Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1775 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 26 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 30 маусымдағы N 195 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 22 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2455

      Валюта заңдарының мәселелерiн реттеу және Қазақстан Республикасынан капиталдың әкетiлуiне бақылау жасаудың тиiмдi тетiгiн құру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесін бекiту туралы" 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 26 қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1775 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 11-24 наурызда жарияланған) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесiнде:
      барлық мәтiн бойынша "Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Төлем балансы және валюталық реттеу департаментi (Дюгай H.H.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов C.Б.) бiрлесiп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

      Келiсiлдi
      Қазақстан Республикасының
      Экономика және бюджеттi
      жоспарлау министрi
      _________________________
      __________________ 2003 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады