"Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында авиажолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қатысты нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Көлік және коммуникациялар министрінің 2000 жылғы 9 қазандағы N 409-І бұйрығына өзгеріс енгізу туралы (N 1277 тіркелген)

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 7 тамыздағы N 246-І бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 27 тамызда тіркелген. Тіркеу N 2460. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 05 мамырдағы № 253 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.05.05 № 253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

Келісілді:                            Келісілді:
Қазақстан Республикасының             Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі                 Ішкі істер министрі
                                      генерал-полковник
2003 жылғы 09 шілде                   2003 жылғы 08 тамыз

Келісілді:                            Келісілді:
Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасының ҰҚК
Кедендік бақылау                      төрағасының орынбасары
агенттігінің төрағасы                 Шекаралық қызметтің директоры
                                      генерал-лейтенант
2003 жылғы 19 шілде                   2003 жылғы 28 шілде

Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігінің төрағасы
2003 жылғы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында авиажолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қатысты нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Көлік және коммуникациялар министрінің 2000 жылғы 9 қазандағы N 409-І бұйрығын Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестікке келтіру мақсатында бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында авиажолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қатысты нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2000 жылғы 9 қазандағы N 409-І бұйрығына (N 1277 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әуежайларының бизнес-залдарында (CIP) жұмысты ұйымдастыру және қызмет көрсету ережесінде;
      4-тармақта "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігімен келісім бойынша әуежай басшыларымен бекітілген" деген сөздер "монополияға қарсы заңнамаға сәйкес бекітілген" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (А.Ә.Мәмбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Н.З.Нығматулинге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады