаттарын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарын аттестациядан өткізу жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы Бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (А.А.Қаңлыбаева) осы Бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Ұйымдастырушылық және әкімшілік жұмыстар департаменті (К.І.Махамбетов) осы Бұйрықты Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Департаменттер мен басқармаларының және оның аумақтық бөлімшелері басшыларының назарына және басшылыққа алуы үшін жеткізілсін.
      5. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
      6. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

"Қазақстан Республикасы кеден  
органдарының лауазымды адамдарын
аттестациядан өткізу жөніндегі 
Нұсқаулықты бекіту туралы"   
Қазақстан Республикасының    
Кедендік бақылау агенттігі   
төрағасының          
   2003 жылғы 20 тамыздағы    
N 394 бұйрығына қосымша    

Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды
адамдарын аттестациядан өткізу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарын аттестациядан өткізу жөніндегі Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне , "Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің мәселелері" туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі N 981 қаулысына  сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарын аттестациядан өткізу жағдайын нақтылайды.

      2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарын аттестациядан өткізу кеден органдарының қызметін жетілдіру, кәсіптік даярлық деңгейін, құқықтық мәдениетін айқындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кеден органдарының жүйесіндегі кадрларды іріктеу мен орналастырудың негізгі қағидаттарын іске асыру мақсатында жүргізіледі. Аттестациялау кезінде іскерлік және жеке қасиеттеріне, ұйымдастырушылық қабілетіне баға беріледі, заңнаманы кәсіптік білу деңгейі, атқаратын міндеттерінің шеңбері бойынша өз бетімен шешімдер қабылдау қабілеті айқындалады.

      3. Жүкті әйелдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары аттестациядан өтуге жатады. Нәрестені күтуге байланысты демалыстағы әйелдер, сондай-ақ дәлелді себептер бойынша болмаған адамдар жұмысқа шыққаннан кейін аттестациядан өтеді.

      4. Кеден органдарының лауазымды адамдарының өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерді орындай алу қабілеті аттестациялау кезіндегі бағалаудың негізгі өлшемі болып табылады.

      5. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызметте болған әрбір үш жыл өткеннен кейін, бірақ аталған лауазымды иеленген күннен бастап алты айдан бұрын емес аттестациядан өтеді. Бұл орайда, аттестация аттестациядан өту мерзімі басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.

      6. Қазақстан Республикасының кеден органдарына алғаш рет немесе қызмет стажында үзіліс бола отырып қызметке тұрған Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік немесе кеден органдарында қызметте үзіліссіз үш жыл болғаннан кейін осы Нұсқаулықтың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде аттестациядан өтеді.
      Бұл орайда мемлекеттік қызметші өзге мемлекеттік органнан босатылған күннен бастап оның кеден органдарына тағайындалған күніне дейін үш айдан артық мерзім өтпесе, оның көрсетілген мерзім ішінде өзге заңды (мемлекеттік органдарды қоспағанда) және жеке тұлғалармен еңбек қатынастары болмауы шартымен, мемлекеттік қызметте болуы үзіліссіз болып саналады.

      7. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар (республикалық мәні бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелерінің және кедендердің (бұдан әрі - аумақтық кеден органдары) бастықтарын, олардың орынбасарларын, кеден бекетінің, бөлімдерінің бастықтары мен олардың орынбасарларын аттестациядан өткізуді Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің (бұдан әрі - ҚР КБА) Орталық аттестациялық комиссиясы жүргізеді.

      8. Қазақстан Республикасының аумақтық кеден органдарының лауазымды адамдарын аттестациядан өткізу осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардан басқа, құрамына ҚР КБА өкілдері кіретін Қазақстан Республикасы аумақтық кеден органдарының аттестациялық комиссиялары жүзеге асырады.

      9. Аттестацияны өткізу мерзімдерін, кестесін аттестациялауға жататын лауазымды адамдардың тізімін осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілген ҚР КБА Ұйымдастырушылық және әкімшілік жұмыстар департаментінің Кадр басқармасы (бұдан әрі - Кадр басқармасы) әзірлейді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚР КБА төрағасы бекітеді.

      10. Аттестацияны өткізу мерзімдерін, кестесін аттестациялауға жататын лауазымды адамдардың тізімін және Осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көрсетілген аттестациялық комиссиялардың құрамын кадр қызметі әзірлейді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органының бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

2. Аттестация өткізуге дайындықты ұйымдастыру

      11. ҚР КБА кеден органдарының Осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарын аттестация өткізуге дайындықты ҚР КБА Төрағасы бұйрығының негізінде Кадр басқармасы ұйымдастырады.

      12. ҚР КБА Қазақстан Республикасы аумақтық кеден органдарының осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарын аттестация өткізуге дайындықты Қазақстан Республикасының аумақтық кеден органдары басшылары бұйрықтарының негізінде Қазақстан Республикасы аумақтық кеден органдарының кадр қызметтері (бұдан әрі - кадр қызметі) ұйымдастырады.

      13. Дайындық мынадай іс-шараларды:
      1) аттестациядан өтетіндерге қажетті құжаттар дайындауды;
      2) аттестация өткізу кестелерін әзірлеуді;
      3) аттестациялық комиссиялардың құрамын белгілеуді;
      4) аттестация өткізудің мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндіру жұмысын ұйымдастыруды қамтиды.

      14. Кадр басқармасы немесе Қазақстан Республикасы аумақтық кеден органдарының кадр қызметі алты айдың ішінде бір рет Қазақстан Республикасы кеден органдарының осы Нұсқаулықтың 5-тармағына сәйкес аттестациялауға жататын лауазымды адамдарын белгілейді.

      15. ҚР КБА төрағасы немесе Қазақстан Республикасының аумақтық кеден органының басшысы Кадр басқармасының немесе кадр қызметінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы кеден органдарының аттестациялауға жататын лауазымды адамдарының тізімін бекітетін, аттестация өткізудің мерзімдері мен аттестациялық комиссияның құрамын, сондай-ақ аттестациялық комиссиясының жұмыс кестесін белгілейтін бұйрық шығарады.

      16. Кадр қызметі Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарын аттестация өткізудің мерзімі туралы ол басталардан бір айдан кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.

      17. Қазақстан Республикасы кеден органының аттестациялауға жататын лауазымды адамының тікелей басшысы ҚР КБА бекіткен нысан бойынша қызметтік мінездемені, анықтама-объективканы ресімдейді және оны Кадр басқармасына немесе кадр қызметіне жібереді.

      18. Қызметтік мінездемеде Қазақстан Республикасы кеден органының аттестациядан өтетін лауазымды адамының Қазақстан Республикасының кеден органдарында үздіксіз қызметте болған үш жылынан және одан кейінгі осы Нұсқаулықтың 5-тармағына сәйкес өткізілетін аттестацияға дейінгі мерзімнен тұратын кезең ішіндегі кәсіптік, жеке қасиеттерін мен қызметінің нәтижелерін негізді бағалау көрініс табады.

      19. Кадр басқармасы және кадр қызметі Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамын аттестациялық комиссияның отырысына дейін үш аптадан кеш емес мерзімде оған ұсынылған қызметтік мінездемемен таныстыруға міндетті.

      20. Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы өзіне ұсынылған қызметтік мінездемемен келіспейтіндігі туралы мәлімдеуге және қызметтік міндеттерді орындау жөніндегі ақпаратты Кадр басқармасына немесе кадр қызметіне ұсынуға құқылы.

      21. Қазақстан Республикасы кеден органының аттестациядан өтетін лауазымды адамына кадр басқармасы немесе кадр қызметі ҚР КБА бекіткен нысан бойынша аттестациялық парақ ресімдейді (Нұсқаулыққа қосымша).
      22. Кадр басқармасы немесе кадр қызметі жиналған аттестациялық материалдарды аттестациялық комиссияға жібереді.

3. Аттестациялық комиссия

      23. Аттестациялық комиссия кадр қызметінің ұсынымы бойынша ҚР КБА кеден органы басшысы Бұйрығымен құралады және саны бес адамнан кем емес мүшелерінен және комиссия хатшысынан тұрады. Аттестациялық комиссия мүшелерінің ішінен комиссияның төрағасы тағайындалады.

      24. ҚР КБА-ның және Қазақстан Республикасы аумақтық кеден органдарының осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарын аттестациядан өткізуді ҚР КБА төрағасының бұйрығымен құрылатын Орталық аттестациялық комиссия жүзеге асырады.

      25. Қазақстан Республикасы кеден органдарының осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарын аттестациядан өткізуге арналған аттестациялық комиссияны ҚР КБА кеден органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы лауазымға тағайындауға құқығы бар басшысының Бұйрығымен құрылады.

      26. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарын аттестациядан өткізу үшін бірнеше аттестациялық комиссия құрылуы мүмкін.
      27. Аттестациялық комиссияның төрағасы мен мүшелері аттестациядан өтуге жататын лауазымды адаммен бірдей немесе одан да жоғарырақ лауазымда болуы тиіс.
      28. Аттестациялық комиссияның мүшелері аттестациядан жалпы негізде өтеді.

      29. Аттестациялық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының кеден органдары құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, кадр және заң бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кеден органдарының өзге де лауазымды адамдары енгізіледі.

      30. Дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

4. Аттестацияны өткізу

      31. Аттестациялық комиссия аттестацияны аттестациядан өтетін лауазымды адамының қатысуымен жүргізеді.
      Аттестациялық комиссияның отырысына қатыспаған Қазақстан Республикасы кеден органдарының дәлелді себеп бойынша лауазымды адамдары аттестациядан жұмысқа шыққаннан кейін өтеді.
      Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамдары дәлелсіз себептермен аттестациялық комиссияның мәжілісіне келмеген жағдайда комиссия оның қатысуынсыз, қолда бар материалдардың негізінде аттестацияны жүргізу туралы шешім қабылдауға құқылы.

      32. Тестілеуден өту кезінде кеден органының лауазымды адамы өту мәнінен төмен баға алған жағдайда, әңгімелесуге қатыспайды.
      Бұл ретте аттестациялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) аттестациядан қайта өтуге жатады;
      2) атқаратын қызметіне сәйкес келмейді.

      33. Аттестациялық комиссия ұсынылған тест материалдарын зерделей және Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамымен әңгімелесуді жүргізе отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
      2) аттестациядан қайтадан өткізілуге жатады;
      3) атқаратын қызметіне сәйкес келмейді.
      34. Аттестациялық комиссияның атқаратын қызметке сәйкес еместігі туралы шешімі аттестацияның теріс нәтижесі болып табылады.

      35. Аттестациялық комиссияның шешімі ашық немесе жабық дауыспен қабылданады. Дауыс беру әдісі аттестациялық комиссияның қарауы бойынша таңдап алынады. Қазақстан Республикасы кеден органының аттестациялық комиссияның құрамына кіретін аттестациядан өтетін лауазымды адамы өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.

      36. Аттестациядан қайта өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бастапқы аттестациядан өту сәтінен бастап алты айдан кейін жүргізіледі. Аттестациялық комиссия қайта аттестацияны өткізе отырып мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқаратын қызметіне сәйкес келеді;
      2) атқаратын қызметіне сәйкес келмейді.

      37. Аттестациялық комиссияның шешіміне оның отырысына қатысып отырған аттестациялық комиссияның мүшелері және хатшысы қол қояды.
      38. Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы аттестациялық комиссияның шешімімен танысуы тиіс.
      39. Аттестациялық комиссияның шешімін бір ай мерзімде ҚР КБА төрағасы (аумақтық кеден органы басшысы) бұйрық нысанында бекітеді.
      40. Аттестациялық комиссияның бекітілген шешімдері Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының аттестациялық парақтарына енгізіледі.
      41. Қазақстан Республикасы кеден органының аттестациядан өткен лауазымды адамының аттестациялық парағы мен оған берілген қызметтік мінездеме жеке іс-қағазында сақталады.
      42. ҚР КБА төрағасының (ҚР КБА аумақтық кеден органы басшысының) аттестациялық комиссияның шешімін бекітпеуге және шешімі түпкілікті болып табылатын қайта аттестация тағайындауға құқығы бар.
      43. ҚР КБА төрағасы (ҚР КБА аумақтық кеден органының басшысы) бекіткен аттестацияның теріс нәтижелері Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруді тоқтату үшін негіздеме болып табылады.

5. Аттестациялық комиссияның шешімдеріне шағымдану

      44. Қазақстан Республикасының кеден органы лауазымды адамының Қазақстан Республикасы кеден органы басшысының аттестациялық комиссияның шешімдерін бекіту туралы бұйрығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдануға құқығы бар.

"Қазақстан Республикасы кеден   
органдарының лауазымды адамдарын 
аттестациядан өткізу жөніндегі  
Нұсқаулықты бекіту туралы"    
Қазақстан Республикасының Кедендік
бақылау агенттігі төрағасының  
2003 жылғы 20 тамыздағы N 394  
Қазақстан Республикасы Кеден   
органдарының лауазымды адамдарын
аттестациядан өткізу жөніндегі 
Нұсқаулыққа қосымша       

АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ ПАРАҚ

1. Тегі, аты, әкесінің аты:
2. Туған жылы:
3. Білімі туралы, біліктілігін көтергендігі, қайта даярланғандығы
туралы мәліметтер: ________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(Қашан және қандай оқу орынын бітірген, білімі бойынша мамандығы
және біліктілігі, біліктілігін көтергендігі, қайта даярланғандығы
туралы құжаттар, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, олардың берілген
уақыты)
4. Атқаратын қызметі және тағайындалған (осы лауазымға бекітілген)
уақыты: ___________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
5. Жалпы еңбек стажы: _____________________________________________
___________________________________________________________________
6. Мемлекеттік қызмет (соның ішінде кеден органдардағы) стажы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
7. Аттестациядан өтетін адамға берілген сұрақтар және оларға
қысқаша жауаптар: _________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
8. Аттестациялық комиссияның мүшелері білдірген ескертпелер мен
ұсыныстар: ________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
9. Аттестациядан өтушінің ерекше пікірі: __________________________
___________________________________________________________________
10. Лауазымды адамның қызметін дауыс беру нәтижелері бойынша
бағалау: __________________________________________________________
___________________________________________________________________
11. Отырысқа аттестациялық комиссияның _______ мүшесі қатысты.
12. Дауыстардың саны:  "қарсы емес" ______, "қарсы" ______
13. Аттестациялық комиссияның ұсынымдары (себептері көрсетіле
отырып) ___________________________________________________________
___________________________________________________________________
14. Ескерту: ______________________________________________________
___________________________________________________________________

Аттестациялық комиссияның__________________________________________
төрағасы                     (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)

Аттестациялық комиссия
төрағасының орынбасары   __________________________________________
                               (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)

Аттестациялық
комиссияның хатшысы      __________________________________________
                           (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)

Аттестациялық комиссияның__________________________________________
мүшелері                    (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)

Аттестацияның жүргізілген күні  "____" ___________ 200__ж.

Аттестацияның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Кедендік
бақылау агенттігінің (аумақтық кеден органының) шешімі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Аттестациялық парақпен ___________________________
      __________________________________________________________
      __________________________________________________________
                                  (қолы және күні)

      Мөрдің орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады